Мемлекеттің қызметтері
Назарбекова З.М.-
А.Байтурсынов атындағы
Қостанайлық
мемлекеттік университетінің, философия
мемлекеттік университетінің,
философия
кафедрасының
аға оқытушы
Мемлекет саяси
билікті жүргізудегі ең негізгі буын болып табылады.
Жалпы теория мен практикада
биліктің функцияларын: заң шығарушы, соттық және
атқарушы деп бөледі. Мемлекет басшысының функциясы тағы
бар. Билікті жүзеге асыратын подфункциялар да бар. Америкалық
саясаттанушы Л.Уайт мемлекеттік басқару органдарын үш топқа
бөледі:
1) штабтар – өзі орындай алатын шешімдерді
қабылдайтындар;
2) жедел қызметтер – штабтардың шешімдерін
жүзеге асырушылар;
3) көмекші қызметтер – штабтар мен жедел
қызметтердің қажеттегідей жұмысына жағдай
туғызатындарды атайды.
Барлық
мемлекеттік ұйымдар екі түрге бөлінеді: үкіметтің
мемлекеттік органдары – жалпы мемлекеттік шешімдер қабылдайды; мемлекеттік
басқару органдарының аппараты, олар мемлекеттік ұйымдар,
мемлекеттік басқару, мемлекеттік аппарат деп аталады. Мемлекеттік
ұйымдардың барлығын орталық және жергілікті деп
екіге бөледі.
Бір сөзбен
айтқанда, басқарушы, егеменді мемлекеттік органдар – саяси билік
болып табылады. Ең бастысы «билікті бөлу» болып табылады.
Социалистік мемлекетте билікті бөлісу жоқ, тек әртүрлі
компетенциясы бар деген ұғым қалыптасқан. Ал
компетенцияның өзі билікті бөлісу емес пе, марксизм-ленинизм
классиктерінің өзі оны мойындайды. Қазіргі билікті бөлу
мәселесінде Монтескьенің идеясы жатыр: заң шығару,
орындаушы, сот билігі, оларға қоса мемлекет басшысының билігі
бар. Билікті бөлу тұрғысынан саяси биліктің жұмыс
істеуі: аралас билікте, билікті бөлісуде, биліктердің ынтымақтасып
жұмыс істеу жағдайларында мүмкін болады. Аралас билікте
мемлекет басшысы заң шығару, орындау, сот биліктерін аралас
жүргізе алады.
Саясат
ғылымында атқарушы билікке ерекше мән бріледі.
Әкімшілік қызметтің барысы тұтасымен алғанда
елдің жағдайын тікелей байланысты. Мемлекеттікбасқару
қашан болмасын саяси басқару болып келеді. Атқарушы
биліктің функциялары:
1) Егемендікті жүзеге асыру функциялары: а)
мемлекеттің сыртқы жағдайдағы егемендігі мен
тұтастығын қорғау; б) ішкі қарым-қатынасты
сақтау, тәртіпті, ішкі тұтастықты сақтау; в)
мемлекеттік –саяси жүйенің қызметін ұйымдастыру –
сайлау науқаны, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар
және басқалары.
2) Экономикалық функциялары.
Қазіргі уақытта бір де бір мемлекет елдің экономикасын
мемлекет тарапынан реттеуге қарсы емес. Мұнда туатын
проблеманың ең бастысы саясаттың экономикаға
ықпал ету шегі мен оның берер нәтижелері. Экономикалық
заңдылықтарды ескермей кету қатері бар. Сондықтан
мемлекеттік билік экономиканың дамуына өте тиімді ыпал жасауы
қажет. Социалистік мемлекеттердің тәжірибесі
көрсеткендей саяси басшылық экономикалық басшылықты
ауыстырмауы керек. Мемлекеттің функциясын бақылап отыру,
дағдарысты жағдайларға жол бермеу. Экономикамен
айналысқан мемлекеттік билік тұтыну, қажеттілік
өндірісінің қуаты мен ақиқатты көлемін
бақылап отыруы қажет.
Саясаттанушы
Д.Кейнстің идеясы бойынша нарықтық экономикадағы
елдерде жұмыс қолы түгел қамтылуы керек,
тұтынушылардың тұтыну қабілеті өндіріс
құралдарын өндіруге сәйкес дамуы тиіс. Ол үшін
мемлекет салық, бюджет, инвестициялық және несие саясатын
қолдануы қажет. АҚШ сияқты елдерде экономиканы реттеу
сауда, мемлекеттік кәсіпорындар, транспорт, ғылыми-техникалық
жұмыстар арқылы жүргізіледі.
1) Байланыс және коммуникациялық
функциялары.
2) Әлеуметтік функциялары.
3) Мәдени-тәрбиелік функциялары.
Мемлекеттік аппараттың әкімшілік
функциялары:
1) Жағдайды, терең әлеуметтік
құрылымдардың жағдайын талдау.
2) Бағдарламалық шешімдерді жасау.
3) Заңдық қызмет –
бағдарламаларды заңдарға сәйкестендіру арқылы
талдау.
4) Финанстық
қызмет – жеке бағдарламалардың бюджетін анықтау,
мемлекеттің бюджетін әкімшілік жағынан дайындау.
Жеделдік
(оперативтік) функцияларына:
1) Кадрлық қызмет.
2) Ұйымдастыру қызметі.
3) Ақпараттық-психологиялық
жұмыс.
4) Бақылаушылық қызметі.
Қоғам
дамуында әлеуметтік процестердің техникалық,
экологиялық, экономикалық, саяси,
құқықтық, рухани күрделене түсуіне
байланысты аталмыш проблеманы мамандарды қатыстыру арқылы
шешудің қажеттігі шығады. Кейбір нақты мемлекеттік
басқару органдарына маманларды енгізу өзін-өзі ақтайтын
практика: мәселен, консультанттар, кеңесшілер, сарапшылар, т.б.
Практика көрсетіп отырғандай, маман мен саясаткерді үйлестіру
мемлекеттік қызметке өте пайдалы адамды тартуға
болатындығын дәлелдеп отыр. Батыс елдерінде мемлекеттік
қызметкерлерді кеңінен дайындау және мамандандыру
қолға алынған. Ол үшін социогуманитарлық
университеттік білім үстем болуда. Сонымен қатар лауазым – шені,
класность тобы, рейтингісі іскерлік қасиетіне берілген ұпайы
ескеріледі.
Биліктің маңызды функцияларына жатады:
1) Мемлекеттің жалпыға бірдей мүддесін
қорғау және белгілі бір тәртіпті сақтап отыру. Бұл
алдымен ортақ мүддеге қарсы немесе экономикалық
үстем таптардың мүддесіне қарсы шығушы жеке
адамдар мен жіктердің мүддесін басуға бағытталады, одан
кейін ел тұрғыныдарының мүдделерін үйдестіру
және келістіру, үшіншіден, сыртқы шабуылдан
қорғау.
2) Басқару арқылы ортақ мүддені
қанағаттандыру – бүкіл қоғамның міндеттерін
әкімшілік жолымен орындау.