Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ түрік университеті.
Филология Факультеті
Магистр-оқытушы: Өтебекова Жанар
Балтакестіқызы.
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі
есімдердің этимологиялық ерекшеліктері.
Тіл
білімінде антропонимия деген термин бар. Антро+пос - «адам, оним//онима - «есім», «ат» деген
сөз. Ендеше, антропоним дегеніміз - «кісі есімі», антропонимика дегеніміз
- ономастиканың кісі есімдерін зерттейтін саласы.
Тіл біліміндегі тіл мен мәдениет сабақтастығына негізделген
қағидаға сәйкес жүргізіліп жатқан зерттеулерде мәдениеттің өзі мета тіл деп
анықталып, оның коммуникативтік, кумулятивтік, әлеуметтік қызметтерін талдауға тіл
білімінде ерекше назар аударылуда. Осы тұрғыдан
қарағанда, мәдениет мета тілін этномәдени негізде сипаттайтын өзекті арнаның
бірі жалқы есімдердің (антропонимдердің) лингвомәдени, әлеуметтанымдық жүйесі.
Соның
ішінде тарихи этникалық үрдісті сипаттайтын, рухани - тарихи
ақпарат көзінің бірі антропонимдер жүйесін лингвомәдени,
әлеуметтанымдық тұрғыдан анықтаудың
мәні ерекше. Бұл тек
лингвистикалық жаңғырту емес, этномәдени
сипаттағы тарихи танымымыздың да көкжиегін кеңейтпек.
Осымен байланысты қазіргі қоғамындағы
ұлттық сананың жаңа деңгейде
жаңғыруы, ұлттық мүддеге сәйкес тілдің этномәдени және
әлеуметтік қызметін айғақтайтын, деректейтін,
дәйектейтін негіздері қатарынан антропонимдерінің лингвомәдени жүйесі де орын алуы тиіс.
Антропонимика
(кісі аттары) - тіл тарихын, ұлт мәдениетін зерттеуде
құнды да бағалы мұра. Антропонимдер жүйесі
адамдардың өткендегі тұрмысын,
қоғамдық-әлеуметтік құрылысын және
материалдық әрі мәдени өмірдің құбылыстарын
да көрсете алады. Олардың кейбір топтары қазақ ауылының
ертедегі тіршілік, іс-әрекетінен және шаруашылық
күйінен мағлұмат береді. Мәселен, төрт
түлік малға, шаруашылық, тұрмыстық сөздерге
байланысты есімдер. Немесе қазақ халқының
ұлттық әдеті бойынша жас келіндер күйеуінің
жақын туыстарының, ата-енесінің аттарын атамайтын. Сөйтіп жас келін күйеуінің
ағасын, інісін я қарындасын тура атымен атай алмай, жанама ат
қойып алатын. Атап айтқанда, қайынсіңлілерін -
шырайлым, бикеш, бойжеткен, еркем, ержеткен, ерке қыз, ал ер адамдарды
төрем, шырақ, мырза жігіт, молда жігіт, ерке бала т.б. деп атайды. Тіпті күйеуінің
құрдастарының аттарын атауды да ұят санап құрдас, замандас немесе аттас деп атау дәстүр ұстаған.
Осымен байланысты эвфемизм мен табу ерекше
назар аударады да, антропонимдердің лингвомәдени, элеуметтік т.б.
аспектілерінің архетиптік сипатын көрсетеді. Яғни, табу ерте
замандардағы адамдардың мифтік танымына сәйкес кейбір
заттардың аттарын тікелей айтуға қорқып, тыйым
салынуынан қалыптасқан. Бұл құбылыс әдетте
табу деп аталады. Эвфемизм - бір затты немесе құбылысты тікелей
өз атымен емес басқа сөзбен атау. Айтуға дөрекі, қолайсыз
сөзді сыпайы сөзбен ауыстырып айтудың негізінде
шыққан. Оның тілдік көріністері қазіргі
қазақ тілінде көптеп кездеседі: ауылдағы үлкен
кісінің аты Жаман болса - Соқпақ жол, Сүттібай болса -
Желінді уыз, Бүқабай -Сүзербай, Өгізбай, Қарабас
- Боран шеке, Сарыбас - Шикіл шеке, Сары – Шикіл, Бейсембі - Күн
жұма аттас, Көжекбай - Қоян ата, Үзікбай -
Дөдеге, Жамантай -Жайсыз тай, Ақбай - Қылаң ата,
Түңлікбай - Қайырма, Қозыбақ - Кене, Жусанбай -
Сыбақ, Қойлыбай - Жандық ата, Қамшыбек - Ат
жүргіш, Бүйенбай -Жуан ішек, Еламан - Халық есен, Асубай -
Тарпаң, Асыл - Бекзат ата, Ақылбай -Ой ата, Мергенбай -
Атқышыл, Жылқыбай - Туар т.б.
