Энергетика
Кенесариева
Лаура Бегимбаевна
Болашақ
университетінің 2 курс магистранты
Раймбекова
А.Т.
экономика
ғылымдарының кандидаты
Қазақстан
Республикасында электр энергетика саласын дамытудың басым бағыттары
ҚР БҒМ-мен және ҚР Еңбек
министрлігімен бірлесіп электр энергетикасы саласындағы кәсіптік
стандарттарды әзірлеу, сондай-ақ кадрлардың біліктілік
деңгейін арттыру мәселесін пысықтау жоспарланып отыр.
Жаңартылатын энергетика саласында жоғары
технологиялық өндірістер және Қазақстан
Республикасының кәсіпорындарында өнеркәсіптік енгізу
тетіктерін құру. Жел энергетикалық қондырғылар құрастыру және дайындау технологияларын дамыту бойынша айқын негіз қажет. Дамытудың негізгі бағыты халықаралық тәжірибені, технологияларды және білімді пайдалану, сондай-ақ Қазақстанда жаңартылатын энергетиканы дамыту мақсатында халықаралық ынтымақтастық болуы мүмкін. Балама энергетика технологияларын өндіру бойынша жобаларды (жел қондырғыларын, жел және су турбиналарын, электр генераторларын, күн батареяларын және т.б.) іске асыру жаңа жұмыс орындарын ашуға және шығарылатын өнімнің қазақстандық қамтуын ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Жел энергетикасы жөніндегі БҰҰ Даму бағдарламасы жобасының шеңберінде жүргізілген Қазақстанның өңірлері бойынша жел энергетика әлеуетін зерттеу, Оңтүстік аймақта (Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары), Батыс аймақта (Маңғыстау және Атырау облыстары), Солтүстік аймақта (Ақмола облысы) және Орталық аймақта (Қарағанды облысы) ЖЭС салу үшін жақсы жел әлеуетінің барын көрсетті.
Жел энергетикасын дамытуға басты кедергі құрылысқа арналған жоғары үлестік күрделі шығын және электр энергиясына жоғары тариф болып табылады. Алайда, қуат көздеріне бағаның тұрақты өсуі, өндіруші қуаттардың жаңғырту мен жаңартуға инвестициялар тарту жағдайларында дәстүрлі көздерден және жел электр станциясынан электр энергиясына баға арасындағы айырмашылық қысқаратын болады.
Қазақстанның табиғи жағдайы күн энергетикасын дамыту үшін қолайлы. Елдің оңтүстік аудандарында жүргізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша күн сағаттарының саны жылына 2200-2300 сағатқа жетеді, бұл өз кезегінде күн батареяларының панельдерін, фото электр көздерінің портативті жүйелері мен суды күнмен қыздырғыштарды пайдалануға мүмкіндік туғызады.
Облыстар бойынша электр желілерінің жай-күйі
жоғары тозу деңгейімен (70% дейін) сипатталады, ауылдық электр
желілері бойынша тозу одан да жоғары, ал Өңірлік Электр желілері
Компаниялары электр желілерін дамыту жөніндегі жұмыстарды жүргізе,
жаңадан іске қосылып жатқан әлеуметтік-мәдени және
тұрғын үй-коммуналдық құрылыс объектілерін қоса
алмайды, өйткені олардың тарифтерінде инвестициялық құрамдас
жоқ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Электр энергетикасындағы нарықтық қатынастарды одан әрі дамыту жөніндегі тұжырымдамалар өздерінде энергия өндіретін және энергиямен жабдықтайтын ұйымдар үшін орталықтандырылған сауда-саттықта электр энергиясының белгілі бір көлемін сатып алу міндеттілігінің белгіленген нормаларын қамтиды. Тұжырымдамада айқындалған талаптар орындалған жоқ, бұл электр энергиясы нарығының оңтайлы құрылымын қалыптастыруға мүмкіндік бермеді. Тұжырымдамада анықталған нарықтың оңтайлы құрылымы Қазақстан Республикасында электр энергиясының орталықтандырылған нарығының үлесін арттыруға және тиісінше орталықсыздандырылған нарықтың үлесін азайтуға алып келуі тиіс. Бұл шаралар нарықта айқын баға белгілеуге және электр энергиясына әділ баға белгілеуге алып келуі тиіс.
