Магистр К.С. Алдашева
М. Өтемісов атындағы
Батыс Қазақстан
мемлекеттік университеті, Қазақстан
Ұлттық жабдық атауларының қазақы тілдік
санадағы көрінісі
Тілдік
сана адам санасының бөлінбес бөлшегі. Бұл
ұғымды жеке қарастыруға болмайды, себебі олар
өзара байланысты және өзара сабақтас. Тілдік сана туралы
сұрақтардың алғашқы жауаптары классикалық
тіл біліміне тән еңбектерден бастау алады. В. фон Гумбольдт тілді
«ақылдың интеллектуалды түйсігі» дей отырып, «тілде жеке еш нәрсе жоқ, оның жеке
элементтері тұтастықтың бір бөлшегі ретінде ғана
көрінеді» дейді [1].
Қазіргі
қолданыстағы тілдік сана ұғымы И.А. Бодуэн де
Куртенэнің қолданысында – «тілдік сезгіштік» (“языковое чутье”),
Е.В. Ухмылинада – «тілдік түсінушілік» (“языковая сознательность”), Л.В.
Щербада – «лингвистикалық түйсік» (“лингвистический инстинкт”) деп
қолданылған.
Соңғы жылдары Әл-Фараби
атындағы ҚазҰУ-да жүргізілген
теориялық-эксперименталды зерттеу нәтижесінде қазақы
тілдік санадағы ұлттық жабдық атаулары
төмендегідей сипатқа ие болды.
Жабдық
– керек-жарақ, әртүрлі құрал-сайман, әбзел
[3, 493 б.]. Сауалнамада киіз үй жабдықтарына байланысты
ұсынылған стимул сөз: шаңырақ.
Киіз үй жабдықтарына байланысты SPSS бағдарламасына
енгізілген тілдік бірліктер мыналар: алаша, арқан, бақан,
басқұр, бастырғы, бау, белдеу, босаға, есік, жел
қазық, кереге, киіз, күлдіреуіш, қазық,
қанат, қоржын, маңдайша, сабау, сандық,
сықырлауық, төр, төсек, туырлық, тұскиіз,
түндік, уық, уық бау, уық шалғыш, үзік,
шалма, сырмақ, текемет, ши.
Жиілік
көрсеткіштердің нәтижесінде мына леммалар ең
жоғарғы сандық көрсеткішпен лингвоелтанымдық
электронды тезаурус үшін іріктелді: уық
– 408, кереге – 377, түндік – 337, есік – 293, басқұр – 265,
төсек – 250, босаға – 229, табалдырық – 214, төр – 206,
үзік – 205, бақан – 174, күлдіреуіш – 155, киіз – 117.
Бесік
жабдықтарына байланысты ұсынылған стимул сөз: түбек, шүмек. SPSS
бағдарламасының базасына енгізілген бесік жабдықтарына
қатысты атаулары мыналар: ала жіп,
аяқбау, бау, беласар, белбеу, белтартпа, жабу, жапқыш,
жастық, жастықша, жаялық, жөргек, көрпе,
көрпеше, қол бау, сылдырмақ, тартпабау, төсеуіш,
үкі.
Жиілік
көрсеткіштердің нәтижесінде мына леммалар ең
жоғарғы сандық көрсеткішпен лингвоелтанымдық
электронды тезаурус үшін іріктелді: жастық
– 64, жөргек – 37, қол бау – 33.
Лингвоелтанымдық электронды тезаурус
үшін таңдалған бесік жабдықтарымен байланысты
леммалардың ішінде жөргектің
лингвоелтанымдық мазмұнын былайша сипаттауға болады:
ЖӨРГЕК – бесікке бөленетін сәбиді орайтын, асты-үстіне салынатын
жұмсақ маталар, баланың бесіктегі жатын орнының
төсеніші мен жамылғы шүберектері. Қазақ
халқының ұғымында Жөргек қасиетті саналады.
Сондықтан Жөргек үнемі таза болуы керек. Жөргекгінде
дарыған жақсылық өмір бойы үзілмейді деп
есептейтін халық Жөргекті кесірден, ауру-сырқаудан
сақтасын деп, ертелі-кеш аршамен немесе адыраспанмен аластап
отырған.
Ат
әбзелдеріне байланысты ұсынылған стимул сөз: ертоқым, үзеңгі. SPSS
бағдарламасына бесік жабдықтарына байланысты барлығы мына
тілдік бірліктер енгізілді: айыл,
аткөрпе, ауыздық, ашамай, божы, дүры, езулік, ер, жабу,
жүген, көрпе, кісен, қамшы, қамыт, қанжыға,
қанжыға бау, құйысқан,
құйысқаның болмаса, туысқаның не керек,
мойындық, ноқта, өмілдірік, таға, таралғы,
тартпа, тебінгі, тегене, тоқым, тұсау, тізгін, шылбыр, шідер.
Жиілік
көрсеткіштердің нәтижесінде мына леммалар ең
жоғарғы сандық көрсеткішпен лингвоелтанымдық
электронды тезаурус үшін іріктелді: жүген
– 256, қамшы – 236, тартпа – 128, тегене – 105, езулік – 102, жабу – 100.