Ертеректе қазақ халқы
баласына ат қоюға келгенде басқа халықтар
құсап дін иелерінің атын іздеп, әуре болып
жатпай-ақ, дүйсенбі күні туса - Дүйсенбай, жұма
күні туса - Жұмабек, ауылына, үйіне хан келсе - Хангелді, би
келсе -Бигелді, сұлтан келсе - Сұлтангелді, қожа келсе -
Қожагелді деп, болмаса әкесінің қанша жасқа
келгендігіне орай баласына Қырықбай, Елубай, Алпысбай, Жетпісбай,
Сексенбай, Тоқсанбай деп ат қоя беретін болған. Негізінен,
қазақ халқында балаға ат қойғанда
ата-аналардың арқа сүйейтін ең басты он бес
салт-дэстүрі бар. Олар:
1.Балаға
артық саусағына қарай ат қою. Есімдері: Артық,
Артықәлі, Артықбай, Қосекен.
2.Балаға
тіл-көз тимейді деген ниетпен ат қою. Есімдері: Жаманбай,
Қойшыбай, Ошақбай, Тезекбай.
3.Баланың
дені сау, жаны берік болуы үшін ат қою. Есімдері: Тасболат,
Тастемір, Шымырбай.
4.Баласы
шетіней берген үйде жас сәбиге ат қою. Есімдері: Аман, Аманкүл,
Есен, Жүрсін, Тоқтар, Тұрсын, Тұрсынкүл т.б.
5.Бала-шағаларының
өмірі ұзақ болсын, көп жасасын деген ниетпен ат
қою. Есімдері: Жанұзақ, Жүзбай, Жүзжасар,
Мыңжасар, Өмірбек, Сексенбай, Тоқсанбай, Ұзақбай.
6.Бұрын-соңды
болған қару-жарақ аттарына байланысты ат қою. Есімдері:
Қылышбай, Мылтықбай, Найзабек, Садақбай, Шоқпарбай т.б.
7.Елдің
ардақты азаматтарының атын солардай батыр, дана, өнерлі
болсын деген ниетпен жаңа туылған балаға ат қою. Есімдері:
Абай, Абылай, Ғабит, Жәнібек, Исатай, Қазыбек, Махамбет,
Сәбит, Сәкен, Сырым, Төлеби, Ыбырай т.б.
8.Ерекше
көзге түскен белгілеріне қарай ат қою. Есімдері:
Анарбай, Қалдыгүл, Қалдыбай, Құдірет,
Меңдібай, Меңдігүл, Сүндет.
9.Ислам
дінінің әсеріне байланысты ат қою. Есімдері: Ғали,
Жамал, Зылиха, Иса, Мүхаммед, Омар, Оспан, Сүлеймен, Хадиша.
10.Қыз
аттарына аспан әлемінің, аңдардың, асыл тастардың,
қымбат маталардың, нәзік өсімдіктердің атын
қою. Есімдері: Айман, Алтын, Еңлік, Жібек, Жұлдыз,
Күміс, Құралай, Мақпал, Меруерт, Раушан, Шолпан, Шынар
т.б.
11.
Мерзімінен бұрын дүниеге келген балаға ат қою.
Есімдері: Лекер, Шалабай, Шалабек, Шалатай.
12.
Мұрат-мақсатыма жеттім-ау деген ниетпен ат қою. Есімдері:
Арман, Бақыт, Мақсат, Мұрат.
13. Соңғы балаға ат
қою. Есімдері: Кенжебай, Кенжегүл, Кенжетай, Кенжебек.
14.
Төрт түлік мал, аң мен құстарға байланысты
ат қою. Есімдері: Арыстан, Аюбай, Бота, Ботагөз, Бүркіт,
Қойшыбай, Сандуғаш т.б.
15.Ұлы
жоқ үйде қыз туғанда ат қою. Есімдері:
Болған, Тойған, Ұлбала, Ұлтуған, Ұлмекен,
Ұлбосын, Ұлтуар, Ұлжан, Ұлту т.б.
Басқа
халықтан сіңісіп кеткен есімдер. Жасыратыны жоқ,
халықтардың бір-бірімен ыстық қарым-қатынасының
нәтижесінде және сол ұлттың, ұлыстың
әдебиеті мен тарихын оқып, білудің нәтижесінде кейбір
есімдер бір-біріне ауысып, сол халықтың бірқатар есімдері
біздің төл есімдерімізге де айналып кеткені қашан.
Әсіресе,
қазақтарда ежелгі түркі, араб, Иран есімдері көп.
Олардың кейбірі мынандай:
Ежелгі
түркі есімдері:
Едіге
(«жақсы»), Ораз («байлық, сәттілік»), Манас
(«Сұмдық алып»), Бөкей («батыр, мықты»).
