Тлегенова Гүлнара
Тлеужанқызы
География пәні мұғалімі, «№5 жалпы
білім беретін орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі, ШҚО,
Аягөз қаласы
ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ АЛАТЫН
ОРНЫ
Қазақстан Республикасының 2015
жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында « ...
біздің республиканың білім жүйесі әлемдік
деңгеймен үндеспей отырғандығына көңіл
бөліп, білім жүйесінің алдына биік міндеттер жүктейді.
Оқушыға білім, білік дағдыларын беріп қана
қоймай, ол жиі өзгеріп тұратын нарық жағдайына
тез бейімделе алатын, түрлі ақпараттарды өзі іздеп тауып, оны
тиімді пайдалана алатындай етіп тәрбиелеу қазіргі заманның
маңызды талабы делінген».
Жаңа XXI ғасыр табалдырығын
аттаған тәуелсіз Қазақстан Республикасының
әрбір білім беру саласы мен буындарына тың көзқарас,
жеке үлгідегі ізденіс қажет. Өскелең, болашағы
зор жас ұрпақты қоғам талаптарымен оның
мақсат, мүдделеріне сай өмір сүруге бейімдей отырып,
оқытып логикалық ой тұжырымдатып, таңғажайып
ғылым саласына тартуда орта мектеп пен мұғалімдерінің атқаратын рөлі зор.
Белгілі педагог К.Ушинскийдің дәстүрлі
сабақ туралы пікірінен үзінді келтірсек: «... сабақ
әдеттегідей басталады: үш,төрт оқушыдан сабақ
сұраймыз, оған сабақ
уақытының жартысынан көбі кетеді...». Бір оқушы жауап
берсе, келесі оқушы әр түрлі тапсырмалар орындайды. Кей
оқушы уақытын босқа өткізеді. Мұндай әдіс,
кейбір оқушылардың сабақты бос қараспен өткізуіне
соқтырады. Осындай олқылықтар әлі де кездеседі.
Мұндай олқылықтарға жол бермеу үшін
өтілетін әр бір сабақ қызғылықты болып, мүмкіндігінше
оқушылардың зерігуін болдырмайтындай етіп ұйымдастырылуы
керек [1].
Бұл ғылым - әдіскерлер мен мектеп
мұғалімдерін көптен толғандырылып келе жатқан,
әліде толық шешімін таппаған күрделі мәселе. Бүгінгі
мектеп жағдайына, оны іске асыру мұғалімнен өте
көп жұмысты талап етеді. Басқаша айтқанда,
мұғалімнің әр оқушымен жеке жұмыс істейтін
мүмкіндігі шектеулі. Бірақ ол компьютерлік технология
көмегімен бұл қиындықтан шыға алады. Дәстүрлі
оқыту әдістері мен жаңаша жаңғырта оқыту
әдістеріне салыстырмалы түрде талдау жасасақ, компьютерді
оқу үрдісіне пайдалану барысында, оқушы мен
мұғалімнің бір – бірінен тәуелсіз жұмысы
олардың бірлесіп атқаратын әрекетінен көп болатыны
байқалады.
Оқу үрдісіне компьютерді пайдалануға
негізделген жаңаша жаңғырта оқыту әдістері бір
жағынан оқу ақпаратын өңдеуге, бейнелеуге
және өлшеуге арналған әдістер мен
құралдардың жиынтығы болса, екінші жағынан
мұғалімнің оқу үрдісіне техникалық
және ақпараттық құралдарды мақсатты
түрде кеңінен пайдалануы оқушының дамуына оң
әсерін тигізеді.
Қазақстан Республикасы білім беру
жүйесіндегі реформаға сәйкес педагог мамандардың
жаңа идеяларды және білім беру технологиясын игеруде
ақпараттық мәдениетін дамыту және қалыптастыру
басты міндет болып саналады.
Ақпараттық технологияны оқу
үрдісіне қолдануы мұғалімнің мүмкіндіктерін
кеңейтеді, яғни ақпараттық технологияларды пайдалану
қазіргі өзекті мәселені біріне айналу даусыз.
Ақпараттық технологияны пайдалану қалыптасып келе жатыр. Оқушыларды
қазіргі заман талабына сай, жерсерік арнасы арқылы қашықтан
оқыту және электрондық оқулықтарды пайдаланып,
география пәніне деген қызығушылығын арттыру әр
бір география мұғалімінің міндеті. Әрине электрондық
оқулықтарды қолданудың әсері мол.
География – оқушының өздігінен
ізденуін, дамуын қамтамасыз ететін,өмірге, айналадағы
ортаға құштарлығын арттыратын бірден –бір пән.
География ғылымы өте қызықты да
күрделі. Осы пәнге қызықтыру арқылы,
оқушыға географияның күрделі құбылыстары
мен заңдылықтарын ұғындырып сапалы білім беру
мұғалімнен үлкен шеберлікті, оған қоса
ғылым мен техника жаңалықтарын, яғни жаңа
педагогикалық технологияларды әр сабағында тиімді
қолдануды талап етеді.
