Байтіленова Д.С.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

Абайсызда жасалған қылмыстардың кейбір мәселелері

 

 

Соңғы уақытта абайсызда жасалған қылмыстарға көп көңіл бөлініп жүр. Біріншіден, осы қылмыстардың көптігімен сипатталады, екіншіден ғылыми-техникалық дамуына байланысты осы мәселені шешудің жаңа шешімін табуды талап етеді.

Негізінен алғанда абайсызда жасалған қылмыстар қылмыстың обьективті түрде жалпы бөлімін құрайды. Сонымен қоса, ғылыми-техникалық дамуға байланысты осы қылмыстар көбеюде. Қазіргі таңда абайсызда жасалған қылмыстармен күресу мәселесін жандандыру, бұл осы қылмыс түріне қолданылатын жазалардың сапасына байланысты. Алайда, казіргі кезде осы қылмыстар үшін қолданылатын жазалар жүйесі әлі толық жетілдірілмеген, сондықтан осы мәселеге көп көңіл бөлу қажет деп ойлаймын.

Қазіргі таңда ғылыми – техниканың дамуына байланысты ғалымдарды осы абайсызда жасалған қылмыстар ғана емес, сонымен қоса оның құрылымы мен даму үрдісі алаңдатады. Сонымен қатар абайсызда жасалған қылмыстар басқа да қылмыстармен тікелей байланысты. Осыған орай көптеген ғалымдар абайсызда жасалған қылмыстар туралы өздерінің ой-пікірлерін айтқан болатын.  Мысалғы, В.В.Лунеев «Құқыққа қайшы әр түрлі кейіптегі жүріс-тұрыс нысандарының арасында құқықбұзушылықпен қылмыстылықтың байланыс жағдайын бейнелейтін статистикалық тәуелділік бар»- дейді [1]. Және абайсызда жасалған қылмыстармен күресудегі тиімділікті зерттеген уақытта , ең алдымен оның әлеуметтік ортаға қалай әсер ететінін және қауіптілік дәрежесін ескеру қажет. Ғылыми-техникалық прогресс жағдайында  технологиялық процесс ережесін сақтамау, заңдылықты бұзу үлкен зардапқа әкеліп соғуы мүмкін.

Ғылым мен техниканың даму қарқыны – заңға қайшы келетін абайсыз мінез-құлықтарға қарсы күресті күшейтуді талап етеді, себебі техникаларды пайдалану саласындағы заңсыздықтардың көбісі абайсыз қимыл-әрекеттердің салдарынан болып жатады.

Әлеуметтік процесс өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуын ғана емес, қондырманың да қаншалықты жетілдіргендігін көрсетеді. Сондықтан да қоғам дамуында болып жатқан өзгерістер құқық қорғау институттарында әсер етпей қоймайды. Олай болса, абайсызда болатын қылмыс проблемаларын шешу үшін, алдымен адамдардың аңдаусыз мінез-құлқын қылмыстық құқылық тұрғыдан ретке келтіру саласына өзгеріс ендіру керек, өйткені абайсызда болатын қылмысты тудыратын қоғамдық қатынастар мен әлеуметтік байланыстардың ауқымы тым кең.

Бұл проблеманың түйіндісі мен іс жүзіндегі маңыздылығы сонда, қылмысқа бастайтын абайсыздық-негізінен адамдардың қауіпсіздігін, денсаулығын, тиімді еңбегі мен түрлі маңызды салалардағы әлеуметтік пайдалы қызметін қамтамасыз ететін негізгі шарттарды қылмысты түрде бұзу сияқты әрекеттерді қамтиды.

Абайсызда жасалатын қылмыстардың ішіндегі ең қауіптісі және ауыр зардаптарға әкелетіні  адамның техникамен қарым-қатынасы болып танылады.

Негізінен алғанда, абайсызда жасалған қылмыстар өзінің көпжақтылығымен сипатталады. Осы қылмыстар қоғамдық қатынастардың әртүрлі жағдайлармен жүзеге асады. Олар техникалық құралдарды қолдануда қауіпсіздік ережелерді сақтамаумен және тағы басқа жоғары қауіптілігі бар қайнар көздерден (техникалық абайсыздық); кәсіптік және қызметтік міндеттерге байланысты қатынастарға (кәсіптік абайсыздық) немесе үйдің техникалық құрал-жабдықтарының ережелерін сақтамаумен  сипатталады. Техникалық абайсыздық қылмыстарға: өндірісте, ауыл шаруашылығында техниканы қолдану кезіндегі қауіпсіздік ережелерді абайсызда бұзу, бұл ауыр жағдайларға әкеп соғады. Кәсіптік, қызметтік абайсыздық қылмыстарға: мемлекеттік құпияны құрайтын құжаттарды абайсызда жоғалту; өзінің қызметіне деген немқұрайлылық; санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзу және т.б. Осы абайсызда жасалған қылмыстардың көбісі адамдардың денсаулығына, абайсызда өліміне, мүлкіне зиянын тигізеді [2].

