Алимова Д.Ж.
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
 
АРХИТЕКТУРАЛЫҚ-ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДІ ЛИЦЕНЗИЯЛАУ

 

Құрылыстық қызмет белгілі бір орындаушының дайындығын талап ететіндіктен лицензиялануы қажет, онсыз белгіленген тұтынушылық сапалы құрылыс өнімін құру мүмкін емес. Сондықтан да құрылыс өндірісімен айналысқысы келетін барлық шаруашылыққа құрылыс жұмыстарын жүргізу олардың қызметінің негізгі түрі болады немесе құрылыстан басқа да қызмет түрлерімен паралельді түрде шаруашылық әдіспен жүргізілетін жұмыстарын жүзеге асыруға құқық беретін лицензия алуы қажет.

Лицензия алу үшін (қайта тіркелу үшін) кәсіпорындар лицензиялаудың қалалық орталығына келесі құжаттарды беруі қажет:

-техникалық аудитті жүзеге асыруға өкілетті кәсіпорынға лицензияны рәсімдеу (қайта рәсімдеу) мақсатымен аудит жүргізуді сұрау хаты;

-лицензиялаудың қалалық орталығына өтініш;

-кәсіпорында ұйымдастыру туралы бекітілген құжат немесе тіркелген жарғы;

-тіркеу карточкасының көшірмесі;

-Әділет министрлігінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі;

-лицензия сұралып отырған жүзеге асырылатын құрылыс-монтаждық жұмыс түрлерінің тізімі (Қазақстан Республикасындағы архитектуралық-құрылыстық қызметті лицензиялау бойынша құрылыстағы қызмет пен жұмыс классификаторына сәйкес);

-салынып жатқан, реконструкцияланатын және (немесе) жоспарланатын нысандардың тізімі, олардың мекен-жайы және қуаты. Өткізілетін (жоспарланған) жөндеу жұмыстарының тізімі;

-алдыңғы жылы орындалған әртүрлі құрылыс-монтаждық жұмыстардың көлемі;

-мамандардың біліктілік құрамы немесе оларды тарту мүмкіндігі туралы ақпараттар

Есептеудің тәртібіне орай келісім томендегі типтерден тұрады:

1. Бекітілген баға бойынша келісім, яғни баға шығындар өзгеруіне байланысты құбылмалы;

2. Шығындарды қосу арқылы немесе шығындар көлемін анықтап, пайыздық үлесімен анықтау.

Келісім әрбір құрылыс нышанына жеке-жеке жасалады, бүл құрылыс нышанының түрінің езіне тән ерекшелігінің болуына байланысты.

Капиталды құрылыста өндірістің жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы мердігерлік тәсіл болып саналады.

Құрылыс өнімінің күрделілігі, материалдық және адам ресурстарын бір шаруашылық субъектісіне біріктірудің мүмкін еместігі, құрылыс кәсіпорындарын мамандандыруға, олардың қызметін белгілі бір іске қосқанда қадағалаудың қажеттілігіне, яғни лицензиясы бар бас мердігерді бөлуге әкеліп соғады.

Орындалатын жұмыстың түріне байланысты құрылыс кәсіпорындары жалпы құрылыстық және мамандандырылған болып бөлінеді. Тапсырыс берушімен келісім-шарт қатынасының сипатына байланысты құрылыс -монтажды кәсіпорындар бас мердігер және субмердігер деп жіктеледі. Бас мердігермен өндірістік байланыстың ұзақтығына қарай кәсіпорындар тұрақты және жылжымалы субмердігерлер (мамандандырылған) деп бөлінеді.

Құрылыс саласында өндіріс шығындарын басқару-күрделі процесс. Өзінің мәні жағынан ол кәсіпорынның бүкіл қызметін басқаруды білдіреді, өйткені болып жатқан өндіріс процестерінің барлық жақтарын қамтиды.

Шығындар есебі мәнінің көпшілік қабылдаған анықтамасы, бұл - шығындар есебі кәсіпорында белгілі уақыт аралығында болған жабдықтау, өндіріс және өнім өткізу процестерін, оларды сандық өлшеу, заттай және құнды көрсеткіштермен тіркеу, топтастыру және талдау арқылы көрсетуге бағытталған шаралар жиынтығы болып табылады. Мұндай көрсету кәсіпорынды (немесе кәсіпорындар бірлестігін) басқару мен оның қызметін қаржы нәтижелерін анықтау арқылы бағалауға қажетті мәлімет алуды қамтамасыз етеді.

Егер өндіріске жұмсалған шығындар есебі басқару үлгісіне сәйкестендіріліп бұрынғы, қазіргі және болашақтағы өндірістік қызметі нәтижелері мен шығындарын пайдалануды көрсету процесі ретінде қарастырылса, онда есептің мұндай жүйесі өзіндік құнды басқарудың негізгі міндеттеріне сәйкес келеді.