Олай болса, ХХІ ғасыр – ақпаратты технология
ғасыры десек, бұл география ғылымына да қатысты. Ендеше
география пәнінің мұғалімі де басқалар
сияқты информатикадан хабары болуы қажет. Сондықтан
қазіргі оқу үрдісіне оқушы белсенді болып
өздігінен шығармашылықпен білім алуы керек.
Ол үшін бүгінгі таңда қолданылып
жүрген мультимедиялық электронды оқулықтың алатын
орны ерекше деп айтуға болады. Бұл оқулық география
пәні бойынша білім стандарты мен оқу бағдарламасының
талаптарына сәйкес келеді[2].
Жас ұрпақты дамыту мен тәрбилеуде
олардың жалпы мәдениетін қалыптастыруда, ғылыми –
географиялық танымдық негізінде дүниедегі өз орнын
анықтауда география пәні
үлкен рөл атқарады. Бірақ, бір пәннің
аясында тылсым дүниені тану мүмкін емес.Табиғат
заңдылықтарын түсіну үшін, физика, биология, химия,
математика пәндерінің негіздерін меңгеру қажет.
Мысалы: жердің өз білігінен және
күнді айналуы, оның салдары, масштабты қолдану, жергілікті
жерде, картада өлшеу жұмыстарын жүргізу, әр түрлі
объектілердің ауданын анықтау математикалық есептеулерді
қажет етеді. Жылу құбылыстары, яғни, жарық пен
жылудың таралуы,
буланушылық пен конденсация, бұлттардың пайда болуы,
ауаның салмағы, тығыздығы, қысымы, энергия,
дыбыстық құбылыстарды түсінуге физикалық білім
керек. Биологиялық ілім тірі организмдердің табиғатпен
байланысын ашады, табиғаттың өз ара әрекеттесуіне
көз қарас қалыптастырады. Табиғат
байлығының бірі минералдық пайдалы қазбалармен
танысқанда, химия өнеркәсібінің шикізаттарын
анықтағанда және қара түсті металлдарды
өңдеу, мұнай мен газды өндіру, өңдеу жолдарымен
танысқанда химия біліміне сұраныс пайда болады.
География пәні басқа пәндермен
салыстырғанда, картамен жұпжазбас бірлестікте екенін ескеріп,
оқушылардың геграфия сабағында материктер мен, оның
дүние бөлігіндегі және аралдардағы елдер мен
халық жайында, қызғылықты деректерді тек
оқулық мәтініндегі берілген карта, сызба, сурет немесе
диаграммаларды пайданумен ғана шектелмей, электрондық
оқулықта көрсетілетін бейне арқылы пайдаланған
тиімдірек. Материктердің қалыптасуын, дамуын және
қазіргі табиғат жағдайындағы
ұқсастықтарын, солтүстік және
оңтүстік жарты шар материктерін
көзбен көріп, есте сақтау үшін, жерсерік арнасы
арқылы қашықтан оқыту
жүйесін пайдаланған жөн.
География пәнінің ұраны: « Мың
рет естігенше, бір рет көр» деп есептесек, оқушылар
оқулықпен жұмыс істеу барысында географиялық
әдебиеттер мен карталар, сызбалар, суреттер және қосымша
кестелерді пайдалану арқылы біліктіліктерін арттыратын болса көзбен
көріп, электрондық оқулықтың көмегімен есте
сақтау қабілетін және пәнге
қызығушылығын арттырады. Бұл (пән)
оқулық арқылы Қазақстанның табиғат
жағдайындағы құбылыстар мен заңдылықтарды,
түрлі процестерді өз көздерімен көріп таныса алады.
7 – ші класта өтетін материктер мен мұхиттар
географиясы курсында оқушылар материктер мен дүние бөліктері
тарауында географиялық орнынан бастап, елдері мен халқы және
жекелеген елдер мен танысумен аяқтайды. Әрбір материктің
географиялық орнын анықтап, оның географиялық
объектілерін ( бұғаздарын,
шығанақтарын, түбектерін, аралдарын, теңіздерін,
өзен –көлдерін, сарқырамаларын, тауларын, жазықтарын,
ойпаттарын, үстіктерін, шөлдерін және т.б.) картадан жаттанды
түрде көрсету, үшін оқушылардың есте сақтау
қабілетін арттыру электрондық оқулықтың
көмегі арқылы іске асады.
География сабағын информатикамен тығыз
байланыстырып, компьютерде ақпараттық – технологияларды пайдалану
оқушылырдың білімін одан әрі жетілдіреді.
Оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында тарау
соңында өтілетін тақырыптарда мемлекеттердің
орналасуын, олардың астаналарын, мемлекеттік туын, мемлекеттің
пішінін және шекаралас елдерін есте сақтау үшін
электрондық оқулықтардағы ойын түрлерін
қолдануға болады.
