Право /7.Экологическое, земельное и аграрное право.
Оқытушы,
құқық магистрі Омар Б.М., ЗҚТ-112 тобының
студенті Бекжанов А
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университет. Қазақстан
Қазақстан
Республикасының жер қатынастары,
құқықтық ерекшелігі және оны шет
мемлекеттердің жер қатынастарымен салыстыру
Қазақстан
Республикасы егеменді ел болғалы қоғамдық
қатынастар, оның ішінде жер қатынастары,
Қазақстан Республикасының Негізгі Заңының
нормаларына сай дами бастады.
Жер құқығы — жер
құқық қатынастарының реттелу айнасы.
Мемлекет жер қатынастарын реттеуде оны құрал есебінде
пайдаланады, оған бағыт береді, оның мақсаттары мен
міндеттерін белгілеп береді. Мұның өзі
құқықтық қатынастарды жүйелеп,
ғылыми түрде қарауды талап етеді.
Жер
– табиғи ресурс, өндіріс құралы, кеңістіктік
базисі ретінде кез-келген мемлекеттің
ұлттық байлығы, халықтардың
әлеуметтік-экономикалық қолайлылығының негізі.
Осы қағиданың негізінде, мемлекеттің бүкіл жер
қорын тиімді пайдалануды және оны қорғауды
қамтамасыз етуге арналған жер ресурстарын басқару мен жер
қатынастарын реттеудегі мемлекеттің алатын орны мен рөлі
туындайды [1].
Қазіргі таңда әлемнің дамыған көптеген
мемлекеттерінде жер жеке меншікте. Бірақ, көп жағдайларда әлемдік
құқық жүйесінде жердің жеке меншігіне
елеулі шектеулер қойылған.
Басқа мүліктерге тән шексіз иелік жүргізу жерге
байланысты құқықтарға тиесілі емес. Сонымен
қатар, меншік иесі қоғамдық мүддеде бола отырып
оны қоғамның заңдарымен пайдалану
құқығына белгілеген міндетке мүдделі болады.
ХХ- ғасырдың орта кезеңінен бастап жеке меншікке
байланысты бұрын қалыптасқан түсініктер біршама
өзгерістерге ұшырады. Мұндағы басты мәселе,
жердің ерекше қасиеттеріне, яғни жер – шектеулі табиғи
ресурс болғандықтан және осыған байланысты жеке
тұлғалардың жерге меншік
құқықтары
қоғам мүдделілігімен тікелей байланысты болуында. Осы
себепті жеке тұлғалардың жерге меншік
құқығы қоғам мүддесі үшін
заң түрінде ұдайы шектелуде. Жерге, жылжымайтын мүлік
ретінде, тек оның заттық құқығы шегінде
ғана меншік иелерінің биліктері жүреді және де
мемлекеттің қатаң бақылауында болды {15}.
Осы тұста әлемнің бірқатар мемлекеттерінің
жер қатынастарына қысқаша тоқталып, мысалдар келтіруге болады.
АЌШ-да жердің 50%-дан астамы жеке
меншікте, ал 40%-ға жуығы қоғамдікі (оның ішінде,
мемлекеттік меншіктің барлық деңгейінде: федералдық –
32%, штаттық және жергілікті – 16%-ды құрайды). АҚШ-тың
кейбір штаттарында шетел азаматтары жерге меншік құығына ие
бола алмайды. АҚШ-та 2,9 млн. меншік иесінің 1,6 млн. (56%)
ауыл шаруашылығы саласында. Жерді меншік
құқығымен иеленуге консервациялау бағдарламасымен
және ауыл шаруашылығы өндірісінің
құрылымдарын реттеу арқылы жүргізіледі. Жер
штаттардағы тиісті үкімет органдарының арнайы шешімі бойынша
сатылады [2].
Францияда жерге жеке меншік бар. Ал, заң бойынша жеке
меншік иесі кез-келген азаматқа оны сатуға
құқығы жоқ, бірақ өзінің
учаскесін сол жерді жалға алушы мен фермерлерге сатуға
құқылы. Жердің 50%-дан астамын жалға алушылар
өңдейді. Францияның Азаматтық кодексінің 540 -
бабы бойынша, жер қатынастары сферасында жалға алушының
құқығы жоғары, меншік иесінің
құқығы шектеулі және де шексіз билікке
құқығы жоқ. Кодекс бойынша егер жер иесі жер
учаскесін игере алмаса, басқа да жер пайдалану және жерді
қорғау заңдарын бұзатын болса меншік
құқығынан айырылуы мүмкін [2].
