Д.Д. Байдалиев, Ж.Ә.Тоқтарова
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,
Қазақстан
ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ
ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНДЕГІ ЕС ПРОЦЕСІНІҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ
Оқу
іс-әрекетінде оқушыларға арнайы білім дағдыларын
қалыптастырып дамыту казіргі таңдағы Қазақстанның
2030 жылға дейінгі стратегиялық бағдарламасындағы
негізгі бағыттардың бірі болып табылуда.
Оқу іс -
әрекетінің барлығы бір мақсатқа бір мүддеге
саналы түрде бағытталады оқу материалын есте сақтап,
қажет кезінде пайдалануға қолданады. Оқу іс
әрекетінде немесе еңбек әрекетінде оқушылар алдарына
қойған мақсаттарына бағытталып, содан бір нәтиже
шығаруға ұмтылады. Осындай мақсаттарда болып
жатқан оқу іс-әрекеттерінде қай кезде болмасын,
оқушының танымдық бағдары жетекші орынға ие
болады яғни оның материалды дұрыс қабылдай білуі,
оған зейінін ұйымдастырып, есінде сақтап, керек кезінде
жүйелі түрде қайта жаңғырта алулығымен
маңызды [1].
Оқушының өзінің
күнделікті көзге қарапайым болып көрінетін күн
тәртібін жүйелеуге, қазіргі қоғамда болып
жатқан жаңалықтардан хабардар болуға және
өткен тарихи мұраларды өзінде сақтауға, өзі
қабылдаған материал мазмұнын қажет кезінде қайта
жаңғыртып, сақтауға көмектесетін күрделі
психикалық процесc - ес. Кез-келген адам өзінің
қабылдаған яғни бұрынғы тәжірибесін есінде
сақтамаса, онда ол білім жинақтай алмас еді. Ес оқушы
әрекетіндегі аса маңызды ақыл-ой кені. Атақты физиолог
И.М.Сеченов “есті адам организмінің нағыз маңызды кереметі
деуге болады” деп айтқан [2].
Адам
психикасының жоғары деңгейде дамығандығының
арқасында көптеген нәрселерді орындай, жасай алады.
Біздің қоршаған ортадан алған әсерлеріміз
есімізде белгілі із қалдырады. Ол іздер жеткілікті ұзақ
уақытқа сақталады және қажет жағдайда
қайта жаңғыртылады. Сонымен, бұрын
қабылдаған түрлі әсерлерді, бейнелерді,
көңіл-күйлерді, әрекеттерді және білімдерді есте
қалдыруды, есте сақтауды, қажет кезінде қайта
жаңғыртуды немесе ұмытуды ес деп атаймыз.
Адам істің
арқасында бұрынғы білімдері мен біліктерін жоғалтпай
ақпаратты жинақтай алады. Осылайша, ес – бір-бірімен байланысты жеке
процестерден тұратын күрделі психикалық процесс. Ес
адамға қажет, ол жеке өмір тәжірибесін жинақтап,
сақтап, оны пайдалануға мүмкіндік береді. Оны түрлі
зерттеулерден білуге болады. Мысалы, гипнозға енген адам есіне
бәрін түсіре алады (феноменалды ес). Бұл феноменнің
себебін ес зерттеушілері В.С. Ротенберг және Дж. Грезельер гипнозда
бейнелеу есінің басым болуының себебі, мидың үлкен
шараларының оң жартысының бақылаудан босатылуымен деп
түсіндіреді. Канадалық нейрохирург Уайлдер Пенфилд миға
операция жасаған кезінде тоқпен мидың түрлі
орталықтарын қоздырған. Сол кезде, арнайы аппарат
арқылы пациент наркозда болса да, бұрын естіген және
ұмытып кеткен әңгімелер мен әндерді
жаңғырта алғанын анықтаған. Сонымен,
адамның есте сақтау қабілеті өте мол. Адам есінің
көлемі 10 миллионнан астам белгілерді сақтай алады, бірақ
қайта жаңғыртудың әр түрлі
қиыншылықтарынан және бұл көлемнің
бәрін саналы кезінде қолдана бермегендіктен, көп
нәрсені еске түсіре алмаймыз.
Барлық
психикалық құбылыстар еске сүйенеді және ес негізінде
жүзеге асады.
Естің
жүйке жүйелік жағынан физиологиялық негіздері, ол ми
үлкен жарты шарлар қыртысымен күрделі әрекетпен
байланысты болады. Сыртқы тітіркендіргіштер мида өзіндік «іздер»
қалдырып отырады. Мұны ашқан И.П.Павлов болды, ол естің
негіздерін шартты рефлекстермен түсіндірген [3].
