Психология и социология / 8. Педагогическая психология

Пс.ғ.д. Ерментаева А.Р., магистр Тенкебаева А.З.

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемелекеттік университеті,  Өскемен қаласы, Қазақстан Республикасы

Шетелдік білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметте қарастырылатын жағдайлар

 

Қоғам дамуының қажеттіліктеріне, психологиялық ғылымның қазіргі жағдайының өзіндік ерекшеліктеріне байланысты практикалық міндеттерді шешудің мазмұны бойынша ұйымдастыруда психологиялық қызметті ұйымдастырудың маңызы зор. Қазiрде барлық дамыған елдер педагогикасында баланың тұлғалық ресурстарын дамыту үшiн мектеп бағдарламаларын негiздеу бiрлiгiн анықтауда мектептегі бiлiм беру мазмұны аймағында iзденiстер жүргiзiлуде. Мектептің психологиялық қызметі алғаш рет 1800 жылы АҚШ-та пайда болған еді. Онда психологтердің зерттеген мәселесі – қарым-қатынас болды. Кейін мектептің психологиялық қызметі арнайы бағдарламалар бойынша оқытуға балаларды таңдауды мақсат етіп, өлшеу мен тестілеу функцияларын жүргізді. Тестілеу жұмысының, ақыл-ой коэффицентінін анықтаудың кең таралуы «Гайденс» қызметін дамытты. “Гайденс” психологиялық, педагогикалық қызметі американдық мектептің өзіндік селективті механизмі ретінде болды. Ал 1960 жылдары АҚШ-та мектеп психологтерінің кәсіби ұйымы құрылды. Оның тұжырымдамалы негізі, даму жобасы Р.Х. Тиндалл (1979) есімімен байланысты болды. АҚШ-та мектептегі психологиялық қызметтің аса өзекті мәселе болғандығын 1980 жылы мектеп психологтерінің Ұлттық ассоциациясының құрылуы көрсетеді. Американдық мамандар психологиялық қызметтің сатылы түрде қызмет етуін анықтайды. Алғашқы сатыда оқушыларды арнайы оқыту үшін бөлу және топтау қажет. Ол үшін тестілеу пайдаланылады. Екінші сатыда топ-топқа бөлінген балалармен жұмыс жүргізіледі. Үшінші сатыда арнайы психологиялық көмекті қажет ететін балалармен жеке-дара  жұмыс пен психикалық дамуға қатысты педагогтерге психологиялық кеңес беру болады. Әлі күнге дейін АҚШ-та мектептегі психологиялық қызметтің ядросы – психодиагностика мен өлшеу функциялары. 1950-ші жылдарда-ақ, В. Рейми мектеп психологінде әрі ғалым, әрі практик статусы болуы керек деп санаған. АҚШ-та балалар психологиялық көмекті муниципалдық мектептерде психолог-терапевттерден көмек ала алады.

ХХ-ғасырдың 2-шi жартысында Англияда мектептегі бiлiм беру жүйесiнде пайда болған Пасторальді бағдарлама болды. Ол тәжiрибе арқылы оқыту (experimental learning) бағытының iшiнде аса елеулi бағдарламалардың бiрi.  Бағдарлама негiзiнде өмiрлiк маңызды бiлгiрлiктердi қалыптастыру iске асады.

Мектептегі психологиялық қызметтің айрықша түрі Францияда жасалынды. 1894-ші жылдары алғаш рет бастауыш мектеп психологиясына қатысты зерттеу жүргізген Альфред Бине болды. Ол француз мектептеріндегі психологиялық қызметтің негізін салушы. Мектеп бағдарламасын меңгере алмайтын, ақыл-ой кемістігі бар балалардың мәселелерін зерттеу мақсатымен Бине-Симон тесті жасалынды. Кейін бұл  балаларға арналған арнайы сыныптар ашылады. Ал 1909 жылы  Франциядағы ең  бірінші кәсіби мектептегі психологиялық қызмет құрылды. 1947 жылдан бастап мектеп психологтерінің жұмысына А. Валлон жетекшілік етеді. А. Валлон балаларды қандай да бір белгілер бойынша сұрыптағанша, әрбір баланың білім алып, тәрбиеленуіне тиімді жағдай жасап, психологиялық көмек беруді ұсынады. 1951 жылы Францияның   білім  министрлігі ең  бірінші  рет мектеп  психологінің  функцияларының   сипаттамасын   көрсетті.

1980-ші жылдары Чехо-Словакия мен Венгрия мемлекеттерінің ағарту саласында аудандық, облыстық психологиялық, педагогикалық Орталықтар немесе Кеңес берулер пайда болды. Бұл елдерде ағарту саласындағы психологиялық қызметті жүзеге асырушыны «психодиагност-консультант» деп атайды. Чехо-Словакиядағы Орталықтар немесе Кеңес берулердің доминантты функциясы – психодиагностикалық іс-әрекет. Осының негізінде психодиагност-консультант нұсқаулар жасайды.