Германияда жеке меншік құқығындағы ауыл
шаруашылық жерлері мұраға қалдырылмайды, олар сатылуы
тиіс. Сонымен бірге сатып алушының ауыл
шаруашылық жұмысын
жүргізуге куәлігі
(сертификаты) болуы керек. Жерді сатып алу-сату сияқты кез-келген
мәміле, мемлекеттік органдардың рұқсатымен,
қоғамның пайдасына зиян келтірмейтіндей шарттарда
жүргізілуі белгіленген. Жерді
жалға алушы, оны соңынан меншік құқығымен
алуға құқылы. Жалға алушы жерді сатып алған жалға алушының
басқа біреуге оны қайта сатуына заңда белгіленген мерзім
ішінде шектеулер қойылған.
Ұлыбританияда жерге
мемлекеттік меншікте жеке меншікте бар. Бұл елде заң бойынша меншік иелері өз
жерлерін шет елдіктерге сатуға тыйым салады. Көпшілік ретте,
фермерлерге жер мемлекет тарапынан және басқа меншік иелерімен
жалға беріледі. Жалға беру келісімдерінде жерді игеру, пайдалану
және топырақ құнарлылығын сақтау
тәртіптері өте қатаң сақталған.
Голландияда
жердің 35%-ы мемлекеттік меншікте, ал 65%-ы жеке меншікте. Мемлекеттік меншікте
қоғамға арналған жолдар, аэропорттар,
ұлттық парктер, муниципалдық меншіктер, сонымен бірге
теңіз маңынан игерілуге алынған жерлер жатады.
Заң бойынша
Италияда жер иелері жер учаскелерін алған кезде оны 30 жыл бойы
сатуға құқығы жоқ. Елде негізінен
ауылшаруашылықпен айналысатын өндірістік кооперативтердің
меншігі орын алып отыр.
Жапонияда заңда белгіленген
уақытқа дейін жерді сатуға болмайды. Жердің
бағасы жергілікті органдардың бақылауында болады [2].
Қоғамдық
меншіктегі жерлер Испанияның заңы бойынша жеке меншікке берілуі
мүмкін, бірақ бұл процесс өте күрделі түрде
өтеді. Алғашында жерге жеке меншік құқығы
10-12 жылға дейін сатуға тыйым салу-алу құқығымен беріліп, сонан соң, жерді ұтымды пайдалану шарттары сақталған кезде
ғана оған толық меншік құқығы пайда
болады.
Израильде
жердің 5%-ға жуығы жеке меншікте
(Еврейлердің Ұлттық Қоры). Қалғандары мемлекет меншігінде. Мемлекеттік
меншіктегі жер, азаматтар мен заңды ұйымдарға 49-жылға
дейін жалға беру құқығымен беріледі.
Шығыс
Еуропа елдеріндегі ХХ – ғасырдың 80-ші жылдарындағы
болған елеулі саяси өзгерістер, осы елдердің экономикасында
жекешелендірудің де тезірек басталуына және өздерінің
аграрлық реформасында да кейбір ерекшеліктермен өткізілуіне
себепкер болды. Мемлекеттік жерлерді ұсақ өндіріс иелеріне беру
өндірістің дамуына себепкер бола алмады. Сол себепті, ауыл шаруашылығы саласында үлкен
жер массивтері негізінен коллективтік өндіріс иелеріне беріле бастады. Бұрынғы
жер иелеріне жерлер қайтарылып беріліп, иесі табылмаған жерлер
мемлекеттік меншікке өтті. Бұрынғы
мемлекеттік шаруашылықтың жерлері
меншікке сатып алу құқығымен ұзақ
мерзімді пайдалануға берілді.
Румынияда жерді
ұсақ бөлшектеуге және де үлкен көлемде
иеленуге заңдармен шектеулер қойылған.
Румынияның
Жер қоры туралы (1991 ж.) заңы бойынша ауылдағы бір отбасы 10
гектарға дейін жерді тегін алуға құқылы (бір
кісіге 0,5 га), бірақта оның көлемі 100 гектардан аспауы
керек. 20
Қытай
елінің экономикалық рефромасы жан-ұялық мердігерлік пен
жерді жалға беруден басталды. Көп провинцияларды еңбекке жарамды адамдардың санына
немесе жан басына қарап шаруа жан—ұяларға жерді жалға
беру қолға алынды.
