АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР - БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕ

 

Шевчук Е.В., Шамғанова Л. Қ.

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

 

Республика жоғары білім беру жүйесіне мамандарды дайындаудың кредиттік жүйемен оқытуды енгізу қазіргі таңдағы аса маңызды әрі өзекті мәселенің бірі болып отыр. 

Кредиттік жүйемен оқытуға көшудегі басты мақсат – білім жүйесін әлемдік білім кеңестігімен кіріктіру және өніріс пен нарықтық жағдайдың өзгеріп тұратын заманында кәсіби мамандардың әлемдік сұранысқа, бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік жасау болып табылады.

Кредиттік жүйемен оқыту – студенттердің жоғарғы оқу орны қабырғасында білім алуын жеке жоспарлауына беріліп отырған мүмкіндік. Ол білім берудің демократиялығымен сипатталып, әр студенттің жеке бас ерекшелігі мен қабілеттерін дамытуға жағдай жасайды. Жаңа жүйенің басты ерекшелігі – студенттердің білім кеңістігін қалыптастыру еркіндігі, яғни жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандартының мамандар дайындаудың сапасына қоятын талаптарына сәйкес, білім алудағы өзінің ерекшелігі мен қалауына сай қалыптастыра алады [4].

Оқу үрдісі барысында студент пен оқытушы арасында өзара жаңаша байланыс қалыптасып, студентке өзінің әр оқу пәні бойынша жеке дайындығына көп уақыт бөліп, оқу үрдісіне белсенді түрде қатысуы және алға қойған мақсатқа жетуге деген тұрақты қызығушылығының болуын талап етеді.

Кредиттік жүйемен оқыту  студент пен оқытушы арасында жаңа білімді игеру барысында, сенімді қарым-қатынастың қалыптасуын талап етеді. Оқытушы студент үшін тек ақпарат көзі ғана емес, ол студенттің қажетті ақпаратты іздеп тауып, саралап іс жүзіне пайдалануға үйретуші маман болуы керек. Сондықтан оқытушылар оқу пәніне деген жауапкершілігін арттырып, өзінің біліктілігін жоғарлату жолында үздіксіз ізденісте болуы қажет.

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі - оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда да елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті қүру еніп, көкейкесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім.

Ақпараттандыру жағдайында студенттер меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Жоғарғы оқу орнының білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары көптеп жүргізілуде [4].

Ақпараттық жүйенің құрылымы – бұл қосалқы жүйенің атқарымдылық тағайындалуы мен олардың ішкі ортадағы өзара әрекетін анықтайтын бөлек қосалқы жүйелері мен элементтері арасындағы ішкі кеңістікте уақытша байланыстары мен қатынастарының салыстырмалы орнықты тәртібі. 

Ақпараттық жүйенің құрылымы оның жүйешелер (подсистема) деп аталатын бөлек бөліктер жиынтығынан тұрады. Жүйеше – бұл белгілі бір атауы бойынша ерекшеленген, жүйенің бөлімі.

Ақпараттық жүйенің жалпы құрылымын пайдалану саласына тәуелсіз, жүйелер жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Бұл жағдайда құрылымдық мағынасын классификация деп, ал жүйешелерді қамсыздандырушы деп атайды. Ақпараттық жүйенің құрылымы 1 суретте көрсетілген.

1- сурет. Ақпараттық жүйенің қамсыздандырушы жүйеше жиынтығы ретіндегі құрылымы.

Электронды оқулықтың автоматтандырылған оқу үрдісі ашық дамитын әдістемелік жүйе екендігі белгілі. Сонымен бірге электронды оқулық оқу ақпаратын тасымалдаудың жаңа құралы болып табылады. Онда оқу ақпараты толық мазмұндалып, әр түрлі қосымшалар, анықтамалық материалдар, бақылау тапсырмалары, ұсынылатын әдебиеттер тізімі және тақырыптық ресурстарға сілтемелер беріледі.

Электронды оқулықтың жетістіктері мыналар болып табылады:

- шұғыл кері байланысты қамтамасыз етеді;

- дәстүрлі оқулықта көп іздеуді қажет ететін тиісті ақпаратты тез табуға көмектеседі;

- гипермәтінді түсіндірмелерді бірнеше рет қарап шығу барысында уақытты анағұрлым үнемдеуге мүмкіндік береді;

- қысқа мәтіндермен қатар көрсетеді, әңгімелейді, жобалайды, т.с.с. (мультимедиа-технологияның мүмкіндігі мен артықшылығы тура осы жерде көрінеді);

- әрбір студентке дербестік тұрғыдан қатынас жасауға мүмкіндік беріп, олардың өз бетінше білім алуын қамтамасыз етеді;

-  белгілі бір бөлім бойынша білімді тексеруге мүмкіндік туады [4].

«Сандық қатарлар» электрондық оқу-әдістемелік кешенінен қысқаша дәріс:Сандық қатарлар теориясы математикалық талдаудың маңызды бөлімдерінің бірі болып саналады, өйткені қатар арқылы функцияны есептеу және ғылым мен техниканың көптеген салаларында зерттеулер жүргізуге қолданылады.

Белгілі геометриялық прогрессияны алатын болса, ол шектеусіз қатардың қарапайым мысалы болып табылады.

Мысал 1: Еселігі  болған шексіз геометриялық прогрессияны қарастырайық:

Шешуі:  дербес қосындысы тең болады:

Енді  шекке көшеміз:

   

себебі  . Сонда шексіз геометриялық прогрессия қосындысы мынаған тең болады:

Яғни қатар (геометриялық прогрессия) жинақты болатынын, сол сияқты болған жағдайда оның жинақсыз болатынын көреміз.

Оң мүшелердің

         (1)

тізбегі берілген болсын

Анықтама 1

(1) тізбек мүшелерінен құрылған

          (2)

шексіз қосындыны шексіз қатар деп атайды, (1) тізбек сандарының өздерін қатардың мүшелері деп атайды.

Сонымен,1-ші мүше, 2-ші мүше,...,ші мүше,ші мүше  функциясы ретінде белгілі болса, онда қатар берілген деп есептелінеді. [2], [3].

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.     «Қазақша-орысша орысша-қазақша терминалогиялық сөздігі. Математика», Алматы: «Рауан», 1999 – 212 бет.

2.     Уранаев Т.Ж. «Математикалық анализ есептеріне жаттығулар», Оқы құралы, Алматы: «Қазақ университеті», 2007 – 214 бет.

3.     Шмелев П.А. «Теория рядов в задачах и упражнениях», Москва: «Высшая школа», 1983 – 176 бет.

4.     Информатика и информационные технологии. Под ред. Романовой Ю.Д. перераб. и доп. - М.: Эксмо, 2008. — 592 с.