Жамбыл облысында эхинококкоз, альвеококкоз, токсокароздардың таралуы: оның ерекшеліктері, мал шаруашылығына және адамдарға келтірер залалы

 

Үкібаева Л.О., Құлқаева Л

 

Ит және ит тұқымдастарына жататын басқа да жабайы етқоректі жыртқыштар адамдар мен ауылшаруашылық жануарларының ларвальді цестодоздарының, соның ішінде эхинококкоз ауруының басты жұқтырушысы  болып табылады. Аталған инвазия иттерге мал сойған кездегі жарамсыз деп тасталған эхинокок беріштерімен залалданған ішкі мүшелерді жеу арқылы жұғады, ал бұл жағдай көбінесе тұрғын үйлер аулаларында, фермаларда және жайылымдарда мал сою кезінде орын алады.

Иттерде тіркелген гельминттердің 82 түрінің 32 түрі адамдарда, ал 26 түрі ауылшаруашылық жануарларында паразиттік тіршілік ете алады екен.

К.И. Скрябин өзінің «Түркістан үй жануарлары гельминттеріне сипаттама» атты диссертациялық еңбегінде иттерде табылған гельминттердің 12 түрін: Alaria alata, Taenia hydatiqena, Тaenia pisiformis, Multiceps multiceps, Dipyludium caninum, Toxocara canis, Toxascaris leoninа, Ancylostoma canimum, Uncininaria stenocephala, Spirocerca lupi, Dirofilaria immitis, Trichocephalus vulpis, сипаттаған.

Отандық және шетел әдебиеттерінің мәліметтері бойынша 30-шы жылдардың басында иттерде паразиттік тіршілік ететін гельминттердің 125 түрі тіркелген.

         Қазақстанда иттердің гельминтозооноздары мен басқа да ішек гельминтоздарын зерттеумен К.И. Скрябин, В.Т. Рамазанов, Н.Т. Кадыров сияқты көптеген ғалым - гельминтологтар айналысты. Қазақ ССР аумағында гельминттердің барлығы 27 түрі тіркелген, олардың 5 түрін трематода, 10 - цестода, 11 – нематода және 1 түрін – акантоцефалдар құрайды.

Мал сою пунктерінің, мал өлекселерін тастайтын орындардың (немесе олардың болмауы) антисанитарлық жағдайы эхинококк паразиттерінің иттер мен ауылшаруашылық жануарлары арасындағы айналымына мүмкіншілік жасайды. Иттердің эхинококтармен жаппай жұқтырылуы негізінен өлексе тастайтын арнайы орыны жоқ және малдәрігерлік бақылау нашар жүргізілетін жаздық жайылымдарда орын алады. Бұл ретте ең көп жұқтырылған болып ферма маңы иттері саналады.

Ғалым- гельминтологтар жасаған зерттеулер нәтижесінде Қазақстанда иттерде гельминттердің 38 түрі, қасқырларда гельминттердің 27 түрі, түлкілерде - 32 түрі, қарсақтарда -  26 түрі және шибөріде  7түрі тіркелген, олардың 85%-дан астамы ит тұқымдастарының асқазан-ішек жолдарында тоғышарлық етеді.

Эхинококкоз адам және ауылшаруашылық жануарларының паразиттік аурулары ішінде кең тарағаны және мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан үлкен зиян тигізетін бірден-бір дерт болып табылады. Бұл инвазия  клиникалық ағымы ауыр өтуі салдарынан әлеуметтік тұрғыдан маңызды болып есептеледі, өйткені ол кез келген мүшені зақымдауымен, организмді аллергизацияға ұшыратуымен және ауыр асқынуларымен, кейде мүгедектікке, өлімге соқтыруымен сипатталады.

Адам эхинококкозы Канада, Сардиния, Марокко, Алжир, Тунис, Иордания, Кувейт және тағы басқа мемлекеттерде кездеседі. ТМД елдері ішінен Литвада, Қазақстанда, Қырғызстанда кездеседі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және Халықаралық эпизоотологиялық бюро эхинококкозды бірінші кезекте жойылуы тиіс аурулар қатарына жатқызғанын атап өткен жөн.

Көптеген алыс шетел және ТМД елдерінде соңғы жылдары эхинококкоздың эпидемиялық және эпизоотологиялық жағдайы күрделене түсті. ДДСҰ-ы мәліметтері бойынша аурудың ұзаққа созылуы (10-15 жыл) салдарынан бір науқастың эхинококкозбен ауруы қоғамға 10 мың АҚШ доллары көлемінде зиян келтіреді. Эхинококкоз әлемнің  әр жерінде әртүрлі инвазия экстенсивтілігімен тараған. Айталық, әр жылы 100 мың тұрғынға шаққанда: Мароккода - 6,5-7,8; Алжирде - 3,4; Тунисте - 16,5; Иорданияда - 15-тен жоғары; Кувейтте - 3,6 тұрғын осы дертке шалдығады.

