Ақнұр Өтебекова –ХҚТУ-нің магистр оқытушысы

 

Қазақ және Орта Азия  түркі тілдеріндегі әлеуметтік тұрмысқа байланысты байланысты терминдердің салыстырмалы ерекшеліктері (қазан терминінің негізінде)

Қазан – тамақ пісіру немесе су қайнату үшін мыстан, шойыннан істелген ыдыс атауы.

Қазан ежелгі, тарихи сөз ретінде жазба ескерткіштер тілінде қазан [1.418], қазан [1.443], казан [1.210], газан [1.241], қазан [1.17], қазған [1.96] тұлғаларында қолданылған.

Кейінгі кездегі сөздіктерде қазан, қазған тұлғасында кездеседі [2.18].

Қазіргі түркі тілдерінде: қазақ: қазан; ұйғыр: қазан; қарақалпақ: қазан; қырғыз: казан; түркімен тілінде газан тұлғасында қолданылады.

С.Ибрагимов өзінің «Фергона шевасининг Касб-Хунар лексикасы» атты еңбегінде жасалуы мен қолданылуына қарай авхат қазон, хаммом қазон, туй қазон, елим қазон, патило қазон, кир қазон, жасалу ерекшеліктеріне қарай екі құлақты қазан, үш құлақты қазан, төрт құлақты қазан, тайпақ қазан сияқты түрлерін атап өтеді. Өзбек тілінде қазанның сыйымдылық мөлшеріне байланысты дошқозон, туй қозон, төрттилик қазон, чайраки қазон, ярим чаураклик қазон (жарым ширектік қазан), хиштоқи қазон, шиш қазон – алты қадақ күріш кететін қазан, чакса қазон – 14 қадақ күріш сиятын қазан сияқты түрлері қолданылады.

Көлемі үлкен той, жиын қазандары Орта Азия түркі тілдерінде төмендегідей аталады: қазақ: қара қазан, тайқазан; өзбек: дошқазон, махалла қазон; ұйғыр: баш қазан; түркімен: улы гара газан, пайыз газан сияқты атаулары бар. Қырғыз тілінде қазан сөзінің негізгі мағынасынан басқа қара қазан, ташқазан сияқты ойын түрлері бар.

Қазан атауы басқа үй бұйымдарының атауларымен тіркесіп келіп, жаңа мағынаға ие болған: қазақ: қазан-аяқ, қазан-ошақ, қазан жаппа (тамақ атауы); өзбек: қозон-товақ – ыдыс-аяқ; ұйғыр: қазан-қомуш, қазан-айнақ – қасық мағынасында қолданылады.

Қазан сөзі ас, аш сөздерімен бірігіп, тіркесіп келіп, адамның немесе тірі жануарлардың ас қорыту мүшесінің атауы ретінде қолданылады: асқазан (қазақша), ошқозон (өзбекше), аш қазан (ұйғырша), аш газан (түркіменше), т.б.

Орта Азия түркі тілдерінде қазан сөзі мақал-мәтелдер мен қанатты сөздерге негіз болып, бейнелілік қызмет атқарады: қазақ тілінде: жабулы қазан жабулы күйінде қалды. Азансыз молда болса да, қазансыз қатын болмас. Қарның ашса қазан ас, ет болмаса, сазан ас (осындағы қазан ас тіркесі метонимиялық қызмет атқарып тұр), өзбек тілінде: қозонға яқин юрсанг қороси юқар, емонга яқин юрнанг балоси юкар, ұйғыр тілінде: Шундоқ қазанға шундок чөмүч, Қазанға нима салсаң чумишкиму шу чикуду, Қазан алсаң чекип ал, хатун алсаң, бекип ал, Нәгә барсаң қазанның күлиги төрт, қырғыз тілінде: Казанга жақын жүрсө, көөсу жугат; Элуу жылда эл жаңырат, жуз жылда қазан, қазақта: елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан, Қазаншының еркі бар, қайдан құлақ шығарса, қарақалпақ тілінде осыған ұқсас «Қозончининг эрки бор, қайдан қүлөк шығарса» деген мәтел бар, аталған мәтел өзбек тілінде: козончининг эрки бор, қайдан қүлоқ чикарса, түркімен тілінде газани газан атарсын, одуни йығнан яқсын, Галның газани гайнамаз, гайнаса да гоялмаз (Сараңның қазаны қайнамас, қайнаса да құйылмас).