Жаңа құрылыстарды ауқымды инвестициялау үшін жеке тетіктер және есептік тарифтер заңнамада көзделген.
Бірақ, банктер кредиттерін тарту кезінде банктер мемлекет тарапынан электр энергияны мемлекеттік кепілдік түрінде инвестициялардың қайтуын қамтамасыз ететін баға бойынша сатып алу кепілдігін белгілеуді талап етеді.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының бәсекелі электр энергиясы нарығының нормативті-құқықтық базасы мынандай: электр қамтамасыз етудің сенімділігі, электр энергияны жеткізуге өнімнің дайындығы, нарық субъектілерінің өзара кепілдіктері тәрізді нарықтық экономикасы дамыған елдердің жалпай қабылданған коммерциялық шарттарын қамтымайды.
Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу мынадай мақсаттарда жүзеге асырылады:
- энергия тұтынушылардың сұраныстарын барынша толық қанағаттандыру және электр және жылу энергиясы нарығына қатысушыларды тұтынушыларға электр және жылу энергиясын жеткізушілерді таңдау мүмкіндігіне кепілдік беретін, нарықта бәсекелі шарттар тудыру арқылы қорғау құқығы;
- Қазақстан Республикасының электр энергетикалық кешенінің қауіпсіз, сенімді және тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасы электр энергетикалық кешенін елдің шаруашылық-экономикалық және әлеуметтік кешендерінің өміршеңдігін қамтамасыз ететін аса маңызды жүйесі ретінде басқару бір тұтастығы.
Әлемдік тәжірибені зерделеу электр энергетиканы дамытуға барлық шығындарды жабу үшін бір ғана бәсекелі нарықтың жеткілікті бола алмайтынын көрсетті. Көптеген елдерде электр энергиясын жеткізушілерге нарықтық құннан үстеме төлемдер жасаудың тетіктері ұсынылды: Ұлыбританияда барлық жеткізушілерге арналған бірыңғай үстеме бар, Латын Америкада (Панама, Никарагуа, Гватемала) жеке қуат нарықтары бар, АҚШ-та (PJM нарықтары, Жаңа Англия) қуат нарығында аукциондар 2008 жылдан бастап өткізілуде, Ресей де әлемдік тәжірибені үш жылға жуық зерделеді және осы жылы Ұзақ мерзімді қуат нарығы туралы тұжырымдама қабылданған болатын және алғашқы бәсекелі қуат іріктеуді жүргізу күтілуде.
Жасалып жатқан қуат нарығы өзіне
шоғырландырушы қуаттарды дамыту мақсатында электр энергетикасы
саласын уақытылы инвестициялау үшін тетікті білдіреді.
Қазіргі уақытта әлемнің дамыған электр энергиясы нарықтарындағы электр энергиясы нарығының оңтайлы құрылымы мынадай түрде көрінеді:
- тәуліктік кестенің базалық бөлігін қалыптастыру үшін 90 пайызға дейінгі электр энергиясы орталықтандырылған және орталық нарықта ұсынылған ұзақ мерзімді келісімшарттарда еркін бағалар бойынша сатып алынады;
- тәуліктік кестенің ауыспалы бөлігін қалыптастыру үшін 10 пайызға жуық электр энергия міндетті түрде электр энергиясының спот сауда-саттықта сатып алынуға тиіс, ал 5 пайызға дейін электр энергия теңгермелі нарықтан сатып алынуы мүмкін.