Ес барлық
тіршілік иелерінде болады, бірақ ес адамда ғана жоғары даму
деңгейіне жеткен. Адамда кездесетін мнемикалық мүмкіндіктер
жер бетіндегі ешқандай жануарда кездеспейді. Адамға дейінгі
жануарларда екі түрлі ес болады: генетикалық және
механикалық ес. Алғашқысында, өмір сүруге
қажетті биологиялық, психологиялық және
мінез-құлықтық қасиеттер ұрпақтан-ұрпаққа
генетикалық жолмен беріледі. Екіншісі, үйренуге, өмір
тәжірибесін игеруге қабілеттілік формасында көрінеді.
Алғашқы кездегі ес зерттеулері көбіне саналы
іс-әрекетпен байланыстырылды, ал XIX ғасыр аяға мен XX
ғасыр басында ғылыми іздену шеңбері кеңейе түсті,
енді талдау аймағына есте сақтаудың жалпы табиғи,
адамға да, жануарға да бірдей механизмдері алынады. Бұл
тұрғыдан зерттеу жүргізген америка психологі Торндайк.
Төменгі сынып оқушыларында ес те басқа да
психикалық процестер сияққы түбегейлі
өзгерістерге ұшырайды. Бала есі біртіндеп ырықтылық
сипатқа иеленіп, саналы меңгеріліп және жанамалана бастайды.
Қабілеттік
функцияларының қайта құрылуы, оның
эффективтілігіне қойылатын талаптарға негізделген. Оның
жоғары деңгейі оқу іс-әрекетінде пайда болатын әр
тұрлі мнемикалық есептерді шешуде қажет.
Естің
оқу барысындағы маңыздылығын П.П. Блонский былай жазды,
"оқушының негізгі қызметі ойлана отырып меңгеру,
және осы жастағы негізгі функциясы – ойлаушы ес, яғни нені
қалай есте сақтау, ойланумен бірге жүретін есте сақтау,
және нені қашан еске түсіру, ойлаумен бірге жүретін
еске түсіру". Ойланушы ес – логикалық ес. Енді бала көп
нәрсені есте сақтауға, материалды жаттауға,
сондай-ақ жаттағанын есте ұстауға және
ұзақ уақыттан соң қайта жаңғырта
білуі керек. Баланың есте сақтай білмеуі, оның оқу
іс-әрекетіне, ең соңында мектептегі оқуға деген
қатынасына әсерін тигізеді [4].
Төменгі
сынып оқушыларының механикалық естері мен ойлаулары арасында
тығыз байланыс бар деуге негіздер жеткілікті. Кез-келген материалды
меңгеруде бұл жастағы балалар есте сақтаудың
логикалық тәсілінен гөрі механикалық тәсіліне
көбірек сүйенеді. Балалардың механикалық есте
сақтауға ден қоюы, оның өмірлік тәжиірбесі
мен білімінің аздығынан, негізгі ойлау операцияларының
қалыптасуының жеткіліксіздігімен түсіндіріледі. Мұның
өзі логикалық естің дамуы мен қалыптасуына кедергі
келтіреді. Сондықтан 1-ші сынып оқушыларын логикалық ес
тәсілдеріне үйретпесе де, оларда білім меңгеру
жылдамдығы мен тездігінде айтарлықтай индивидуалды
айырмашылықтар байқалады .
Бірінші
сыныптағыларда, бала үшін өз өмірінің
эмоцияға бай мәліметтері мен оқиғаларын тіркейтін
ырықсыз ес жақсы дамыған. Бірақ бірінші сынып
оқушылары мектептегінің бәрін есінде сақтауға
тиісті емес. Сондықтан тура ес жеткіліксіз болады.
Қабілеттік
процестердің дамуының ең басты шарты, баланың мектеп
сабақтарына қызығушылығы, оның белсенділігі,
жоғарғы танымдық мотивациясы екенінде дау жоқ.
Бірақ
бала есінің дамуына тек есте сақтауға арналған арнайы
жаттығулар ғана емес, соңдай-ақ сабаққа,
жекеленген пәндерге деген қызығушылығын
қалыптастыруға байланысты көзқарастар даулы болды.
Тәжірибе жоғарғы психикалық функциялар ретінде
ырықты естің дамуына тек бір ғана
қызығушылықтың аздық ететінін көрсетеді.
