Қарым қатынас мәселесінің зерттелуі

«Тұран-Астана» университетінің доценті,

педагогика ғылымдарының кандидаты

Базарбаева К.К.

 

 «Тұран-Астана» университетінің

магистранты Умирзахова М.

Әлеуметтік-экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде, оқу тәрбие жұмысының жаңару заманында ағарту саласының кіші кіші мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу және білім беру буынында шешуін күткен келелі мәселелер тұр.

Жеке тұлғаның барлық адамдық қасиеттері басқа адамдармен қарым-қатынас барысында қалыптасады. Білімді меңгеру, мамандық бойынша даярлықтан өту және шеберлікті шыңдау барысында басқалардың тәжірибесін үйренудің нәтижесінде қарым-қатынас орын алады. Сондықтан қарым-қатынас мәселесін зерттеу және қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру психологияда үлкен орын алатын проблемалардың бірі болып табылады. Қарым-қатынас мәселелерінің көкейкестілігі кіші мектеп жастағы оқушыларға психологиялық қызмет көрсетуде тереңдей түседі

Кіші мектеп жасында қарым-қатынастың балалардың жеке тұлға ретінде дамуында алатын орнына, рөліне және қарым-қатынастың даму ерекшелігін анықтауға арналған зерттеулер ғылыми негізін А.В. Запорожец, Д.Б. Эльконин, Л.И. Божович, Х.Т. Шерьязданова және т.б. қалаған.

Оқушылардың қарым-қатынас проблемасының әртүрлі аспектілерін Л.С. Выготский, Б.Г. Ананьев, Е.И. Головаха, А.Б.Добрович, А.А. Бодалев, И.С. Кон, Л.А. Петровская, В.В.Столин, Н.И. Шеврандин, Л.Д. Стрляренко, Қ.А. Айдарбеков,  Т.М. Шалғынбаев т.б. ғалымдар зерттеген. Қарым-қатынастың бұзылу себептерін анықтап, оны түзету жолдарын ұсынғандар Э. Берн, Дж.Морено, Д. Карнегин. Олар әлеуметтік ортаға адамның икемделуіне негіз болатын себептер және факторларды анықтап, қарым-қатынас функциялары мен түрлерін жіктеп, бір жүйеге келтірген. Сонымен қатар осы мәселеге қатысты «Трансактілік талдау», «Социометриялық талдау», «Ұйымдастырушылық және коммуникациялық қабілетті анықтау», «Басқа адамдарға әсерлілікті бағалау» т.с.с. көптеген әдістемелер жасалған. Психодиагностикалық әдістемелердің қалыптасуына байланысты қазіргі кезде жеке тұлғаның психофизиологиялық ерекшеліктерін, оның қарым-қатынасының қалыптасуын толық және жан-жақты талдап шығуға мүмкіндік туды.

А.Н.Леонтьев ic-әрекеттің кай түрі болмасын қарым-қатынаспен  кабаттас болады деп түсіндіреді. Ол іс-әрекетті қарым-қатынастың қажетті шарты ретінде қарастырады. А.Н.Леонтьевтің қарым-қатынасты ic-әрекеттің өзгеше түpi деп талдау концепциясы, Б.Г.Ананьевтің, А.А.Бодалевтің коммуникативтік әрекет жайлы ілімдері біздің зерттеу жұмысымыздың әдіснамалық негізі болды.

Ал отандық ғалым С.М.Жақыпов бүтіндей оку-тәрбие үрдісінің тиімділігін анықтайтын  факторлардың 6ipi және окьггушы мен окушының арасындагы өзара әрекеттестік деп бірлескен диалогтық, танымдық, іс-әрекеттік тиіміділігінің критерийі деп көрсетеді. Мұнда өзара әрекеттестік, карым-катынас мәселесі шешілгенде танымдық іс-әрекетті калыптастыру үрдісіне жетекшілік жасауға мүмкіншілік  пайда болатындығы дәлелденеді.

Б.Г.Ананьев, А.А.Бодалев концепциялары карым-катынаста "субъект - субъект" жазықтығында карастыруды негіздейді, баскаша айтқанда оку-тәрбие үрдісінде ұйымдастырылатын қарым-қатынас тең позициялы түрде жүргізуге болады. Осы тұрғыда карым-катынасты жетілдірудегі әр баланы коммуникативті карым-катынастың субъектісі ретінде қарау, тану, дамыту кажет болады.

Карым-катынас мәселесін талдауда оның кұрылымдық, компоненттерін анықтап алу зерттеуге аркау болатынын білдік. Бұл мәселені 1977ж. В.В.Давыдов көтерген. Г.М.Андреева, П.Яноушек зерттеулерінде карым-катынас мақсат-бағдарлы, индивидтердің бір-бірін кабылдай алуы, түсіне алуы, өзара бірлесіп ic-әрекет жасауы және акпарат алмасу үрдісі деп карастырылады.

