Туризмді дамытудың бүгінгі таңдағы кейбір ерекшеліктері мен экологиялық мәселелері

 

 Т.Ә. Данияров

П.ғ.к., Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ доценті

 

М. Дүйсекова

М. Әуезов атындағы ОҚМУ «Халықаралық туризм және сервис» кафедрасының оқытушысы

 

Г. Малгайдарова

М. Әуезов атындағы ОҚМУ «Психология» кафедрасының

магистр-оқытушысы

                                     

Резюме

В этом тексте написано про туристских ценностях республики и экологическии проблемы.

Summare

In this text is written about tourist values of the state.

 

Қазақстан Президентінің жыл сайынғы Жолдаулары мемлекеттік саясатты дамытудың негізгі міндеттері мен перспективасын анықтайтын нақты және бірізді стратегиясымен ерекшеленеді. Шет елдерде тұрып жатқан отандастарымыз Қазақстан саясатына бейімделуге тырысады. Бұл Қазақстан басшысы жақын жылдарға қойып отырған міндеттерді бірлесіп және өзара тиімді шешуге мүмкіндік береді. Президент өз жолдауында Қоғамдық келісім туралы айтып өтті. Қазақстан ұлтаралық және конфессияаралық келісімді орнатуға белгілі бір табыстарға жеткен ТМД-дағы аз елдердің бірі. Осы жайт, Ресейде тұратын қазақтарға өз конституциялық құқықтарына қол жеткізуге және тарихи отандарының жетістіктерін мақтан тұтуларына мүмкіндік беріп отыр [1].

Қазақстан мен Ресей арасында байланыс орнатылуға баса мән берілуде. 1991 жылы Мәскеудегі қазақ жастарының «Мұрагер» мәдени қоғамы өз жұмысын бастады. Астанадаы көп ұлтты мегаполис жағдайында бірбірімен тығыз қарым қатынасын сақтап қалу үшін мәскеулік «Қазақ тілі» қоғамы ұйымдастырылды. Өткен жылдар ішінде бұл қоғамдар мен бірлестіктер біраз жұмыс атқарды. Ресейде наурыз тойын жыл сайын тойлау дәстүрге айналды. 1990 жылдың тамыз айында Астраханда Қазақстан өнері мен әдебиетінің күндері өткізілді. Ресейдің әр түрлі аймақтарындағы қазақ қоғамдары мен ұйымдары бір-бірімен тығыз байланыс орнатып, біріккен ұлттық фестивальдар мен мерекелерге қатысуда. Ресей Федерациясындағы қазақтар қауымының өкілдері 1992 жылы Алматыда өткен Дүниежүзілік қазақтар құрылтайына қатысты.

 Еуразияның ұлы бір ойшылы бұдан бір жарым ғасыр бұрын былай деген екен: «Сыртқы күш дегеніміз – ішкі күштің туындысы». Бұл ойды басқаша айтсақ: «Сыртқы дағдарыс дегеніміз – ішкі дағдарыстың туындысы» екенін әбден анық пайымдауға болады. Сондықтан да қазіргі  жаһандық дағдарыс – бұл мүлде қандай да бір табиғи апат емес және жағдайлардың кездейсок қиылысының нәтижесі емес, бір терең ішкі ақаулықтың заңды сыртқы салдары. Содан да біз оны нақты айқындап, белгілемейінше, дағдарыстың өзі бастау алған әлемдік валюта-қаржы жүйесін жөндеу жөніндегі біздің бүкіл күш-жігеріміз тек косметикалық сипатта ғана болады. Бұл жағдайда біз жоймаған ақау кейін де жиілей түсетін және салдары әлдеқайда ауыр болатын жаңа дағдарыстарды туындата береді. Ертедегі гректер дамудың жоғарғы кезеңін «акме» деген әдемі сөзбен белгілепті. Біздің ұрпақтарымыз бір кездері осынау жаңа ақаусыз және жоғары «ендігі жерде капитал емеске» дұрыс атау таңдап алатын болады. Бірақ та қазірдің өзінде өз бойына осынау жоғары сапаны – «акмені» қамти алатыны түсінікті: мәселен, акме-капитал,  немесе «акметал». Сол кезде мұндай түбегейлі жаңа әлемдік «акметал» қозғалысқа келтіретін түбегейлі жаңа әлемнің осынау болашақ укладын ендігі жерде капитализм деп емес, «акметализм» деп атау дұрыс болар еді. Болашақ әлемнің жаңа даму кезеңі үшін жаңа белгінің енгізілуімен байланысты мұндай кәдуілгі емес көзқарас бізге оның басталуына жақсырақ әзірленудің, әлемді болашақ жаңартудың  шынайы мәні неде екенін тереңірек айқындап түсінудің іс жүзіндегі мүмкіндігн береді. Ең бастысы  біздің қолымызға жаңаруымыз бен жүруіміздің жаңа құралын береді, сол арқылы біз жаңа әлемде сенімді әрекет ету үшін оны іс жүзінде анықтап, тани аламыз.

