Тұрдалиева
Ш.Т., Оморов Т.М., Уалиханова А.
М..Х.
Дулати атындағы Тараза мемлекеттік университеті, Қазақстан
ТВОРЧЕСТВАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТІ ДАМЫТУДАҒЫ АРТ ТЕРАПИЯНЫҢ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Тұлғаның
даму мен белсенділігі оның практикалық іс-әрекеттегі
шындықты тану мен қоршаған ортамен эмоциялық байланыс
құрумен анықталады. Тұлғаның қабілетін
дамыту механизмдері оның творчествалық
мәселесінің ерекше өзектілігін көрсетіп отыр. Творчествалық қабілеттің динамикалық тұлғалық
сипаттамасы шығармашылықтың және оның негізгі
көрсеткіштерінде көрінеді. Белсенділік тұлғаның иеленген білімі,
көзқарасы және түсініктерінің ойлау, эмоция,
сөз және т.б. процестер арқылы көріну және
өзгеру жүйесі болса, ал творчествалық қабілет ол шығармашылық,
әдемілік, көріктілік пен сымбаттылық. Мұның
барлығы адамның өмірлік позициясындағы
шығармашылық іс-әрекетінен көрінеді. Әр жеке
адамға тұлға ретінде қарап, оның өзіне
тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті,
білімі мен тәрбиесі бар екенін ескере отырып, творчествалық қабілетін
арттыру олардың жеке басылық қасиеттерін дамытып,
шығармашылық қызығушылығын оятуға
мүмкіндік жасау болып табылады.
Тұлғаның
қалыптасуы мен дамуы жайлы теория мен тәжірибе танымдық іс–әрекеті мен оның жеке даралық
қабілетінің негізі болып табылады. Ол тұлғаның
интеллектуалды дамуы мен шығармашылық қабілетінен
көрінеді. Қазіргі таңда психология ғылымында
кеңес психологтары Л.С.
Выготский, С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев, О.К. Тихомировтың еңбектерінен
жоғары психикалық қызметтің пайда болуы мен танымдық
іс–әрекет, тұлғаның дамуы мен жеке
тұлғалық ерекшеліктері туралы Б.Г. Ананьев, Л.И. Божович,
В.С. Мерлиннің зерттеулерінен психикалық жаңа білімді
қалыптастыру тәсілі
және тұлғаның әлеуметтік әрекеттену
факторы екендігін көреміз.
Сонымен қатар, тұлғаның дамуы мен
қалыптасуында өз халқының тарихы мен ұлттық
құндылықтарды пайдалану (М.М. Мұқанов, Қ.Б.
Жарықбаев, С.М. Жақыпов, С.Қ. Бердібаева, Л.К. Көмекбаева) белсенділігі жоғарылап, оны
қолдануға деген қызығушылық артып келеді.
Тұлғаның
жеке даралық дамуы мен қалыптасуы туралы мәселені шешкенде, ең
алдымен, баланың ақыл –
ойының даму деңгейін ескеру маңызды орын алады. Оның
жаңа материалды меңгеруі қандай білім мен іскерліктерді талап
ететіндігіне талдау жасау қажет. Белгілі бір зат, оқиғалар,
жағдайлар немес іс -әрекет адамның белгілі бір ақыл
–ой белсенділігінің түп
негіздерімен байланысты болса, ол іс-әрекеттің себептеріне
айналады.
Тұлғаның
шығармашылық белсенділігін арттыру оның қоршаған ортамен қатынасы,
әлеуметтенуі мен қарым-қатынасының алатын орнын
басқа адамдармен өзара бірлескен іс-әрекеттегі жағдайы
арқылы анықталады. Ол қарым-қатынасқа
түсуші жақтармен ұйымдастырылатын жұмыстар негізінде
жүзеге асырылады. Осындай дамыту іс-шараларына тренингтерді, топтық
пікір таластарды, іскерлік ойындарды және т.б. жатқызамыз. Мысалы,
топтық пікірталастар түрлі мақсаттарға қол
жеткізуде қолданылады: мәселенің түпнұсқалы
шешімін табу, оқыту мақсаттарында пікірлерді сәйкестендіру
және бірыңғай шешім жасау. Ал белсенділік дегеніміз сол іс-әрекетті
орындауға ынталандыру. Ынталандыру
мадақтау, жарыстыру, айыптау, яғни ықпалды
әрекеттер болып табылады.