География сабағында электрондық
оқулық арқылы дарынды балалардың есте сақтау
қабілетін жетілдіру және одан әрі дамыту мақсатында «
Тренинг» компьютерде өтіледі. Оқушылар (клавиатура) перне
тақтада орналасқан Enter –ді басып, Еуропа, Азия,
Африка, Америка дүние бөліктерін және жекелеген мемлекеттерді
АҚШ, Ресей Федерациясының кез – келгенін таңдай алады. Мысалы:
Еуропаны таңдаса, монитор (экран) бетінде дүние
бөлігінің кескін картасы пайда болады. Оқушылар
өздерінің география сабағында, яғни картадан
алған білімдерін компьютердегі атлас арқылы жетілдіреді. Мониторда
(экранда) көрсетілген дүние бөлігін, оқушы орналастыру,
әрбір мемлекеттің астанасын, мемлекеттік туын және шекаралас
мемлекеттерін, пішінін ажырата біледі. Компьютерде уақыты, деңгейі,
ұпай саны көрсетіліп отырады. Оқушылар толық ұпай
санына жету мақсатында әрбір мемлекеттің пішінін жаттайды
және оны басқа мемлекеттен ажырата біледі. Оқушылардың
пәнге деген қызығушылығы артып, өз бетінше
жұмыс жасауға талпынады.
Сарамандық жұмыстарды орындағанда
атласты пайдаланбай кескін картаға кез – келген географиялық
объектілерді түсіре алады.
Ойын шарты: Компьютердің
мониторында «Тренинг» көрсетілісімен оқушы перне
тақтасындағы (клавиатура) Enter –ді басып дүние
бөлітерін таңдап алады. Мысалы: Азия – монитор бетінде
Азияның кескін картасы пайда болады, сол жақ беткейінен
мемлекеттің пішіні шыға бастайды. Оқушы мемлекет
пішінінің орнына орналастыру керек. Мемлекетті дұрыс орналастыруына
байланысты ұпай беріледі. Оқушы оны курсор арқылы реттеп
отырады. Ойын 10 (он) деңгейден тұрады.
Оқушы 1 – деңгейден озіне тиісті жалпы
ұпайды жинап алса, келесі деңгейге көшеді. Әрбір
деңгейде ұпай саны өсіп отырады. Әрбір деңгейден
соң тапсырма қиындап отырады. Оқушылардың атласты
меңгеруінде пысықтауды қажет ететін материалды
мұғалім үш күрделі деңгецде ( қарапайым,
орташа, күрделі) дайындайды. Үш деңгейдің қайсысын
таңдайтынын әр оқушы өзі шешеді. Оқушы
өзінің танымдық белсенділігі, жылдамдық әрекеті
және есте сақтау қабілеті арқылы 10 деңгейді
меңгерсе, онда ол дүние бөлігін немесе материкті толық
меңгергені [3].
Мектептің ақпараттық
ғасырға бейімделуі керек, себебі есептеуіш техникалармен танысу
соның бір ғана бөлігі саналады. Біріншіден, жалпы білім
берудің информатиканы оқытудағы басты мақсаты
ойлаудың операциялық стилін қалыптастырады.
|
Электронды
оқулық |














|
Түрлі анықтамалық ақпараттар алады |
|
Көрнектілік, сурет сызбалар компьютермен іске асырылады |
|
Оқушылар өздігінен
білім алады |
|
Білім-білік дағдылары қалыптасады |
|
Дидактикалык материалды
қолдану тиімділігі артады |
|
Пәнге қызығушылығын арттырады |
|
Білім алудың шығармашылық сипаты |
|
Тестік тапсырмалар шешеді |
|
Деңгейлік тапсырмалар
орындайды |
|
Терен білім алуы |
|
Алған білімін өзін тексереді |
|
Ойлау қабілетін дамытады |
|
Табиғи
құбылыс туралы бейне көрініс тамашалайды |
|
Сарамандық тапсырмалар
орындайды |
Сурет. Электронды
оқулықтың тиімді жақтары
Екіншіден, мектепте оқытылатын әр бір
пәнге жаңа, әрі жетілдірілген сипат беріп,
мұғалімнің қолына кілт ұстатады. Осы кілтті
дұрыс пайдалана білген мұғалім, оқушылардың
алдында өз пәнінің мәнін терең әрі тиімді
түрде аша түседі.
Қорыта келгенде: мультимедиялық электронды
оқулықпен оқыту арқылы-білім берудің; интенсивті, автоматты үрдісін; ойын
түрін пайдалануға; оқушының жеке қабілетін есепке
алуға; білім алу үрдісін түбегейлі өзгертіп;
оқушының өздігінен білім алуға; пәнге қызығушылығын
арттыруға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. П.М.Юрков. Дидактический материал по физической географии, М., Просвещение,
1990
2. А.В.Даринский.
Методика преподавания географии. М., 1975
3. Г.Орынбаева. Оқушыларға экологиялық тәрбие беру,
Алматы, 1993