ӘОЖ 62-541.4:626.314:633.18
Сельское хозяйство/3.Земледелие, грунтоведение и агрохимия
Магистрант
Нұртазаева А.О., магистрант Байдалиев А.Т.,
магистрант Умирзакова
А.С., студент Жандаулетова А.Қ.
Қорқыт
Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті,
Қазақстан
Республикасы
КҮРІШ АТЫЗЫНДА СУДЫ
РЕТТЕУДІҢ ЖӘНЕ ТЕГІСТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ КӨЛЕМІН
АНЫҚТАУ ӘДІСІ
Қызылорда
облысы суармалы алқаптарында казір күріштің маусымдық
суару мөлшері бір гектар егіске шаққанда 28-32 мың м3
[1]. Бұл көлем өте жоғары, бұрын
атқарылған ғылыми-зерттеу жұмыстарының
нәтижелері оны 21-23 мың м3 шамасында
анықтаған [2-4]. Осының басты себептерінің бірі – ол
күріш атыздарында су
өлшеуіш құралдың - рейканың болмауы себебінен су
тереңдігі ұсыныстарға сәйкес ұсталмауда.
Қызылорда облысында қазір күріш атыздарының тегістік
дәрежелері қажетті мөлшерде болмау салдарынан қосымша
су шығындары орын алуда.
Жұмыстың басты мақсаты – су өлшеуіш рейканы
өндіріске енгізу арқылы суды үнемдеуге және тиісті қымбат күрделі құралдарды қолданбай, сушының өзі күріш атызының
тегістігін анықтауына, оның мөлшерін есептеуіне қол
жеткізу.
Ғылыми
жұмыс Қазақтың күріш ғылыми – зерттеу
институты Қарауылтөбе тәжірибе шаруашылығы
күріш ауыспалы егістігінде 2013
жылы орындалды. Ауыспалы егістің 3-танабы 2-күріш
тақтасының 3 күріш
атызында бақылаулар жүргізілді. Нивелирмен әрбір атыз бетінің
тегістіктері өлшенді. Сонымен бірге атызға су өлшеуіш рейка
орнатылды. Алғашқы суға бастырылғанда атыз
бетінің тең жартысы су астында тұрған кезеңде
рейка атыздың шетіне қойылды. Оның ноль белгісі су бетімен
бердей болды. Осы уақытта үш атыздың дәл өлшеммен
жоспары сызылды. Атыздағы су басқан және әлі
құрғақ жатқан жерлер шекаралары сол
жоспарға дәл түсірілді. Содан кейін атыз бетін су
түгелдей басқан кез бақыланды. Сол кезде рейканың
өлшемі анықталып журналға жазылды.
Облыс ауыл шаруашылығының егіншілік
саласы түгелдей суармалы әдіске бейімделген. Сондықтан, облыс
үшін суды тиімді пайдалану - маңызды мәселе екені белгілі. Күріш
атызында суды тиімді пайдалану арқылы, соның арқасында
өзеннен алынатын су мөлшерін азайтып, өңір экологиясын
тұрақтандыруға болады.
Күріштің
суару режимін зерттеуге арналған ғылыми ізденістерде атыздағы
су тереңдігі 12-15 см ден аспауы тиіс [7-9]. Казір кез келген күріш
егісіне барып су тереңдігін бақыласа ол 25-35 см шамасында болатыны
анық. Демек, атызда рейканың тұруы гектарына 1500-2000 м3
суды үнемдейді.
Жүргізілген
зерттеулер нәтижесінде бұрын онша мән беріле бермейтін су
өлшеуіш рейканың атыз бетінің тегістігін сипаттайтын, оны
тегістеу жұмыстарының көлемін арнаулы маман ғана
жұмысқа қоса алатын, күрделі қондырғы - нивелирді
қолданғандағы дәлдікпен шамалас деңгейде
анықтауға
болатыны белгілі болды.