Профессор
С.М. Жақыпов оқыту-тәрбие процесінің тиімділігі
мәселесін нақтылау үшін негізгі деңгейде
қарастыра отырып, оның психологиялық мазмұнынын ашып
көрсетті. Ол психологиялық көзқарас
тұрғысынан кез-келген педагогикалық жағдайды ең
алдымен, тұлғалардың өзара әрекеттестігі, ал
содан соң белгілі әлеуметтік рөлдердің иелері ретінде
мұғалім мен оқушы, оқытушы мен білімгердің
және т.б. өзара әрекеттестік ретінде қарастырды.
Бірлескен әс-әрекет саласында біріккен басқа адамдардың
өзіне қалай қатынас құратындығын өзі
үшін объект болып табылады.
Белгілі
бір заттар, оқиғалар немесе қасиеттер сананың
белсенділігін арттыра алады, мұның өзі адамның
көңіл бөліп, зейінінің аударылғанынан
көрінеді, өйткені ол адамның іс - әрекетінің ішкі
негіздерімен – ақпаратты қажетсінуімен байланысты. Балалар мен ересек адамдардың әр алуан іс –
қимылы нәтижесінде олардың автоматталған әрекеті
– дағдылары, іс - әрекет түрлерін орындауға бейімділігі
мен ептілігі, тіршілікке қажетті әдеттері қалыптасып,
адамның анатомиялық, физиологиялық және
психикалық жағынан дамып жетілуіне әсер етеді. Оның
рухани өмірінің мазмұнын байытады.
Тұлғаның творчествалық қабілетін дамыту, шығармашылық ой өрісінің дамуына жағдай жасау, белсенді көркемдік іс-әрекеттерге деген құштарлық пен ықыластылықты қалыптастыру, оның болашағын: мәдениеттік, өнерін, әлеуметтік жағдайын жақсартудың алғы шарттарының бірден-бір өзекті мәселелерінің бірі болып саналады.
Әрине, қабілетті баланы анықтау
көпқырлы және күрделі процесс болып табылады.
Қабілет дегеніміз не? Қабілет – іс-әрекеттің белгілі
бір түрін ойдағыдай, нәтижелі етіп орындауда көрінетін
адамның жеке қасиеті. Қабілет деп, мысалы,
ақынның, жазушының, ғалымның, педагогтың
және тағы да басқалардың қызметінде айрықша
маңызы бар бақылағыштығын айтамыз. Суретшінің
жұмысы үшін айрықша маңызы баркөру есін,
жазушының творчествосы үшін өте керекті эмоциялық ес
пен эмоциялық қиялды, инженер мен техникке керекті техникалық
қиялды, сонымен қатар музыкалық естігіштікті қабілеттер
деп атаймыз. Ал қабілеттілік –
қандай да болмасын бір немесе бірнеше қызметтердің
үздік орындалуының шарты болатын психикалық қасиеттер.
Қабілеттердің дамуының табиғи негізін
құрайтын нышандардың жинағы дарындылық деп
атайды. Қабілеттің даму мәселесіне талдау жасауда, біз
көбінесе бұл ұғымдарды түсіндіретін
мазмұндарға байланысты түсінеміз. Қабілет пен дарын
ұғымдарының анықтамасындағы біршама
қиыншылықтар бұл терминдердің жалпы
ұғымдық, тұрмыстық түсініктермен байланысты
туындайды. Егер түсіндірмелі сөздіктерге үңілетін
болсақ, онда «қабілет», «дарын», «талант» терминдері көп
жағдайда синоним ретінде қолданылады және
қабілеттің көріну деңгейін бейнелейді. Бірақ
«талант» терминінде адамның табиғи жақтары айтылады.
