ӘӨЖ 378:001.891

Педагогикалық әртістік шеберліктер негізінде кәсіпке бейімделу

 

  Данияров Талғат Абубакирович

п.ғ.к., Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ доценті

    

Қарынбаев Талғат Сембекович

Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ магистранты

 

Сахитжанова Сахыш Омаргазиевна

старший преподаватель МКТУ им. Х.А.Ясави

 

Саурбаева Улмекен Жиеналиевна

старший преподаватель МКТУ им. Х.А.Ясави

 

 

РЕЗЮМЕ

Бұл мақалада педагогикалық әртістік шеберліктер негізінде кәсіпке бейімделу мәселесі ғылыми тұрғыда қарастырылады.

 

РЕЗЮМЕ

В статье рассматривается научные проблемы, профессиональные мастерство педагогических артистизма.

 

SUMMARY

In article skill and structure of modeling development is considered pedagogical artistic

 

 

Кәсіби педагогикалык әртістік шеберлік - педагогикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін білім, бейімділік пен дағдылар жүйесінде болашақ актердің кәсіби даярлығының маңызды көрсеткіші болып табылады. Актерлердің кәсіби педагогикалық әртістік шеберлігін жетілдіруда мынадай мәселелер шешімін табуы тиіс:

- ғылыми білім деңгейінде педагогикалық әртістік шеберлікті актер дайындаудағы маңызды сапа ретінде жүйелі зерттеулердің жүргізілуі;

педагог қызметінің шығармашылық сипаты және әлеуметтік қызметін жандандыру;

педагогикалық қызметтің тұлға дамытушы және оны жүзеге асырудағы мәнін талдай отырып, біліктілікті арттыру жүйесінде жан -жақты қарастыру;

- болашақ актердің шығармашылық бағыттылығын дамыту;  

- мүмкіндіктерін ашу, өзіндік «Мені» мен шығармашылық орта қүруда, болашақ педагогикалық қызмет талаптарын меңгеруге жағдай жасау;

-  пәнді жүйелі тереңдетіп оқыту, лекция, семинар, өзіндік жұмыстар мен сабақ кестесіне педагогикалық практика және шығармашылық күндерді ендіру;

- студентке жоғарғы оқу орындарында оның жеке кәсіби-педагогикалық қызығушылықтарына, қабілеттеріне, оған базалық оқу жоспарын жүзеге асыруға белсенді араласуға себеп болатын мүмкіндіктеріне сәйкес білім қызметтерін ұсыну.

Бұлардың барлығы өте маңызды және бүгінгі қоғам талабына сай болашақ маманның жан-жақты даярлығына, жеке тұлғасының қалыптасуына, оқыту үдерісін жетілдіруде және педагогикалық үдерістің жүйелі сипатын біртұтас шығармашылық құбылыс ретінде дамытуға мүмкіндік беретіні сөзсіз. Әсіресе, студенттің даралық мүмкіндіктерінің барынша ашылуына және дамуына, онда жеке кәсіби педагогикалық әртістік шеберлік ерекшеліктерінің танылуына себеп болатын шығармашылық қызметке кәсіби даярлау жолдарына ерекше назар аудару қажет.

Осы бағытта ғана актерлер қоғамдағы өзінің орнын нығайтып, мотивациялық-құнды рухани қарым-қатынасты білім мазмұнын қалыптастырып, ұрпақ тәжірибесіне сапалы бағдар бере алатын болады.

Студенттердің педагогикалық шығармашылық пен әртістік шеберлікке өзін-өзі тәрбиелеуін (оқытушының бағыттауымен) болашақ актердің теориялық және практикалық даярлығымен үйлесімді сабақтастырғанда ғана нәтижелі болады. Өзін-өзі және іс-әрекетін ұйымдастыруда студенттер өз тұлғасын, сапалық кұрылымын тани отырып, өзінің келеңсіз және жағымды жақтарын аныктап, кәсіби маңызды ерекшеліктерді, сапаларды дамытуға бағытталады.