Венгрияда балаларға кеңес беру ата-аналар мен педагогтердің бастамасы бойынша жүргізіледі. Мұнда психолог баланың іс-әрекетін бақылау нәтижесінде белгілі болған, қарапайым педагогикалық құралдармен түзетілмейтін, нормаға сай емес қылықтарды коррекциялайды.

Югославияда педагогикалық-психологиялық қызметті қазіргі мектеп жұмысын ұйымдастыру факторы ретінде қарастырып, мектептегі ғылыми іс-әрекеттің ерекше түрі деп көрсетеді. Балалардың жеке дара мүмкіндіктеріне қоғам талабына және педагогикалық, психологиялық ғылымдардың дамуына байланысты тәрбиелеу мен оқытуды жақсарту психологиялық қызметтің теориясы мен тәжірибесінің басты міндеттері деп танылады.

ХХ ғасырдың бірінші он жылдықтарында бұрынғы Кеңес өкіметінде ғылымның педология деген бағыты қарқынды дами бастады, практикалық жұмыстар үшін әдістемелер іздестіріліп, мектептерде психологиялық өлшеу құралдары қозғалып қолданыла бастады.

Практикалық психология қоғамның әлеуметтік белсенділігінен тыс іске асуы мүмкін емес. Адамзат ресурстарын адекватты басқару, әлеуметтік процестерді ғылыми реттеу, әлеуметтік және психологиялық қызметтердегі өзара әрекеттестікті белсенді ұйымдастыруды талап етеді.

1982 жылы КСРО ҰА бастамасы бойынша Ресей Федерациясы Министрлiгiнiң қолдауымен эксперимент ретiнде мектепке психолог мамандығын енгiзген. Эксперимент нәтижелерiн талдау барысында И.В. Дубровина психологиялық қызмет iс-әрекетiнiң теориялық негiздерін ұсынды. Мектептегі психологиялық қызметтің бейнесін қалыптастыруға 1983 жылы «Вопросы психологии» журналының әкімшілігі ұйымдастырған дөңгелек столдағы «Мектептегі психологиялық қызмет» мәселесі үлкен мағына берді.

Д.Б. Эльконин табылған кемшiлiктердi коррекциялау мақсатында психикалық дамудың барысына бақылау жасауға бағытталған арнайы диагностиканың қажет екендiгi жайлы пiкiрiн бiлдiрген. Даму процесін бақылау аса тәптiштелген болуы шарт, ол кейiннен дамудағы кемшiлiктерiн түзетуде, дамудың неғұрлым ерте iске асуына мүмкiндiк бередi.

Л.М. Фридман мектептегі психологиялық қызметтiң негiзгi мақсаты деп мектеп жасындағы балаларды оқыту мен тәрбиелеудiң белгiлi психологиялық тұжырымдамаларына сәйкес мектептiң оқыту тәрбие процесін қамтамасыз етуді ұсынады. Ол мектептегі психологиялық қызметтiң мақсаттары мен мектеп мақсаттарына сәйкес келуi керек деп есептеген. Ол мектеп мақсаты әр оқытушыны бiлiмдi, мәдениеттi, адамгершiлiгi жоғары, шығармашылық белсендi және әлеуметтiк жетiлген жеке адам ретiнде тәрбиелеу деп анықтайды. Л.М. Фридман мектептегi педагогикалық ұжымның аса беделдi және орталықтағы фигураның бiрi деп бөлiп қарастырылады. Ол өзiнiң арнайы мүмкiндiктерiн әдетте тiкелей оқушылармен емес, мұғалімдер, сынып жетекшiлерi және оқушылардың өзiндiк басқарулары арқылы жанама түрде iске асырады. 

Мектептегі психологиялық қызмет дамуының алғашқы сатыларында У.В. Кала және В.В. Раудик “Мектеп психологі рөлінiң екi негiзгi түсiндiрмесi” болатындығын көрсеткен. Бiрiншiсi “дәрiгер моделiне” бағдарланған, оның басты мiндетi оқушының психикалық дамуындағы ауытқулардың алдын алу және түзету. Мұндай бағыт көптеген Еуропа елдерiнде кең тараған, сондай-ақ, И.В. Дубровина және А.М. Прихожанның мектептегі психологиялық қызметi туралы тұжырымында ұсынылған. Келесi бағытта, мектеп психологі педагогикалық ұжымның мүшесi  және тәрбиелiк мақсаттың iске асырылуына тiкелей қатысады. Психологтер 90-жылдардың басында бiлiм беру мәдениеттен тұтастай бөлiнiп шыққандығын ескерген. Бұл түсiнiк әсiресе рухани адамгершiлiк және психологиялық тәрiздi гуманитарлық мәдениет аймақтарына тән. Оқушылардың психологиялық мәдениетiн арттырудың және оны жалпы орта бiлiм берудiң тұтастай бағдары ретiнде қарастырудың маңыздылығын көптеген педагогтер мен психологтер көрсеткен.