Оның пайдасына дәлел споттық сауда-саттық электр энергиясының көтерме сауда нарығының қажетті сегменті болып табылатынына шетелдік нарықтар тәжірибесі кепіл болады. Осылайша, тиімді жұмыс істейтін энергетикалық биржалар ең алдымен ашық баға реттегіш болып табылады, өйткені споттық сауда-саттық бағасына қазіргі кезде нарықта бар барлық сыртқы және ішкі факторлар әсер етеді, бұл: маусымдылық, қуаттардың апатты істен шығуы және тағы басқалар. Қазіргі уақытта, озық шетелдік электр энергетика нарықтарындағы споттық сауда-саттық электр энергияның сатылу көлемі көтерме нарықта сатудың барлық көлемінің 20 %-дан (PJM нарығында, АҚШ) 70%-ға дейін (NORD POOL, Скандинавия) құрайды. Мысалы, Ресей Федерациясында Үкіметтің қаулысымен электр энергияны споттық сауда-саттықта кезең-кезеңмен еркін бағамен міндетті түрде сату нормалары 15 % -дан бастап одан әрі ұлғаюмен белгіленген.
Электр энергиясын споттық сауда-саттықта сатып алудың бірқатар артықшылықтары бар:
1) сауда-саттық биржа қағидаттарымен түсінікті де ашық баға белгілеумен өткізіледі;
2) мәмілелер жасау үшін әртүрлі байланыс жүйелерін және ең алдымен internet — технологияларды пайдалану;
3) мәмілелерді орындаудың қаржылық кепілдігінің болуы;
4) нарық субъектілерінің электр энергиясына қажеттілігін дәл жоспарлау мүмкіндігі, осылайша екіжақты келісімшарттардан электр энергияны тәуліктік жеткізу/тұтыну кестесінің базалық бөлігі қалыптасады, ал нарықтың көмекші сегменттерінің көмегімен (споттық сауда-саттық, теңгермелі нарық) нарық субъектілері жүктемелердің дәлме-дәл 100 %-ға (шарықтау шегі, жартылай шарықтау шегі) жоспарлау мүмкін емес бөлігін жабады, бұл келісімшарттық емес көлемнің шығынын азайтуға мүмкіндік береді.
5) инвесторларға салынған қаражатты қайтару бойынша қосымша кепілдіктер береді.
Жаңартылатын энергия көздерінің ішіндегі ең серпінді дамып келе жатқан коммерциялық түрлерінің бірі жел энергетикасы болып табылады. 2009 жылы жел электр станцияларының (ЖЭС) қондырылған қуаты шамамен 160 000 МВт құрады, ЖЭС-те жылына шамамен 340 млрд. электр энергия немесе әлемдік электр энергияны тұтыну көлемінің 2% өндірілді. Жел энергетикасы жылына 20-30% дейін қуаттың тұрақты артуын көрсетіп келеді
Жаңартылатын энергия көздерін қолдануда айтарлықтай дамыған елдердің бірі Нидерланды Корольдігі. Күн технологиялары экспорттық өнім болып табылады. Малиде бұл күн энергия орталығын ойдағыдай жасауға мүмкіндік берді. Ubbink Solar компаниясының панельдерінен түсетін күннің мол энергиясы аккумуляторларда сақталады және шағын-желі арқылы тұрғындарға жіберіледі.
1 кесте деректері бойынша Қазақстан Республикасында 2015 жылы электр энергиясын өндіруді 96,8 млрд. кВтс тұтыну болжамымен 97,9 млрд. кВтс-қа дейін жеткізу көзделіп отыр.
Жалпы электр тұтыну көлеміндегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 2015 жылға 1,0 % астам құрайды.
Кесте 1 – Қазақстан Республикасында электр
энергиясын өндіру болжамы
млрд, кВтс
|
Көрсеткіштер |
2010
ж |
2011
ж |
2012
ж |
Болжам |
||
|
2013
ж |
2014
ж |
2015
ж |
||||
|
Электр
энергиясын тұтыну |
77,96 |
82,20 |
85,86 |
89,52 |
93,18 |
96,84 |
|
Электр
энергиясын өндіру |
78,43 |
84,70 |
87,61 |
90,27 |
93,76 |
97,91 |
|
Меншікті көздерден электр энергиясымен қамтамасыз ету, (%) |
98,2 |
99,1 |
99,88 |
99,87 |
99,92 |
99,85 |
|
Ескерту
– Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері негізінде құрастырылған |
||||||
2012 жылы Алматы облысының Шелек дәлізі ауданында бірінші кезеңде қуаты 50 МВт жел электр станцияларын кезең-кезеңмен салу басталады.