Әлемнің көптеген мемлекеттеріндегі эхинококкоз ауруына шалдыққан науқастар санының өсуі эхинококкоз мәселесінің өзектілігін айқындай түседі.

Қазақстанда адам эхинококкозы кеңінен таралған. Біздің республикамыз маңыздылығы жыл сайын өсіп жатқан эхинококкоз ауруы бойынша эндемикалық аймақтар қатарына жатады. Айрықша эпидемиологиялық қиын жағдай республикамыздың оңтүстік және батыс аймақтарында сақталып отыр, өйткені осы аймақтарда жыл сайын 400-ден көп адамға хирургиялық стационарларда операция жасалынады, бұл республика бойынша тіркелген бүкіл эхинококкоз оқиғаларының 70%-дан астамын құрайды.

Халықтың эхинококкозбен ауыруының жоғары деңгейде болуының басты себебі ауру ит пен  ауылшаруашылық жануарларының кесірі екені даусыз, өйткені кейбір  шаруашылықтарда олардың инвазиялануы көп жылдар бойы жоғары деңгейде қалып отыр және 40-80%-ға жетеді.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары  2005-2009 жылдар аралығында Қазақ ғылыми-зерттеу институтының паразитология зертханасында және Жамбыл облысының шаруашылықтарында жүргізілді.

Жануарлар мен адамдарға қауіпті гельминтоздардың диссеминациясындағы үй етқоректілерінің эпизоотологиялық және эпидемиологиялық рөлін Жамбыл облысының түрлі аймақтарындағы әр түрлі мақсатта пайдаланылатын 34 итті 1%-ды бромсутекті ареколин ерітіндісімен 0,5 мл/кг дозада диагностикалық дегельминтизациялау арқылы анықтадық. Ареколин бергеннен соң бірінші және екінші дефекациядан кейінгі шыққан гельминттерді нәжістерден бөліп, жуып-шайдық. Жиналған паразиттердің түрлері анықталып, инвазия интенсивтілігі, экстенсивтілігі және көптік индексі есептелді.

Етқоректілер гельминттер фаунасын жануарлардың ішек-қарын жолдарын толық гельминтологиялық К.И. Скрябиннің зерттеу әдісімен анықтады. Түлкінің ішек-қарын жолдарындағы гельминттердің түрлік құрамын 2005-2006 және 2006-2007 жылдар аралығында Жамбыл облысындағы кәсіпқой аңшылардың қыс мезгіліндегі аулаған 42 бас түлкісін сойып зерттеу арқылы анықтады.  

Жамбыл облысындағы ең көп таралған 9 түрлі кеміргіштердің (қызылқұйрық және кіші құмтышқан, үлкен қосаяқ, күмістүсті тоқалтіс, қырғыз тоқалтісі, тянь-шань сары тоқалтісі, су тоқалтісі, сүйірбасты тоқалтісі, орман қарақасы) гельминтер фаунасын жалпы қабылданған  толық гельминтологиялық сою әдістерін қолдана отырып анықтады. Кеміргіштер Геро қақпаны арқылы ауланды. Жұмыс альвеококкоздың негізгі аралық иесі болып табылатын аталмыш кеміргіштердің залалдануын анықтау мақсатында екі ландшафтта – тауда (1500-4000м теңіз деңгейінен жоғары) және далалы ландшафты басым тау етекті аймақта жүргізілді.

Қарындағы заттар реттік шаю әдісі арқылы зерттелді. Ащы ішекті шажырақайға бекітілген қарама-қарсы жақтайына қарай ұзына бойы жан-жағымен қоса тілдік және бинокулярлы лупа көмегімен гельминттердің бар-жоғына зерттелді. Зерттеу мөлшерінде эхинококтар мен альвеококтар табылмаған жағдайда матрикстан іріктеліп алынған барлық тұнбаларды қосымша тексеру жасадық, сонымен қатар ішектің шырышты қабығынан алынатын қырындының мұқияттылығы қадағаланды. Сою нәтижесінде жиналған цестодаларды 70° спиртте, ал нематодаларды Барбагалло сұйықтығында,  акантоцефалдарды  формалиннің 3%-дық сулы ертіндісінде консервіленді. Цестодаларды квасцтық карминмен бояған соң анықталды, нематодаларды анық көрінуі үшін глицерин сутегі ерітіндісінде ағартыңқыратылды. 

Репрезентативтік қатемен есептелінген инвазия экстенсивтілігі және көптік индексі (соңғысы қарапайым орташа арифметикалық формула бойынша анықталады) Стьюденттің t критериясы көмегімен салыстырылды.            Инвазияның экстенсивтілігін мына формуламен анықталды:

 

 ,

 

мұнда:    р -  дарақтардың залалдану үлесі;

               m -  зарарланған дарақты саны;

               n -  іріктеу көлемі.