Болашақ актердің даярлық жүйесінде кәсіби әртістік шеберлігін қалыптастыру педагогикалық және психологиялық курстардың, педагогикалық шығармашылыққа арналған арнайы тақырыптардың енуі; өзінде шығармашылық бастауды дамытуға бағытталған тапсырмалар мен жаттығулар жүйесін жасау; педагогикалық қызмет ерекшеліктерін міндетті түрде ескеретін жақын пәндерді біріктіруде жүзеге асады [1].

Болашақ актерлердің кәсіби педагогикалық әртістік шеберлігін қалыптастыруда арнайы қабілеттерді дамыту үшін, актерлердің міндеттерін қарастырайық.

Оқу үдерісінде кәсіби педагогикалык әртістік шеберлікке даярлаудың жүйелі ұйымдастырылуы, теорияны тәжірибемен байланыстыруға көмек беруде шығармашылық қабілет басым орынға ие. Өйткені, студенттерде сөзсіз пайда болатын «қалай істеймін» және «Бұл білімді шынайы әрекетке айналдыра алмаймын» деген қарама-кайшылықтарды шешуіне мүмкіндік береді.

Олардың шығармашылық ұстанымдарды жүзеге асыруына, кәсіби мақсаттарға қол жеткізуге бағытталуы мен оны рухани-эмоционалдық тұрғыда түсінуі, оқу үдерісіне педагогикалық әртістік шеберліктерді ендірудің, алғашқы қадамы болып табылады.

Бұл оқытудың әдістемелік құралдарын қолдану мен оқу үдерісінің кұрылымын жаңартуға тырысу ғана емес, оқытуды ұйымдастыратын оқытушының кәсіби міндетінің жаңаша сипатын дәлелдейді.

Педагогикалық әртістік шеберліктер негізінде кәсіпке бейімделудің табысты болуы, кәсіби іс-әрекеті мен рухани құндылықты дамыту тұрғысынан түсінуі, ұжымның психологиялық климатымен, қоғамға бейімделуі және жёке ерекшеліктерімен байланысты және кәсіби бейімделу кезінде педагогикаліьіқ әртістік шеберлік мазмұны, ұжымдағы қарым-қатынас өзара әсер етеді.

ЖОО оқу үдерісі кезінде болашақ актерлерді кәсіби қалыптастыру, педагогикалық әртістік шеберлікті дамыту жағдайы әрқашан қызығушылық тудыратын өзекті мәселе. Осы мәселе жөнінде Л.И.Божовичтің [2] тұлғаның ішкі бағдары түсінігін пайдалана отырып, адамның ішкі рухани дамуын көп жағдайда тұлғаның кәсіби маман ретінде дамуымен байланыстырады.

Ол: «Кәсіби іс-әрекет адамның өмірлік іс-әрекетінің маңызы болып табылады, өйткені ол арқылы тұлғалық толыққанды өзін-өзі жүзеге асыру өз мүмкіндіктерін толығымен жұмсауды қамтамасыз етеді» деген пікірді қуаттайды.

Адамның ішкі позициясы өзінің объективті бейнеленуінде тұлғаның кәсіби қалыптасуында көрініс береді. Нәтижесінде, болашақ кәсіби шеберлігіне деген жалпы жағымды эмоциялык қарым-қатынасы дамиды.

Білім беру үдерісін және оқу-тәрбие саласындағы құбылыстардың басты нәтижесі әдіснама мәселесінде: біріншіден, әдіснама логикалық ойлаудың, іс-әрекетінің әдісі мен құралы, әрі оның құрылымы туралы ғылым ретінде қабылданса, екіншіден, ол ғылыми қабылдаудың әдісі мен нормасы ретінде қарастырылып, теориялық дамудың әдіснамасы немесе қабылдаудьвд түрлері ретінде педагогикалық шындықтың анықтамасы болып есептелінеді.

 

 

1. Сейтешев А.П., Садыков Т.С. Научные проблемы формирования личности и развития современного образования в РК. -Алматы: Ғылым, 1997. Б. 490

2. Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте. М. Просвещение, 1968. С. 464