1986 жылы
Бүкіл Қытай халықтық өкіметінің
Кеңесінде қабылданған «Жерді басқару» заңы
бойынша Бүкіл мемлекеттік жүйемен жер коллективті - социалистік
қоғамның меншігінде сақталды. Алайда, жердің жалға беру
құқығы мәміле мәні болып белгіленді [2].
Ресейде жер 2001
жылы қабылданған Жер кодексі бойынша жер жеке және
мемлекеттік меншікте. Шетелдіктер жерді тек жалға алу құқығымен иелене
алады. Ресейдің жер заңдары мен
Қазақстанның жер заңдарының
ұқсастығы өте көп.
2001 жылға
дейін ауыл шаруашылығы жерлері тек пайдалану
құқығымен беріліп келді, және осы жылы
қабылданған «Ауыл шаруашылық жерлерінің айналымы
туралы» заңы бойынша аталған жерлерді жеке меншікке берудің
механизмдері анықталды [3].
Ресей
Федерациясында мемлекеттік меншік федеральдық және муниципалдық меншік ретінде
белгіленген.
Украинада 1992 жылғы Жер кодексі
бойынша жеке, коллективтік, мемлекеттік және коммунальдық меншік
түрлері белгіленген. Азаматтығы жоқ адамдарға жер жеке меншікке берілмейді. 2001 жылы
қабылданған Жер кодексі бойынша ауыл шаруашылық жерлері жеке
меншікке беріледі.
Өзбекстан
Конституциясы бойынша жер тек мемлекеттік меншікте. Бірақ, 1994 жылғы Президент Жарлығы бойынша
сауда, қызмет көрсету сфералары орналасқан жер учаскелері
меншік құқығымен берілуі мүмкін. Сонымен
бірге, аукцион арқылы жердің сатылуы мімкін. Алайда ел Конституциясы
бойынша жер тек мемлекет меншігі болып танылады [4].
Қырғызстанда жер жеке және мемлекеттік
меншікте. 1998 жылы
қабылданған жер заңдары бойынша меншікке өткен жерлерге
мәмілелер жасауға шектеулер қойылып, ондай шектеулер 2002
жылы алынып тасталды.
Түркменстанда жер 1993 жылғы ммелекет Президентінің «Жерді жеке меншікке беру туралы» және
«Ұжымшарлардың жерін жекешелендіру туралы» Жарлықтары бойынша
жер жеке меншікке беріледі. Азаматтарға берілетін жерлердің шекті
көлемі 50 гектар, ал ұжымшарларға жер алдыменен 2-жылға
жалға, соңынан шарт міндеттері орындалған соң меншікке
өтуі белгіленген [4].
Шетелдік жер қатынастарын талдау барысында, құқық реттеу тәжірибесіне
байланысты, жер қатынастарын реттеуді төрт модельдік түрге бөлуге
болады. Олар мыналар:
1-модель – жерге
мемлекеттік меншік монополиясы;
2-модель – жерге
мемлекеттік меншіктің жеке меншіктен басымдылығы (ауыл
шаруашылық жерлері мемлекет меншігінде);
3-модель – мемлекеттік
меншік пен жеке меншіктің бірдей дамуы.
4-модель – жерге жеке
меншік құқығының мемлекеттік меншіктен
басымдығы.
Шетелдік тәжірибеде көрсетілгендей, бір де бір
ел жерді мақсатты және тиімді қолдануды, шектеуді (азаматтық жерлерді) мемлекеттің бақылауынсыз толық билеуге рұқсат етілмейді. Әрине, шетелдік тәжірибе көрсеткендей,
шетелдік құқықтық тәжірибені отандық
тәжірибеге алмастыру қажет емес, өйткені республиканың
жер заңнамасы, ең әуелі, жер мәселесін шешудің
әлеуметтік-экономикалық, этномәдени, табиғи және
басқа заңдылықтарын көрсетеді. Бұған
қоса, дамыған елдерде жалдауды
құқықтық реттеудегі кейбір тенденциялардың
объективті және жалпы сипаты қазақстандық жер
заңнамасын ары қарай жетілдіруде оларды есепке алудың
қажет екендігін көрсетеді [5].
