ӘӨЖ 894.342

 

                                                         Н.А. Конурова оқытушы

                                                                        Н.Б. Ақжүнісова п.ғ.м., оқытушы

 

Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті, Қарағанды қаласы,

Қазақстан Республикасы

ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН ТОПОНИМДЕРІНІҢ СТРАТИГРАФИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ

Кез келген ел мен мемлекет өзіндік даму барысында түрлі тарихи жайларға байланысты көршілес, тіпті алыс қашықтықтағы елдермен қарым-қатынасқа түседі, қарым-қатынас барысында бір-бірімен сөз алмасады, бір-біріне мәдени, саяси тұрғыда ықпал етеді. Ол туралы В.И.Абаев «народы и племена, сменяя друг-друга на определенной территории, не изчезают бесследно. Каждое новое племя получает и сохраняет кое-что от своих предшественников. Это «кое-что» может быть и весьма значительным», – деп, өте орынды атап көрсеткен [2,115]. В.И.Абаев айтуы бойынша, белгілі бір халық өкілдері мекендеген территорияда үнемі тайпалық немесе басқа бір халықтық ығыстырулар, алмасулар болып тұруы заңды құбылыс ретінде көрініс береді. Бұл жай біз сөз етіп отырған Орталық Қазақстан өңіріне де тікелей қатысты. Жалпы біздің жыл санау дәуірімізге дейінгі және одан кейінгі түркілік тайпалардың ирандармен (парсы) түрлі жаугершілік, саяси саудалық байланыстары, көне түркі дәуірінің соңы мен орта дәуір басындағы ислам дінін тарату бағытындағы араб шапқыншылығы, орта ғасырлық монғол мен одан кейінгі жоңғар жаугершілігі, орыстың отарлау саясатына сәйкес іс-қимылдары аталған өңір топонимдерінде өзіндік із қалдырып отырған. Сондықтан да Орталық Қазақстан топонимдерінің тілдік жүйесі өте күрделі сипатта келеді. Белгілі бір ел немесе аймақ топонимдерінің тілдік қабаттарын тарихи тұрғыдан қарастыру – топонимдер стратиграфиясы деп аталынып жүр. Статиграфия – геология ғылымының термині. Бұл термин «тау» жыныстарының қат-қабаттану формаларын және жер қабығы қабаттарының тарихи тізбекте жасалуын зерттейтін геологияның бөлімі . Бұл күндері стратиграфия термині бұл мағынасын кеңейтіп, енді топонимикада жер-су аттарының тарихи жасалуындағы көне қабаттарын, соның ішінде ең көне субстратты топонимдерді зерттеуге қолданылатын терминге айналып отыр [3,73]. Яғни стратиграфия тілдік қабаттарды айқындау мақсатында қолданылып, негізінен ғылыми этимология жетістіктері мен топонимдік жүйедегі тарихи деректерге де табан тіремек. Алайда топонимдер стратиграфиясын ашуда лексика-семантикалық, лексика-грамматикалық зерттеулер жүргізудің тиімділігін айтқан ғалымдар да бар. «Тіл ғылымы тұрғысынан топонимдердің этимологиясын зерттеу үшін және оның стратиграфиясын дұрыс ашу үшін, алдымен белгілі территориядағы топонимдерді синхрондық бағытта лексика-семантикалық және лексика-грамматикалық тұрғыдан зерттеу жүргізу қажет. Мұндай зертеулер жер-су аттарының қойылуында, мағынасында және грамматикалық амалдары жағынан қандай заңдылықтары бар екенін жете түсінуге және этимологиялық зерттеулерге жол ашады [33,76]. Біздіңше, топоним стратиграфиясын анықтаудағы лексика-семантикалық және лексика-грамматикалық талдаулар атау этимологиясына қатысты зерттеулерде