Педагогические науки/Современные методы преподавания

Ибраева М.М.

Қазақстан Республикася, Қарағанды қаласы, №61 жалпы білім беретін орта мектебі

 

БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ҚАЗІРГІ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Еліміздің саяси-экономикалық және әлеуметтік жедел жаңаруында Қазақстан Республикасының «Қазақстан – 2030» даму стратегиясы бағытына сәйкес әрбір ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында ұлттық тәрбиенің шешуші факторы болуы заңдылық [1].

Қазіргі таңда қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуы бар әлеуметтік сұраныс негізі жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруды қажет етеді. Оның бүгінгі жаңа қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, белсенді іс-әрекеті мен ғылыми саналы көзқарасын қалыптастыру, бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан ертеңгі қоғам иегері боларлық парасатты азамат тәрбиелеп өсіру - педагогтардың, Үкіметтің және барша халықтың міндеті.

Бала бойындағы асыл қасиеттердің көзін ашып, оны қоғамның белсенді мүшесі етіп дайындауда, білім беру мен тәрбиелеуде жеке тұлғаны дамыту қатар жүргізілгенде ғана өз дәрежесінде жүзеге асады. Осыған байланысты білімнің мазмұнын, оқыту әдістері мен тәрбиені ұйымдастыру нысандарын жетілдіруді нақтылай түсу қажеттілігі туындайды.

Білімде компьтерлік дәуір компьютер енуімен аталып өті. Сондықтан, ақпараттық технологиялар кезеңіңде әр түрлі компьютерлік оқыту бағдарламалар пайда бола бастады: электрондық оқулықтар, әр түрлі көрсетілген  оқып үйрететін, бақылайтын бағдарламалар сабақта қолданылады.

Дербес компьтерлердің кең дамуына байланысты білім беру бағдарламалар өркендеуге үлкен итеріс алды, олар көп және әр түрлі пайда бола бастады.

2020 жылы Қазақстан Республикасында  e-learning - электрондық оқытумен білім беру мекемелердің 90% қамтиды.

E-learning - ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы электрондық оқыту жүйесі.

Мектепке дейінгі ұйымдарда компьютерлік  бағдарламалар қолданылады, компьютерлік оқыту ойындары, орта мектептерде - электрондық оқулықтар және электрондық оқу құралдары, колледждер және лицейлерде - виртуалды тренажерлер, ЖОО-да – электрондық ғылыми-зерттеу лабораториялары.

Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологияны кең көлемде ендіру педагогикалық еңбектің тиімділігін жоғарылатып, әдіснамалық тәсілдердің арсеналының кеңеюіне , оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады.

Қазіргі таңда білім беру үрдісінде, оқу материалдарын жете түсінікті ету жолында, соңғы ақпараттық технологиялардың көптеген түрлері кеңінен қолданысқа ие. Локальды және глобальды желілер көмегімен, және де оқу материалдарын электронды түрде беру арқылы, нақты уақыт режимінде жұмыс жасап, уақыт шығынын азайтып, білім сапасын біршама жоғарылатуда.

Тек қазіргі дамыған компьютерлер көмегімен, барлық осы уақытқа дейінгі белгілі ақпаратты беру түрлерін жандандыруға болады, және де компьтерлерде ғана гипермедиялық сілтемелер негізіндегі ақпараттық – анықтамалық жүйелерді ұйымдастыруға болады. Бұл дегеніміз, оқытуды индивидуалдандыру үрдісінің маңызды көрсеткіші болып саналады.

Дербес компьютерді қолдану арқылы оқытуды жекелендіру үрдісі үшін түрлі оқытудың электрондық басылымдарды қолданады.

Электронды басылымдарды келесі түрлерге жіктеуге болады:  электронды оқулық,  электронды оқу әдістемесі, электронды оқыту - әдістемелік жинағы,  электронды анықтамалық жүйесі, мультимедиа курсы, электронды тест жүйесі.

Жоғарыда айтқандай, e-learning технологиясында  қолданылатын бағдарламалардың бiрi, ол электрондық оқулық пен мультимедия курстары.

Электрондық оқулық – бұл оқу материалы мен модельдеуші бағдарламалардың сәйкестігінен туындайтын электрондық өнім. Сонымен қатар, электрондық оқулық оқу ақпаратын тасудың жаңа бір түрін береді, және де мазмұнды – құрылымдықтан бастап, функционалдыққа дейінгі барлық мүмкін болатын мінездемелерге әсер ете алады.

