Анаргул  Елубай

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

                 Қарағанды қаласы, Қазақстан

 

ҚЫТАЙ ТІЛІ ӘРІПТІК ТАҢБАЛАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Қытай елі – көне  өркениетті,  мәдениеті бай,  ғажайып ел. Аталмыш  елдің

өркениеті – ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып, ертедегі төрт әлемдік өркениеттің ішіндегі бірден – бірі болып келеді. Оған Қытай мәдениетіне тән толеранттылықтың жоғары деңгейі, ашықтық және көпқырлылық себеп болуда. Неге десеңіз, үйлесімділік – Қытай мәдениеті құндылығының мәні. Қытай мәдениетінде ерте заманнан «әлем - тұтас және үйлесімді болуы тиіс» деген ұстаным қалыптасқан. Бұл тұжырым қытай ұлтының ой - санасы мен тәртібіне терең ықпал етсе, қытайлықтардың адамдар арасындағы, адам мен табиғат және елдер арасындағы қарым - қатынасын реттеуде құнды қадамға айналды.

Қытай мәдениеті  - көркем және ғажайып. Олар өздерінің мәдениетін

бүгінгі күнге дейін сақтай отырып, құрметтеп, көне жазуларын бүгінгі таңда қолдануда. Қытай әріптік таңбалары – көне жазулардың ішінен сақталып, әр елдің баспасынан жаңарған кейпінде, әсіресе, дамыған елдерде жыл сайын жарық көреді.  Қытай жазуы - әлем жазуларының ішіндегі ең ерекше және танымал болғандықтан, оған деген қызығушылық та артуда. Әрине уақыт өте келе, ол көптеген өзгерістерге ұшырады, заманның өзгеруіне байланысты қосымша таңбалар енгізілді. Ең көне жазулардың бірі 3000 жылдай өмір сүруде.. Кейбір деректер бойынша 6000 жыл өмір сүріп жатыр.

Біздің білуімізше, «иероглиф» сөзі грек тілінен келген. Оның бастапқы мағынасы – «тасқа қалдырылған киелі жазбалар». Бұл сөз тек қана ежелгі грек жазбаларын білдірді дегенмен, кейін  бұл термин одан әрі кең мағынада қолданыла бастады.  Өлі Мысыр, Майя, Ассирия-вавилондық таңбаларына қарағанда, қытай иероглифтары белсенді өмір сүріп, Жапония Корея елдерінде де қолданыста жүр. Атақты қытай тілінің «Канси» сөздігінде 47 мыңнан астам таңба бар. Бірақ күнделікті тұрмыста қолданатын иероглиф саны – 3000-ға жуық.

     Қытай елінің жазуына келетін болсақ,  оның қоғамда алатын орны маңызды да ерекше болып келеді. Өз жазба таңбасын құрметтеген елдің мәдениеті мен тарихы жоғалмай, қайта мәртебесі өсіп, рухани байып, даңқы да асады. Қытай елінің әріптік таңбалары  - парасатты және ғажайып туынды, сонымен қатар қытай мәдениеті мен өнерінің  ажырамас және органикалық бөлігі. Осы жазбалардың арқасында бізге, яғни қытай тілін оқып үйренуге ниеті бар немесе қытай елінің мәдени – әдеби байлығына қызығатын ұрпақтарға ұран ете, қытай рухани мәдениетінің қазынасы, көне өркениеттiң бай да, құнды шығармасы әдебиет ескерткіштері мен көне философияның ескерткіштері мирас болып ұсынылып отыр.

Сонымен, қытай тілінде қанша иероглиф бар деп ойлайсыздар? Айтарымыз -  оң мыңдаған...

Қытай тілін енді-енді үйреніп жатқан адамнан міндетті түрде «осы берілген таңбалардың барлығын жаттау керек пе? Бұл мүмкін емес дүние!» деген сұрақ – жауаптар естуіміз бар.

Әрине, мұның бәрін жаттап алу керек емес. Біле білсеңіздер, білімі жоғары қытай адамы  8-10 мыңдай иероглиф таныса, бұл сауаттылықтың жоғары деңгейін білдіреді. Ал қытай газет-журналдарын оқу үшін қолданыста жүретін 3-4 мың иероглифті танысаңыз жеткілікті.

Иероглифтар санағын бітіргендіктен, классификациясына тоқталып, қытай иероглифтарын  топқа бөлуден бастасақ:

1.     Бейнелік таңбалар. Бұл таңбалар қарапайым пиктограммалардан шыққан. Уақыт өте келе бұл таңбалар жеңілдеп, түрін өзгертіп, өзінің бастапқы түрін  жоғалтқан. Дегенмен оның бейнесіне қарап қандай зат туралы айтылып тұрғанын түсінуге болдады. Мысалы:

2.     Нұсқаушы таңбалар. Бір нәрсеге немесе бейнеге нұсқап, сондай-ақ бір бейненің орналасқан жерін көрсететін таңбалар. Мысалы:

    

3.     Синтетикалық таңбалар.  Бұл таңба бірнеше  қарапайым бейнелік және нұсқаушы синтездік таңбаларды білдіреді.