Қазіргі таңда, елімізде жүргізілген жер реформасының
негізгізі ретінде келесідей міндеттерді шешкен жөн, - деп ойлаймын:
·
жер учаскесіне меншік құқығы мен жер пайдалану
құқығы туындауының, өзгертілуі мен
тоқтатылуының негіздерін, шарттары мен шектерін белгілеу;
·
жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың
құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру
тәртібін белгілеу;
·
жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ
құнарлылығын ұдайы қалпына келтіріп отыруды,
табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету
мақсатында жер қатынастарын реттеу;
·
шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең
құқықпен дамыту үшін жағдайлар жасау;
·
жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің
жерге құқықтарын қорғау;
·
жылжымайтын мүлік рыногын жасау мен дамыту;
·
жер қатынастары
саласында заңдылықты дамыту;
·
экономикалық әдістер негізінде жер ресурстарын басқару
механизмін жетілдіру;
·
республикада жер қатынастарын әрі қарай жетілдіру
және жаңа жер құрылысын қалыптастыру;
·
жер ресурстарын пайдалану мен қорғаудың тиімділігін
арттыру;
·
жерді жылжымайтын мүлік ретінде шаруашылық айналымына
қатыстыру;
·
мемлекеттік жер кадастрын неғұрлым тиімді құру
үшін ведомствоаралық өзара іс-әрекеттің
заңдылығын қамтамасыз ету;
·
мемлекеттік жер кадастрын автоматтандырылған технологияға
көшіру және жер-ақпараттық жүйелерді
құру;
·
жер ресурстарын ара қашықтықтан зерттеуді, картаға
түсіру мен мониторингті барынша дамыту;
·
Қазақстан Республикасының болашақ
ұрпағы үшін жер ресурсы әлеуетін сақтау
сияқты міндеттемелер [6].
Аталған жер заңдарының міндеттері мен
міндеттемелерін шешу, мемлекетпен бірге
барлық жер қатынастары субъектілерінің азаматтық
позициясы болуы тиіс, біз сонда ғана бағасы жоқ асыл
қазынамызды келешек ұрпақ үшін сақтай аламыз [7].
Жер қатынастарын реформалау жөнінде
Президент Н.Ә.Назарбаевтің Жолдауларында кезек күттірмейтін
мәселе ретінде де айтылып жүр. Себебі, Елбасымыздың
жолдаулары ел дамуының бағыт-бағдарларын, басымдылықпен
мән берілетін мәселелерін айқындап, алға жаңа
міндеттер қойып, болашаққа үлкен жол сілтейді.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің 2010 жылғы
жолдаған жолдауында, - «Жер реформасын жүзеге асыру барысында
оның қоғам дамуына қатысты рөлін бағалай
келе жер табиғи байлықтармен және жылжымайтын мүлікпен
қатар экономиканы көтеріп тұрған
жағдайлардың бірі болып табылады», деп атап кеткен болатын.
Тәуелсіздік алған жылдардан бері
Мемлекет басшылығының елімізді гүлдендірудегі
мақсатына, осыған сәйкес Үкіметтің алдына
қойған стратегиялық жоспарларына сай жүргізіліп келе
жатқан жер реформасы қазіргі таңда заман талабына сай
жалғасын табуы тиіс. Сонымен қатар, мемлекетімізде жер
қатынастарын жаңа заман талаптары негізінде айқындап,
тұрақтандыруға бағытталған, жер
байлығымызды ел байлығымызға айналдырудың маңызды
мәселелерін шешуге бағытталған жер заңнамасы даму
үстінде десек болады. Міне, осы тұста біз жердің өзіне
тән ерекшелігін, маңызы мен мәртебесін қатаң есте
ұстауымыз қажет.
Болашаққа серпін беретін Жолдауда
көрсетілген аса маңызды мәселелердің бірі, ол жер
ресурстарын, оның ішінде ауылшаруашылық мақсатындағы
жерлерді ұтымды, әрі нысанды пайдалану, оны бақылау
және құқықтық жағынан
қорғау болып табылады.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі.
1. Зиманов С. Политический строй Казахстана конца ХVІІІ и первой половины ХІХ века – Алматы, 1960 г.
2. Сулейменов М.К. Вешные права по гражданскому законодательству Республики Казахстан – Алматы, 1996 г.
3. О собственности на землю в некоторых зарубежных странах – Астана, 2002 г.
4.
ҚР Жер заңдары — дипломная работа. freepapers.ru/51/r-zher-zadary/61399.399890.list4.html
5. Қазақстандағы жер қатынастарын құқықтық реттеу. magistr.kz/referat/show/5582/72/3
6. Қазақстан Республикасының Жер кодексі, Астана «Сары арқа», 2003 ж.
7.
«Жерді пайдалану құқығы» www.trk.kz www.trk.kz/Материалы/4552-Жерді-пайдалану-құқығы.html.