Араб
есімдері:
Абылай
(«ата, әке»), Аида («сыйақы, пайдалы»), Әсел («бал»),
Әмина («сенімді»), Асхат («бақытты, сәтті»), Ғазиза
(«сүйікті, қымбатты»), Ғани («бай»), Данияр («жақын,
таныс»), Динара («күміс ақша»), Жамал («әдемі, тартымды»),
Қадір («құрметті»), Қайрат («күшті,
қуатты»), Мәлік («патша»), Мұхит («мұхит,
қоршаған орта»), Мұхтар («ерекше, таңдамалы»), Рәзия
(«сүйікті, тартымды»), Сэбит («нық, сенімді»).
Иран
есімдері:
Айдана
(«ақылды, дана»), Айнагүл («таза, мөлдір»), Ахан («темір»),
Бақтияр («бақытты, қалаулы»), Бибігүл («Гүл
шашқан ханым»), Дана («данышпан, ақылды»), Жәния («нәзік
жанды»), раушан («көрнекті, ашық-жарқын»), Рүстем
(«батыр, ер-жүрек»).
Әлем
халықтарының көпшілігінде, оның ішінде ағылшын
тілінде де антропонимдер жүйесі адамдардың өткендегі
түрмысын, қоғамдық-элеуметтік құрылысын
және материалдық әрі мәдени өмірдің
құбылыстарын да көрсете алады.
Ағылшындардың
есімдер жүйесі өте қызықты және көбінесе
біз үшін ерекше. Әдеттегідей, ағылшын тілінде сөйлейтін
елдерде адамдардың толық аттары үш компоненттен тұрады:
бірінші аты (first name,christian name, given name), екінші аты (middle name) және фамилия (name, surname, last
name). Бұл жерде біріншіні және екіншіні атгардың ретінде тек
қана дәстүрлі аттар емес, сонымен қатар фамилиялар да
тұруы мүмкін. Ол үшін әдетте туысқандардың,
атақты адамдардың немесе тарихи түлғалардың
фамилиялары таңдалады.
XIX ғасырдың басына
дейін фамилияларды жеке аттар ретінде беру дәстүрі
ақсүйектер жанұяларында ғана бар болған. Джейн
Остиннің "Тәкаппарлық және қате
түсінік" романын еске түсірейік: басты кейіпкердің
толық аты-тегі Фитцуильям Дарси болды. Дарси - әдеттегі
нормандық ақсүйектердің фамилиясы, "Арсиден
шыққан" дегенді білдіреді (Нормандияда Арси – шағын қалашық).
Сонымен қатар Фитцуильям да фамилия, және ол "Уильямның
ұлы" дегенді білдіреді. Бірақ Джейн Остинның романында
кейіпкердің аты ретінде шығады (егер біреу Шаханов Қанатұлы
Рысқұлов атын алып жүрсе біз үшін ондай дәстүр
мағынасыз болып көрінеді). Басқа жағынан, Дарси
фамилиясы өзіде адамның жеке аты ретінде берілген (және осы
уақытқа дейін беріледі): Cardiif City командасында Дарси Блейк
футболшысы ойнайды, ал канадалық хоккейлік одақта Дарси Такер атты
ойыншы бар.
Ағылшын
есімдерінің басқа бір ерекшелігі - аттардың кішірейтілген
түрлерінің кең қолдануы. Біздің Бұқаралық
Ақпарат Құралдарында мынадай сөйлем кездеспейді:
"Нурик Назарбаев Миша Саакашвили және Витя Ющенкомен кездесті".
Бірақ әлемдегі кез келген газет - "Билл Клинтон Тони Блэрмен
талқылау жүргізген" сияқты тақырыпты ойланбай
басып шығарады, бірақ Клинтонның толық аты - Уильям
Джефферсон, ал Блэрдың - Энтони Чарльз Линтон. ағылшын тілінде
сөйлейтін елдерде баланың кішірейтілген атын тіпті ресми
құжаттарда да жазып қоюға болады - бүл
жағынан заң шығарушылар өте либералды және
ешқандай шек қоймайды. Сондықтан есім ретінде кез келген
сөзді таңдауға болады: мысалы, Дэвид жэне Виктория Бэкхемдер
өз ұлына Нью-Йоркттегі бір ауданның аты - Бруклин деген ат
қойды, ол жерде бала жарыққа шыққан.
Шек
қою аттардың санына да жоқ, бірақ адамдардың
көпшілігі екі-үш атпен шектеледі. Бірақ одан артық
қойылатын есімдер кездеседі: мысалы, ағылшын музыканты Брайан
Эноның толық аты - Брайан Питер Сент-Джон ле Бэптист Джордж деп ля
Салль Эно. Ал ағылшын футболшысы Чарли Оатуэйдің ата-анасы баласының
атын (Queens Park Rangers F.C. футболдық команданың 11
ойыншыларының құрметіне: Энтони Филип Дэвид Терри Фрэнк
Дональд Стэнли Джерри Гордон Стивен Джеймс Оатуэй деп қойды.