Бізге мыналарды атқару керек: 1. Экономиканы дағдарыстан кейінгі дамуға әзірлеу; 2. Жедел индустрияландыру және инфрақұрылымды дамыту есебінен экономиканың тұрақты өсуіне қол жеткізу; 3. Адам капиталының бәсекеге қабілеттілгінің арттыру үшін болашаққа белсенді инвестициялау; 4. Қазақстандықтарды сапалы әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету; 5. Ұлтаралық келісімді нығайту, ұлттық қауіпсіздікті арттыру, халықаралық қарым-қатынасты одан әрі дамыту;

Таяудағы онжылдықта тұрлаулы да теңестірілген даму жедел әртараптандыру және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен қамтамасыз етілетін болады. Еңбек өнімділігінің кешенді артуы аса маңызды міндет болып табылады. Қазақстанда, егер тұтастай экономика бойынша қарайтын болсақ, бір қызметкер жылына 17 мың доллардың өнімін өндіреді екен. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 90 мың доллардан  асып түседі. Қорытынды өте түсінікті – бізге жағдайды түзету - өнімділікті арттырып, инновацияларды ендіру керек. Әртараптандырудың басқа бір маңызды сегменті агроөнеркәсіптік кешенді дамыту болып табылады. Оның дамуы негізгі 3 бағыт бойынша жүру керек. Біріншіден, негізгі салмақ еңбек өнімділігінің артуына түсірілуі тиіс. Екіншіден, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Үшіншіден, экспорттық әлеуетті іске асыру,бірінші кезекте бұл Кеден одағы, Орталық Азия, Кавказ бен Таяу Шығыс елдерінің рыноктары. Туризм саласы жөнінде айта кетсек, үкімет оған да ерекше көңіл бөліп отыр. Туризмнің жылдам және үздіксіз өсуін, оның қоршаған ортаға экономикалық барлық секторларымен, қоғамға елеулі әсерін байқай отырып үкімет ҚР 2030 бағдарламасында туристтік саланы ҚР экономикасының локомотивті күштерінің болады деп сеніп отырмыз. Қазақстан туризм саласында жұмыс істеу туралы келесідей елдермен келісімдерге қол қойылады: Түркия, Иран, Қытай (Синцзян-Ұйғыр автономды ауданы), Молдова, Венгрия, Израиль, Қырғызстан, Египет. Келесі елдермен келісімдер дайындалу кезеңінде: Хорватия, Пәкстан, Сингапур, Қытай. 1963 жылы қыркүйек айында Римде өткен БҰҰ-ның туризм және халықаралық саяхат бойынша Конвенциясының нұсқаулары мен принциптерін жетекшілікке ала отырып, сондай-ақ туризм саласындағы халықаралық нормалырымен принциптерін жетекшілікке ала отырып, ҚР қарым-қатынас туралы Болгариямен (София 15 қыркүйек 1999 жылы), Ресей (Астана 15 ақпан 2001 жылы), Литва (Астана 11 мамыр 2000 жылы) және тағы басқа бірқатар елдермен келісімге қол қойылған. ТМД елдері туристтік қызмет көрсетудің әлемдік нарығында соңғы орындарға енеді. Оларға әлемдік туристтік лектің 2% ғана тиесілі. ТМД қатысушы елдерінің  Парламентаралық ассамблеясы 1980 жылы туризм туралы Манила декларациясын, 1989 жылы туризм туралы Гаага декларациясын және осы саладағы басқа да халықаралық келісімдерді жетекшілікке ала отырып, 1993 жылы 23 желтоқсанның «туризм саласындағы қарым-қатынас туралы» келісімін ескере отырып, ТМД-ның барлық елдері біркелкі қабылдайтын және түсінетін мемлекеттік реттеудің негізгі принциптерінің қосындысы ретінде нақты ұсыну заңдық актісін қабылдады. Туризм өзінің маршруттар жүйесіне әлемдік экономикадан басты рөлдердің бірін алады. Жаңа заманғы туризм индустриясы туристтік миграциялар және маршруттар жолында тоғызып, қызмет көрсетудің халықаралық саудасының жоғары қарқынмен дамып келе жатқан сегменті болып табылады. Жаңа заманғы туризм төмен құлдырауды білмейтін әлемдік экономиканың саласы, туризм өзінің маршруттары бойынша туристтердің легімен мемлекет экономикасына мемлекетке пайдалы 3 негізгі әсер береді: 1. Шетел валютасының кіруін қамтамасыз етеді, төлем тепе-теңдігімен нақты жоспарланған экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге  дұрыс әсер береді; 2. Халықтың жұмыссыздығын жоюға септігін тигізеді. ДТҰ мен туризм мен саяхаттарының бүкіл әлемдік кеңесінің мағлұматтары бойынша индустрияда құрылатын әрбір жұмыс орнында басқа салаларында пайда болатын 5-тен 9-ға дейінгі жұмыс орны тиесілі болады екен; 3. Елдің инфрақұрылымын дамуына септігін тигізеді. Туризм саласында шаруашылық субъектілерінің құрылуы мен жұмыс істеуі жол транспорты, сауда, коммуналды тұтыну, дәрігерлік қызмет көрсетумен байланысты;

