Шакиров
К.Н.,
заң ғылымдарының докторы профессор
Амандосұлы Б.,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
PhD докторанты
ДСҰ шеңберінде
дауларды шешу механизмінің ГАТТ рәсімдерімен салыстырғанда
жаңа сипаттамалары
ДСҰ шеңберінде дауларды
шешу механизмінің ГАТТ жүйесімен салыстырғандағы
жаңа сипаттамаларының арасында, бірінші кезекте, ДСҰ
шеңберінде қабылданған көпжақты келісімдерден
шығатын мемлекеттердің міндеттемелері бойынша туындайтын дауларды
реттеу ережелерінің бірегей құжатта бірігуін атап өткен
жөн. Егер ГАТТ жүйесінде жоғарыда көрсетілгендей
бірқатар келісімдер дауларды шешу ережелерінің жүйесін
қамтитын болса, ДСҰ-да берілген ережелер ерекше келісімде
бекітілген – «Дауларды шешу ережелері мен рәсімдері туралы бітімгершілік»
(«Бітімгершілік» немесе «ДСУ»). Оның ережелері ДСҰ-ның
мүшесі болып табылатын барлық мемлекеттерге міндетті болып келеді.
Дәлірек айтқанда, ДСУ ДСҰ құру
жөніндегі Келісімнің 1 және 2 Қосымшаларында
белгіленген, барлық «қамтылған келісімдерге» -
шарттарға қатысты қолданылады. ДСУ әрекет ету саласында,
сондай-ақ, осы келісімдердің қатысушылары келіскен
көлемде – «қатысушылардың шектеулі шеңберімен
келісімдер» де орын алған. (ДСУ-ға 1 Қосымша).
Аталған барлық шарттар
үшін бірыңғай құжат болып «Дауларды шешу
ережелері мен рәсімдері туралы бітімгершілік» табылатынына
қарамастан, көптеген «қамтылған келісімдер» белгілі бір
шарттарға қатысты дауларды шешу тәртібі жөніндегі жеке
ережелерден тұрады. Мысал ретінде субсидиялар мен қарсы шаралар
туралы Келісімді, санитарлық және фитосанитарлық шараларды
қолдану туралы Келісімді, қызметтер саудасы жөніндегі Бас
Келісімді және т.б. келтіруге болады. Мәселен, субсидиялар мен
қарсы шаралар туралы Келісімнің 4.6 бабында рәсімдердің
ДСУ-да қарастырылған мерзімінен әлдеқайда
қасқалары қарастырылған. Берілген арнайы және
қосымша нормалардың тізімі ДСУ-ға 2 Қосымшада
бекітілген.
ДСУ ережелерінің және
дауларды шешуді реттейтін «қамтылған келісім» нормаларының
коллизиясы жағдайында соңғысының ережелері
қолданылады. (ДСУ 1(2) бабы). Берілген қағида орынды деп
есептеледі, себебі ол арнайы норма жалпының алдында
артықшылыққа ие болып табылатынына негізделеді.
Әртүрлі «қамтылған келісімдерде» белгіленген дауларды
шешу процесін реттейтін екі нормалардың арасында коллизияның
туындауы қиыншылыққа алып келеді. Бұндай жағдайда
тараптар мәселені өзара келісушілік бойынша шешуге
құқылы. Келісілген шешімге жетпеген жағдайда
мәселені мүмкін болған жағдайда арнайы нормаларды
қолдануға, ал егер даудан қашу қажет болса
Бітімгершіліктің нормаларын қолдануға міндетті болатын ДСБ
Төрағасы шешеді.
Айтылғанмен байланысты келесі
сұрақ туындайды: «қамтылған келісімдерді» арнайы
нормалардың бар болуы ДСУ-мен қарастырылған механизмді
құлдыратпайды ма? Құлдыратпайды деп пайымдауға
болады. Бұл арнайы нормалар ДСҰ қызмет етуінің белгілі
бір саласының ерекшеліктерін есепке алады және дауды
қарастыру рәсімін анағұрлым тиімді етуге
мүмкіндік береді. Бұл кезде «Бітімгершілікте» белгіленген
механизмнің орнын ауыстырмай, оны толықтырады. Мұны Апелляциялық органның
Guatemala – Anti-Dumping Investigation
regarding Portland Cement from Mexico ісінде ұстанымымен де
растауға болады» [1]. Бұл істе «арнайы немесе қосымша ереже
біреуінің қолданылуы екіншісінің бұзылуна алып келген
жағдайда, яғни олардың арасында коллизия жағдайында
ғана ДСУ ережелерінің үстінен басым болады» деп белгіленген .