қосымша қарастырылғаны дұрыс. Себебі этимологиялық зерттеулер атаудың семантикалық, грамматикалық ерекшеліктерімен қатар фонетикалық заңдылықтарын да ескеріп, оларды тұтас этимологиялық әдіс-тәсілдер ішінде қарастыру барысында ғана топонимнің қай тілдік қабатқа тәндігін нақты көрсетпек. Яғни белгілі бір ел немесе аймақ топонимдері құрамындағы ана тіліне тән көне формаларын, басқа тілдерден енген, мағынасы күңгірттенген топонимдерді комплексті этимологиялық зерттеулер арқылы сөз ету ұтымды болмақ. «В этимологических исследованиях, применяя методы и критерийи, можно определить древние субстратные пласты, осуществить стратигра-фическое изучение топонимов» [2,14]. Топонимдердің тілдік қабаттарын ашуда этимологиялық зерттеулердің тиімділігін орыс топономистері де атап көрсеткен: «Лингвистическое изучение субстратной топонимики всегда представляет собой комплексное исследование, основанное, во первых на формальных методах изучения материала, во вторых, на сравнительно-историческом методе и других атрибутах этимологической науки, а, в третьих на учете специфики самого топонимического материала. Эти три стороны неразрывно связаны, одноко вследствие трудностей применения сравнительно-исторического метода к десемантизированным единицам особое значение имеют специфические приемы изучения топонимики, дополняющие этимологические разыскания (сопоставление с реалиями, выявление топономических калек, учет типов бытования географических терминов и т.д)» [2,61]. А.К.Матвеев қолданы-мындағы субстракт термині тікелей тілдік қабаттардағы көне немесе кірме элементтерге қатысты қалыптасқан. Бұл терминді тіл білімінде ХІХ ғасырдың ІІ жартысында итальян лингвисі Грациадно Асколи тұңғыш рет роман тілінің ерекшеліктерін қарастыру барысында қолданған. Термин субстракт роман тілдері аясында қолданыла жүріп, кейін үндіевропа тілдеріне кеңінен тараған. Ол латын тіліндегі «подстилка», «подкладка» ұғымындағы substratus сөзінің негізінде жасалған [195,7]. Қазіргі ғылыми әдебиеттерде кеңінен топонимикалық термин ретінде қолданылатын субстрат сөзіне ғалымдар әр текті көзқараста болған. Мәселен, В.Б.Кобрин бұл терминнің сәтсіздігіне тоқталып, оның орнына «подслой» сөзін ұсынған [1,233]. Ал А.М.Малолетко өз еңбектерінде субстрат терминінің орнына палеотопоним терминін қолданған [9,7]. Алайда бұл ғалымдар ұсыныстары қолдау таппай, қазіргі таңда субстрат термині кең қолданымға ие болған. Қазақ топонимист ғалымы А.Әбдірахманов та қазақ тіліндегі алтай, көне түркі дәуірлеріне тән атаулар мен басқа тілдерден ерте уақытта, орта ғасырларда енген топонимдерді субстратты топонимдер деп атауды ұсынады [3,77]. Субстратты топонимдердің этникалық ассимиляция негізінде қалыптасатыны, яғни этникалық басқыншылық барысында келтірінді атаулар әкелумен қатар, сол өңірдің төл, ұлттық атауларына да өзгерістер енгізетіні, базбір басқа тілдік атауларды қабылдау барысында дамитыны да этимологиялық зерттеулер барысында ашылмақ. Ондай этимологиялық зеттеулер тек тілдік тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар атау жасаушы халықтың дүниетанымына да сәйкес жүргізілуі қажет. Басқаша айтқанда, «пришельцы, вытесняющие или ассимилирующие коренное население, осваивают