Осыған сәйкес атыз ішіндегі тегістеу жұмыстарын
анықтауға төмендегі формуланы ұсынамыз:
V
1/4 · ω · (h - h0), м3
мұнда: ω - атыз ауданы;
h - атыз беті сумен толық жабылған
кезеңдегі су өлшеуіш
рейканың көрсеткіші;
h0 - атыз бетінің қазіргі
талаптарға сай болатын тегіссіздік мөлшері
±5 см;
демек, h0 = 0.05 м.
Төмендегі
кестеде жоғарыда келтірілген формула арқылы есептелген
көрсеткіштер келтірілген. Мұнда тегістеу жұмыстарының
көлемі негізінен атыздың тегіссіздік көрсеткішімен байланысты.
Атыз бетінің көлденең қимасында
анықталғандай, атыз бетінің өзгеруі біркелкі болатыны белгілі.
Атыз бетінің тегіссіздігі ±5 см болғанда тегістеу қажет емес,
V=0 тең. Осы кестенің мәліметтеріне сүйене отыра атызды
тегістеу жұмыстар көлемінің графигін тұрғыздық
(1-сурет). Осы графиктен Δh
мәніне және атыздың ауданына сәйкес тегістеу жұмыстар мөлшерін
анықтауға болады. Демек, келешекте әрбір күріш
атызының тегістігін сол шаруашылықтың су маманының
қатысуынсыз-ақ, сушының болмаса егіншінің өзі анықтай
береді. Одан кейін атызды тегістеу
жұмыстар жолы мен ретін сол азамат белгілеп, атқара беретін болады.
Бұл, осы кезде орын алып жатқан күріш атыздар бетінің
тегістігін алдағы уақытта күрделі түрде
жақсартуға жол ашады.
1-кесте. Су өлшеуіш рейка
арқылы атыздағы тегістеу жұмыстарының мөлшерін
анықтау
|
Δh, м |
V, м3 |
||||
|
ω = 3,0 га |
ω = 2,5 га |
ω = 2,0 га |
ω = 1,5га |
ω = 1,0 га |
|
|
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
|
0,05 |
375 |
313 |
250 |
188 |
125 |
|
0,10 |
750 |
625 |
500 |
375 |
250 |
|
0,15 |
1125 |
938 |
750 |
563 |
375 |
|
0,20 |
1500 |
1250 |
1000 |
750 |
500 |
Аталған
үш атызға алдын-ала нивелирмен өлшеулер жүргізілді.
Атыздың аудандық өлшемі жаны 20 метрлік шаршы бойынша
орындалды [5-6]. Атыздардың аудандары 2,67; 2,79; 2,53 га. Нивелирмен
жасалған өлшемдер нәтижелері 2-кестеде көрсетілді.
Сонымен қатар, бұл кестеге 2-суретте
келтірілген графиктер бойынша
анықталған тегістеу жұмыстар мөлшерлеріде толтырылды.
Тегістеу жұмыстар мөлшерлерінің ауытқулары екі атызда
нольден жоғары, бір атызда нольден төмен. Олардың пайыздық көрсеткіштері
7,9–10,7 аралығында. Сондықтан, екі әдіспен
анықталған көрсеткіштер ауытқулары
қанағаттанарлық аралықта
орналасқан деп санауға болады. Демек, жоғарыда
көрсетілген графиктерді тегістеу жұмыстар көлемін анықтау
үшін қолдануға болады.