Мал
шаруашылығымен байланысты ұғымдар мен жабдықтарды атау
үшін ұсынылған стимул сөз: өріс, астау. SPSS бағдарламасының базасына
енгізілген барлық мал шаруашылығымен байланысты ұғымдар
мыналар: айыр, ақыр, арқан,
бас жіп, ен, жабағы жүн, жайлау, жайылым, жапа, жем, жем дорба,
жемсау, кетпен, көген, көктеу, күзеу, күрек,
қамшы, қарғы, қасқа, қауға,
қора, қыстау, қысыр, мойындық, нар, науа, ноқта,
отар, өріс, піспек, саба, сарай, саулық, суат, сулы құдық,
табын, тартпа, тулақ, тырма, шабан, шабандоз, шабындық.
Жиілік
көрсеткіштердің нәтижесінде мына леммалар ең
жоғарғы сандық көрсеткішпен лингвоелтанымдық
электронды тезаурус үшін іріктелді: жайлау
– 216, көктеу – 206, тырма – 206, науа – 202, кетпен – 200, күрек –
200, сулы құдық – 200, айыр – 198, шабан – 162.
Ыдыс
атауларына байланысты ұсынылған стимул сөз: торсық, шөміш. SPSS
бағдарламасы көрсеткен нәтиже бойынша барлығы мынадай
шөп атауларына қатысты тілдік бірліктер жинақталды: ағаш қасық, ағаш
табақ, алжапқыш, астау, аяққап, елеуіш, ет табақ,
кебеже, кепсер, кесе, көбе, көнек, қазан,
қақпақ, қасық, құман,
құмыра, құты, леген, мес, ожау, оқтау,
ошақ, пиалай, пышақ, саба, самаурын, сапал кесе, сүзгі, сырлы
аяқ, таба, табақ, тақтай, тарелке, тегене, торсық, тостаған,
тостақ, шанышқы, шәйнек, шәугім, шелек, шөміш,
шылапшын, шыны.
SPSS бағдарламасының есебі бойынша ең
жиі көрсеткішке ие болған леммалар лингвоелтанымдық
электронды тезаурус үшін іріктеледі: ожау
– 263, шелек – 214, кесе – 213, тостақ – 213, құты – 200,
леген – 190, мес – 188, оқтау – 178, құмыра – 142,
қазан – 137, құман – 128, тақтай – 127,
қасық – 118.
Лингвоелтанымдық электронды тезаурус үшін
таңдалған ыдыс атауларымен байланысты леммалардың ішінде ожау лингвоелтанымдық
мазмұнын былайша сипаттауға болады:
ОЖАУ – қымыз, айран, сүт, сусын құюға
қолданылатын ыдыс. Шұңғыл бөліктен және
қолға ұстауға ыңғайлы саптан тұрады.
Ожау ағаштан, металдан жасалады. Ағаштан жасалған
түрлері б.з.б. ІІ ғасырымыздан бастап қолданыла
бастаған. Археологиялық деректерге қарағанда,
ожаудың ағаштан жасалған түрлерін Орталық Азия
халықтары ерте темір дәуірінде-ақ қолдана
бастаған. Металл ожау XVI-XIX ғасырларда кең тарады.
Дәстүрлі қазақ қоғамында
дастарқанның шырайын келтіретін мүлік ретінде ерекше
бағаланған. Оны қазақ шеберлері әр түрлі
ағаштардан (тораңғы, емен, т.б.) ойып дайындаған. Кейде
сабы ою-өрнектермен безендірілген. Ауқатты қазақтар
сәндік бұйым есебінде ожауды алтынмен, күміспен
қаптатып, кейде сабына асыл тас орнаттырған.
Сонымен,
ұлттық жабдықтарға қатысты сауалнама бойынша
жинақталған және SPSS бағдарламасының
нәтижесінде сұрыпталған тілдік бірліктердің ішінде
лингвоелтанымдық тезаурус үшін мына леммалар іріктелді: уық, кереге, түндік, есік,
басқұр, төсек, босаға, табалдырық, төр,
үзік, бақан, күлдіреуіш, киіз, сықырлауық
дауысы, терезесі тең болу, шаңырағың
шайқалмасын, уықтай иілу, жастық, жөргек, қол
бау, жүген, қамшы, тартпа, тегене, езулік, жабу, жайлау, науа,
көктеу, тырма, кетпе, күрек, сулы құдық, айыр,
шабан, ожау, шелек, кесе, тостақ, құты, леген, мес,
оқтау, құмыра, қазан, құман, тақтай,
қасық.
Қорыта
келгенде, тілдік сана танымның бір элементі, онда белгілі бір тілдік
қауымдастыққа тән қоғамдық өмір
көрініс табады. Тілдік санада қалыптасқан
ұлттық-мәдени субъективті әлем бейнесі жалпыхалықтық
дүниетанымды құрайды. Ал жоғарыда іріктелген
ұлттық жабдық атаулары тарихпен жетіп, бүгінгі
таңда сақталған қазақы тілдік сананың
айқын көрінісі болып табылады.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.
Гумбольдт В. фон. Избранные труды по языкознанию. М., 1984. – 397 с.
2.
Соссюр Ф. Курс
общей лингвистики. - М.: УРСС Эдиториал,
2007. – 257 c.
3.
Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес
томдық. Т5., Алматы, 2011. – 500 б.