не только новую территорию (река, озера, болота, леса, пустоши), но и географические названия аборигенов. Происходит это в силу того, что в языке пришлого населения нет соответствующих названий для некоторых местных объектов. Знакомство и освоение новой территории идет, как правило, именно через местное коренное население, предаюшее пришельцам свой опыт и в определенной мере свою, упорядоченную с помощью языка и существующую благодаря языку систему образов внешнего мира, а если точнее, то думается, систему понятий о внешнем мире» [3,32]. Дегенмен субстратты топонимдерді лингвистикалық тұрғыдан ғана қарастырудың тиімділігін қолдайтын ғалымдар да баршылық: «Языковой субстрат это лишь одна из форм субстрата, “который может проявляться и в физическом типе человека, и в материальной культуре, и в фольклоре”, но поскольку субстрат является достоянием языка, он (субстрат) становится предметом лингвистических исследований» [13,7]. Біз топонимдер стратиграфиясын этимологиялық тұрғыдан қарастыру барысында тілдік заңдылықтармен қатар атауға қатысты түрлі тарихи-әлеуметтік жайларды да ескертуді қолдаймыз. Себебі басқа тілден енген, формасы өзгеріп, мағынасы күңгірттенген топонимдер этимологиясын қарастыруда сол өңірде қандай халықтардың болғанын тарихи тұрғыдан анықтау сөз формасын ажыратуға, сол халықтың тілдік заңдылығына сәйкес сөз түбірін айқындауға жол ашады. Қазақ топонимдері стратиграфиясын әр түрлі аймақтық деңгейде зерттеген ғалымдар еңбектері де негізінен осы тұрғыда қарастырылады. Қазақ топонимдерін алғаш рет стратиграфиялық тұрғыдан кең көлемде қарастырған А.Әбдірахмановтың топонимдерді ана тілінің негізіндегі және басқа тілдер негізіндегі атаулар деп бөлуі кейінгі ғалымдар еңбектерінде басшылыққа алынды. Айырмашылықтар тек әр аймақ топонимдеріне көршілес тілдердің қай дәрежеде әсер еткені мен көне түркілік (алтай дәуірі) кезеңге тән атаулардың қандай көлемде сақталып қалғандығына қатысты ғана байқалады. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан өңірі топонимдерін стратиграфиялық тұрғыдан зерттеу барысында Қ.Рысбергенова өңір топонимдерінің ерекшеліктеріне қарай үш тілдік қабатқа бөледі: 1) субстратты топонимдер; 2) басқа тілдерден енген топонимдер; 3) түркілік топонимдер. Мұндағы басты ерекшеліктер ретінде автор аталған өңірде иран және араб тілінен енген атаулардың мол ұшырасатынын тарихи-географиялық жайларға байланысты қарастырады. Яғни иран, араб тіліне тән атаулар орталық-солт. аймағына оңтүстік арқылы алмасқанын осы өңірдегі иран (соғды) тіліне тән -кат, -кет, -кент, -канд, -дех, -диз, -мар және араб тіліндегі -хасар, -рабат, -мадина т.б. тополексемаларға қатысты атаулардың мол ұшырасатынымен байланыстырады. Монғол тіліне тән атаулардың аз ұшырасуын моңғолдарға дейінгі жергілікті тұрғындар мәдениеті мен дамыған шарушылық түрлеріне байланысты қарастырса, өзбек тіліне тән атауларды екі елдің көршілес қарым-қатынасына сәйкес дамыды деп түсіндіреді [11,24-37]. Батыс Қазақстан облысы топонимдерін тілдік қабаттарға бөлу барысында Ұ.Рысқалиқызы оның тек ғылыми ғана емес, сонымен қатар практикалық маңызының да жоғары болатынын айтып, өңір топонимдерін іштей төрт тілдік қабаттарға бөледі:

1. Көне түркі қабаты.

2. Оғыз-қыпшақ қабаты.

3. Кірме қабат:

- араб-парсы тілінен енген топонимдер

- монғол тілінен енген топонимдер

- орыс тілінен енген топонимдер

4. Жаңа қабат.

Ұ.Ержанованың зерттеуінде Батыс Қазақстан өңірі топонимдері құрамында араб, парсы тіліне тән атаулардың аз ұшырасуы мен монғол тіліне тән атауларды кірме атаулардан өзгеше топта қарастыру жолдары айтылады, оның негізгі себептері ашылады [9,10-15]. Өр Алтай (Шығыс Қазақстан) өңірі топонимдерін тарихи-лингвстикалық тұрғыдан Б.Бияров зерттеуінде де негізінен осы тілдік қабаттар қайталанады [2,30-44]. Қазақстан топонимдерін структура-семантикалық тұрғыдан зерттеген В.Н.Попова еңбегінде топонимдер түркілік, түркілік емес топонимдерге бөлініп, түркілік емес топонимдер іштей үш топқа топтастырылады:

1. Орыс топонимдері.

2. Монғол және қалмақ топонимдері.

3. Субстратты топонимдер (финно-угор, кет, тохар, үндіевропа тілдеріне тән атаулар

В.Н.Попова зерттеуіндегі басты ерекшелік араб, иран тілдерінен енген атауларды субстратты топонимдер ішінде қарастыруында болды [7,48].

Ұзақ жылғы зерттеу еңбектерін қазақ топонимдерінің этимологиясы мен тілдік қабаттарын ашуға арнаған ғалым, ф.ғ.д. А.Әбдірахманов өз өмірінің соңғы жылдарындағы зерттеуінде қазақ топонимдерін стратиграфиялық тұрғыдан үлкен екі топқа бөлген:

1. Ана тілінің негізінде жасалған атаулар.

2. Басқа тілдің негізінде қалыптасқан атаулар.

Алғашқы топтағы топонимдерді тілдік қабат және тілдік ерекшеліктері тұрғысынан іштей: а) алтай дәуіріндегі, б) көне түркі дәуірі; в) көне қазақ; г) жаңа қазақ тілі дәуіріндегі атаулар деп бөлсе, ал басқа тілдерден енген атауларды а) иран тілінен, б) монғол тілінен, в) араб тілінен, г) славян тілдерінен енген топонимдер тобына бөле қарастырады [4,14-23]. Автор ұстанған бұл көзқарас оның 1975 жылғы еңбектерінен басталады, әрі қазақ топонимдері стратиграфиясын ажырата қарауда тиімді болуы себепті де өзінен соңғы көп зерттеушілер еңбектерінде басшылыққа алынады.

Жалпы Орталық Қазақстан өңіріндегі тарихы тым тереңнен басталатын (алтай, көне түркі дәуіріне тән) топонимдер этимологиясын қарастыруда жоғарыда сөз болған стратиграфия тілдік тұрғыдан  компаративистикалық, ареалдық, типологиялық әдістерді пайдаланудың маңыздылығы зор болма

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.              Қазақ тіл біліміндегі этимологиялық зерттеулердің негізгі бағыттары // Қазақ тілі тарих лексикологиясының мәселелері, Алматы, Ғылым, 1998. - Б. 100-120.

2.              Севортян Э.В. Этимологический словарь тюркских языков: Обще-тюркские и межтюркские основы на гласные, Москва, Наука, 1974. - 767 с.

3.              Крапенко Ю.А. История этимологического метода в отечественной топонимике // Сб. Развитие методов топонимических исследований Москва, 1970. - С. 9-19.

4.              Әбдірахманов А. Топонимика және этимология. –Алматы, 1979. -207 б.

5.              Ысқақов А. Қазақ тілінің этимологиялық сөздігін жасау мәселелері // Қазақ тілі мен әдебиеті, 1959, № 12. - Б. 90-94.

6.              Айдаров Ғ., Құрышжанов Ә., Томанов М. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі, Алматы, Мектеп, 1971. - 311 б.

7.              Базылхан Б. Қазақша-монғолша сөздік, Уланбаатар, 1977. - 392 б.

8.              Қайдаров Ә., Мұқатаева А. Қазақ эпосындағы жер-су атаулары мен кісі аттары жайында // Қазақ ономастикасының мәселелері, Аламаты, Ғылым, 1986. - Б. 136-137.

9.              Мурзаев Э.М. Местные географические термины // Серия «Вопросы географии» Сб. Москва, 1970. - С. 16-35.