Педагогические науки/Современные методы преподавания
Білім - кез келген
мықты мемлекеттің тірегі. Білімнің мемлекеттік саясаты
стратегиялық мақсатқа бағытталған: болашақ
ұрпаққа инновациялық және
шығармашылық тұрғыдан ойлауға қабілетті
етіп тәрбиелеу, оның жеке тұлға болып
қалыптасуында адамның интеллектуалды мүмкіндіктерін алдыңғы
орынға қоя отыра өсіру. Білім беру -
қоғамдық ұйымдастырылатын және реттелетін, бір
ұрпақтан екінші ұрпаққа әлеуметтік
маңызды тәжірибені тұрақты түрде беру процесі
екені мәлім. Бүгінде Қазақстан Республикасында білім
беруді дамыту әлемдегі білім жүйесіндегі өзгерістерді,
еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын, әлемдік білім
жүйесіне кіру мүмкіндіктерін ескере отырып іске асырылмақшы.
Қазіргі
замандағы ұстаздар қауымының алдындағы
үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы
белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін
және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.
Өмірдегі сан алуан қиындықты шеше білу тек шығармашыл
адамның қолынан келеді. Шығармашыл адамның бойында
батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық
сияқты қасиеттер мен қатар ерекше ой қызметі,
қайшылықтарды түсіну, заңдылықтарды
анықтау, шығармашылыққа деген
құштарлық болу керек.
Оқушының
шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт
орындалу тиіс: шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан
қолға алу; жүйелі түрде шығармашылық
әрекет жағдайында болуы; ойлау мүмкіндігінің ең
жоғарғы деңгейіне жету; оқушының
шығармашылық іс- әрекетіне жағдай туғызу.
Оқушының
шығармашылық іс-әрекетіне жағдай туғызу дегеніміз-
оқушыны ойлай білуге үйрету екені сөзсіз. Мектеп
табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннен
шығармашылық қабілетті талап етпес бұрын, оны
соған үйреткен жөн. Оқушының зейінін, есін,
қиялын, интеллектісін дамыта отырып, ойлау қабілетін,
шығармашылық іс-әрекетін
жоғары деңгейде көтеруге болады.
Мектеп
табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы
десек, оларды парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу - әрбір
ұстаздың борышы. Бүгінгі мұғалім бастауыш сынып
оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, олардың бойына
ұлттық мінез-құлық, адамгершілік, сыпайылық
пен кішіпейілдік қасиеттерін қалыптастыруға, баланың
жан дүниесін рухани қазыналармен байытуға, қазақ
халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін
меңгертуге тиіс. Алдыңғы қатарлы тәжірибені
жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа
әдіс-тәсілдерді, оқытудың жаңа технологияларын
енгізіп, оқушылардың жалпы дамуын камтамасыз етуі керек.
Қазірден
бастап балаларды кішкентайынан өздерін қоршаған ортамен
жан-жақты таныстыру, олардың логикалық ой өрісін
шығармашылық жағынан дамыту, сөйлеу және
жүріс – тұрыс мәдениеттілігін арттыру, оларды компьютер
әлеміне баулу бүгінгі күннің басты талабына айналып
отыр.
Қазаіргі
замаңда көптеген елдерде орын алып отырған
ғаламдық өзгерістер-мемлекеттердің жаңа
дәуірде, қоғамдық өмірлік негізін
ақпараттық технологиялар құрайтын ақпараттық
кезеңге қадам бастық. Білім саласында ақпараттық
технологияларды пайдаланбай, мемлекеттердің ғаламдастыру және
тұрақты өркениеттік даму жолымен алға басуы
мүмкін емес. Электронды оқулықтың мазмұны оқушының
интеллектілік ойлау қабілетін дамытуға бағытталуы қажет
және оның мына қасиеттерді қанағаттандыруы
жеткілікті: жинақтылық, жүйелік, көркемділігі,
жылдамдылығы.
Осы секілді электронды
бағдарламалармен оқыту жылдам оқи және жаза алмайтын
оқушылар үшін суреттеме, бейнелер арқылы көрсетіліп
түсіндіріледі, сабақты қызықты жүргізуге және
оларды сабақтан жалықтырып алмауға мүмкіндік алады. Осы
мақсатта сонымен қатар сабақ ортасында сергіту сәттерін
қоса оқыту әдістері өте тиімді ұйымдастырылуы
тиіс.
Бастауыш сыныптарға
арналған бұл бағдарламаларда оқушылар компьютермен
танысып, өзара қатынаста болады, компьютер көмегімен
әріп, буын, сөздер мен шағын әңгімелерді
баспалап, қарапайым арифметикалық есептерді шығарады, сурет
сала біледі.
Сонымен қатар өз
бетімен өлең, әңгіме құрастыруды, өз
бетінше жұмыс жасауды, жылдам ойлауды, шығармашылықпен айналысуды
үйренеді.
Сонымен қатар бастауыш
мектеп кезеңіне тән физиологиялық, психологиялық
ерекшеліктерін, әрі ойлау қабілеттерін дамыту компьютердің
мүмкіндіктерін пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Осы бағдарламаларды
пайдалануда оқушылардың жеңіл орындайтын тапсырмалары:
- математика сабағында
қарапайым арифметикалық амалдарды, геометриялық
ұғымдарға қатысты амалдарды орындайды,
стандарттық бағдарламалар арқылы калькулятор объектісімен
жұмыс істеу;
- ана тілі сабағында
мәтіндік редактордың көмегімен тақпақтар,
құттықтаулар, өлеңдер т.б жазу арқылы
өздерінің тіл байлығын, сауаттылығын,
шығармашылық қабілетін арттырып, ойын тиянақты жеткізе
алуға, еркін сөйлей білуге үйренеді;
- бейнелеу өнері,
дүниетану сабағында Рaint бағдарламаның саймандар
арқылы (қарындаш, қылқалам, өшіргіш,
бояғыш, фигуралар т.б) жұмыс істеуге дағдыланады.
Сонымен қатар басқа
да әр түрлі пәндер бойынша (ән-күй
сабағында) да компьютер мен мультимедиалық технологияларды
пайдалануда оқытудың сапасы, оқушылардың
ой-өрісі, дүниетанымы, компьютерлік сауаттылығы және
білімге құштарлығы артатыны сөзсіз.
Сондықтан, заман
ағымына қарай бастауыш сыныптарда жаңа технологияларды
негіздеп, ақпараттық техникалық құралдармен
тығыз байланыста ұйымдастыру оқушылардың шығармашылық
қабілетін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау
жүйесін қалыптастыруға шығармащылық пен
еңбек етуіне көптеген жағдай жасайды.
Әдебиеттер:
1. ttp://www.petropavl.kz/skoipkppk/pp2008-2/7.shtml
2. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М.
Педагогика. - Алматы
«Атамұра», 2000. – Б. 218-219.
3. Новейшая энциклопедия
персонального компьютера. М:Просвещение. – 2005.