Право/8. Конституционное право
Оқытушы,
құқық магистрі Касимбеков
С.Т., студент Махатова Ж.
Қ.А.Ясауи атындағы
Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті,
Қазақстан
Құқықшығармашылық
процесінің құрылымы және сатылары
Кез-келген әлеуметтік
құбылыстар секілді құқықтың да
өзіндік атқаратын қызметі бар. Белгілі бір
әлеуметтік байланыстар нәтижесінде пайда болып реттелмеген
қоғамдық қатынастарда құқық
белгілі бір тұрақтылықты қамтамасыз етуші фактор
ретінде танылады. Осыдан шығатыны, қоғамның
қалыпты жағдайда өмір сүруіне, реттелмеген
қоғамдық қатынастарда белгілі бір тәртіпті
қамтамасыз ететін және бір-бірімен арақатынасын реттейтін
реттеуші құрал қажет. Біздің көзқарасымыз
бойынша мұндай құрал болып құқық
танылады. Қоғамдық қатынастардағы
тұрақтылықты қамтамасыз етумен қатар
құқық қоғам мен мемлекетті байланыстырып
бір-біріне ықпал етуіне мүмкіндік береді.
Құқықтық
құбылыстардың әлеуметтік бейімделу мәселесіне
назар сала отырып ғалымдар “факторды талдау” ұғымын енгізген.
Бұл ретте құқықты жүзеге асырудың
әлеуметтік тиімділігі, құқықтық реттеуді
қажет ететін факторларды толық және дәл
айқындауға тәуелді болады. Бұл
құқықтық нормалардың қоғамдық
бейімделушілікте байланыстылығын, экономикалық және
өзге қоғамдық қатынастардың
құқық нормаларына қарағанда
алғашқылығын көрсетеді.
Қоғам өзінің дамуының
белгілі-бір кезеңінде жалпы ережелер көмегімен қайталанатын
қоғамдық қатынастарға тәртіппен
тұрақтылықты енгізуді қажет етеді. Осы жерде
барлық қоғамдық қатынастар мемлекетпен
құқық арқылы реттеледі ме? – деген
сұрақ туындайды. Мемлекеттің
құқықтық қызметі бұл ретте ауыспалы
іс-әрекет ретінде танылады да, экономикалық және өзге
де қоғамдық қатынастар құқықтық
қатынастарды жаңартады одан соң
құқықтық нормалар ретінде белгіленеді[1].
Кейбір ғалымдардың пікірінше
құқықтық реттеу аумағы – бұл
құқықтық әрекет етуімен дәлелденген
әлеуметтік кеңістік.
-
Мүмкін болатын реттеу аумағы.
-
Қажетті реттеу аумағы.
-
Жүзеге асыру реттеу аумағы.
Қоғамдық қатынастарға
мемлекеттің ықпал етуін екі жақты қарастыруға
болады: мүмкін болатын және қажеттілігі жағынан.
Қоғамдық қатынастарды
құқықтық реттеудің жоғарғы шегі
мүмкін болатын жағы. Одан арғы тұрған
қатынастарға мемлекет билігінің күші жетпейді
және құқықтық нормамен реттелмейді.
(табиғи факторлар, қоғам дамуының
заңдылықтары, экономика деңгейі т. б. с. с.)
Мемлекеттің ықпал етуінің төменгі
шегі (қажетті араласуы) мемлекетте сол не өзге де
қоғамдық қатынастардың мүмкіндігімен
айқындалады. Ықпал етудің бұл шегі тұрақсыздау
болып келеді. Өзін-өзі реттеу арқылы мораль, әдет-
ғұрып және өзге де
құқықтық емес реттеушілер көмегімен
тиімділігін ұстайтын қоғамдық қатынастар бар.
Мемлекеттің құқықтық реттеудің
шегінен шығуы қоғамдық қатынастарға қатысушылардың
теңдігі мен қатынастың баламалы сипатын бұзуға
әкеліп соғатынын ескерген жөн.
Мемлекеттің заң шығару қызметі
жөнінде айта отырып, бұл құқық жасау
процесінің бір бөлігі екеніне назар салған жөн.
Бұл процесті сипаттай отырып, бірінші қоғам дамуының
объективті заңдылықтары талданып шешім
қабылданатындығын одан соң белгілі бір
құқықтық нысанға ие болатындығын айта
кету керек. Әдетте өмірде қалыптасқан нақты
жүріп-тұру нормасы құқықтық
жарлықтардың пайда болуында жетекші болады. Заңдарда
көп жағдайларда практикада өздерін ақтап,
үйлесімді жүріп-тұру нысаны болып қалыптасқан
жағдайлар жазылады[2].
Құқықшығармашылықты
құқық қалыптастыру процесінің
бір-бөлігі ретінде қарастырған дұрыс.