Бұл жағдай ұйымның «Бітімгершілік» ережелерін барынша
мүмкін көлемде қолдануға және «қамтылған
келісімдердің» ережелерін тек қана ДСУ-ны қолдану «қамтылған
келісімдердің» бұзылумен шағылысатн кезде пайдалануға
ниетін көрсетеді.
Осы кезде «Дауларды шешу
рәсімдері мен ережелері жөніндегі Бітімгершіліктің»
өзіне қатысты бұл мүлдем жаңа шарт емес,
жетілдірілген және түрлендірілген ГАТТ тәжірибесінің
жалғасы екенін, сондай-ақ сауда және тарифтер жөніндегі
Бас Келісім шеңберінде құрылған көптеген
құжаттар ДСҰ жүйесінде де үлкен
сұранысұа ие екенін атап өткен жөн. ДСҰ ГАТТ
тәжірибесін басшылыққа алуы тиіс екеніне жалпы нұсқаулардан
басқа ДСҰ мүшелері 1947 ГАТТ-тың XXII және XXIII
баптарына сәйкес қолданылған дауларды шешу қағидаларын
ұстануы тиіс екені қарастырылған.
Сонымен бірге «Бітімгершілікте»
ДСҰ құрылғанға дейін қабылданған
құжаттар әлденеше рет аталып өтеді. Демек, ДСУ 26-бабы
ГАТТ шеңберінде 1989 жылы 12 сәуірде қабылданған
Шешімге (BISD 36S/61-67) сілтеме жасайды. Тағы бір мысал ретінде
ДСУ-ның 3.12-бабын келтіруге болады. Мұнда егер жауапкер мемлекет
дамыған ел болып табылатын болса, ал арызданушы мемлекет дамушы ел болса,
соңғысы ДСУ-ның кеңес алу, адал қызмет, бітімгершілік,
делдалдық, дауды шешу бойынша топ құру және сол топпен
істі қарау рәсімдері туралы стандартты ережелерді ғана емес,
Келісуші Тараптардың 1966 жылы 5 сәуірдегі Шешімінің сйкес
ережелерін қолдануға құқығы бар деп
көрсетілген.
Жоғарыда көрсетілген
ДСУ-ның жалпы сипатты жетістіктерімен, яғни ГАТТ-тың
сәйкес ережелерін жүйелендірумен және олардың негізінде
ДСҰ қамтылған келісімдері үшін тең дауларды шешу
механизмін құрумен қатар ДСУ-да ДСҰ механизмін ГАТТ
жүйесінен ерекшелейтін мүлдем жаңа ережелер қатары
белгіленген.
Бірінші қосымша ретінде ДСУ-да көзделген дауларды шешу жөніндегі
Органның құзіретіне жататын бірқатар өзекті
рәсімдік шешімдерді қабылдауға қатысты ережелерді
атауға болады (мысалы, топты құру мәселесі бойынша, топ
есебін бекіту және т.б.). ДСУ ережелеріне сәйкес берілген
шешімдерді қабылдауға қарсы консенсустың болмауы талап
етіледі. Мұндай консенсус әдебиеттерде «жағымсыз консенсус»
немесе «теріс консенсус» атына ие (negative consensus or inverted consensus) [2,
66 б.]. Теориялық тұрғыдан мұндай консенсус
мүмкіндігі әбден орын ала алады. Алайда, пайдасына
шығарылған қандай да бір қатысушы мемлекет
нәтижесінде бұл шешімді бекітуге қарсы дауыс беретіні
екіталай. Осынсыз «теріс консенсуске» қол жеткізу мүмкін емес екені
айдан анық. Сөйтіп, берілген қағида дауларды
шешудің бүкіл рәсімін автоматтандырады деген
қорытындыға келуге болады. Нәтиже ретінде ДСҰ
шеңберінде дауларды реттеу механизмінің негізіне жатқызылған
«теріс консенсус» қағидасы осы саладағы мамандардың
жоғары бағалауын әділ иеленді [3, 1224 б.]. Дауларды шешу
механизміндегі мұндай жаңашылдандырудың маңызы
алдағы уақытта көрсетіледі.