Л.С. Колмогорованың пiкiрiнше, қазiргi бiлiм беру социумда және мәдениетте өзiн-өзi анықтауға, шығармашылық iс-әректтiң көп аспектiлiгiне қабiлеттi жеке адамды дамытуды қамтамасыз етуi қажет. Бұл қызметтiң негiзгi мақсаты дамудағы және тәртiптегi ауытқулардың алдын алу, баланың психикалық дамуын үйлесiмдi ету арқылы бiлiм беру мекемелерiнiң iс-әрекеттерiнiң тиiмдiлiгiн арттыру.

В. Войтко еңбектерiнде психологияның қазіргі қоғамдағы маңызды функциясы оның тәжiрибеге әсер етуi деп көрсетедi. Психологиялық қызметтiң басты мiндетi ретiнде ол адамның интеллектілі және эмоциялы ресурстарын, оның еңбек және қоғамдық iс-әрекеттерiнiң барлық түрлерiнде тиiмдi қолдану деп түсiндiрiледi.

М. Битянова өз еңбектерiнде мектеп психологінің iс-әрекет моделiн ұсынады. Автор өзiнiң теориялық бағытын “демеу парадигмасы” деп атай отырып, iс-әрекеттiң объектiге емес, объектiмен жұмысқа бағыттылығын баса көрсеткен. Оның пiкiрiнше, мектеп психологінің мiндетi бала отбасының және педагогтердің талаптарына сәйкес өнiмдi қозғалыс жолдарын өзi таңдап, сол тәсiлдi iске асыруы қажет, балаға бұл күрделi әлемде саналы жеке таңдауларды iске асыруға, қақтығыстарды конструктивтi шешу тәсiлдерiн, танымның, қарым-қатынастың, өзiн-өзi және өзгенi түсiнудiң жеке-дара мәндi және құнды әдiстерiн меңгеруге көмек беруi шарт.

О. Матвеева, Е. Львова 5-6 сынып оқушыларын психологиялық-педагогикалық демеу бағдарламасын ұсынады. Ол сынып жетекшiсiмен бiрлесе жұмыс жүргiзудi көздейдi.

Сонымен, қорытындылай келе, шетелдік білім беру аймақтарындағы психологиялық қызмет екі бағытта жұмыс жүргізетіндігі анықталды, ол психологиялық және әлеуметтік бағыттар. Психологиялық аспектіде оқыту мәселелерi бар; гипербелсенді; зейiнi, сөйлеуi бұзылған; жеке бас мәселелерi бар; отбасысында шешiлмеген мәселелерi бар; мүмкiндiктерi шектеулi, т.с.с. мәселелері бар, ақаулары бар немесе мүмкiндiктерi шектеулi балалармен  жұмыс жүргізу басты назарға алынды. Ал әлеуметтiк аспектiде басты назар мектептен шығып кеткен немесе қуылып қалған; қараусыз қалған; полиция есебiне тiркелген; токсикоман не нашақор; дағдарыстық күйдегі жайсыз балаларға аударлылады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.              Активные методы в работе школьного психолога. Сб.научн.трудов./ Под   ред. Дубровиной И.В.- Киров, 1991.-85 с.

2.              Андеева А.Д. Современное состояние школьной психологической службы в США / Детский практический психолог.- 1994. № 1. 54-57 с.

3.              Битянова М.Р. Психолог в школе: содержание и организация  работы / М.Р.Битянова. – М.: 1999. – 147 с.

4.              Войтко В.И. Проблемы психологической службы (на примере УССР)/ Психологический журнал. – Т.1.- №6. 108-112 с.

5.              Дубровина И.В. Школьная психологическая служба: Вопросы теории и практики. –М.,1991. – 219-232с.

6.              Дубровина И.В., Прихожан А.М. Психологическая служба в школе / Вопросы психологии. – М.,1984.№1.169-171 с.

7.              Кала У.В., Раудик В.В. Психологическая служба в школе./ Кала У.В., Раудик В.В.  М.:Знание, 1986.-58 с.

8.              Пахальян В.Е. Каким должен или каким может быть психолог, работающий в системе образования?/В.Д.Пахальян//Вопросы  психологии. 2002. - № 6.

9.              Прихожан А.М. Проблема подросткового кризиса / Психологическая наукаи образование. –1997. №1. 82-87 с.

10.          Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании / Е.И. Рогов. – М.: Владос, 1995. -529 с.

11.          Фридман Л.Ф. Психологический справочник учителя / Л.Ф. Фридман, И.Ю.Кулагина. – М.: Просвещение, 1991. – 287 с.