Құқықшығармашылық -
басқарушылық табиғатына ие күрделі әлеуметтік
құбылыс. Бұл мемлекеттің қоғамға
басшылық етуінің бір нысаны. Кез – келген әлеуметтік
процестер секілді бұл да заң нормалары арқылы жүзеге
асырылатын саналы, мақсатты іс-әрекет.
Құқықшығармашылықты әлеуметтік
және заңды құбылыс ретінде қарастыра отырып, оны
тек қана құқықтық актілер шығарумен
ғана шектеуге болмайды. Ол нормативті актіні дайындау,
құқықпен реттелетін қоғамдық
қатынастардың қажеттілігін айқындау, реттеудің
бағыты мен сипатын айқындау сияқты кең ауқымды
процестерді қамтиды.
Әрбір жеке заңдардан тыс болып
құқықтың қалыптасуына әсер етіп,
оған жетекші болатын факторлар бар. Факторлар жиынтығы
құқықтық әрекеттерге бағдар беретін
қайнар көздер ретінде заң шығарушының
іс-әрекетін шектемей оған ғылыми сипат алуына әсер
етеді.
Құқықшығармашылықтағы
құрама ықпал материалдық факторлардың
санаға одан соң құқықтық
нормаларға айналуын жүзеге асыратын құқықты
қалыптастыруға қатысатын түрлі
құбылыстардың арасындағы нақты
байланыстардың дамуын талап етеді.
Құқықшығармашылық -
құқықтық реттеу механизмінің негізгі
бастамасы. Ол жаңа пайда болған қажеттілік жетіліп,
оның бағыты қоғам дамуымен айқындалғанда
басталады. Бұл сатыда құқықты қалыптастыру
процесіне өкілетті мемлекеттік органдар кіріседі. Әдеттегі
көзқарас бойынша
құқықшығармашылық -
құқықтық нормалар жасауға
бағытталған мемлекеттің іс-әрекеті.
Құқықшығармашылық -
нормативті құқықтық реттелуі қажет
қоғамдық қатынастарды анықтап, осы
қажеттілік негізінде жаңа құқықтық
нормалар жасап, ескі нормалардың күшін жою жолымен
мемлекеттің еркін білдіретін, ұйымдастырылып
заңдастырылған мемлекеттің іс-әрекеті.
Кез-келген процесс соның ішінде
құқықшығармашылық та белгілі бір нысанда
жүргізіледі және сатыларға бөлінуі мүмкін.
Құқықтық жүйенің
қалыптасуы созылмалы процесс. Ол жекелеген нормативтік
құқықтық актілерді қабылдау арқылы
жүргізіледі. Нормативтік құқықтық акт
дегеніміз - құқықшығармашылық
процесінің нәтижесі. Осыған сәйкес
құқықшығармашылық процесі нәтижесінде
құқықтық жүйеге жаңа элемент келіп
құйылатын, кезегімен жүргізілетін операциялар тәртібі.
Құқықшығармашылық
процесіне нормативтік актімен құқықтық
жұмыс жүргізуде көмектесетін ұйымдастырушылық
іс-әрекеттерді қоспаған дұрыс болар еді. Сонымен
қатар құқықшығармашылыққа
заңдарды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қатыстыру,
талдау, есепке алу әрекеттері және
құқықшығармашылық органдар жұмысын
жетілдіру жөніндегі ұйымдастырушылық әрекеттер
жатпайды. Нақты айтқанда
құқықшығармашылық - нормативті актілерді
дайындау, талқылау, бекіту және жариялауға
бағытталған мемлекеттік органдардың іс-әрекеті.
Кез-келген процесуалдық әрекеттер сияқты
құқықшығармашылық та заңды
маңызы бар әрекеттерді жүзеге асырудың белгіленген
тәртібінен сипатталады. Осыған сәйкес бірқатар
бір-бірімен байланысты қатынастар пайда болады; мәселен,
нормативтік құқықтық актіні дайындау мен
қабылдау мәселесі бойынша құқықтық
қатынастар, яғни тиісті құқықтар мен
міндеттер. Бұл заң жобасын дайындау мен талқылау міндеті,
жобаны заң шығарушы органның жобаны қарап ол бойынша
шешім шығару құқығы т. б.
Туындаған құқықтық
қатынастар мемлекеттік - құқықтық
(заң шығару бастамашылығы, заң қабылдау)
және әкімшілік-құқықтық сипатта
болады (тиісті органға заң жобасын дайындау туралы тапсырма беру).
Кез-келген процесуалдық әрекет сияқты
құқықшығармашылық та белгілі бір
заңды факт болғанда ғана туындайды.
Құқықшығармашылық процесінің туындауына
нормативтік құқықтық актінің жобасын
дайындау туралы ресми түрде шешім қабылдау негіз болады.