«Қабілет» ұғымымен
қатар «тәсілқой» және
«бейімделу» ұғымдары да қолданылады.
Тәсілқой адам, тапқыр, икемді, бейімделе алатын ретінде
сипатталынады, ал бейімделу істі үйлестіре алатын, жасай алатын,
құрай алатын ретінде түсіндіріледі. Қабілетті адам бұл жерде епті адам ретінде
түсіндіріледі, ал «епті» ұғымы сөздікте жоқ.
Сонымен қабілеттің ұғымы іс-әрекеттегі жетістіктермен
арақатынаста анықталады.
«Талант»
ұғымына анықтама беруде оның туа біткен сипаты
ескеріледі. Талант қандайда бір нәрсеге дарындылық, ал
дарындылық туа берілген қабілеттілік деп түсіндіріледі.
Басқаша айтқанда талант- іс-әрекетке жоғары жетістікті
қамтамасыз ететін туа біткен қабілеттілік.
Шетелдік сөздіктерде «талант» (talanton) туа біткен
қасиетті көрсететін, ерекше табиғи қабілет деп
көрсетіледі. Дарындылық таланттың бір күйі,
таланттың көріну деңгейі ретінде қарастырылады.
Дарындылық түсінігі тәуелсіз, өзіндік ұғым
ретінде В.Дальдің, С.И.Ожеговтың /3, Кеңес
энциклопедиялық сөздіктерінде және шетел
сөздерінің түсіндірме сөздіктерінде
қабілеттің көріну деңгейімен сипатталады. Қабілет
туралы ой қозғағанда, адамның қандайда бір
нәрсені істеуге мүмкіншілігі көрсетіледі, ал талант,
дарындылық туралы айтқанда адамның аталмыш
қасиеттің (қабілет) туа біткен сапасының сипаты
көрсетіледі. Осыған қоса қабілет те, дарын да
іс-әрекеттің нәтижелігінде көрінеді.
Қабілет
мәселесі туралы С.Л.Рубинштейн және Б.М.Тепловтың еңбектерінде іс-әрекеттің
нәтижелігі бойынша
«қабілеттілік», «дарындылық» және «талант»
ұғымдарын жіктеуге тырысқан. Қабілет іс-әрекеттің
нәтижелі болу үшін мүмкіншілігіне байланысты бір адамды
екінші адамнан өзгешелейтін жеке-даралық психологиялық
ерекшелік ретінде қарастырылады. Ал «дарындылық» -
іс-әрекеттегі нәтижелі болу мүмкіншілігіне байланысты қабілеттердің сапалы
өзіндік үйлесімділігі (жеке-даралық психологиялық
ерекшеліктер) ретінде қарастырылады.
Қабілеттіліктердің
дамуындағы жеке ерекшеліктер (әдетте, дарындылықтың
байқалмауы немесе болмауы ретінде қарастырылатын
қабілеттіліктер) біздің тұжырымдамалық сұлбамыз
бойынша былайша анықталады:
1)
қабілеттіліктердің сапалық-сандық өлшемдерімен;
2) бірлескен
іс-әрекетттегі серіктестердің мазмұндық сипаттамасымен;
3) бірлескен
іс-әрекеттің құрылымдық ерекшеліктерімен
анықталады.
Бұл
қабілеттіліктер өлшемдері және бірлескен іс-әрекет
бойынша көптеген факторларға тәуелді болып келетін және
айқындық сипатына ие серіктестер алдын ала берілген
жағдайларда қабілеттіліктердің қалыптасуы мен дамуы,
соған орай дарындылықтың көрінуі басым дәрежеде
бірлескен іс-әрекеттің қызмет үрдісімен және
мазмұнымен анықталады. Бірлескен іс-әрекет, өз
кезегінде, біз бұрын көрсеткендей, мағыналық
құрылымдардың бірлескен іс-әрекет жағдайларында
қалыптасатын жалпы қорының даму деңгейіне байланысты.
