СТУДЕНТТЕРДІҢ
САУАТТЫ ЖАЗУ ДАҒДЫЛАРЫНА ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
А.Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
гуманитарлық-әлеуметтік
факультеті
практикалық-лингвистика
кафедрасының
доценті
Сарманова
Ф.Т.
Жоғары оқу
орнындағы орыс тілді топтарда қазақ тілін оқыту
әдістемесінің мақсаты – қазақ тілін екінші тіл
ретінде оқытудың өзіндік ерекшелігін меңгерту,
түрлі әдіс-тәсілдерінің тиімді жолдарымен таныстыру,
студенттерді қазақша сөйлеуге және сауатты жазуға
дағдыландыру. Сондықтан да, әр оқытушы өз
іс-әрекетінде қажетті өзгерістерді, әр түрлі
тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа
әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана
білу қажет.
Оқытушы өз
практикалық жұмысында дидактикалық тапсырмаларды
ұсынып, әрбір міндеті мен шағын мақсатын дәл
бейнелей алатын қатысымдық жаттығулар жүйесін
құрастыруы қажет.
Студенттерді сауатты жазуға
қалай үйрететінімді бірнеше жыл бойы жинақталған
материалдардан және өз тәжірибемнен алынған
әдістемелерімді ұсынғым келеді. Сабақ беру барысында,
әсіресе сауатты жазуға үйреткенде, студенттер н және ң дыбыстарын бүгінгі
күнге дейін ажырата алмаймыз деген сұрақ мазалауда және
олардың дұрыс жазуын қолдана білмейміз деп жиі сұрап
отырады. Сол себептен бұл да бір ерекше мәселе деп ойлаймын.
Студенттер «Қай кезде тек қана н
, қай кезде ң жазылады?
Біз оларды жазған кезінде ажырата алмаймыз », деп сұрақтар
беріп, өз күмәндарын білдіруде.Сондықтан ең алдымен кейбір себептерін анықтап алуға тура келді. Олар:
1)
екі дыбыстың ұқсастылығы;
2)
арнайы ереженің жоқтығы;
3)
бұл дыбыстарға ерекше назар аудармауы.
Осыған байланысты ең алдымен
бүкіл ережелерді сұрыптап, қалай студенттерге
түсіндірсем екен деген
сұрақ туындады. Ең алдымен тек қана ң дыбысы қандай
грамматикалық құбылыстарда жазылатынын, содан соң н жазылуын бөлек алатын болдым.
Сонда бір қатарға ң жазылады,
ал екінші қатарында тек н жазылады
деп бір ереже шығарғанмын. Бұл ережені кесте ретінде
ұсынатын болдым. Содан соң
дәптерлеріне түсіріп, бірнеше тапсырма түрін орындайтын
болдық. Егер студент тапсырма барысында қателер жіберіп жатса,
құрастырған кестеге қарап, оларды дұрыс жазуын
талап етіп етемін. Сабақ барысында үнемі келесі кестені
қолданып отырамыз:
|
Естілмей Ң жазылады: |
Естіліп Н жазылады : |
|
1.Жіктік жалғауында 2 жақ , жекеше
түрде : Сен студент+ сің |
1.Жіктік жалғауында 1 жақ , жекеше
түрде : Мен студент+ пін |
|
2. Жіктік жалғауында 2 жақ , көпше
түрде : Сендер студент+ сің
+ дер |
2.Реттік сан есімдерде: Мен тізімде бірінші + мін. Мен
кезекте алтыншы+мын |
|
3.Тәуелдік жалғауында 2 жақ , жекеше
түрде: Сенің мамандығ + ың |
3. Етістіктің осы шағы , 1 жақ
, жекеше түрде: Қазір мен сабақта отыр + мын . |
|
4.Тәуелдік жалғауында, 2 жақ , көпше түрде
: Сендердің сабақтар+ ың |
4. Етістіктің ауыспалы осы шағы , 1
жақ , жекеше түрде: Қазір мен Қостанайда
тұр+а+мын. |
|
5.Тәуелдік жалғауында, 2 жақ сыпайы , жекеше түрде : Сіздің мамандығ + ыңыз |