          Репрезентативтіктің іріктелген қатесін мына формула бойынша есептелді:

Екі таңдалған иедегі инвазия экстенсивтілігін Стьюденттің «t» критериясы көмегімен салыстырылды. Стьюдент критериясының нақты маңызы таңдалған үлестің айырмашылығы қатынасының осы қателік айырмасына тең:                                                      

 

 

Көптік индексін мына формуламен анықталды:

                                                        ,

мұнда: - көптік индексі (таңдалған иедегі гельминттің орташа              арифметикалық саны);

              å xi- аталған таңдаудағы гельминт түрінің жиынтық саны;

               n - иені іріктеу көлемі.

 

Токсокароз адамда сирек кездесетін ауру болып табылады, медициналық әдебиеттерде ол туралы мәліметтер жоқтың қасы. Кең таралғанына, ауыр клиникасына және патологияда, әсіресе балаларда, маңызды рөліне қарамастан  тәжірибе өтуші мамандар токсокароз туралы аз біледі және клиникасына қарамастан одан сирек күдіктенеді. Статистикалық мәліметтер тек Ресей бойынша бар, ал Қазақстан бойынша жоқ. Ресейде мемлекеттік статистикалық бақылауды енгізгеннен бері токсокорозбен ауыратын науқастар саны 1991-1999 жылдар аралығында 15-тен 641-ге дейін ұлғайған, оның ішінде балалар арасында 9-дан 447-ге дейін оқиғалар тіркелген. Ауру саны жыл сайын, әсіресе Ресейдің ауылдық жерлеріндегі балалар арасында өсуде.

Токсокарозды жұқтырудың көзі тек инвазияланған иттер болып табылады, ал адамдар ешқашан ауру таратпайды. Токсокароз кезіндегі эпидемиологиялық процесс иттер арасындағы эпизоотологиялық процесске толық тәуелді болады. Адам ішегінде токсокаралар басқа адамдарды немесе жануарларды жұқтыру үшін жетілген инвазиялық элементтерді бере алмайды. Синантропты ошақтарда адам үшін инвазия ошағы ретінде топырақты нәжістерінен шыққан токсокар жұмыртқаларымен бүлдіретін иттер болып табылады. Инвазияланған адамдар инвазия көзі бола алмайды, өйткені адам организмінде толық жыныстық дамыған токсокаралар түзілмейді және пропогативті (жұмыртқа) сатылары бөлінбейді, бірақ аскаридаттармен адамдардың ауруы көбнесе мүгедектікпен, тіпті өліммен де аяқталуы мүмкін. Тіпті адам нәжісімен токсокара жұмыртқалары бөлінсе де, оларда қалыптасқан дернәсіл болмайды және олар инвазиялық жағдайға дейін дами алмайды.    Адамдардың токсокарозбен ауыру деңгейі статистикалық мәліметтерде көрсетілгеннен әлдеқайда жоғары болуы мүмкін. Бұл дәрігерлердің (жұқпалы ауруларды емдейтін және педиатрлар) аурудың клиникалық ерекшеліктерін және токсокароздың зертханалық балау әдістерін, оның ішінде серологиялық диагностикасын аз білуімен түсіндіріледі.

Эхинококкоз, токсокароз және альвеококкоз эпидемиологиясы осы гельминтозооноздардың жануарлар арасында, әсіресе, үй және жабайы ет қоректілер мен кеміргіштер арасындағы айналымымен байланысты.

Үй етқоректілерінің гельминтоздарының эпидемиологиялық және эпизоотологиялық жағдайын анықтау үшін Тараз қаласы мен Жамбыл облысындағы  314 итке бромсутекті ареколинді қолдана отырып диагностикалық дегельминтизация жасалды. Оның ішінде Тараз қаласының шеттеріндегі 48 жеке сектор иттері, 50 иесіз қала иттері, Жамбыл облысы ауылдарынан 84 ит және пәтерде ұсталынатын 32 қала иттері (негізінен ұсақ декоративті текті иттер) болды.  

Диагностикалық дегельминтизация нәтижелері бойынша Жамбыл облысы иттерінің гельминттерінің түрлік құрамына 7 құрт түрі, оның ішінде 5 цестода, 2 нематода түрі кіреді. Цестодалардың 4 түрі: Echinococcus granulosus, Multiceps multiceps, Taenia hydatigena, Taenia pisiformis, және Dipylidiidae тұқымдасына жататын Dipylidium caninum түрі Taeniidae тұқымдасына жатады. Нематодалардан екі аскаридата түрлері, яғни Toxocara canis және Toxascaris leoninа тіркелді. Белгіленген гельминт түрлері ішінен эпидемиологиялық маңызы жоғары болып  эхинококк, токсокара және дипилидиялар саналады. Альвеококк не қала, не ауыл иттерінде байқалмады, дегенмен теориялық тұрғыдан бұл цестода түрімен жұқтырылу ықтималы бар екенін жоққа шығаруға болмайды.

