ӘӨЖ 371.73

Болашақ актерлердің кәсіби педагогикалық әртістік шеберліктерін қалыптастыру элементтері

 

Данияров Талғат Абубакирович

п.ғ.к., Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ доценті

Қарынбаев Талғат Сембекович

Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ магистрі

Сахитжанова Сахыш Омаргазиевна

старший преподаватель МКТУ им. Х.А.Ясави

Саурбаева Улмекен Жиеналиевна

старший преподаватель МКТУ им. Х.А.Ясави

 

Резюме

 

Бұл мақалада болашақ актерлердің кәсіби педагогикалық әртістік шеберлігін қалыптастыру элементтері туралы баяндалады.

 

Резюме

В статье рассматривается педагогических артистический мастерство и структура модельного развития.

Summary

In article skill and structure of modeling development is considered pedagogical artistic.

 

Білім беру үдерісі және оқу-тәрбие саласындағы құбылыстардың басты нәтижесі әдіснама мәселесінде: біріншіден, әдіснама логикалық ойлаудың, іс-әрекетінің әдісі мен кұралы, әрі оның құрылымы туралы ғылым ретінде қабылданса, екіншіден, ол ғылыми қабылдаудың әдісі мен нормасы ретінде қарастырылып, теориялық дамудың әдіснамасы немесе қабылдаудың түрлері ретінде педагогикалық шындықтың анықтамасы болып есептелінеді.

Бұл анықтама ғылыми көзқарастың екі тобын ерекшелейді. Біріншісі өз кезегінде жиі қолданылып жүрген педагогикадағы ақиқатты қабылдау жүйесінің жиынтығын көрсетеді. Екіншісі - қабылдаудың ойлаумен қарым-қатынасын бейнелейді. Оларды ұстанымдар, әдістер, құрал-жабдықтары негізінде қарастырады.

Бұл ғылыми зерттеулер барлық философиялық-педагогикалық тәжірибелерге сүйенеді. Әдіснаманың гылыми жүйееі ақиқатқа негізделген әдістемелік жүйенің басты шарттарының бірі болып табылады.

Сондыктан болашақ актерлерді кәсіби даярлауда, педагогикалық әртістік шеберлігін қалыптастырудың казіргі жағдайдағы жүзеге асырылуының әдіснамалық негізін талдау қажеттігі туындайды.

А.П.Сейтешев берген анықтама бойынша, әдіснама - бұл жоғары педагогикалық білім беру үдерісін және кұбылыстарды зерттеуге арналған кілт. Өзгертуге жетілдіруте немесе жаңартуға бағытталған іс-әрекетті ұйымдастырудын ұстанымдарын айқындау туралы философиялық ойлардың жиынтығы [1].

Ғылыми танымдық ерекшелік табиғаты логика мен әдіснама және әдіс деген ұғымдардыц мәнін ашуды қажет етеді. Ғылыми танымның әдіснамасы -адамның танымдық және тәжірибелік қызметінің әдістері мен тәсілдері туралы ілім. Ал әдіс деп - танымдық немесе тәжірибелік мәселелерді шешудің тәсілін түсінеміз. Дегенмен, әдіс адамның танымдық және тәжірибелік іс-әрекетінде реттеушілік қызметін атқарады.

Демек, дамудың жалпы философиялық теориясы және логикасы мен әдіснамасы негізінде түсіндіріледі. Ол адамның жаңаша ойлануының және әлеуметтік шығармашылығының логикасы болып саналады.

Жалпы алғанда, болашақ актерлердің педагогикалық әртістік шеберлігін қалыптастыру үшін, педагогикалық-психологиялық және тәжірибелік даярлық жүйесі қажет. Ол арнайы мамандық пәндер циклы арқылы қамтамасыз етіледі.

 Болашақ актерлерді кәсіби даярлау жүйесі мамандық пәндерді педагогикалық әртістік шеберлікке оқыту арқылы жүзеге асырылады.

Сондықтан болашақ актерлерді кәсіби даярлау жүйесін жобалауда мына негізгі кезеңдерге сүйендік:

 - оқу жоспарларының құрылымын талдау,

 - окыту мақсатын айқындау;

 - оқыту мазмұнын жүйелеу;

 - оқытудың әдістерін таңдау;

 - окытудың күралдарын іріктеу;

 - оқытудың формаларын саралау;

 - оқу үдерісін ұйымдастыру талаптарын түжырымдау.