Криминологиялық жағынан алғанда абайсызда жасалған қылмыстарға анықтама беру жеткіліксіз. Бұл мәселе үлкен әлеуметтік және психологиялық-әлеуметтік жағынан қарастыруды талап етеді. Жалпы абайсызда жасалған қылмыстар техникалық жағынан қарастырылса, ендігі жағынан қылмыс жағынан қылмыс жасаған адамның психикасына да қарау керек деп есептеймін. Мысалғы, абайсызда жасалған қылмыстар – еңбек қауіпсіздігін бұзу, техникалық құралдарды пайдалануда қауіпсіздік ережелерді бұзу, өрт қауіпсіздігін сақтамаумен сипатталады. Осы қылмыстар психикалық дефектілермен келтіріледі. Осы қылмыстарды жүзеге асыруда маңызды орынды криминогендік жағдай алады.

Абайсызда жасалған қылмыстарда қылмыс жасау кезінде тікелей ниет болмайды, қылмыстық нәтиже субьектінің алдағы жағдайдың болуын қаламайтынына, алайда ол қылмыстың ауыр жағдайға әкелетініне білмеуіне әкеліп соғады. Абайсыздықта қылмыс істеу жекелеген адамдардың тәртіпсіздігімен, шалағайлығымен, салғырттығымен, салақтығымен, олардың сақтық ережелеріне, айналасындағылардың өмірі мен денсаулығына немқұрайлы қарауымен, өзінің кәсіби міндеттерін орындауға көңіл қоймауымен, тиісті біліктіліктің, тәжірибесінің, білімінің жетіспеуінен немесе денсаулық жағдайына байланысты атқара алмайтын міндеттерді өз мойнына артуымен түсіндіріледі. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 21-бабының 3-бөлігіне сәйкес: «Егер адам қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап білуге тиіс және болжап біле алатын бола тұра өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе, қылмыс немқұрайлылықпен жасалған қылмыс деп танылады» [3]. Осыдан шығатын түйінді, абайсызда жасалған қылмыстар тікелей әлеуметтік жағымсыз әрекеттерден жасалады. Абайсызда жасалған қылмыстар әрдайым әрекет жасау ережелерін бұзудан немесе нақты әрекеттерді орындамаудан тұрады, бұдан адам өзінің азаматтық, кәсіби және қызметтік міндеттерін орындамаудан туындайды.  Осы қылмысты жасайтын тұлғалардың арасынан төмендегілерді белгілеуге болады [4]:

-                                       кездейсоқ қылмыскерлер-бұл уақытша жағымсыз психофизиологиялық жағдайда тұратын немесе алғашқы әрекет абайсызда жасалған қылмыстарға итермелеу жағдайында жасаған тұлғалар;

-                                       тұрақсыз қылмыскерлер- алғашқы рет қылмысты жасаған бірақ қауіпсіздік ережесін тікелей бұзған тұлғалар;

-                                       қасақана қылмыскерлер- алдағы уақытта абайсызда қылмыс жасағаны үшін сотталған және қоғамға қарсы мотивпен қауіпсіздік ережесін бұзған тұлғалар жатады.

Абайсызда қылмыс жасаған тұлғалар жеке криминологиялық классификацияланған топты құрайды. Абайсызда қылмыс жасаған тұлғалардың қасақана қылмыс жасаған тұлғалардан айырмашылығы, олардың нақты құндылықтарға салақ қарауы және ары қарай қандай зардаптарға әкелетініне көңіл бөлмеуі. Оларға мынадай спецификалық криминогендік құрам тиесілі, яғни кәсіби және психофизиологиялық   [5]. Абайсызда қылмыс жасаған тұлғалардың жай азаматтық тұлғалардан айырмашылығы, олар өз іс-әрекетіне жауап бере алмайды, сонымен қатар өзінің іс-әрекетіне баға бере алмайды, психофизиологиялық мүмкіндіктерін сезіне алмайды.  Бұл қылмыскерлерді зерттеген кезде, олардың психологиялық құндылықтары қасақана қылмыс жасаған тұлғаларға сәйкес келеді.

Қасақаналықпен істелетін қылмыстарға қарағанда абайсыздықта істелетін қылмыста зардаптарға қолжеткізуге жігерленген бағыт болмайды,  яғни болған зардап пен қылмыс субьектісінің мақсаты, ұмтылысы арасында байланыс болмайды деп айтуға болады.  