Бастауыш мектеп жасында естің жетілуі ең алдымен оқу
іс-әрекеті барысында есте сақтаған материалды
ұйымдастыру мен өңдеуге байланысты әртүрлі
тәсілдер мен стратегияларды меңгеруге негізделеді. Бірақ
осындай тәсілдерді қалыптастыруға бағытталған
арнайы жұмыссыз олар стихиялы қалыптасады, жиі өнімсіз
болады.
Бастауыш мектеп
жасында балалардың ырықсыз есте сақтау қабілеттері, осы
кезең бойында әркелкі және І-ІІ және ІІІ-ІV сынып
оқушыларында айтарлықтай ажыратылады. 7-8 жастағы балалар
үшін материадды ұғына, ұйымдастыра есте
сақтағаннан гөрі, оны ешқандай есте сақтау
құралдарынсыз өте жеңіл есте ұстаулары тән.
Сыналушылардың көпшілігі қалай есте сақтаудың,
есте сақтау процесінде не туралы ойладың, деген
сұрақтарға көп жағдайларда жай ғана есте
сақтадым, деп жауап береді Мұның өзі естің
нәтижелік жағына да әсер етеді. Бастауыш сынып
оқушылары үшін бірдеңе арқылы есте
сақтағаннан гөрі, тек есте сақтау керек деген
бағыттылықты орындаған жеңіл.
Бастауыш сыныптарда оқушылардан тек
көлемі жағынан шағын материалды қайта
жаңғырту керектігі талап етілгенде, мұндай есте сақтау
тәсілі оқу жүктемесімен орындалады. Бірақ бұл
көбіне окушыларда мектепте оку кезінде есте сақтаудың
жалғыз тәсілі болып қалады. Бұл ең алдымен
бастауыш мектеп жасында, баланы мағыналы есте сақтауға
үйретпегеннен, оның логикалық есінің дұрыс
қалыптаспауына байланысты.
Есте
сақтаудың ойлау тәсілдері ретінде мағыналы
сәйкестендіру, классификация, мағыналы негіздерді бөліп
көрсету, жоспар жасау және т.б. қолданылуы мүмкін
Бастауыш мектеп
окушыларында осы тәсілдердің қалыптасу мүмкіндіктерін
зерттеуге бағытталған арнайы зерттеулер, мнемикалық
тәсілдерге үйретудің негізінде ойлау әрекеті
жататындығын көрсетеді. Ол екі сатыны біріктіруі керек: 1) ойлау
әрекетінің өзінің қалыптасуы; 2) оны
мнемикалық тәсіл (есте сақтау құралы) ретінде
қолдану [4]
Осылайша
материалды есте сақтау үшін классификация тәсілін
қолданбас бұрын классификацияның өзін ойлау
әрекеті ретінде меңгеру керек.
Логикалық
естің дамуы арнайы ұйымдасқан болуы керек. Себебі бұл
жастағы балалардың көпшілігі өз бетінше материалды
мағыналы өңдеу тәсілдерін пайдаланбай, есте
сақтау мақсатында, әбден сыналған құрал -
қайталауға сүйенеді. Бірақ, оқу іс-әрекеті
барысында мағыналы талдау мен есте сақтау тәсілдерін
меңгергенмен, олар оку іс-әрекетінде оны бірден қолдана
қоймайды. Ол үшін үлкендер тарапынан қозғау
қажет.
Бастауыш мектеп
жасының әр кезеңінде оқушылардың мағыналы
есте сақтау тәсілдерінің динамикасын байқауға
болады: егер екінші сыныпта олардың өз бетінше қолдану
қажеттілігі пайда болмаса, бастауыш мектептің соңына
қарай балалардың өзі оқу материалымен жұмыс істеу
барысында, есте сақтаудың жаңа тәсілдерін іздей
бастайды.
Ес
өте күрделі процесс, оның өзі бірнеше жеке процестерден
тұрады. Бұлардың негізгілері: есте қалдыру, қайта
жаңғырту, ұмыту.
Ол арнайы
есте қалдыру және еріксіз
есте қалдыру болып
екіге бөлінеді.
Еріксіз есте қалдыруда адам
алдына арнаулы мақсат қоймайды, есте қалдырудың арнаулы
тәсілдерін пайдаланбайды. Айналадағы өмірдің
түрлі көріністері (оқиғалар мен адамдардың
қимыл-әрекеті, сөзі т.б.) сол әрекеттің
ағымына қарай есте қалып отырады. Ал (арнайы ырықты)
есте қалдыру арнаулы тәсілдерді кажет етеді, оны тудыратын тиісті
мотивтер болады. Қандай объектіні болмасын әдейілеп есте
қалдыру үшін мына төмендегі шарттарды орындап отыру
қажет болады:
Есте
қалдыруда әр кез мақсат қойып отыру зор маңызды.