Құрылыс-монтаж жұмыстарын тапсырыс беруші мен мердігерлік кәсіпорынның арасындағы жасалған келісімнің шарттарына сәйкес, жұмыс жүріп жатқан кезеңдегі әрбір ай сайын жасалып отырған есептеулерді ескере отырып, мерзімінде, яғни технологиялық кезеңнің аяқталуына байланысты құрылыс нысанын тапсырыс беруші бас мердігерден қабылдап алуы тиіс.

Үлгі толтырылып, екі жақтан жауапты тұлғалардың қолы қойылып, мөрмен расталғаннан соң, құрылыс нысаны басталған мерзімнен аяқталғанға дейінгі аралықтағы нысанға қатысты қаржылық операциялар жөнінде құжаттап, қызмет көрсетілген банк филиалына өткізілуі тиіс.

11 (IAS) Қаржылық есептіліктің халықаралық  стандарты Стандарттың мақсаты құрылысқа жасалған келісімшарттармен байланысты кірістер мен шығыстар есебі тәртібін белгілеу болып табылады. Құрылысқа жасалған келісімшарттарға сәйкес жасалатын қызметтің сипатына қарай келісімшарт бойынша жұмыстарды бастау күні мен келісімшарт бойынша жұмыстарды аяқтау күні әдетте түрлі есептік кезеңдерде көрсетіледі. Сөйтіп, құрылысқа жасалған келісімшарттар есебіндегі басты мәселе құрылыс жұмыстары жүргізілген есепті кезең жөніндегі келісімшарт бойынша табыстар мен шығындарды бөлу болып табылады. Пайда мен шығын туралы есепте табыстар мен шығыстар құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша табыстар мен шығыстар ретінде танылуы тиіс болған кезін анықтау үшін осы Стандарт қаржы есептілігін даярлау мен тапсыруды 

Құрылысқа жасалған келісімшарт - бұл активтің немесе олардың құрылымы, технологиясы мен қызметі немесе түпкі мақсаты немесе пайдалануы жағынан өзара тығыз байланысты немесе өзара тәуелді активтер кешенін салуға арнайы жасалған келісімшарт.

Белгіленген бағасы бар келісімшарт - бұл келісімшарт, оған сәйкес мердігер келісімшарт бойынша өнімнің әрбір бірлігі бойынша белгіленген бағасына немесе белгіленген мөлшерлемесіне келіседі, мұның өзі шығындардың өсуіне байланысты көтерілуі мүмкін.

Шығындарды қосу келісімшарты - бұл құрылысқа жасалған келісімшарт, оған сәйкес мердігерге жол берілетін немесе өзгеше анықталатын осы шығындардан шығындарға қосылған пайыздар немесе белгіленген сыйақы өтеледі.

Құрылысқа жасалған келісімшарт бір объектінің ғимараты, мысалы, көпірлер, үйлер, бөгеттер, құбырлар, жолдар, кемелер мен үңгіме жолдар салу үшін жасалуы мүмкін. Мұндай келісімшарт құрылымы, технологиясы мен қызметі немесе олардың түпкі мақсаты немесе пайдалануы жағынан өзара тығыз байланысты немесе өзара тәуелді бірқатар объектілер құрылысы үшін де жасалуы мүмкін; мұнай өңдеу зауыттарын немесе басқа күрделі негізгі құралдарды салуға жасалған келісімшарттар осының мысалы бола алады.

Осы Стандарттың мақсаттары үшін құрылыстар салу келісімшартына мыналар жатады:

-объектілерді салумен, мысалы, жобаларды басқару және сәулетшінің қызметтерін көрсету жөніндегі қызметтер көрсетуге тікелей байланысты жасалған келісімшарттар; және

-объектілерді қиратуға және қалпына келтіруге, объектілерді бұзғаннан кейін қоршаған ортаны қалпына келтіруге жасалған келісімшарттар.

Құрылысқа жасалған келісім шарттар әр алуан қалыптастырылуы мүмкін, бірақ осы Стандартқа сәйкес олар белгіленген бағасы бар құрылысқа жасалған келісімшарттар және шығындарды қосу келісімшарттары ретінде сараланады. Кейбір құрылысқа жасалған келісімшарттар, мысалы, келісілген ең көп бағасы бар шығындарды қосу келісімшарттары жағдайындағы сияқты келісімшарттарының екі түрінің сипаттамасы болуы мүмкін.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Мырзалиев Б.С., Абдушукуров Р.С. Современная методика изучения бухгалтерского учета. Алматы, 2006г.

2.  Кезмемтаев К.К,Кәсіпорындағы қаржылық есепті жүргізу. Алматы. Экономика, 2003 ж.

3. Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп. Оқулық:Алматы-«Экономика» баспасы. 2005ж.