Жалпы мағыналық қор туындаған жағдайда және
оны әр серіктес қабылдаған жағдайда ғана
бірлескен іс-әрекетті қалыптастыру мүмкін болады. Кейде қабілетті «табиғаттан берілген» тума
қасиет деп есептейді. Дегенмен ғылыми талдаулар тек нышан туа пайда
болуы мүмкін, ал қабілет – нышанның даму нәтижесі болып
табылатындығын көрсетеді.
Қабілеттер сондай-ақ төменде берілген
түрлерге де бөлінеді:
1)
реподуктивті қабілеттер – білімді меңгеру және
іс-әрекетке икемділікті жоғары деңгейде епті болуын
қамтамасыз етеді.
2)
творчестволық қабілет – айрықша және нәрсені
құруды қамтамасыз етеді.
Бір
адамның бойында бірнеше қабілеттің түрлері болуы
мүмкін, бірақ олардың бірі басқаларға
қарағанда мәндірек болады. Екінші жағынан бірнеше
әртүрлі адамдарда бір ғана қабілет байқалуы
мүмкін, бірақ даму деңгейлері бойынша өзгешеленеді.
Қабілетті
анықтаудың біршама сенімді, дұрыс жолы – іс-әрекет
барысындағы оның нәтижелік динамикасын көрсету.
Кез-келген іс-әрекеттің орындалу нәтижесі өз алдына
қандай да бір жеке қабілетті анықтаумен емес, әрбір
адамдағы өзіне тән қабілеттердің
үйлесімділігінен анықталады. Іс-әрекетті меңгеру
нәтижесіне әртүрлі жолдармен жетуге болады. Қандай да
бір жеке қабілеттердің жоғары жетістікте дамуының
жетіспеушілігі, сол іс-әрекетті нәтижелі орындауға байланысты
басқа қабілеттің дамуымен компенсациялануы мүмкін...
Қабілеттілік – адамның өз
бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу
арқылы қалыптасатын қасиет. Қабілеттің
дамуының табиғи негізін құрайтын нышандардың
жинағы – дарындылық.
Адамның дарындылығы оның жоғары жүйке
саласының туа біткен қасиетімен тығыз байланысты.
Адамға белгілі бір қызметті ойдағыдай атқару
мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше
қиысу қызметтің сол саласында талант деп атайды. Сонымен
талантты адам дегеніміз – жоғары білікті шығармашылықпен
жұмыс жасайтын адам. Дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен
тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте
қажет, себебі дарынды адам басқаға қарағанда
көп пайда әкеледі.
Балалармен
жұмыста психотерапияның икемді формаларын қолдану өте
маңызды. Арттерапия балаға қандайда бір
қақтығыстық жағдайды оның психикасына ыңғайлы тәсілмен қайта сезінуге, саналы
түрде түсіне білуге мүмкіндік береді. Артерапиялық
әдістер адамның мәселені қайта сезініп, басынан
кешіруіне қаншалықты деңгейде даяр болса, соншалықты
мүмкіндік береді. Баланың өзі бұл жағдайда не
болып жатқанын түсіне алмайды.
Арттерапия - өнермен емдеу тәсілі
деген мағына береді. Бұл терапиядағы жаңа әдіс
болып табылады. «Арттерапия» ұғымын алғаш рет Адриан Хилл
(1938) өзінің туберкулезді науқастармен жұмысын
мазмұндағанда қолданды.
Америка құрама штаттарында арттерапиямен ең
алғаш Маргарет Наумбург айналысқан. Ол Фрейдтің ішкі «Мен»
құрылымының сурет салу арқылы, илеу арқылы
сырқа шығаруға болатыны жайлы пікірін қолданды.