Эхинококпен залалдану көбінесе қала жеке секторларындағы күзетші шынжырда байлаулы иттерде байқалды (ИЭ 6,25±3,49%, КИ 13,17±7,14 экз., ИИ 210,67 экз.), кішкене төменірек - Тараз қаласы шеттеріндегі иесіз иттерде (ИЭ 4,0±2,77%, КИ 6,24±4,31 экз., ИИ 118,5 экз.) және  ауыл елді мекендеріндегі иттерде (ИЭ 6,95±2,77%, КИ 8,51±5,83 экз., ИИ 143,0 экз.) кездесті. Пәтерде ұсталынатын қала иттерінде эхинококк басқа тениидалар секілді мүлдем кездеспеді. Қаңғыбас иттердің эхинококтың таспалы сатысымен жұқтырылуының негізгі жолдары тағам қалдықтарынан табылған жануарлардың ішкіліктерімен қоректену болып табылады, ал ауылдық және қаланың жеке үйлерінде ұсталынатын иттерді аталмыш инвазиямен залалданған малдардың ет қалдықтарымен қоректендіргенде орын алады. Эхинококкоздың негізгі алдын-алу шаралары: малдардың сойылуының орталықтандырылуы мен зақымдалған ішкі мүшелерді утилизациялау, иттерді тұрақты түрде дегельминтизациядан өткізу, егістікті тек компостирленген нәжістермен тыңайту, топырақпен және жануарлармен жұмыс жасағанда жеке гигиена шараларын сақтау болып табылады.

Барлық жағдайларда асырауда тұрған үй иттері аскаридаталары ішінен Toxocara canis басым келеді, субдоминантты түрі ретінде Toxascaris leoninа саналады. Токсокарамен жұқтырылу деңгейі көбінесе қаладағы қаңғыбас иттерде (ИЭ 24,0±6,04%, КИ 1,42±0,39 экз., ИИ 5,92 экз.), төменірек - пәтерде ұсталынатын ұсақ декоративті иттерде (ИЭ 25,0±7,65%, КИ 0,94±0,41 экз., ИИ 3,75 экз.), қала жеке сектолары иттерінде шамалы төмен (ИЭ 14,58±5,09%, КИ 0,996±0,32 экз., ИИ 6,14 экз.) және ауыл иттерінде өте төмен кездесті (ИЭ 7,14±2,91%, КИ 0,43±0,22 экз., ИИ 6,0 экз.). Бұл ретте иттердің токсокарамен инвазиялану интенсивтілігі барлық шарттарда бірдей, бұл көрсеткіштің едәуір төмендеуі тек пәтер иттерінде паразиттің біраз тараған кезінде байқалады. Бәлкім осы шарттарда ит ішегінде токсокаралардың цестода түріндегі антогонистері болмайды, (ал бұл нематодалардың көбеюіне әкеліп соғады), дегенмен тұрақты түрде жасалған дегельминтизация шаралары паразиттер санын едәуір төмендетеді. Адамдардың токсокароздармен жұқтырылу мүмкіншілігі иттер арасындағы эпизоотиялық процеске байланысты: инвазияның кері жолы – адамнан жануарларға, немесе адамнан адамға жұғуы мүмкін емес. Токсокароздың Қазақстанда өте сирек кездесуі, бәлкім, бұл ауру диагностикасының шектеулі мүмкіншіліктерімен байланысты болар. Аурудың эпидемиологиялық жағдайын бақылау үшін Жамбыл облысы және жалпы республикада әртүрлі шарттарда ұсталынатын иттердің инвазияны жұқтыру дәрежесін және үй жануарларының адамдармен байланысу деңгейін анықтау қажет.

 

Әдебиеттер:

1.  Реджепов А., Тайматов Р.Ш., Агапович Ж.А., Степанов Д.Ф. К гельминтофауне плотоядных и жвачных животных //Ж. Ветеринария.- М., 1972

2.  Токпанов С.С. Гельминтозы собак г. Акмолы //Вестник науки Акмо- линского сельскохозяйственного института. – Акмола  1996 № 4

3. Гаврилов А.А. Распространение гельминтов собак в ряде областей Казахстана   Алма-Ата, 1973

4. Бессонов А.С. Эхинококкозы – биология возбудителей, эпизоотология, профилактика и борьба //Ветеринария.- М., 1999

5. Беляев А.Е., Константинова Т.Н. Эхинококкоз.- М., 1980