           

4.     Фонетикалық таңбалар. Екі бөліктен тұрады:  аталмыш түсінікке байланысты,  яғни    детерминатив (кілті бар) және  жуық шамамен иероглифтың дыбысын беретін  фонетика.  Яғни «ағаш» кілті «орман» тақырыбына байланысты көптеген иероглифтардың құрамына кіреді. Мысалы:

         

5.     Түрі өзгерілген таңбалар.  Бұл топқа кейбір элементтері өзгерілген                                  жоғарыда көрсетілген 4 категояриның иеоглифтары кіреді.

6.     Жаңа таңбалар. Бұл топқа жаңа терминдер мен түсініктерді белгілейтін  иероглифтар кіреді.  Көбінесе бұл таңбалар транскрипциялық-фонетикалық принцип бойынша құрастырылған.

 Иероглифтың мазмұнын түсіну үшін,  оның тарихына шолу жасап, мәніне

назар аудару керек. Төменде бірнеше мысал келтірілген:

 

C:\Documents and Settings\Владелец\Рабочий стол\кар ст\小logo女.jpg«nv» – қыз. Қытай елінде кыз бейнесі, қыздың

жүріс - тұрысы ерекше сипатталған. Яғни, инабаттылық, ибалық қасиеттерін ескере отырып, жазба әріптік таңбаларды сол кейіпте берген. Әрине уақыт өте келе, заманауи талаптармен, өркениеттің алға басуына байланысты «nv» яғни  «қыз» қытай тіліндегі иероглифтік таңбасы өзгергенмен, түп-нұсқадан айырмашылығы тек дәлдігінде, яғни әр сызық ұшталып белгіленген.

C:\Documents and Settings\Владелец\Рабочий стол\кар ст\x_4c3dda02.jpg «Ai»  - сүю, махаббат. Қытай тілін үйрену алғышарттары аз емес. Соның бірі «Ai»  - сүю, махаббат әріптік таңбасының ерекшелігінде. Үш бөлікті қамтыған бұл иероглиф өзінше әдемі және мәнді болып келеді. 1– сенім, 2  - жүрек, 3-достық. Яғни, достық пен сенім жүрек қалауы болған соң, адам баласына сүйе білу қасиеті тән.

 «YǒngC:\Documents and Settings\Владелец\Рабочий стол\кар ст\1246895421_bezkonechnost-500x500.jpg» - мәңгі, мәңгілік, бітпес. Жоғарыға, биікке ұмтылған таңбаларға қарай отыра, шексіз де шепсіз сәуле бейнесін көре аламыз. 1 - қанат қағысына ұқсас, 2 - төменнен жоғарыға бағытталған бейнеге ұқсас. Яғни, мәңгілікке ұмтылу  - бітпес бағыт.

C:\Documents and Settings\Владелец\Рабочий стол\кар ст\zoloto.jpg  «Jīn» - алтын. Аз сөз алтын демекші, алтынға тоқтар жөніміз бар. Қазақ халқы алтынды салмақты сөз бен тәрбиелікке теңеген. «Алтындай адам» сөз тіркесі осыған дәлел. 1-ші - бөлігін жер асты деп қарастырсақ, 2 - ші бөлігі көзге түсер, лаулап тұрған бір бейнеге ұқсас, оны алтын деп алдық. Яғни, толықтай келе, жердің астындағы пайдалы қазба деген тұжырым.

C:\Documents and Settings\Владелец\Рабочий стол\кар ст\1264356015_black-list.gif   «hei» - қара түс. Әр елдің тарихында немесе мәдениетінде қара түс сәтсіздікпен байланысты. Назар аударсаңыз, бір құбыжық бейнеленіп тұрған секілді.  Иероглифтің дәл ортасын сызық бөліп тұр. Бұл әр нәрсенің, құбылыстың жақсы  және жаман             жағы бар екенін көрсетеді.

C:\Documents and Settings\Владелец\Рабочий стол\кар ст\одевать 123.bmp «Chuan» - киіну, киім кию Бұл  қытай тіліндегі ең оңай иероглифтың бірі. Көріп тұрсаңыз, 1 – басы,  2 – кеудесі, 3- аяғы бар немесе аяқ киім киіп тұрған адам бейнесіне ұқсайтын секілді. Яғни «Chuan», басынан аяғына дейін киіну деген мағынаға ие болып тұр. 

 

      Иероглифалық  жазбалар өз ішінде  күрделі, әрі түрлі ой реңдерін білдіре отыра, сарқылмас мүмкiндiктер жасырып тұрған тарих.

Олардың  көбісінде сиқыр мән-мағына бар. Соған назар аударсаңыз,  қиындықтармен сирек кездесесіз.

 

                                 Пайдаланылған  әдебиеттер:

1.     Ли Бау Шұнь. Қазіргі заман қытай тілі грамматикасы-қытай: ШҰАР Урімжі» 1991ж

2.     Лу Фу Бо .Қытай тілі грамматикасын оқыту қолданбасы-қытай: Пекин тілдер университеті. 2002ж