Өнермен
емдеу қатты уайымдаулар мен ішкі қақтығыстық
жағдайлардан босаңсу тәсілі бола алады, терапиялық
процесті жылдамдатушы бола алады, диагностикалық және
талдау жұмыстарының көмекші құралы бола
алады, тәртіпке келтіруші және басқарушы «күш» ретінде
қызмет атқарады, сезімдерге назар аудару тәсілі,
өзінің жеке тұлғалық құндылығын
сезіне білу құралы ретінде қызмет атқара алады.
Қазіргі
таңдағы зерттеулерді талдау арттерапияның емдеу
мақсатында қолданылуының пайдалылығын дәлелдейтін
оның негізгі сипаттарын қарастыруды қажет етеді:
1.
Агрессиялық сезімдерді әлеуметтік қолайлы сипатта бейнелеуге мүмкіндік береді. Ішкі
қысымды шығаруда сурет салуды, илеуді қолдану жақсы
нәтиже береді;
2.
Терапияда прогрессті жеделдетеді;
3.
Терапия барысында талдау мен диагностикалық жұмысты
ұйымдастыруға негіз болады;
4.
Мазмұны түсініксіз
ойлар және сезімдермен
жұмыс атқаруға мүмкіндік береді;
5.
Терапиялық өзара қарым-қатынасты бекітуге
көмек береді;
6.
Ішкі бақылау мен тәртіпті сезінудің қалыптасуына
ықпал етеді.
7.
Сезімдерге назар аударуды дамытады және күшейтеді;
8.
Жеке тұлғалық құндылықты сезінуді
күшейтеді, көркем өнерлік хабардарлықты арттырады.
Танымдық
белсенділік пен тұлға дербестігі ажырағысыз процесс. Белсенді
тұлға, көп ретте дербес болып келеді. Танымдық
қызығушылықтың қалыптасуы
тұлғаның таным обьектісіне деген эмоциялық
қатынасына байланысты. Шығармашылыққа деген ынта –
ықылас танымдық белсенділіктің қозғаушысы екені
белгілі.
Тұлғаны
қандай да бір іс - әрекетке жұмылдыру үшін оны ең
әуелі қызықтыру керек, сонан соң оның осы
әрекетке әзірлігін, дербестік деңгейін анықтау
қажет. Бейнелеу өнері – түрлері мен жанрлары арқылы
қоғамда, адам өмірінде, табиғатта өтіп жататын
оқиғалар мен құбылыстарды, әсемділікті
(келеңсіздікті де) көркем образдар арқылы кескіндейтін, адам
сезіміне, түйсігіне, танымдық ой-өрісіне эмоциалы әсер
ететін әрі шығармашылық іс-әрекетке баулитын аса
маңызды өнер. Бұл өнер, өзінің
атқаратын қызметіне сәйкес,
жеке тұлғаның шығармашылық потенциялын
дамытатын көркемдік білім берудің басты құралы,
пәні. Сондықтан, қоғам дамуының әртүрлі сатыларында, бұл
өнердің өзіндік қасиеттерін адамзаттың
рухани-шығармашылық дамуына ықпал ететін басты
құрал ретінде ғасырлар бойы пайдаланып келеді (ол туралы
алдыңғы тармақшада айтылған).
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Бердібаева С.Қ.
Творчестволық іс-әрекеттің этнопсихологиясы. – Алматы.: Қазақ университеті,
2006. - 216 б.
2 Джакупов С.М. Управление деятельностью студентов в процессе обучения: Учебное пособие. - Алматы: Қазақ
университеті, 2002. -117 с.
3
Кэроул Уэлсби «Часть целова:
арт-терапия в педагогике»- Москва – 1988
4 Копытин А.И. «Системная арт-терапия» - изд. «Питер». –
2001