Шешім қандай нысанда қабылданса да, ол
құқықтар мен міндеттер пайда болатын заңдық
акт. Құқықшығармашылық әрекетке
себепші болатын әрекетерді, оның процесуалдық бастамасынан
ажырата білу қажет. Өйткені ақпарат көздеріндегі
материалдар, саяси қайраткерлер мен ғылыми
қызметкерлердің сөздері, мемлекеттік және
қоғамдық ұйымдардың заңдарды жетілдіру
жөніндегі ұсыныстары құқықшығармашылық
процесінің басталғандығының дәлелі емес,
яғни процесуалдық қатынас пайда болмайды. Мұндай
ұсыныстар тек қана әлеуметтік-саяси алғышарттар
және құқықшығармашылық
әрекетінің негізі болып табылады.
Нормативтік құқықтық
актінің жобасын дайындау туралы ресми шешім қабылданған
кезеңнен бастап белгілі бір құқықтық
қатынас туындайды және осы кезеңнен бастап нормативтік
құқық актіні жасаудағы барлық
әрекеттер, бұдан алдыңғы әрекеттер яғни
құқықшығармашылық емес, оған себепші болған
жағдайлардан ерекшеленеді.
Құқықшығармашылық процесінің
ерекшеліктері мен түрлеріне қарамастан жалпы қағидалары
мен сатыларын байқауға болады.
Құқықшығармашылық
процесінің сатылары жөнінде айта отырып, оны мемлекеттің
еркін қалыптастырудағы нормативтік
құқықтық актіні жасауға бағытталған
бір-бірімен тығыз байланыстағы кешенді іс-әрекеттер
түріндегі жеке кезең ретінде қарастыруға болады.
Құқықшығармашылық
әрекеті әрқашанда нормативтік
құқықтық актіні дайындау мен оған ресми
мазмұн беру процесінің кезеңі болып табылады. Құқықшығармашылық
процесінің сатыларының көлемін анықтау, оның
мағынасын түсінуге тәуелді болады. Кейбір ғалымдар
құқықшығармашылықты заң шығару
органдарының нормативтік құқықтық актіні
ресми түрде шығару процедурасы ретінде қарап, заң шығару
бастамашылығы, жобаны талқылау, қабылдау және жариялау
сатыларынан тұратындығын айтады.
Ресей ғалымы Лазерев В.В заң шығару бастамашылығына
қосымша өкілетті органның актіні зерттеу қажеттілігін,
жобаны жасау, жобаларды жасау жұмысының жоспарына енгізу, жобаны
дайындап, алдын ала талқылау, оны заң шығарушы органда
қарау, қабылдау және тиісті адресатқа оның
мазмұнын жеткізу сатыларынан тұратындығын айтады[3].
С.А.Табановтың пікірінше құқықтық
мемлекеттерде заңды қабылдауы мен дайындауды үш ауқымға бөлуге
болады:
1. Заң
шығару саясаты;
2. Заң
шығаруды ұйымдастыру;
3. Құқықтық
техника[4].
Ибраев Н.С Ибраев А.С құқықшығармашылық процесін сатыларға бөлгенде оның басты екі кезеңін атап көрсетеді:
1. Жоба алдындағы кезең -
мемлекет еркінің алдын-ала қалыптасуы. Бұл тек қана
дайындық кезеңі болып, құқықтық
норманы пайда болдырмайды. Сонымен қатар нормативті актіні жасаудың
алғышарты болып табылады. Мұнда бірнеше сатыларды
қарастыруға болады;
Жобаны жасауға шешім қабылдау, жобаны жасау
талқылау, келісімге келу не толықтыру.
2. Жоба кезеңі – мемлекет еркін
ресми түрде құқық нормасына айналдыру. Осы
кезеңде шешуші роль заң шығарушы органның әрекеті
болады. Бұл кезеңге жобаны енгізу, талқылау, қабылдау,
жариялау сатыларын жатқызады[5].
Құқықшығармашылық
процесінің сатыларға бөлінуі, мемлекеттің заң
шығару әрекетінде айқын байқалады. Заң
шығару процесі құқықшығармашылық
процесінің бір бөлігі ретінде танылады. Сонымен қатар
заңдардың нормативтік құқықтық
актілер деңгейінде жоғары заң күшіне ие екендігін
және маңызыды қоғамдық қатынастарда
реттейтіндігін ескерсек заң шығару процесінің
қаншалықты маңызды екендігін түсінуге болады.
Әдебиеттер:
1. Пиголкина А.С. Общая теория права Москва
изд. МГТУ 1996г;
2. Кудрявцев В.Н. Правомерное поведение: норма и
патология, М:Наука
1982г;
3. Лазерев В.В. Общая теория права и государства,М.юрид.лит. 1994г
4. Табанов С.А. Совершенствование законадательства: Теория и опыт РК.
Алматы
1999г;
5.Ибраева А.С. Ибраев Н.С. Теория государства и права. Алматы. 2001г .