Педагогические науки/5. Современные методы преподавания
Г.М. Альмурзина, А.К.Жанабилова
Д.
Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік
техникалық университеті,
Қазақстан
СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК
ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДА ҚАТЫСЫМДЫҚ БАҒЫТТАҒЫ
ӘДІСТЕМЕЛЕРДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Қазіргі таңда жоғары оқу орны (ЖОО) орыс бөлімі студенттерінің
қазақ тілінен оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігі
студенттің өздік жұмысының нәтижелігіне байланысты
байланысты. Студенттің өздік жұмысының (СӨЖ) табысты болуы оқытушының
таңдап алған оқыту
әдістемесіне байланысты болады. Оқытушы
алдында көптеген әдістемелерден студенттің өздік
оқу әрекетін қалыптастыру, тіл
үйренушінің оқудағы жауапкершілігін дамыту мақсатын жүзеге асыруға лайықты әдістемені таңдау
мәселесі туындайды. Сондықтан қазақ
тілін студенттің өздік
жұмысын негізінде меңгерту
үшін А. Байтұрсыновтың „Қай әдіс
жақсы?”-деген сұрағына тағы да жауап іздеуге
мәжбүрміз.
Осы сұраққа жауап іздеу барысында студенттің
өздік оқу әрекетін қалыптастыру үшін әртүрлі
әдістердің тәсілдерін біріктіре қолдану керек деген
ойға келдік. Дегенмен қолданатын
тәсілдердің
қатысымдық бағыт аясында болуына ерекше назар
аударамыз.
Тілді қатысым
құралы ретінде
өзбетінше жалғыздан –жалғыз, тіпті екеуара меңгеру
қиындыққа әкеледі. Өкінішке орай, біздің байқағанымыз
тәжірибеде кейде студент өзбетінше белгілі бір мәтіндерді оқып, алдын-ала жатталған
монолог, диалогтарды тапсырып, ережелерді меңгеріп, грамматикалық
тұрғыдағы тест тапсырмаларын орындаса, өздік
жұмысын ұйымдастыру мәселесі шешілді деп есептеледі.
Бұл бағыт өзге пәндерден өз бетінше
атқаратын жұмысты ұйымдастыруда жарамды да шығар.
Мысалы, Қазақстан тарихынан белгілі бір тақырыпқа байланысты материалды оқып, соңында өз білімін тест арқылы тексеріп,
оқытушының бақылауынан өтсе, бакалавр сол тақырып көлеміндегі материалды меңгерді
деуге болады. Себебі ол материалды ұғады, сол тақырыптан
алған білімін ары қарай да қолдана алады.
Ал өзге тілді
студенттердің қазақ тілін меңгеруінің
өзіндік ерекшелігі бар. Студент жоғарыда айтылған
жұмыстардың барлығын өз бетімен орындағанымен,
қазақ тілін меңгеруде сапалы нәтижеге жете қояды
деп айта алмаймыз. Оның себебі мынада. Тіл – қатынас құралы екені белгілі. Біз зерттеу жұмысымызда “қатынас” ұғымы кең,
өйткені қатынас ақпаратты жеткізу ғана емес, ол
тұлғалардың бір-біріне әсер етуі, әрекет жасауы
үрдісімен байланысты деген көзқарастарға
сүйенеміз[1;2]. Қазақ тілін қатысымдық
тұрғыда оқытуда, тілдік
қатынас, бір жағынан, оқыту пәні ретінде танылса,
екіншіден, ол – сол пәнге оқыту мен өзбетінше
үйренудің оқу
құралы. Тілдесім
үрдісі кем дегенде екі қатысушының қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатыны белгілі. Егер
әр студент өзі тек оңаша, басқалардан бөлек
өз бетімен жұмыс жүргізіп отырса, мысалы, компьютермен
жұмыс немесе мәтін аудару, онда қандай тілдесім болмақ?
Сондықтан қазақ тілін меңгертуде
өзбетінше жұмысқа бағытталған оқыту
барысында да тілдік қатысым басшылыққа алынады. Ол
үшін студенттердің өзара қарым-қатынасына
негізделген, болашақ
қызметіндегі шынайы тілдік қарымы-қатынас жағдаяттарды
бейнелеуші жұмыс түрлерін қолданамыз. Осы арада қатысымдық
тұрғыдағы әдістерді пайдалану тиімді. Бұларға
оқыту әдістемесінде қатысым, жеделдете оқыту, жоба т.б.