Қазан сөзі түркі тілдерінде ауыспалы мағынада да мол жұмсалады. Қазақ тілінде: Қазан асты, қазан көтерді – тамақ пісірді; Қазан асып, қымыз әкелмейсіңдер ме?; өзбек тілінде: асмоқ, қайномоқ етістіктерінің көмегімен қазон осмоқ формасында ыстық тамақ пісірмек мағынасында қолданылады.

Қазан сөзі қазақ тілінде басқа түркі тілдеріне қарағанда өте кең қолданыста болады. Еңбек қазаны қайнады – халық еңбекке құлшына кірісті; Еңбек қазанында қайнады – еңбекпен шынықты, жетілді; Ешкімнің қазанын сындырған жоқ – біреудің арасына жамандық қылмаған, жанжалдасып араздаспаған, ұрыспаған; Қазан аузынан бөліп ішті – тамақты бөліп ішті, ортақтасты; Қазан бұзар – бұзық, тентек, басбұзар; Қазан құлағын ұстады – қызметте болды, дүниенің басында отырды; Қазан күн көрді – біреудің несібесінен күн көрді; Қазаны басқа – бөлек үй, енші алды, дербес отбасылы; Қазаны майланды – бала-шағасы тойып тамақ ішті, қазанына береке кірді; Қазаны оттан түспейді – қонақжай, берекелі отбасы; Қайнаған қазаны бауырына төгілгір – қарғыс, лағнет айту; Қара қазан – қасиетті қазан, көптен бері берекелі қазан; Қу қазан – үйінен тамақ бермейтін сараң отбасы; Қырық қазанның құлағын тістеген (адам) – қыдырымпаз, ел аралап әр үйден тамақ ішетін адам; Орта қазан – адамдар бірігіп тамақ ішетін жер; Өмір қазаны – күнделікті тұрмыс [3.16]. Қырғыз тілінде де қазан сөзінен туындайтын лексикалық бірліктер мен қолданыстар мол кездеседі. Жол қазаны – жолға алып жүретін кішкене қазан; Жөн қазандай башы бар, жатқан иттей қашы бар [4.504]; Қазан ас, қазан қарма – тамақ ас; Өз алдынча қазан асты – дербес отау құрды, енші алды; бир қазандын ас ичет – отбасы бір; Казан очогун артына кеткен бекен – үйінен тамақ бермейтін сараң адам; Қуу қазан – кембағал, кедей адам, ал қазақта қу қазан – үйінен тамақ бермейтін сараң адам; Қызыл қазан – дала қосындағы ортақ, көпшілікке тамақ беретін қазан. Қазаны оттан түсиуп қалды – бәлеге душар болған отбасы; Казанын сууга салып коюптур – үйінде тамақ істемейтін адам; Казаны майлуу – меймандос адам, отбасы; Катындан қазан талашкан – әйелдің жұмысына орынсыз араласқан еркек. Қазақта мұндайды қазанға қарайды – дейді; Қазан аштуу – бай, тоқ адам; Кара казан – доппен ойнайтын ұлттық спорт түрі; қазақта азан-қазан болды деп, аяқ астынан шыққан жанжал, дау шығып, даурығып айқайласу [5.18]. Қазақ тілінде қазан-аяқ, аяқ-табақ ыдыс-аяқтың жалпы атауы ретінде қолданылады [6.20].

