Үкібаева Л.О., Құлқаева Л., Затыбекова
Т.Н., Бектурсунова Б.Н.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті.
Тараз қ.
Балықтардың су
биоценозындағы орны
Су қоймаларында балықтар
ондағы барлық мекендеушілермен, соның ішінде балықтар
және басқа да кластардың өкілдерімен
қарым-қатынастарда болды. әсіресе көптеген байланыстар
қоректенуде (тұтынушы мен қорек, жыртқыш пен жемдік, ие
мен паразит байланыстары), жауынан қорғауда (үйір
құру, ұялары мен шабақтарын қорғау,
бүркеніш рең), көбеюде (әртүрлі жынысты
өкілдер, ересектері мен ұрпақтары арасындағы
байланыстар, территориясын қорғау, уылдырық шашу кезінде
субстрат таңдау) жүзеге асырылады.
Биотикалық жөне абиотикалық
байланыстардың араласуының нәтижесінде су қоймаларында
организм мен тіршілік ортасы арасында бірлестік қалыптасады. Эволюция барысында
балықтарда тіршілік қарым-қатынастар және әртүрлі
топтар, олардың ішіндегі негізгілері
- үйір, тобыр және популяция қалыптасады.
Үйір -
мінез-құлқы ұқсас болып келген балықтар
тобы. Оны биологиялық жағдайы және жасы жақын особьтар
құрайды.
Бірақ үйірді барлық түрлер түзе бермейді.
Әдетте үйір планктонқоректі балықтарға
(майшабақтар, анчоустар) тән. Басқа түрлер тек жас
кезінде ғана үйір құрып,
жыныстық жағынан жетілген соң, үйірге тек белгілі
уақытта ғана жиналады. Үйір
құрып тіршілік етудің балықтарға беретін
артықшылығы көп. Үйір қауіп-қатерді тез
байқайды жөне жылдам жиналып, жыртқышқа жекелеген
балықты ұстауына кедергі
келтіреді. Үйір аулау құралынан да қаша алады
және қоректің көп жиналған жерін тез тауып алады.
Үйір миграция кезінде жақсы бағдарлайды және тура
жолды жылдам табады.
Тобыр -
тіршіліктің әртүрлі кезеңдерінде уақытша пайда
болатын топ. Миграциялық жиналу уылдырық шашуға, қыстауға
және қоректенуге алыс жерлерге баратын балықтардан тұрады.
Уылдырық шашу үшін жиналу жыныстық
жағынан жетілген особьтарға тән: мысалы, Еділ мен Дон, Іле өзендерінің
атырауларында сазанның уылдырық шашуға жиналуы. Семіру
(қоңдану) үшін жиналу балықтар қоректену
аудандарында жүреді. Қыстауға жиналу
қыстайтын жерлерде - шұңқырларда, мысалы, Еділ, Іле,
Ертіс өзендерінің сағаларында кездеседі.
Популяция - әртүрлі жастағы
балықтардың бір түріне жататын, су қоймасының белгілі бір учаскісінде тұрақты
мекендейтін, өзімен өзі ұдайы өсіп жататын шашырап тараған топ.
Популяцияның белгілі көбейетін, қоңданатын және қыстайтын
орындары болады. Әр жерде орналасатын тобырдағы
балықтардың кейбір морфо-экологиялық ерекшеліктері болады.
Балықтардың
түрішілік қатынастарының көптүрлілігі
үйірлік мінез-құлығында,
қоректену қатынастарында, әр жынысты балықтар арасында,
көбею кезіндегі ойындарда, ұя
салуда және олардың зат алмасу өнімдерімен абиотикалық ортаны өзгерту арқылы бір-біріне
тигізетін әсерлерінде айқын байқалады.
Балықтардың
түраралық байланыстары да алуан түрлі. Әр
түрдің өкілдері өздері қалыптасқан орта
жағдайына бейімделеді. Қоректену спектріндегі айырмашылық қоректік
қатынастарды жеңілдетеді. Үйір құру, тұқымдылықтың
жоғары болуы, ұрпағына
қамқорлық жасау, улы бездерінен у шығару немесе уылдырықтарының
улы болуы (қарабалық, көкбас, қаяз), тікендері мен қылтандардың болуы жауларынан
қорғануды жеңілдетеді. Жыртқыштардың бейімдеушілігі
жемтігін ұстауға көмектеседі.
Балықтарда биотикалық байланыстарда өте алуан
түрлі. Балықтардың тіршілігінде өсімдіктер үлкен
маңызға ие, өйткені олар су қоймаларының гидрохимиялық режимін өзгертеді,
яғни жарықта жүретін фотосинтез процесінде
көміртегінің диоксидінен көміртегі сіңіріледі, оттегі
бөлінеді. Және керісінше өсімдіктердің жаппай дамуы
және өлуінің нәтижесінде су қоймасында органиктер
көбейеді. Нәтижесінде су қоймасында оттегі мен
көмірқышқыл газының тәуліктік, маусымдық
және т.б. мөлшерлерінің ауытқуы жүреді.
Фитофильді балықтар өсімдіктерді
уылдырығын шашатын субстрат және жыртқыштардан
қорғанатын баспана ретінде пайдаланады. Көптеген
балықтарда, әсіресе өсімдіктер
арасында мекендейтіндерде, мимикрия
құбылысы байқалады, олар сырт көзге көп түсе
бермейді (теңіз аты - жалбыршалар, теңіз тебен балықтары).
Өсімдік қоректі балықтар
(ақ амур, дөңмаңдай, торта, бозша мөңке,
храмуля, подуст,
қызыл қанат балық) төменгі және
жоғарғы сатыдағы өсімдіктермен қоректенеді. Десе
де жануарқоректі өсімдіктер, соның ішінде
дүңгіршектер (Urticularia және Аldrovanida) өздері де
балықтардың личинкалары мен планктондарды ұстап, корек
қорын кедейлендіруге қатысады.