5. Етістіктің ауыспалы өткен
шағы , 1 жақ , жекеше түрде: Мен
үнемі оның достарына бар+атын+
мын |
|
6.Тәуелдік жалғауында, 2 жақ сыпайы , көпше түрде : Сіздердің сабақтар + ыңыз |
6. Етістіктің бұрынғы
өткен шағы , 1 жақ , жекеше түрде: Мен оның үйінде бол+ып+ пын |
|
7.Ілік септігінде : Қазақстан Республикасы + ның Еліміз + дің көркеюі Университет+ тің ғимараты |
7. Етістіктің бұрынғы
өткен шағы , 1 жақ , жекеше түрде: Ол қалада мен бол+ған+ мын |
|
8.Етістіктің осы шағы , 2 жақ
, жекеше түрде: Қазір сен сабақта отыр + сың. |
8.Етістіктің нақ осы шағы , 1
жақ , жекеше түрде (күрделі): Мен кітапханада сабақ оқып
отыр+ мын |
|
9. Етістіктің осы шағы , 2 жақ
, көпше түрде: Қазір
сендер сабақта отыр + сың +дар |
9. Етістіктің мақсатты келер
шағы , 1 жақ , жекеше түрде: Мен
қазір университетке бар+мақ+ пын |
|
10. Етістіктің жедел өткен
шағы, 2 жақ , жекеше түрде: Сен
Қостанай қаласында ту + ды+
ң |
10.Шығыс септігінде : Ол қала + дан келе жатыр. Мен сабақ + тан
келе жатырмын. |
|
11. Етістіктің жедел өткен
шағы, 2 жақ , көпше
түрде: Сендер Қазақстанда ту+ды+ң +дар |
11. Көмектес септігінде : Ол
өз елі + мен мақтаныш етеді. |
|
12. Етістіктің жедел өткен
шағы, 2 жақ , сыпайы , жекеше
түрде: Сіз
Қостанай қаласында ту + ды+
ңыз 13. Етістіктің жедел өткен
шағы, 2 жақ , сыпайы, көпше түрде: Сіздер институтта оқы+ды+ңыз+дар |
12. Барыс септігінде ( тәуелдік
жалғауы 3 жақ ): Мен
оның ата-ана+сы+ на бардым. Ол
бүгін сабағ+ ы+ на келген жоқ. |
|
14. Етістіктің бұрынғы
өткен шағы, 2 жақ , жекеше түрде: Сен Қостанай қаласында ту + ған+сың |
13.Табыс септігінде ( тәуелдік
жалғауы 3 жақ ): Мен
оның ата-ана+ сы+ н көрдім. Ол
бүгін сабағ+ ы+ н дайындамаған. |
|
15. Етістіктің бұрынғы
өткен шағы, 2 жақ , көпше түрде: Сендер институтта оқы+ған+сың+дар |
|
|
16. Етістіктің ауыспалы өткен
шағы, 2 жақ , жекеше түрде: Сен маған айт+ атын+ сың |
|
|
17. Етістіктің ауыспалы өткен
шағы, 2 жақ , көпше түрде: Сендер
оған айт+атын+сың+дар |
|
|
18. Етістіктің мақсатты келер
шағы , 2 жақ , жекеше түрде: Сен
қазір университетке бар+мақ+ сың |
|
|
19. Етістіктің мақсатты келер
шағы , 2 жақ , көпше түрде: Сендер
қазір университетке бар+мақ+ сың
+дар |
|
Қорыта айтқанда, сауатты
ұрпақты оқытып, педагогикалық шеберлігімізді
нығайтып, қазақ тілін оқуға
қызуғышылығын , ынтасын арттырудың әдістерін
меңгеруге, сабақ барысында жаңа әдістерді іздестіру
жолын табуға әркез дайын болуымыз қажет.
Жоғарыда көрсетілген тәсілді сабақта
пайдалану арқылы студенттердің сауаттылығын дамытып, жазбаша
дағдысын үнемі қалыптастырудамын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
«Оқушыларды сауатталыққа үйрету». /
Қазақ тілі мектепте, колледжде және ЖОО-да оқыту/ №
4-5, 2012 ж.
2.
«Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында
оқушылардың жазу сауаттылығын арттыру». / Қазақ тілі
мен әдебиеті орта мектепте. № 12, 2012ж .
3.
«Жазуға үйрету». / Мектептегі шет тілі / № 4, 2011 ж.