Электронды оқулықта келесі ерекшеліктермен айрықшаланады: өте дұрыс жоспарланған ақпарат, оқыту модулінде, блоктарда, сабақтардың семантикалық бірліктің болуы; мәтіннің бөлімдерінде тұрған гиперссілтемелер, қажетті ақпаратты іздеуде көп уақытты жоғалтпас үшін жасалған; «тірі» дәрістердің болуы, ол дегеніміз аудио – видеожазбалар, сонымен қатар графиктер және мультимедиялық қосымшалар; мысалдардың болуы, тапсырмалар, тестілер, анықтамалар; сұрақты білмей қалған жағдайда кеңес беру; арнайы сөздіктерді (тезаурус) пайдалану;  басып шығаруды қамтамасыз ету.

Мультимедия курсы бұл барлық оқу процесі кешенінің дидактикалық бірлігі, ол сандық және аналогты формада жасалады.

Қазіргі оқу мультимедиакурсы – бұл қарапайым интерактивті мәтін емес (немесе гипермәтінді)  материал, бейне- және аудиоматериал қосымша берілген электронды түрдегі бағдарлама. Оқытуды қамтамсыз ету үшін ең бірінші қажетті ақпарат болу керек, ол әр түрлі формада немесе әр түрлі тасымалдаушыларды болуы қажет. Курс кешеніне бейне- және аудиокассеталар, сонымен қатар баспа материалдары қажет. Бұл техникалық және экономикалық ойлармен айтылған (сандық  «тірі» бейне талабы үлкен көлемді зердені сұрайды, мультимедиа-компьютерге қарағанда, бейнемагнитофон құны төмен, оны кез-келген жерден алуға болады, сонымен қатар  психологиялық сипатта: кейбір үйренушілер бейнеақпаратты (визуалдар) тез қабылдайды.  

Мультимедиакурсы үйренушіге кешенді түрде тұжырымды,  иллюстративті, анықтамалы, тренажерлы және бақылаушы бөлім болады. Интерфейс құрылымы мен курстың пайдаланушы бөлігінің барлығы материалды оқу барысында көмегін тигізеді.

ХХІ ғасыр - ақпарат пен жаңа технологиялар ғасыры. Сондықтан білім  беру саласының ақпараттық инфрақұрылымын міндетті түрде дамыту қажеттігі еліміздің ұзақ мерзімдік даму бағдарламасындағы басым мақсаттардың бірі ретінде айқындалады. Сол себепті ақпараттық технологиялардың тілін меңгерген ұрпақ үшін өздерінің жинақтаған білімдерін тәжірибеде қолданысқа енгізу парыз.

Көптеген жылдар бұрын адамзат әлемді өмірдегі әртүрлі шынайы жағдайлар және мәліметтер арқылы тани бастаған. Сондықтан да қандай да бір құбылысты тануға негіз болатын дүниені мәлімет деп атаймыз. Қандай да бір нәрсені белгілеу, яғни процесті нақты қарым қатынас құралының көмегі арқылы жүзеге асады. Көбінесе мәліметтер және оларды түсіндіру мен талдау бөлек жазылып көрсетіледі. 

         Бүгiн әлемде ақпараттандыру сияқты ұмтылып дамитын ғылым және техника саласы жоқ.. Әр екi жыл сайын есептеуiш техниканың ақпараттық және бағдарламалық амалдарынын әулетiнiн алмастыруы болады. Тарихта  ғылымның ешқандай саласы бұндай дамуды бiлген жоқ.

Қоғамды ақпараттандыру процессінде алдымен білім беру саласын ақпараттандыру көзделген. Білім беру саласын ақпараттандыру – білім жүйесінде жаңа ақпараттық технологияларды енгізу. Бұл шаралардың арқасында ақпаратты-оқу, экспериментті-зерттеушілік қызметтерін, ақпаратты өңдеу бойынша әртүрлі қызмет түрлерін жүзеге асыру, білімді табу іскерлігін қалыптастыру, оқушының  интеллектуалды потенциалын дамытуға бағытталған оқытудың әдістемелік жүйелерін құру.

1 «Қазақстан-2030» стратегиясы, Астана, 1997.