Көк-жасыл балдырлар В1 витаминін ыдырататын
ферменттің көбеюіне әсер ететін токсиндер бөледі,
нәтижесінде балықтарда авитаминоз дамиды. Бұл балдырлардың гүлденуі
гидрохимиялық режимді нашарлатады, ал олардың шіруі балықтардың
улануына әкеледі.
Сапролегния және ахилия туыстарына жататын саңырауқұлақтар
ересек балықтар мен уылдырықтарды зақымдайды, ал бранхиомицес
саңырауқұлағы желбезек шірігінің коздырғышы
болып табылады.
Бактерияларда
балыктар тіршілігімен тығыз байланысты. Кейбір бактериялар
балықтардың зиянкестері болып табылатын саңырауқұлақтарды ерітуге
қабілетті, кейбіреулері
асқорытуға жәрдемдеседі, үшіншілері
балықтардың шабақтары мен планктонды
организмдер үшін корек болып табылады.
Ауру
тудырушы бактериялар мен вирустар тұқытектестердің
қызыл ауруын, бахтахтардың
панкранекрозын, албырттардың фурункулездерін қоздырады. Бұл аурулар балықтардың жаппай қырылуына соқтырады. Омыртқасыздардың
да балықтар тіршілігінде алатын орны үлкен.
Балық
шабақтарының өсуіне қарай олар неғүрлым
ірі омыртқасыздармен, қарапайымдылар
мен коловроткалардан бастап құрттар, шаянтәрізділер, моллюскалар және насекомдармен коректене бастайды.
Екінші
жағынан, жыртқыш коловраткалар, циклоптар, сүңгіру
қоңыздар, сусынаптар,
қоңыздар мен инеліктердің личинкалары балықтардың
шабақтарымен қоректенеді.
Омыртқасыздардың барлық топтарыңда
балықтардың жұқпалы ауруларын тікелей қоздырушылар немесе
аралық иелері болады. Хилодонеллез, ихтиофтириоз, триходиниоз
сияқты аса қауіпті аурулар хилодонелла, ихтиофтириус, триходин инфузорияларымен жұғады. Костиоз костия
талшықшысы, албырттардың
айналмасы-миксома споровигімен таратылады. Сорғыштар (дактилогирус және гиродактилус)
балықтардың желбезектерінде, ал сангвиникола қантамырларында,
көзде - диплостома паразитті тіршілік етеді. Ішегінде таспа құрттар (сымтәрізділер мен
ботриоцефалюс), ал жұмыр құрттар (филометра) бұлшық етте мекендейді. Циклоптар
ботриоцефалюс таспа құртының,
олигохеттер-сымқұрттарының, тоған ұлуы-диплостомалардың, ал биттиния молюскалары сібір қосезуінің аралық иелері болып
табылады.
Балықтардың
басқа омыртқалы жануарлармен де байланыстары өте алуан түрлі. Бақалармен жайындар, ал
бақашабақтарды бахтах, таутан және жыланбас балық жейді. Бақалар
жыртқыш насекомдармен қоректеніп балық шабақтарын құтқарады.
Тритондар мен көл бақа балықтардың шабақтары және уылдырықтарымен қоректеніп, кейде
балық шаруашылығына біршама зиян келтіреді, өйткені олар
балықтардың бағалы
түрлерінің мыңдаған шабақтарын жояды. Бақашабақтар-балық
шабақтарының қоректік бәсекелестері. Кейбір рептилиялар-су сарыбас
жыландары, тұщысу және теңіз
тасбақалары, қолтырауындар-балықпен қоректенушілер
болып табылады.
Ірі шортандар мен жайындар су
құстарының балапандарын жейді. Құс базарларына жақын жерлерде, құс саңғырығының
арқасында, қоректік нысаналардың биомассасы артады.
Құстар көп көлемде
насекомдарды жояды, соңғылары
балық уылдырығы мен шабақтарының жауы болып табылады.
Бірақ, осыған қарамастан көптеген балық
қоректі құстарға (балықшы тұйғын, субүркіттері,
маймақ қаздар, сұқсырлар, даулпаздар,
құтандар, су құзғындары, бірқазандар,
шағалалар, үйректер) қоректену үшін өте көп
мөлшерде балық керек, ересек су құзғыны бір
күнде 700 г-ға ға дейін балық жейді.
Майда
сүтқоректілер жайынның, шортанның,
майқаптың, тайменнің және хариустің жемтігі болуы
мүмкін.
Тропикалық
үйірлі балықтар – бөрібалықтар-суда
доңыздарды, тіпті бұқаларды да жей алады. Көптеген
сүтқоректілер (су күзені, кәмшаттар,
түлкілер, аюлар) қорек
ретінде балықтарды пайдаланады. Ескекаяқтылар мен
киттәрізділер балықтарды көптеп пайдаланады.
Қорыта
айтқанда, балықтардың тіршілігі көптеген
омыртқалылар және омыртқасыздармен
қоян-қолтық алмасады, ал балық қорының
азаюы жануарлар әлемінің көптеген түрлерінің биологиялық
тепе-теңдігін сақтауда және тіршілігіне ойдағыдай кері
әсерін тигізеді.
Әдебиет
1.
В.М.Константинова., С.П.Шаталова Зоология позвоночных М., 2004.
2.
Линдберг Г.У. Определитель и характеристика семейства рыб мировой фауны. Л.,
1971
3.
Анисисмова Н.М., Лавровский В.В. Ихтиология М., 1991
4.Джумалиев
М.К. Морфо-физиологические особенности гидростатического аппарата некоторых
ортядов рыб Алматы., 2003