Шынында екі немесе одан да
көп аттан түратын есімдер қою жанадан келген дәстүр.
XVIII ғасырға дейін адамдар бір ғана ат және фамилиямен
қанағаттанды. Ұзақ уақыт ағымында аттардың
бір жалғыз қайнары - шіркеу әулиелер болды. Бірақ
өте көп шіркеу аттардың тақырыптарына халық
вариациялары болды: латын тілінен келген Магіа аты ағылшын тілінде Магу
есіміне айналды (Мэри), ол өз ретінде кішірейтіліп Моllу деген атын берді
(Молли), ал содан соң Роllу (Полли) болды. Joannes аты, ежелгі еврей
тілінен шыққан - Йоханан ("Яхве шапағатты"), орта
ғасыр Англияда Jan, Iohn және Jоһn түрлерін берді
(Джон), сонымен қатар кішірейтіп айтылған Jankin, Jackin және,
аяқ жағында Jаск (Джек) түріне айналды. Ал Іоаnnа әйел
түрі, француз тілі арқылы енген Jеаnnе (Жанна), лезде үш
дербес аттарға айналды: Jane (Джейн), Jean (Джин) және Jоаn
(Джоан).
XVI ғасырда Англия
протестанттық ел болады. Жаңадан айналдырған протестанттар
"қарғыс атқан католиктік өмірімен" арасын
үзуге тырысты. Католиктерден қалай
да болса көбірек ерекшелену үшін олар балаларының аттарына шіркеу әулиелер
берген есімдерден бас тартты және ат беруге басқа қайнар
көздерін іздеуге бастады. Қайнарлар жылдам табылды: айналымға
Көне және Жаңа өсиеттердің аттары кірді: Сэмюэл
(Самуил), Эбрахам (Авраам), Сара, Бенджамин (Вениамин), Дебора (Девора), Инек
(Енох). Кейде "адемирек" ат іздеулерінде өте сауатты емес
ата-аналар қолайсыз жағдайға түскен: дәл осылай,
көптеген адамдар қыздарын Дилайла деп атауға бастады
(БаШаһ), бірақ Далила - Самсонды мың жүз сиклей
күміс үшін сатып кеткен, тек кана діни жақтан емес, сонымен
қатар қарапайым парасаттылық жағынан да дұрыс
кейіпкер болып келмейді.Уақыт өте кез келген сән сияқты
тақуа аттарға да сән өтті. Ағылшындар және
американдықдар дәстүрлі ат беруге қайтып келді,
арасында басқа шет тілдерден енген аттармен жэне жаңадан ойлап
шығарылған аттармен оны байыта. Жаңалықтар негізінде әйел
аттарына тиісті болды: XIX ғасырдан бастап қыздардың аттарына
Эмбер (кәріптас), Эйприл (сәуір), Руби (жақұт), Джесмин
(ақгүл), Дэйзи (түймедақ). АҚШ-та жэне Ұлыбританияда
француз, испан жэне итальян аттары әйгілі болып бастайды: Javqueline
(Жаклин немесе, ағылшын үйлесімінде, Джеклин), Michelle (Мишель), Anita
(Анита), Angella жэне Angelina (Анджела, Анджелина). Екі халықтың
тіл арқылы рухани көздерден жинақталған
тарихи-этникалық үрдісті қоғамдық ойы,
этникалық санасы мен олардың тілдік бейнесі аясында алынып,
этникалық дереккөз ретінде қарастырғанда ғана
бүл халықтардың тарихы мен мәдениеті соны тілдік
мәліметтермен дәлелденеді. Осы тектес нақты зерттеулер тіл
білімінің тарихи ономастика, этноантропонимика, лингвомәдениеттану,
әлеуметтану саласының теориялық-әдістанымдық,
дәйектемелік тұғырын қалыптастыруға өз
дэрежесінде үлес қоса алады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Арғынбаев X., Мұқанов
М., Востров В. Қазак шежересі хақында. — Алматы:Атамұра,
2000. - 372 б.
2.Востров В. Мұқанов М. Родо-племенной состав и расселение казахов. Алма-Ата, 1968ж.
3 Жанпеисов Е. Этнокультурная лексика казахского языка (на
материалах произведений М.Эуезова). - Алма-Ата: Наука, 1989. -175 6.
4.All Those Wonderful Names. J. N. Hook
5.Wikipedia: English given names.
6. Англо-русский словарь
личных имен. Мюллер В.К.
7. Wikipedia: List of unusual personal names.
8. A Dictionary of Biblical Tradition in
English Literature. David L. Jeffrey.