Қарым-қатынас проблемасының әртүрлі аспектілерін Б.Г. Ананьев,   А.Б.Добрович, Я.Л. Коломинский, И.С. Кон, Г.М. Андреева, Дж. Брунер, Э.Фром, Л.А. Петровская, В.В. Столин, Н.И. Шеврандин т.б. ғалымдар зерттеген. Қарым-қатынастың бұзылу себептерін анықтап, оны түзету жолдарын ұсынғандар Э.Фромм, Дж. Морено, Д. Карнеги. Олар әлеуметтік ортаға адамның икемделуіне негіз болатын себептер мен факторларды анықтап, қарым-қатынас функциялары мен түрлерін жіктеп жүйеге келтірген. Е.Мелибурданың тұжырымы бойынша, балалық шағында қарым-қатынасы дұрыс қалыптаспаған балаларда жалғыздық сезімі орын алып, оның жалпы дамуына бұл сезім теріс әсерін тигізеді.

Әдебиеттерде карым-қатынастың пәні, қарым-қатынасты жүзеге асыруды кажетсіну, қарым-қатынас кұрудағы мотивтер, қарым-қатынас әрекеті,  міндеттері, құралдары, нәтижесі де карым-қатынас элементтері ретінде қарастырылады. Біз олардың әркайсысын жекелей айкындадық.

Мұнда Т.В.Драгунова  бойынша қарым-қатынастың пәні қарым-қатынасқа субъект ретінде болатын басқа адам, яғни қарым-қатынас жасаудағы жұптас адам болады.

Қарым-қатынасты зерттеу мәселесімен айналысушы ғалымдардың көпшілігі (А.Г.Ковалев, М.И.Лисина, А.В. Петровский, К.Обуховский, В.С.Мусина, В.С.Мухина  және т. б.) адамдардың карым-қатынасты жүзеге асыруда кажетсіну, баска адамды танып-білуге ұмтылу, ниет білдіру ерекшеліктерін тағайындаған.

М.И. Лисина, А.Г. Рузская, СЮ. Мещерякова және т. б. енбектерінде қарым-қатынас мотиві "затталған қажеттілік" деген А.Н.Леоньтев  түсіндірмесіне негізделген., адамның қарым-қатынаста танымдық іскерлік және жеке бас мотивтері болатындығы баланың коммуникативтік мотивтерінің топтары мен генезисінде сипатталады.

Психология мен оған салалас ғылымдарда қарым-қатынас құралдарының сипаттамалары, жүйелері келтіріледі (А.А. Леонтьев).

М.И.Лисинаның қарым-қатынас құралдарының үш тобын экспрессивті мимикалық, заттық-әрекеттік және тілдік құралдарына бөліп қарастыруы біздің зерттеуіміз үшін де маңызды.

Қарым-қатынас құралдарын колданып, жалпы нәтиже алу тәсіліне де талдау жасалды. Карым-қатынас тәсілі оның бірілігі  деп танылады (М.И. Лисина, Д.А. Исмаилова т. б.). Әдебиеттерде карым-қатынас тәсілі әрекеттік формада «коммуникациялык, біліктілік» (Т. В. Антонова ), әсер ету, реттеу, байланыс жасау, акпарат беру тәсілдері (Е.Г. Макарова), жалпы нәтиже алуды камтамасыз етуге бағытталган әсерлер жүйесі, әдіс пен амалдар жиынтығы (Д.А Исмаилова, Ж.С. Абшиева) ретінде аныкталады. Ал, А.А.Бодалев карым-қатынас әсер ету тәсілдерін интеллектуалдық, эмоционалдық және еріктік деп үшке бөледі. Біздің зерттеу аспектімізде қарым-қатынас тәсілдерін жетілдіру ең негізгі мәселе болып табылды.

Қарым-қатынас негізінде балалардың барлық жеке басының қасиеттері дамып, психикалық кейіптері қалыптасады. Сонымен қатар қарым-қатынас балалардың танымдық үрдістерінің жетілуін қамтамасыз ететін бірден-бір фактор және жағдай болып табылады. Ал балалардың өзін-өзі дамытып, жетілдіруі, реттей алуы, бағалай алуының дұрыс қалыптасуын қамтамасыз ететін де балалардың ересектермен және басқалармен жасайтын әрекеттестігі, өзара қатынасы және өзара ақпарат алмасуында болады.

Әдебиеттер:

1.     Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики. –М., 1965-564с.

2.     Бодалев А.А., Ковалев А.Г., Теоретические и прикладные проблемы психологии общения в трудах. В.Н.Мясищева \\ Психологические исследования  общения. –М., 1985.

3.     Андреева Т.В., Толстова А.В. Темперамент супругов и совместимость в браке. // Ананьевские чтения. – 2001: Тезисы научно-практической конференции. –СПб., 2001

4.     Лисина М.И. Проблемы онтогенеза общения. –М., Педагогика. 1986.

5.     Бодалев А.А. Психология общения. –М.; Воронеж, 1996.