2-кесте. Атыздарды тегістеу
жұмыстар көлемін салыстыру
|
Атыз ауданы, га |
h, см |
Формуламен есептелген атызды тегістеу көлемі, м3 |
Нивелир өлшемі арқылы есептелген жерді тегістеу көлемі, м3 |
Жерді тегістеу жұмыстар мөлшерлерінің
айырмасы |
|
|
м3 |
% |
||||
|
2,67 |
12 |
467 |
426 |
41 |
8,8 |
|
2,79 |
13 |
558 |
514 |
44 |
7,9 |
|
2,53 |
9 |
253 |
280 |
−27 |
10,7 |

1-сурет. Рейка
көрсеткіші және атыз ауданына сәйкес тегістеу
жұмыстары
мөлшерін анықтау графиктері
Тегістеу
жұмыстары атыз бетінің тегіссіздік дәрежесіне байланысты
жүргізіледі. Атыз бетінің тегіссіздігі ±10 см-ге тең болса
10-15 метрлік бөрене немесе
рельсті 2 ұшынан троспен тракторға тіркеп жерді тегістеуге болады. Тегіссіздік
дәрежесі ±15 см болса ұзын
базалы жер тегістеуіш қолданылады. Тегістеу алдында атыз іші тиісті
құралмен қопсытылады. Тегіссіздік дәрежесі ±20 см және одан да көп
болған жағдайда атыз скреперді қолдану арқылы тегістеледі.
"Су
шаруашылығы" кафедрасының ғалымдары 2005-2007 жылдары
Қарауылтөбе тәжірибе шаруашылығы ауыспалы
егісінің танабындағы атыздар тегістігін зерттеген. Соның
негізінде күріш атыздары 3 топқа бөлінген: 1-ші топ тегістігі
қолайлы атыздар - тегіссіздігі ±5
см. Бұл атыздардың үлесі 15% шамасында. Атыздардың
көпшілігі немесе 60% көлемі ±10 см тегіссіздік жағдайында
болған. Атыздардың қалған көлемінде тегіссіздік ±15 см. Бұл атыздардың
үлесі 25%. Сондықтан осы мәліметтерді облыста күріш
өсірілетін егістікке қатысты деп есептесек, онда ±5см тегістік
талабына жауап беретін егіс көлемі 0,15·75000 = 11250 га. Ал тегіссіздігі
±10см атыздар көлемі 0,60·75000 = 45000 га. Тегіссіздігі өте нашар
атыздар ±15см көлемі 0,25·75000 = 18750га. Атыздарды бір мәрте
суға бастырғанда қосымша су шығынының
көлемі ±5 см-де 500 м3/га, ±10 см-де 1000 м3/га, ±15 см-де
1500 м3/га тең. Осыны ескеріп, облыс көлемінде
бірінші рет суға бастырғанда атыз бетінің тегіссіздігіне
байланысты су шығыны төмендегіше анықталады ( 3-кесте).
Сондықтан, осы әдіс өндіріске енгізілсе, атыздағы суды 2-3 мәрте
ауыстырғанда бір гектардан шығынға кетіп жүрген 2,5-3,0
мың м3 су қосымша үнемделеді.
Күріш
атыздарында бүгінгі күні су кем дегенде екі мәрте қосымша ауыстырылады. Сонда 78,75·3=236,25
млн м3 су шығыны атыздар тегіссіздігіне байланысты
орын алады. Осы
шығынның есебінен артық
9400 га күріш
өсіруге болады немесе осы су мөлшерін басқа дақылдарды
суаруға пайдалануға
мүмкіндік туады, болмаса осы су көлемін аймақта
орналасқан көлдер жүйесіне құйып, жалпы
өңір экологиясын едәуір
жақсартуға жол ашылады.
3-кесте. Атыздарды суға
бастырғандағы қосымша су шығыны
|
Атыз бетінің
тегіссіздігі |
Егіс көлемі, га |
Атызды қайталап
суға бастырғандағы қосымша су шығыны, м3/га |
Су
шығынының мөлшері, млн. м3 |
|
±5см |
11250 |
500 |
5,63 |
|
±10см |
45000 |
1000 |
45,0 |
|
±15см |
18750 |
1500 |
28,12 |
|
Барлығы |
|
|
78,75 |
Демек, су
өлшеуіш рейка арқылы атыз бетінің тегістік дәрежесі,
атыздағы тегістеу жұмыстарының мөлшері, атызды тегістеу
жұмыстарының әдістері мен жолдары анықталады.
Қорытынды
Қызылорда
облысы суармалы алқаптарында күріштің маусымдық суару
мөлшері бір гектар егіске шаққанда 28-32 мың м3.
