Педагогические
науки /5.Современные методы преподавания
Ф.-м.ғ.к. Ысмагул Р.С.
А.Байтұрсынов ат. Қостанай
мемлекеттік университеті, Қазақстан
Қолданбалы бағыттағы
есептерді пайдалану
Тиянақты
теориялық білімді практикалық іс-әрекетте шебер қолдана
алатын, уақыт талабына сәйкес мәселелерді шеше алатын
мамандар даярлау – жоғары оқу орындарының басты міндеті.
Осыған орай математиканы оқытуға қойылатын
қазіргі талаптар жоғары оқу орындарының алдына білім
беру әдістемесінің жиынтығын игеруді қояды. Осы
жиынтықтың бірі – жоғары оқу орындарында өтілетін
математикалық курстардың практикалық сабақтарының
сапасын жетілдіру және оның қолданбалы бағытын
күшейту. Бұл үшін төмендегі талаптарды жүзеге
асыру керек:
–
мектеп пәндеріндегі математикалық түсініктерді
тереңдету, ғылыми негіздеу;
–
студенттерді күрделі есептерді шығару әдістерімен
таныстыру және оларға практикалық есептерді
шығаруғы қажетті дағдыларды қалыптастыру;
–
студенттердің логикалық ойлау қабілеттерін дамыту
және математикалық мәдениеттерін жетілдіру;
–
есептер мен мысалдар шығару процесінде мамандыққа
бағдар беру жұмыстарын өткізу.
Осы міндеттерді комплексті
шешу жоғары оқу орындарында математикалық курстарды
оқыту сапасын жақсартады.
Қолданбалы
есептерді шығара білу дегеніміз – математиканы практикада қолдана
білу. Бұл маңызды шеберлік, ол болашақ мамандар үшін
ең қажет мәселе. Қолданбалылықты ең
қарапайым мысалдармен көрсетейік.
Есеп. Дененің қозғалғаннан кейін 4 сек.
ішінде жүрген қашықтығы
мына формуламен
(*) анықталады.
Дененің 10 секундтағы жылдамдығын және үдеуін
табу керек.
Есепті шығару
үшін бір айнымалы функцияның туындысының
қолданбалылығын білу керек, яғни мына формулаларды еске
түсіреміз:
а)
- жылдамдықты
табу;
б)
- үдеуді табу.
Әуелі берілген (*) формуладан табамыз: 
Сонда ізделінді жылдамдық
пен үдеуді тапсақ:
1) ![]()
2)
Практикалық тұжырым:
а) дененің 10
секундтағы жылдамдығын табу үшін ең алдымен
жылдамдықты есептеу формуласын таптық, яғни дененің
жүрген жолынан туынды таптық. Осы формула арқылы 10
секундтағы жылдамдықты есептедік;
б) дененің 10
секундтағы үдеуін табу үшін ең алдымен үдеуді
есептеу формуласын таптық, яғни дененің жылдамдығынан
туынды таптық. Осы формула арқылы 10 секундтағы үдеуді
есептедік.
Есеп. Нүктенің жылдамдығы
(м/сек) заңы
бойынша өзгереді. Нүкте
уақыт
аралығында қандай жол жүреді?
Есепті шығару
үшін анықталған интегралдың қолданбалылығын
білу керек, яғни мына формуланы еске түсіреміз:
а)
.
Сонда ізделінді жол осы
формула арқылы табылады:
(м)
1км400м.
Практикалық тұжырым:
а) нүктенің
жүрген жолын табу формуласын еске
түсіреміз;
б) осы формула арқылы
анықталған интегралды есептейміз.
Сонымен, біз жоғары
математика курсының практикалық сабақтарының
қолданбалылығын дәлелдейтін бірнеше мысалдар келтірдік.
Сабақта негізгі есептеу жолдарын игертуге мысалдар, есептер
шығартылған соң, осы тақырып бойынша өтілген
материалдың қолданбалылығын көрсететін есептер
қарастырған жөн.
Математика
пәні оқытушылары оқыту процесінде сапалы білім берумен
қатар, студенттердің алған білімдерін өз бетінше
тереңдетуіне, жетілдіруіне бағыт беруі керек.
Әдебиеттер:
1.Ю.М.Колягин, В.А.Оганесян Есеп шығаруды үйрен, Алматы,
«Мектеп», 1995 ж.