Алматы облысының Жоңғар қақпасы ауданында бірінші кезеңде қуаты 50 МВт, Шығыс Қазақстан облысында қуаты 24 МВт, Маңғыстау облысында қуаты 40 МВт, Қарағанды облысында қуаты 10 МВт жел электр станцияларын салу бойынша жобаларды іске асыру.
Сондай-ақ Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында қуаты 100 МВт кем емес, шағын ГЭС құрылыс жобаларын әзірлеу және іске асыру женіндегі жұмыстарды жалғастыру күтілуде.
Көмір
өндіру көлемін 2015 жылға қарай 123,0 млн. тоннаға дейін қамтамасыз ету.
Энергетикалық көмір ресурстары жылу электр станцияларының қажеттіліктерін толығымен қамтамасыз етеді. Коммуналдық сектор мен халықтың сұранысын қанағаттандыру үшін Шұбаркөл және Майкүбі кен орындарында, сондай-ақ «Қаражыра» разрезінде күлі аз көмір өндіруді арттыру жоспарланып отыр.
Электр энергиясын және жылу өндірудің кез келген түрі қоршаған ортаға әсер етеді. Қоршаған орта үшін мүлде зиянсыз энергия өндіру технологиялары тіпті жоқ.
Органикалық отынды жағу кезінде электр энергиясын өндіру газ тәрізді (қышқыл) заттар, тозаң, сондай-ақ парникті газдар шығарындыларының атмосфераға түсуіне әкеп соғады.
Электр энергетикасындағы энергия тиімділігін және энергия үнемдеуді арттырудың негізгі іс-шаралары:
- электр энергиясын құрамдастырылған өндірісінде жұмыс істейтін энергия үнемдеуші технологиялар мен жабдықтарды кең масштабты енгізуде негізделген шоғырландырылған қуаттарды техникалық қайта жарақтандыру, газ турбиналық және бу-газ қондырғыларын енгізу;
- энергетикалық теңгерімнің құрылымын өзгерту және оның әртараптануын арттыру;
- көмір мен мазутты жағудың прогрессивтік және экологиялық таза технологияларын пайдалануға дайындау, отын мен энергия көздерінің жаңартылатын және балама түрлерін қолдану мен дамытуға бағдарлау;
- пайдаланылған турбина газдарын электр станцияларының бу қазандарына тастайтын газ турбиналық қондырғылары бар жұмыс істеп тұрған электр станциялары құрылысы жобаларын іске асыру;
- ауыспалы жүктемесі бар тетіктерде реттегіш электр жетегін енгізе отырып, электр станциялары мен қазандардың және басқа да қазіргі заманғы құралдар мен құрылғылардың өз мұқтаждықтарының схемасы мен жұмыс режимдерін оңтайландыру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу;
- энергетика саласының инвестициялық
тартымдылығын арттыру, мүмкін мемлекеттік кепілдіктерді пайдалана
отырып, жеке инвестициялар тарту үшін жағдайлар жасау;
- Желілердегі электр энергиясының
шығындары мен электр энергиясы мен отын энергиясын өндіруге
арналған үлестік отын шығындары дамыған елдер
деңгейінен 25-30%-ға асатынын, сондай-ақ, электр станциялары
мен қазандықтардың отын тұтынуы жылына орташа 38 млн.
қ.ш.о. құрайтынын ескере отырып, энергия үнемдеу
әлеуеті энергия өндірісі кезеңінде жылына кемінде 10 млн.
қ.ш.о. құрайды.
Осылайша, электр энергетикасы саласындағы электр
үнемдеу әлеуеті жылына 16 млн. қ.ш.о. құрайды.