Туризм саласы жайында қорыта айтқанда, бұл әрбір елдің басты құндылығы. Белгілі философ П. Менцердің айтуы бойынша: «Құндылық – бұл адамдардың өздерінің сезімі басқаның барлығынан жоғары санайтын, соған ұмтылуға, сый құрметпен қарап, бақылап, мойындауға болатын жай. Әр мемлекеттің ерекше бір құндылығы болады. Сол құндылықтары арқылы шетел азаматтарын, туристтерді қызықтырып, өзіне тартады. Ол құндылық табиғи, тарихи да болуы мүмкін. Қазіргі тарихи құндылықтарға сонау бағзы заманнан, яғни мыңдаған жылдардан бұрын қазіргі заманға дейінгі сақталынған құндылықтарды айтуға болады. Оған әлемнің жеті кереметі мысал бола алады. Туризм – демалысты, бос уақытты өткізу, спорт, мәдени-танымдылық және табиғат пен қатынасты сипаттайтын осы заманғы экономика инфрақұрылымы салаларының бірі. Келу және шығу туризмінің дамуы туристік қызмет саласындағы ең маңызды мәселе болып табылады. Бүгінгі таңда, келу туризмін ынталандыру мақсатында туристік қызметті экспорттаумен айналысатын фирмалар мен ұйымдар ҚҚС-ты төлеуден босатылған, сондай-ақ арнайы экономикасы тұрақты мемлекеттердің туристеріне визалық рәсімдерді жеңілдету бойынша жұмыс жүргізілуде.Туризмді дамыту және қолдау мақсатында облыстық маслихатпен «Оңтүстік Қазақстан облысында туризмді дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы» бекітіліп, онда жыл сайын 5,9 млн тенге көлемінде қаржы бөлінуде. Облыста туризмді дамытуда төмендегі негізгі басымдық бағыттарда жұмыстар жүргізілуде: мінәжәт ету туризмі, экологиялық туризмі, сауықтыру туризмі, балық-аң аулау туризмі. Облыста 802 тарихи және мәдени ескерткіштері орналасқан, оның ішінде 530-ы археологиялық, 44-і тарихи, 228-і архитектура ескерткіштері болып саналады.2008 жылдың 1 қаңтарына облыста туристтік қызметпен айналысатын 70 туристік мекеме бар, оның ішінде 29-і туроператорлық, 41-ы турагенттік қызметпен. Аталған туристік ұйымдарымен туристерге тарихи, мәдени және аймақтағы қорықтар орнына қызықты туристік саяхаттар ұсынады. Келген туристерге Ақсу-Жабағылы қорығына, кесенелерге, театр, мұражай, хайуанаттар паркіне, саябақтарға, «Машат», «Біркөлік» тау шатқалдарына шипажайларға, емдеу пансионаттарына, және сауықтыру орындарына баруына мүмкіншілік жасалған. 2007 жылы облыс бойынша туристік ұымдарымен 4,9 мың туристерге қызмет көрсетілді, бұл 2006 жылмен салыстырғанда қызмет көрсетілген туристер саны 6,5%-ға өсті. Облыста туристік орналастыру нысандарының саны- 51, оның ішінде: 17 мейманхана, 1 мейман күтетін үй, 19 туристік қызметпен шұғылданатын жеке кәсіпкерлер, 14 санаториялар. Облыста 6 театр, 6 тұрақты кинотеатрлар және 35 тұрақты және 4 жылжымалы киноқондырғылар, 3 концерттік