Екінші
маңызды жаңалық болып
апелляциялық шағымдану мүмкіндігін енгізу табылады. Бұл
сатыны енгізу мемлекеттердің «жағымсыз консенсус»
қағидасына көшуге келісімдерін алуға көмектесті
деп есептейтін профессор Петерсманның пікірі қызықты
әрі дәлелді болып көрінеді. Егер ГАТТ-та топтардың
қате шешімдеріне қарсы кепіл ретінде топтар есебін бекіту
үшін мүшелерінің консенсусы талап етілген ГАТТ Кеңесі
болған болса, ДСҰ-да есепті қайтару мүмкіндігі тым аз.
Алайда дау тарапының наразылық білдіруі жағдайында дауларды
шешу бойынша топтың қорытындыларын Апелляциялық орган
тексереді.
ДСҰ шеңберінде дауларды
шешу жүйесінде үшінші жаңа
маңызды элемент ретінде шешім қабылдаудың созылмауын
қамтамасыз ететін істі қараудың түрлі сатылары
үшін міндетті мерзімдерді белгілеуді көрсетуге болады (ДСУ 20-бабы).
Солай, кеңесудің басталу сәтінен есепті бекіткенге дейін,
мысалы, Апелляциялық органның, 15 айдан артық емес уақт
өтуі тиіс.
ДСҰ шеңберінде дауларды
қарау мерзімдерінің ұзақтығын барлығы
бірдей жағымды бағаламайтынын таныған жөн:
мәселен, К.В.Ремчуков оларды «тым елеулі» деп атайды және
олардың тиімділігіне күмән білдіреді [4, 100 б.].
Мұндай пікірмен келісуге болмайды деп көрінеді.
Қарастырылған мерзімдер едәуір үлкен болып
көрінгенмен, ДСҰ-да 12-15 ай өте ұзақ мерзім
болып есептелмейтін күрделі мемлекетаралық даулар
қарастырылатындығын ескерген жөн. Істерді
қарастырудың мұндай мерзімдері тіпті ұлттық сот
өндірісінде де лайық деп есептеледі. Мәселен, неміс
заңгері Х.Хомани ДСҰ-да істерді қарау мерзімдерін
жоғары бағалайды және Германияда Әкімшілік сотта
процесс 15 ай жүргізіле алатынын байқап өтеді [5, 421 б.].
Біздің пікірімізше, халықаралық деңгейде сот
өндірісінің ұлттық жүйесі үшін сипатты
мерзімдерді сақтау ДСҰ шеңберінде дауларды шешу
процесінің жоғары тиімділігі жөнінде куәлік етеді.
Айтылғанның барлығы
ДСУ рәсімдердің мерзімдері туралы нақты ережелерді
қамтитын, дауларды шешу жөніндегі Органның шешім
қабылдауына автоматизм енгізетін және апелляциялық
шағымдану сатысын көздейтін дауларды шешудің
нысандандырылған ережелер жиынтығын құрайды деген
қорытындыға алып келеді.
Пайдаланылған қайнар көздер тізімі.
1.
Guatemala – Anti-Dumping
Investigation regarding Portland Cement from Mexico. WTO Doc. WT/DS60/AB/R.
(25.11.1998).
2.
Д.Карро,
П.Жюйар. Международное экономическое право. Пер. с фр. В.П.Серебренникова,
В.М.Шумилова. М., 2001.
3.
Borght K. Van der. The Review of the
WTO Understanding on Dispute Settlement: Some reflections on the Current Debate
// 14 Am. U. Int’l L. Rev. 1999. P. 1223-1243.
4.
К.В.Ремчуков.
Россия и ВТО. Правда и вымыслы. М., 2002.
5.
Hohmann H. Die WTO-Streitbeilegung
in den Jahren 1998-1999 // 2000. EuZW. Heft 14. P. 421-427.