Сонымен, болашақ актерлерді кәсіби даярлау жүйесі мынадай кезеңдерден өтеді: жүйені жобалау, жүйені құрастыру, жүйені іске асыруды талдау, жүйені іске асыру, кәсіби даярлау жүйесін жетілдіру.

Болашақ актерлерге кәсіби педагогикалық әртістік шеберлікті қалыптастыру жүйесін жасауда оның келесі элементтері ерекшеленеді:

- мақсаты:  оқу үдерісінде  кәсіби  педагогикалық  әртістік  шеберлікті қалыптастыру;

мазмұны:    педагогикалық    әртістік    шеберлікті    пәндік    мазмұнмен сабақтастыру;

- әдістері: танымдык әдістер; дидактикалык әдістер, практикалық әдістер, интерактивтік әдістер т.б.- формалары: дәрістер, шығармашылық семинарлар, өзіндік жұмыстар, арнайы практикумдар, музыкалық студия базасындағы сабақтар, консультациялар, дипломдық және курстық жұмыстарды қорғау, ғылыми семинарлар мен конференциялар, шығармашылық шеберханалар, музыкалық қойылымдар, әуендік кештер, тақырыптық кештер т.б.;

 - құралдары: дидактикалық, педагогикалык жағдаяттар, әртістік шеберлікті кәсіби қалыптастыруға арналған тапсырмалар т.б.;

- бақылау тәсілдері: ағымдық, қорытынды: сынақ, емтихан, курстық және дипломдық жұмыстарды қорғау, педагогикалык әртістік шеберлік нәтижелерін талдау;

 - коррекция тәсілдері: педагогикалық әртістік шеберлікті қальщтастыруға арналған тапсырмаларды жүйелеу, оқытудың жекелеген кезеңдерін нақтылау, эксперимент арқылы теориялық, практикалық мәнділігін талдау;

- күтілетін нәтиже: болашақ актерлердің педагогикалық әртістік шеберлігі қалыптасуының жоғары, жеткілікті деңгейлері.

Педагогикалық әртістік шеберлікті қалыптастыру жүйесі болашақ актерлердің кәсіби мамандық пәндерді оқытудың барлық деңгейлерін қамтуы қажет. Актерді кәсіби даярлаудағы басты мақсат шығарманы орындау барысында сөзді айтуға емес, сөзбен іс-әрекет етуте, сөз арқылы ойлануға, өз ойларын сөз арқылы ашуға және жасыруға жұмылдырылған [2,3].

Актердің бірегей шығармашылық үдеріс шеңберіндегі педагогикалық және көркемдік компоненттерді талдау, педагогикалық шығармашылық қыз-метте педагогикалык білім, бейімділік және дағдыларды тиімді пайдалануына ғана емес, сондай-ақ эмоциялы механизмдер жүйесі арқылы, тұлғаның шығармашылық потенциалын жетілдіруді қамтамасыз етеді.

Актердің сабақта педагогикалық-психологиялық тұрғысынан рухани ішкі жан дүниесі бай болса, қаншалықты анық, алуан түрлі болса, соғұрлым ол оқушыларға білім берудегі тәжірибесі нығая түседі. Сабақтың әрдайым шығармашылық деңгейі арта түседі. Сондықтан, сезімдік болмысты дамыту - педагогикалық әртістік шеберлікті қалыптастырудьщ маңызды әлементі болып табылады. Біздің ойымызша, болашақ актерлерге педагогикалық үдерістің қарым-қатынастық сипатын оңтайландыра отырып, оған ендіретін мүмкіндіктерін саралау, педагогикалық әртістік шеберліктерін үйлестіріп, оларды салыстыру негізінде талдауды меңгеру маңызды болып саналады.     Сонымен, болашақ актерлерді  даярлауда педагогикалық әртістік шеберлікті қалыптастыру эксперименттік зерттеу, жүйелілік талдау, бақылау, статистикалық өңдеу әдістерінің де өзара байланыста жүргізілгендігін тиімді екендігін айтуға болады.  

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

1. Сейтешов А.П. Пути формирования личности будущсго рабочего. -М.:Высшая школа, 1982.-151с.

2. Джердемалиева Р.Р. Научно-педагогическое основы методической подготовки учителя музыки в системе высшего образования: дисс, докт..,пед.., наук: - А. АГУ, 1998. - 338с.

3. Бекмухамедов Б.М. Развитие музыкально-творческих способностей студентов на базе фольклорного материала: Методические рекомендации для учителей музыки // Проблемы методики преподования и исполнительства: Межвуз. сб. науч. Труд. Вып 3 - Алматы, 1989. 115 - с.