Абайсыздық үшін жауапқа тарту – қылмыстық істегі күрделі проблемалардың бірінен саналады. Ол ежелден-ақ ғалым-заңгерлердің назарын аударып келеді. Абайсызда жасалған қылмысқа байланысты заңсыздықтарда дамытуға С.В.Бородин, Т.С.Дагель, Н.И.Загородников, И.И.Карпец, В.Ф.Кириченко, В.В.Клочков, Г.А.Кригер, В.Н.Кудрявцев, Н.Ф.Кунецова, И.П.Лановенко, Н.С.Лейкино, В.Г.Скворцов, Т.В.Церетели, Е.Қайыржанов, А.Ағыбаев, В.Нерисян, Б.Здравомыслов, В.Квашис тағы басқа ғалымдар көп үлес қосты.

Абайсыздықтағы қылмыстың заң жүзіндегі анықтамасы адамның қоғамдық қауіпті зардаптарға психикалық қатынасы арқылы көрінетін материалдық құрамдар тұрғысынан құрылған. Осыған орай, зардаптар формальды құрамдарда қарастырылмағандықтан бұл анықтама формальды құрамдарды сипаттай алмайтын  сияқты.

Негізінен криминологиялық жағынан алғанда абайсызда жасалған қылмыстарға анықтама беру жеткіліксіз. Себебі, бұл  мәселе үлкен әлеуметтік және психологиялық-әлеуметтік жағынан қарастыруды талап етеді. Жалпы алғанда абайсызда жасалған қылмыстар техникалық жағынан қарастырылса, ендігі жағынан қылмыс жасаған адамның психикасына да қарау керек деп есептеймін. Мысалғы, абайсызда жасалған қылмыстар – еңбек қауіпсіздігін бұзу, техникалық құралдарды пайдалануда қауіпсіздік ережелерді бұзу, өрт қауіпсіздігін сақтамаумен сипатталады, осы қылмыстар психикалық дефектілермен келтіріледі. Осы қылмыстарды жүзеге асыруда маңызды орынды криминогендік жағдай алады. Сондықтан да абайсызда жасалған қылмыстармен күресуді зерттеу қылмыстық –құқықтық жағынан емес, криминологиялық аспект ретінде маңызды. Ең алдымен бұл қылмыстың пайда болу және осы қылмыстарды жасауға себеп болатын немесе жағдайларды жоюға көп көңіл бөліну қажет.

Қазіргі таңда абайсызда жасалған қылмыстардың түрлерімен күресу мәселесі, көбінесе көлік құралдарымен, өндіріс саласындағы және басқа да техногенді жағдайларда жұмыс атқару сияқты, адамдардың түрлі техникалық жетістіктерге байланысты маңыздылығын арттырды.

Қазақстан Республикасы ІІМ жол полициясы Департаментінің жыл сайынғы есепті мәліметтерге сәйкес, жол-көлік оқиғаларынан жыл сайын 3 мыңға жуық адам қайтыс болады және 10 мыңдаған адам әр түрлі дәрежедегі жарақаттар алады.

Сонымен қатар елімізде өрттен және қауіпсіздік ережелерді бұзудан өлімге ұшырайтын жандардың саны аз емес.

Осы келтірілген мәліметтерге қарағанда қазіргі таңда абайсызда зиян келтіру мәселелерінің қауіпті екенін білдіреді.

Елімізде қылмысты абайсыздыққа қарсы күрестің мәселелеріне басты назар аудару керек. Өйткені, жалпы қылмыс көлемінде абайсызда жасалған қылмыстар өткен жүз жылдықтың 60-жылдарындағы 6%-дан қазіргі кезде 20-25%-ға дейін өскендігі және бұл жағдайдың тұрақты өсуі бізді алаңдатады.

Қорытындылай келе, жоғарыда келтірілген мәліметтерге қарағанда абайсызда жасалған қылмыстар қоғамға өте қауіпті десе де болады. Себебі, осы қылмыстардың салдарынан көптеген қиыншылықтар тууда. Осы мәселеге көп көңіл бөлу керек деп есептеймін. Осыған байланысты көптеген ғылыми зерттеулер жүргізу қажет. Мысалғы, абайсызда жасалған қылмыстарды алдын алу және абайсыз қылмыс жасағандарды түзеу мақсатына жеткізетін нақты тиімді шарттарды ашу және зерттеу танылады.

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

1. Клочков   В.   В.   Вопросы   борьбы   с   неосторожной   преступностью// Современные проблемы уголовного права. М.. 1981. С. 113.

2. Қылмыстық кодекстегі абайсыз қылмыстарды классификациялау // «Қазақстан қоғамы: ұлттық басымдылық және бәсекеге қабілеттіліктің шешуші факторлары» атты халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференцияның еңбектері І том. – Тараз, 2007. – Б. 44-48.

3. ҚР Қылмыстық кодексі. Алматы., 2010.

4. В. Н. Кудрявцев. Криминология: Учебник для вузов. – М.: Юрист. 2000. С. 467.

5. Солдатова   Е.   М.   О   цели   исправления   и   перевоспитания   в   отношении лиц, совершивших преступления по неосторожности//Проблемы борьбы с преступной неосторожностью. Владивосток, 1981. С. 164.