Оқу материалын жақсы меңгеру үшін, оған
қатты зейін қою жеткіліксіз, ол үшін алға айқын,
анық мақсат қойю керек. Мәселен, оқушыларға
бір әңгіме айтып, оны үш-төрт күннен кейін
қайта сұраса, балалардың біразы әңгіменің
негізгі бөлімдерін қайта жаңғырта алмай қиналады.
Ал енді осы оқушыларға екінші бір әңгіме айтып,
үш-төрт күннен кейін қайтып айтып бересіңдер
десе, балалардың біразы сол әңгімені ұмытпай жадында
ұстай алады. Бұл екі тәжірибені арасындағы айырма:
соңғыда материалды есте берік сақтау мақсат етіп
қойылған, ал бірінші жағдайда мұндай анық
мақсат қойылмаған еді.
Мектеп
өміріндегі оқушыларының іс-әрекеті белгілі
көрініс алады. Кейінгі кезде білім беру жүйесіндегі
психологиялық қызмет атқару процесі әлеуметтік
орындарға ие болуда. Оқушының танымдық бағдары,
соның ішінде күрделі психикалық процесі есі оқу
әрекетінде маңызды орынға ие. Оқушының
күнделікті мінез құлқының ережелерін, үй
тапсырмасын, еркін есте сақтауы үшін және оқу
материалын есте сақтап қажет кезінде қайта
жаңғыртуы үшін ес процесі қажет. Ес процесінсіз ешбір
іс әрекеттің түрі орындалмаған болар еді, және
оқушының тәжірибелері бір бірімен байланыспайды.
Оқушының
негізгі іс-әрекеттерінің сипатына орай ес мынадай 3 түрге
негізделіп бөлінеді.
1.
Психикалық белсенділік сипатына орай, қимыл
қозғалыс есі, бейнелі көрнекілі және сөздік
мағыналық /логикалық/ ес.
2.
Оқушының оқу іс-әрекетіндегі
өзінің алдына қойған іс-әрекетінің
мақсатына байланысты ерікті және еріксіз есте қалдыру.
3.
Оқушының оқу материаларын қанша
уақытқа дейін есте сақтауына ес қысқа және
ұзақ мерзімді сонымен қатар оперативті (түпкілікті) ес
болып бөлінеді.
Оқушыларда естің төмендегідей сапалары
кездеседі
а)
оқушының белгілі бір уақытқа дейін есте
сақтауға қабілеті бар заттардың келесі
фактілердің саны, яғни көлемі.
ә)
жаңғырту дәлдігі.
б) есте
қалдырудың шапшаңдығы.
в) игерілгеннің ойда
сақтаудағы ұзақтығы.
г) естің дайын
екендігі яғни керектілерді тез еске түсіре білу.
Қорытындылай келе ес адамның әр алуан іс-әрекеттермен байланысты
болып тіршілікте аса
маңызды қызмет атқаратын болғандықтан
оның кө-ріністері де әр қилы. Адамда
есту есімен көру есі
психикалық қасиеттер ретінде
де, көрінеді. Іс- әрекет сипаттарына орай, ес
әр адамның ойлау қиялы мен тығыз байланысты болады.
Адам оқығанын, жаттағанын, тез ұмыта алмайды.
Ұмытатындар кемде-кем, мида сақталғандар тез
ұмытылмайды.
Ес бізге
ой-ұғым, пікір, ой қорытындылары сияқты
түрлі формалар арқылы із-
қалдырып отырады. Естің бұл түрінің
сөздік-мағыналық аталуы да сондықтан. Бұрын қабылдаған
нәрселерді қажет кезінде біз сөз немесе есте сақтау
арқылы жаңғыртамыз.
Пайдаланылған
әдебиеттер.
1. Қазақстан Республикасының Президентінің
Қазақстан халқына «Қазақстан 2030» стратегиясы, 1997.
2. Ананьев Б.Ғ.
“Избранные психологические труды” В-2-х т. под ред. А.А.
Бодалев и др. – М.; Педогогика 1980.
3. Павлов И.П. “Собрание
сочинений” III-т. СССР “Академия” 1951 г.
4. Небылицин В.Д. “Основные свойства
нервной системы человека” М.; “Просвещение” 1966 ж.