ұйымдар, 20 мұражай, 406 кітапханалар, 273 клуб типтес мекемелер, 14 демалыс саябақтары мен хайуанаттар бағы және 10 мемлекетпен ерекше қорғалатын табиғи аймақ халыққа мәдени қызмет көрсетуде. Туристік қызметтер көлемі 57,8 млн. теңгені құрады, өткен 2006 жылмен салыстырғанда 6%-ға өсті. «Қазақстан Республикасы Туризмді дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған іс жоспарға» сәйкес 2007 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы туристік Ассоциациясымен бірге «WORD DISCOVERY» (Ворд Дискавари) туристік журналы және (Жапония, Гонконг, Франция, Германия, Италия және т.б.) 15 шет ел журналистерімен облыста «Ауылдық және экологиялық туризм» бойынша ақпараттық тур(инфотур) өткізілді. Сондай ақ, өткен жылдың 18-20 қазан айы аралығында Шымкент қаласында бірінші жылжымалы «Сарқылмас саяхат» Қазақстандық туристік жәрменкесі өткізілді. Аталған іс-шараның негізігі міндеті ішкі туризмді дамыту, сонымен қатар қазақстандық туристік ұйымдарға іскерлік келіссөздер өткізу және тиімді келісім–шартқа отыру үшін жағымды жағдай туғызу болып табылды. Жәрменке бағдарламасында «Туристік кәдесый өнімдерін ең үздік өндіруші» сайысы, Ұлы Жібек жолының қазақстандық бөлігінде туризмді дамыту мәселері бойынша «дөнгелек үстел» отырысы және Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ақпараттық тур ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Туризм нашақорлыққа қарсы» атты слет өткізілді. Аталған Республикалық бағдарламаға сәйкес Түркістан қаласын Қазақстанның мәдени-рухани және туристік орталыққа айналдыру мақсатында «Қазақстанның рухани, мәдени және туристік орталығы ретінде Түркістан қаласының дамуы» туралы 2009-2013 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама дайындалып, қазіргі таңда салалық министрліктерде қаралуда. Одан басқа, ҚР Туризм және спорт министрлігінінің қаржыландыруымен шілде айынан бастап Түркістан қаласындағы үш туристік нысанға жобалау-сметалық құжаттар әзірленді, жобалау жұмысына бөлінген қаржының көлемі 300 млн. теңге, ал құрылыс жұмыстары республикалық бюджеттен ағымдағы жылдың басынан басталады деп күтілуде. Үкіметіміздің 2004 жылғы 30 қыркүйектегі №1009 қаулысымен бекітілген «2005-2009 жылдарға арнаған Көне Отырарды қалпына келтіру туралы» бағдарламаны іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі тарапынан ЖСҚ дайындауға 200,0 млн теңге қарастырылуда. Облыс көлемінде туризм инфрақұрылымының объектілерін салу үшін 13 инвестициялық жоба жасалынып, Республикалық бюджеттен қарастыруға Туризм және спорт Министрлігіне ұсынылды. Облыс бюджет есебінен жарнамалы-таратылатын ақпарат шығарылуымен (буклеттер, күнтізбелер, блокноттар, қаламдар және т.