Орта Азия аймағындағы түркі тілдерінде қазан сөзіне сөз тудыратын аффикстер қосылып, жаңа сөздер жасалады: Қазақ: қазанша, өзбек: қазонча, ұйғыр: қазанчә, түркімен: газанча, газанжык кішкене қазан ұғымын береді. Қазан сөзіне –шы аффиксі қосылу арқылы қазан жасайтын ұста, мамандық атауын білдіреді: қазақ: қазаншы, Қазаншының еркі бар, қайдан құлақ шығарса, өзбек: қозончи, қырғыз: қазанчы, т.б. Қырғыз, қарақалпақ тілдерінде бұл сөздің мамандық иесі деген мағынадан басқа аспаз, асхана қызметкері деген қосымша мағынасы бар, қырғыз тілінде осы сөздің қазанкеш деген синонимдес варианты бар.

Қазан сөзі бір есімімен бірігіп, түркі тілдерінде құс атауын білдіреді: қазақ: бірқазан, өзбек: бирқозон, ұйғыр: бирқазан, қырғыз: бир қазан, түркімен: бирғазан, т.б.

Қазанқап қазақ тілінде түпнұсқада біріккен сөз ретінде қолданылса осы форма қырғыз тілінде қазан+бақ болып метатеза процесімен өзгеріске түскен. Қазақ тіліндегі қазанқап киіз үйлерді бір жерден екінші жерге көшіргенде қазан салып қоюға арналған киізден жасалып, сырты түрлі түсті жіптермен өрнектелген қап түрі [7.16], қырғыз тіліндегі қазанбақ ағаштан жасалған ыдыс түрі [7.504]. Қазақ тіліндегі қазан құйрық, қырғыз тіліндегі қазан құйрық қазандай үлкен қойдың құйрығы мағынасында қолданылады. Қазақ тілінде өкпесі қара қазандай деген фразеологизм мен қырғыз тіліндегі өпкөсу қазанбактай болду деген тұрақты сөз тіркесі бір нәрсеге қатты ренжіген, қатты қапа болған адамға қаратылып айтылады [8.504].

Жоғарыдағы мысалдардан басқа да қазан сөзіне әр түрлі аффикстер қосылып, жаңа мағына беретін бірліктер пайда болады. Ұйғыр тіліндегі қазанчук – балықтың кішкентай шабағы ұғымын білдіреді. Қазақ тіліндегі қазан сөзі –дай аффиксімен қосылып төмендегідей мағына береді. 1. Қазан сияқты домалақ жұмыр жер; 2. Үлкен, дәу мағынасында; 3.  Басы қара қазандай болды деген тіркесте – көп ойлап басы қатты; 4. Бөркі қазандай болды – бір көтеріліп қалу, мәз болу, риза болу; 5. Қазандай қайнады – опыр-топыр боп, бірі кіріп, бірі шығып, абыр-сабыр болды, қазандатқыр – қарғыс сөз мағынасында қолданылады. Өзбек тілінде қазан кебаб, қазақ тілінде қазанжаппай деген нан түрі бар [9.16].

Қазан сөзі түркі тілдерінде қала, жер-су, атауларына да қойылады. Татарстанның астанасы Қазан деп аталса, Өзбекстанның Бұқара облысында Қазан деген ауыл бар.

Қазан сөзінің этимологиясы туралы В.Г.Егоров қазу, қазған шұңқыр сияқты ұқсатудан шыққан деген тұжырым айтады [9.58]. Қазан сөзіне –ған аффиксінің қосылуы арқылы қазған › қаз(ғ) ан = қазан тұлғасында қалыптасты деген негіз бар, ал өзбек тіліндегі дошқозон сөзі этимологиялық жақтан до – парсы тілінде үшкен аш – ас, тамақ, қазан сөзінен жасалғандығын байқауға болады, демек аталған сөз үлкен ас (пісіретін) қазан деген мағынада шыққан [9.249]. Тай қазан туралы И.Исмаилов тай сиятын қазан десе, Әбіласанов өзінің «Көне жазудың құпиясы» еңбегінде жай –тәңірдің лақап аты, тәңірге ас берген қазан деп тұжырым жасайды. Өзбек тілінде кішкентай қазанды декча деп атайды. Мұны Будагов сөздігінде парсыша сапал қазан деген сөзден алынғандығы айтылады [9.77]. Декча сөзі өзбек тілінің Ташкент, Уйчи шеваларында қазанша, қырғыз тілінің Зомин сөйленісінде декче – кішкентай мағыналарында қолданылады [9.287]. Өзбек тілі шеваларында қазан мағынасында қолданылатын потила сөзі бар. Потила сөзін патил деген үлкен мыс қазан ұғымын беретін парсы тілінен алынған деген пікір айтады [9.85]. М.Қашқари сөздігінде мыс қазан чозин ашич деген тұлғада қолданылған [7.249]. Чозин сөзі з мен й дыбысының ауысуының, алмасуының нәтижесінде шойын тұлғасына ауысқан [8.169].