Ғылыми ұсыныстарда белгіленген дақылдың суару режимі
күріш егістігінде дұрыс сақталмауда. Су өлшеуіш
рейканың болмауынан атыздағы су тереңдігі көбінесе
20-35 см, одан да жоғары болуда.
Атқарылған
зерттеулер негізінде рейканың өлшемімен атыз бетінің тегістік
дәрежесін, тегістеу жұмыстарының көлемі мен әдістерін анықтауға
болатыны дәлелденді. Тегістеу жұмысының мөлшерін
есептеуге қажет формула ұсынылды. Осы әдіс өндіріске
енгізілген жағдайда әрбір гектар күріш егістігінде 4,0 - 5,0
мың м3 су үнемделеді.
Выводы
Основным
показателем использования оросительной воды на рисовых системах является
оросительная норма культуры. Ныне на орошаемых землях Кызылординской области
оросительная норма риса составляет 28-32 тыс. м3/га. Это имеет
место, ввиду несоответствия фактических режимов орошения риса в хозяйстах
рекомендуемым. Зачастую глубина воды в рисовом чеке составляет 20-35 см, что
увеличивает потери поливной воды.
Наличие
в чеке водомерной рейки, кроме контроля над глубиной воды, дает возможность
определения степени неровности поверхности чека и установления объема
планировочных работ. Предложена формула для оценки объема планировки. Внедрение
этого метода в производство обеспечит экономию 4,0-5,0 тыс. кубометров воды с
каждого гектара.
Conclusion
Seasonal
irrigation rate of rice on irrigated lands of Kyzylorda region is 28-32
thousand m3 per hectare. Irrigation regime of crops established in scientific
suggestions are not observed correctly on rice fields. Due to lack of depth
gauge water depth on the field in most cases reaches 20-35 cm and more.
On the basis of undertaken studies it has been proved that by using gauge it is
possible to determine the degree of field surface layout, volume and land
planning methods. The formula necessary to calculate the volume of land
planning has been proposed. In the case of introduction of this method in
production, water saving on rice fields will be 4.0-5.0 m3/ha.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1.
Отчеты по водопользованию
Кызылординского областного комитета по водным ресурсам. – Кызылорда,
1965-2012гг.
2.
Кошкаров
С.И. Экологически оптимальный режим орошения риса в Приаралье // Материалы республиканской научной конференции. –
Алматы: РНИ «Бастау», 1998. – С. 23-26.
3.
Рау А.Г., Калыбекова Е.М., Абикенова С.М. Номирование
водоотведения с рисовых орсительных систем бассейна р.Сырдарьи. Материалы международной
научно-практической конференции «Международный Фонд Спасения Арала – 20 лет на
пути сотрудничества». - Алматы, 2013, - С.190-194.
4.
Кутыбаев
Е.М. Научное обоснование снижения оросительной нормы риса в Кзыл-Ординской области.
– Автореф. дисс…канд. с.-х. наук. – Алма-Ата, 1971. – С. 25.
5.
Маслов А.В., Гордеев А.В., Батраков Ю.Г. Геодезия. –
Москва: Колос, 2007. – 596 с.
6. Қалыбеков Т. Геодезия мен топография негіздері: Оқу
құралы. – Алматы: Ана тілі, 1993. – 184 б.
7. Жайлыбай К.Н.
Күріш егіншілігі және экология. - Алматы, 2006. – С. 178.
8. Кошкаров С.И. Режим
орошения риса и предупреждение
засоления орошаемых земель. Рекомендации по возделыванию сельскохозяйственных
культур в Кзыл-Ординской области. – Кызылорда, 1976. – С. 17-23.
9. Дилимбетов К.Д.,
Кошкаров С.И. О результатах изучения режимов орошения риса на засоленных почвах // Информация о работах Казахского
научно-исследовательского института риса. – Алма-Ата: Кайнар, 1974. – С. 6-8.