б.) қатар «Оңтүстік Қазақстанға қош келдіңіздер!» атты бейне ролигі, облыстын туристік мүмкіндіктері жайлы «Silk way South.kz» (Силк уей саус Кз) атты журналы шығарылды. Облыс делегациясы қазақстандық туристік имиджді құрылуына және әлем рыногіне облыстық туристік өнімдерін алға бастыру мақсатында Алматы қаласындағы «Туризм және саяхат» атты Халықаралық Қазақстандық туристік жәрмеңкесіне және Токио қаласындағы (Жапония) «JAТO-2007» Халықаралық туристік жәрмеңкесіне, Астана қаласындағы «Астана-Демалыс-2007» қазақстандық жәрменкесіне қатысты. Жәрменкелерге облыстан 30-дан астам туристік ұйымдармен қонақ үйлер өкілдері қатысты. Осыған орай, арнайы шығарылған облыс аумағында тарихи ескерткіштері мен көрікті жерлері туралы бейне фильмі, жарнамалық буклеттері, плакаттары және де басқа жарнамалық-таратпа материалдары таратылды [2]. Түркістан қаласының және Сайрам аудандарының ұлттық қол өнер шеберлері өздерінің түрлі кәде-сый өнімдерін көруге ұсынды. Облыстың мінәжат ету туризмін дамыту мақсатында Түркістандағы «Әзірет Сұлтан», Отырар аудандағы «Арыстан-баб», Сайрамдағы «Ибрагим-Ата», «Қарашаш-Ана» кесенелерін жарнамалау мақсатында стендттер қойылды. Қазіргі заманға сай мейрамхана, турбаза, кемпинг және басқа да орналастыру нысандарының құрылысы мен қайта құрылысына, сонымен қатар туристтерге ұсынылатын түрлі тағам мен демалыс мейманхана, кафе құрылысына көңіл бөлінуде. Сонымен қатар жол бойында инфраструктураларды дамытуда, оның ішінде көпшілік тамақтандыру және демалыс, машина жөндеу, кемпинг тағы да басқа қосымша орындар ашылуда. «Тау самалы» аспалы жолдарын жөндеу жұмыстары, «Ибрагим-Ата», «Қарашаш-Ана», «Мариям-Ана», «Искак-Ата», «Исмайл-Ата» кесенелерін қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. «Содби» бизнес–инкубатормен бірлесіп облыстық турфирмалардың, мейрамханалардың, қонақ жайлардың, сақтандыру және транспорт компанияларымен әр тоқсан сайын «Бизнес-клуб» өткізілуде. Онда «Экстремалдық туризм» және ««Балалар және жастар демалысы туралы» және басқа мәселелер көтерілді. «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен Көкшетау қаласында «Туристік кластердің жылжуы» жөнінде өткізілген форумына облыс делегациясы қатысып қайтты. Үстіміздегі жылы Қазақстан Республикасы туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін «ОҚО-да туризмді дамытудың 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламасын» әзірлеу жұмыстарын жалғастыруда.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. ҚР Президентінің жолдауы «Жаңа он жылдық-экономикалық өрлеу-ҚР жаңа мүмкіндіктері». Елорда, 2010 [1].

2. www. elorda. kz сайт мәліметтері.**