Шойын сөзінің фонетикалық өзгеріске түскен нұсқасымен түркімен тілінде чоюн газон, ұйғыр тілінің қүмул сөйленісінде (шевасында) чайун, чугун фонетикалық нұсқалары қазан сөзі мағынасында жұмсалады.

Қақпақ (тувақ) – қазанның қақпағы. Түркі тілдерінде қақпақ сөзі қақпақ тувақ деген екі синонимдес сөздер арқылы айтылады. М.Қашқаридің ІІІ томында той ашич тұлғасында қолданылса, І томында қапғақ тұлғасында ұшырасады [7.249]. Қазіргі қазақ тілінде М.Қашқари сөздігіндегі қапғақ – метатезаға ұшырап қақпақ, түркімен тілінде к-г дыбыс алмасуы арқылы гапақ, (қ) дыбысының түсуі арқылы гапақ тұлғасында қалыптасқандығын байқауға болады, ал өзбек тілінің Шахрисәбз шевасында (сөйленісінде) қапқағ тұлғасында қолданылады. Қақпақ сөзі өзбек тілінде тувоқ, ұйғыр тілінде тувақ, өзбек тілінің Түркістан сөйленісінде тувәк – тандырдың аузын жабатын лайдан жасалған қақпақ ұғымында қолданылады. Бұлардан басқа қақпақ сөзі өзбек тілінің Бұхара, Қашқадария сөйленістерінде (шеваларында) сарпош, Паркент сөйленісінде тизоқ [8.257], ұйғыр тілінің Хотан сөйленісінде тулғақ [9.161], Курля сөйленісінде тувақ [9.162] тұлғасында қолданылады. Қырғыз тілінде тубак сөзі қазан қақпағы ұғымынан басқа жалпы үй ыдыстарының қақпағы деген ұғымды да білдіреді. Өзбек тілінде қақпақ, қапғақ деген сөздер жалпы аузы жабылатын ыдыстардың ашылып-жабылып тұратын бөлігі мағынасында қолданылады.

Таба – қуыратын, пісіретін тағам түрлерін пісіретін, жабатын кейде ұстайтыны бар ыдыс түрі. Тарихи жазба ескерткіштерде тава [9.251], това [9.610], таво [9.327] сияқты фонетикалық нұсқаларда ұшырасады. Аймақтағы түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ, қырғыз тілдерінде таба, өзбек тілінде това, ұйғыр тілінде тава, қарақалпақ, түркімен тілдерінде қазақ тіліндегідей таба тұлғасында қолданылады. Парсы тілінде таве тұлғасында айтылады [8.104].

Көне жазба ескерткіштерде таба сөзі сач [6.479], сач [7.161], сач – темір таба [8,111], сач (сковород) тұлғасында кездеседі. Түркі тілдерінің ішінде көне түркілік сач сөзі қазіргі тілінде ғана сач – тава мағынасын беріп, байырғы тұлғасын сақтаған [7.569]. Таба сөзі мағынасында Аттухфа ескерткішінде қовурлуқ сөзі қолданылған. Таба сөзі қарақалпақ тілінде бақырғыш [9.81], өзбек тілінің Түрк-қалтатай сөйленісінде (шевасында) дейча [8.80], Базарқорған сөйленісінде таппа [7.80] сөзі таба сөзінің орнына қолданылады.