әдістерді жатқызады. Енді осы әдістерге тоқталамыз.
Соңғы жылдарда мемлекеттік тілді оқыту
әдістемесінде қатысым әдісі басымдылық танытуда. Кез келген оқыту әдісінің мәні,
оның ұстанымдары, негізгі белгілері арқылы барынша
айқындалатыны белгілі. Ғалым Ф.Оразбаева: „ Қатысымдық
әдістің басты белгісінің бірі – тілді
үйретуді күнделікті өмірде жүзеге асыру, сабақты
практикалық жағынан жан-жақты қамтамасыз ету.
Мұнда оқу сырттай немесе жеке дара күйде іске аспайды,
адамдардың іс-жүзіндегі өзара іс-әрекеті үстінде,
ауызба –ауыз сөйлесуі, тілдесуі арқылы болады”,- дейді[1, 127]. Осы
әдістің негізгі ұстанымына ғалым тіке байланыс ұстанымын жатқызады. Ал осы ұстанымды оқыту жүйесінде жүзеге
асырудың ең тиімді түрі – дәрісханада кесте бойынша
өтетін сабақтар болып есептеледі. Бірақ кредиттік жүйемен оқытуда бұл
сабақтарға бөлінген сағаттардың көлемі
шектеулі. Бұл арада бір жағынан, дәрісханадан
тыс өзбетінше атқарар жұмыс сағатының
көбеюі студентке қажетті
арнайы жағдайда тілге үйрену мүмкіндігін жасаса, екінші
жағынан есту, тыңдау, бір-біріне әсер
ету, өзара әрекетке түсу, тез арада кері байланыс орнату
дағдыларына негізделген ауызша сөйлесуге шектеу қояды. „Қазақ тілінде кәсіби-қатысымдық
құзырлықты меңгерту” мақсаттары „... тілдік құралдардың қолданысқа түсуі,
әртүрлі ситуациялар үшін әртүрлі тілдік
құралдарды дұрыс пайдалана білуі”[3, 87] екенін, катынас тек сөйлеу
циклдарынан емес, сонымен қатар эмоциялық реакциялардан,
мимикалық және пантомимикалық қозғалыстардан
тұратынын басты назарға алады. Тілдік қатынастың
„әлеуметтік, ... қауымдық,... эмоционалдық”[1,80] қызметін
жүзеге асыру мүмкіндігі азаяды.
Осылайша,
дәрісханалық сабақтардың оқыту мерзімінің
азаюы олардың тиімділігін арттыру
міндетін алға тартады. Бұл
дегеніміз - осы сабақтарда студент көбірек ауызша сөйлеп,
оның тілдесім белсенділігі артуы қажет. Оқыту тәжірибесі ауызша
сөйлеу уақытын көбейту мақсатына жеделдете оқыту
әдістің тәсілдерін қолданудың тиімділігін
байқатты.
Әдістемеде сөз етіліп отырған жедел(жеделдете)
оқыту әдістің ерекшеліктері төмендегідей
анықталған: қысқартылған уақыт
мөлшері; мөлшерлі уақытта сөйлеу процесіне қажетті
оқытылатын материалдардың көлемінің молдығы;
үйренушінің оқу үдерісі барысындағы
белсенділігінің күшейтілуі; жеке тұлғаның
бойындағы барлық психологиялық мүмкіндіктерін,
оның ішінде жасырын қабілетінің шексіз жұмсалуы; тіл
үйренушіге ықпал жасаушы әрекет
құралдарының барлығының кешенді түрде
қолданылуы; сабақтың ерекше ұйымдастырылған
формада өтуі[1].
Біздің
тәжірибемізде тілді үйретудің мынадай тәсілдері басшылыққа алынады:
сабақта студенттің болашақ қызметі аясында жиі
кездесетін жағдаяттар ойын арқылы кірістіріледі де, тіл
үйренушілер осы жағдайлар шеңберінде қазақ
тілінде кәсіби тілдесімге
үйренеді. Тапсырмалар қатысымдық
міндет түрінде беріледі. Оны тіл
үйренуші өз ойын айтып жеткізудің нұсқау
–бағдарламасы ретінде пайдаланады. Оқытушының мұқият
ойланып және сұрыптап алған ойын тапсырмалары кезекпен
өтіп, үнемі ауысып отырады.