Қасқақ – сөзі қазақ тілінің әдеби нұсқасында қолданылмайды, тек қана Алматы, Жамбыл облысы тұрғындары тіліне тән сөйленістік ерекшелік саналып келеді, ал әдеби тілде манты пеш үлгісінде қолданылып келеді. Бұл зат атауының өз тіліміздің сөйленістері мен көпшілес өзбек, қырғыз, түркімен тілдерінде бұрыннан бар тарихи сөз екенін ескерсек, әдеби тілде қасқақ, қасқан тұлғасын терминология мен орфографиялық сөздікке толық енгізуге болады деп тұжырым жасауға болады. Енді аталған тұрмыс техникасының атауының Орта Азия түркі тілдерінде қалай айтылатынына келсек, өзбек: қасқон, ұйғыр: қасқан, қырғыз: каскан, өзбек тілінің Ферғана сөйленісінде манты қазан, мантыны қоюға арналған қасқақтың ішкі бөліктері ұйғыр тілінде жембил, Турфан сөйленісінде жембіл [8.110], өзбек тілінің Наманган сөйленісінде джумбул [8.111], Ош сөйленісінде жумбула [8.67] фонетикалық нұсқалары кездеседі. Бұл зат атауы тарихи жазба ескерткіштерде кездеспейді, сондықтан кейінгі кезеңде шыққан тұрмыстық зат атауы болса керек. Бұл сөздің этимологиясы жам – түптеу деген ұғымды білдіретін сөз, бөл – бөлу ұғымында, сонда жамбол сөзі ыдыстың түбіне қалау, орналастыру ұғымына сай келеді, өйткені мантыны бөліп-бөліп, қатарластырып қалап шығады.   

 

 

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР

1.     Будагов Л.З. Сравнительный словарь турецко-татарских наречий,        І том  СТБ.: Наука, 1869.

2.     Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. ІІ том, Алматы: Білім, 1974-1985.

3.     Қырғыз тилиниң түшіндірмө сөздугу І том, Фрунзе: Илм, 1984.

4.     Түркимен дилиниң сөзлуги, Ашгабат: Илим, 1962.

5.     Фармонов И. Узбек тили Уш-Узган диалектининг бъази лексик хусусиятлари, Тошкент: Илим, 1983.

6.     Русско – уйгурский словарь. М.: Наука, 1956.

7.     Малов С.Е. Уйгурский язык (Хаминское наречия) М.-Л.: Наука, 1954.

8.     Туркмен дилиниң гыскача диалектолик сөзлугу. Ашгабат: Илм, 1977.

9.      Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. А.: Ғылым, 1969.

Добрый день , Утебекова Акнур Балтакестиевна Ваша работа принята! Регистрационный номер: 126899 Название секции: Авторы: Утебекова Акнур Балтакестиевна Название работы: Қазақ және Орта Азия түркі тілдеріндегі әлеуметтік тұрмысқа байланысты байланысты терминдердің салыстырмалы ерекшеліктері (қазан терминінің негізінде) Количество страниц: 6 Количество сборников: 1 Наука: ФЛ Подсекция: Страна: Казахстан Мобильный телефон: 87056985681 Почтовый индекс: 161200 Почтовый адрес: город Туркестан ЮКО улица Жас Алаш №9 Получатель: Утебекова Акнур Балтакестиевна E-mail: aknur.utiebiekova.81@mail.ru Название журнала(конференции): Nauka i studia Реквизиты для оплаты: Получатель: ТОО Уралнаучкнига , р/с 3992602011338290000 в УФ АО Казкоммерцбанка , БИК 194901706 , РНН 270100227586 , Адрес получателя: г.Уральск , ул.Гагарина 52/1 Сумма к оплате: 3500 казахских тенге ,в том числе почтовая доставка заказным письмом 500 тенге Не оплаченные работы не печтаются , не забудьте в назначении платежа указать фамилии авторов. После опубликования Ваша работа будет выслана на адрес : Ориентировочный срок публикации в течении 3-4 недели с момента проведения конференции. Справки по телефонам +38 0562 342961 , +38 056 3701313 , e-mail: info@rusnauka.com