Дәстүрлі оқытуда оқытушының
өзін қоса алғанда екі-үш адам белсенді тілдесімге
түсе алады, өзге үйренушілер тек тыңдаушы ғана
болады. Бұл сабақтарда оқытушы тіл үйренушілердің
үштен бірін ғана сөйлесуге тарта алады. Ал проблемалық
(проблемалық емес те) жағдаяттық сипаттағы тапсырмаларды,
мысалы, қатысымдық
тапсырмаларды және тағы басқа ерекше тәсілдерді
қолдануда оқытушы белсенді тілдесімге негізделген,
өзбеттілікке бейім жұмысқа бір мезетте топтағы
студенттердің көбін, кейбір жағдайда бүкіл топты
жұмылдыра алады. Осылайша, дәрісханада өтетін
сабақтардың тиімділігі артады. Студенттің дәрісханада
алған тілдесім дағдылары келесі сатыда оқытушының
қатысуынсыз өзбетінше атқарар жұмысына көмек
болады, ары қарай дамиды.
Қатысым, жеделдете оқыту әдісінің кәсіби бағытымен жоба
әдістемесі тығыз байланысты. Жоба әдісінің басты
мақсаты - тәжірибеде орындауға бағытталған
білгілі бір міндеттерді не әр сала бойынша білімдерін толықтыруды
талап ететін маңызды мәселелерді орындау барысында өзбетімен
білім алуға жағдай жасау. Мысалға, жоба әдісін қолдану арқылы қазақ
тілінде кәсіби қарым- қатынасты меңгеру барысында
бакалаврлардың өздік жұмысы арнайы бір мәселе бойынша
қазақ тілінде материалдар жинауды және сараптауды
қамтиды. Мысалы, «Стандарттау, метрология
және сертификаттау» мамандығының студенттеріне болашақ
қызметі сапа жүйесін енгізумен байланысты болғандықтан,
оларға «Қазақстан
өнеркәсібіндегі сапа саясаты» атты тақырыпты ұсынамыз. Бұл тақырып “Қазақстанда
өндірістің сапасын енгізу жүйесінің мәселесі”,
“Қазіргі кезеңде сертификаттау мен стандарттаудың рөлі”
және т.с.с. кіші жобаларды қамтиды.
Жоба тапсырмаларын орындауда көбінде студенттер
жұппен, үштен немесе шағын топпен жұмыс істейді. Табысқа
жету ұжымдағы әрбір мүшенің тілдік
қатынасқа құралған жоба тапсырмаларын дұрыс
орындауына және ұжымның жаппай ұйымшылықпен
жұмыс істеуіне байланысты. Жобада оқытушы сарапшы,
үйлестіруші немесе қосымша мәліметтерді беруші рөлінде
болады. Өзбетінше жоба - тапсырманы орындауда тіл үйренушілер жұмыстарын
жоспарлау, оның нәтижесін болжау, бірігіп жұмыс істеу
сияқты өз бетінше жұмыс істеу тәсілдерін де
меңгере алады. Егер жеделдете
оқыту әдісі дәрісханда өтетін сабақтардың
тиімділігін арттыруға лайық болса, жоба әдісі арқылы студенттің дәрісханадан тыс оқытушының
қатысуынсыз өзбетінше жұмысын іске асыруға болады.
Сонымен, қатысымдық тұрғыдағы әдістерді қолдану арқылы бакалаврлардың қазақ
тілінен өздік жұмысын белсендіру, олардың өздік оқу әрекетін қалыптастыру мақсаттары іске асады.
Әдебиет:
1. Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас: теориясы
және әдістемесі. Алматы, 2000ж.- 208 б.
2. Леонтьев А.А.
Психология общения. М., 1999
3. Қадашева Қ.Қ. Жаңаша
жаңғыртып оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері. Пед.ғыл.докт. ...дисс., Алматы,2002. -240б.