Экономические науки/ 12.Экономика сельского хозяйства.

Аға оқытушылар: Ахметова Л.М., Жакибаева Л.Б.

С.Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан Мемлекеттік Университеті, Қазақстан

Тәуелсіздік жылдарындағы ауыл шаруашылығының дамуы және оның экономикалық рөлі

 

Президенттің Қазақстан халқына жолдауына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2005 жылдарға арналған стратегиялық бағытында ауыл проблемалары басымдық болып айқындалды. 2003-2005 ауыл жылдары болып жарияланғаннан бастап бұл бағытта кеңінен жүргізілген іргелі іс – шаралар қоғамның ауыл проблемаларына бет бұрып , ағымдағы мәселелерді шешуге бағытталған тапсырыстардың қалыптасуына себеп болды . Осы бағыттар аясында ауылдың ең бір елеулі проблемаларын игеруге орай , мына мәселелерге аса көңіл бөлінді.

- жергілікті әкімшілік нарықтық қатынастарға аралсудан шеттету;

- жеке меншік пен тиесілі бөлістерді заттай айқын, күмәнді жеке шаруашылықтарға жекелендіру жүргізу;

- банкроттық тетіктері арқылы ауыл экономикасын сауықтыру

- ең алдымен фермерлер мен нағыз жеке шаруашылықтар үшін кредиттерді арзандату;

- азия мен Еуропа қайта жаңарту және даму банктері заемдарының , басқа ұйымдар мен тілеуқор елдердің көмегінің есебінен ауылдағы орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту;

- 25-30 мың теңге көлемінде кіші кредиттер үлестіру. Үкімет үш жыл ішінде мал мен мүлік сатып алу үшін , заңда тиым салынбаған кез – келген бизнеспен шұғылдануы үшін, өздерінің іскерлік дағдыларын ұштауы үшін өте қиын жағдацда қалған кемінде 150 мың ауыл адамына қажетті осындай қаражатпен қамтамасыз етуге;

- тікелей отандық және шетел инвестицияларын тарту;

- фермерлерге өнімдерін өткізуге жәрдем көрсету;

- сумен жабдықтау және иррегация проблемаларын шешу;

- барлық министрліктер мен қорлар желі бойынша ауыл проблемаларын басымдықпен қаржыландырылуының қадағалау.

Бұл мемлекеттік қолдаудың мөлшерін жыл сайын көбейтуге толық мүмкіндік туғызып отыр. Егер ауыл жылдары басталардан бұрын аграрлық саланы қолдауға 27 миллиард теңге қаржы бөлінсе, соңғы екі жылда оның мөлшері екі есеге артып 57,5 миллиард теңгені құрады.

Елбасының осы бағыттарын ауыл шаруашылығы министрлiгiнде сол кезеңдегі Үкiмет басшысы Иманғали Тасмағамбетовтiң қатысуымен 2003 жылы 7 ақпанда министрлiктiң алқа мәжiлiсi болып өттi. "Ауыл мен ұлтқа деген жанашырлықты iспен дәлелдейтiн кезең" деп аталатын тақырыпта баяндама жасаған үкімет басшысы ауыл шаруашылығы саласындағы бірнеше міндеттерді атап өтті:

Бiрiншiден, елiмiздің азық-түлiк нарығын тұрақтандыру;

Екiншiден, импорттық тауарлардың тасқыны күшейген қазiргi жағдайда халықты отандық өнiмдермен қамтамасыз ету мүмкiндiктерiнiң төмендеуiне жол бермеу;

Үшiншiден, аграрлық және өнеркәсiптiк секторлардың мүдделерiн тиiмдi үйлестiре отырып, тұрақты экономикалық дамудың алғышарттарын қамтамасыз ету;

Төртiншiден, ауылдық инфрақұрылымдардың тозғыншылыққа ұшырауын тоқтату. Бұл мiндеттi Елбасы Үкiмет алдына жүктеп отыр. Және аталған мәселелер дамудың осы кезеңi iшiндегi басым бағыттары болып табылады. 

Бiрнеше бюджеттiк бағдарламаларды қабылдады: егiстiкке су жеткiзу мен оригиналдық тұқым өндiрудi субсидиялау; “Қазагрофинанс” ЖАҚ МТС-тарын көру, жабдықтау және қызметтерiн қамтамасыз ету;ауылдағы ақпараттық инфрақұрылымдарды енгiзу мен дамыту; егiншiлiктегi мiндеттi сақтандыруды мемлекеттiк қолдау;өнiмдi өңдеу кәсiпорындары үшiн құрал-жабдықтар мен қондырғыларды лизингке сатып әперу.

Сонымен қатар, екiншi деңгейдегi банктердің несиелерiнiң сыйақы ставкаларын субсидиялау және тағы басқалар. ХХI ғасырдан бастап елiмiздің әртүрлi аймақтарында корпоративтi түрдегi iрi шаруашылық кәсiпорындарынан және шағын шаруа және отбасылық шаруашылықтардан тұратын сан салалы аграрлық құрылымдардың қалыптаса бастағандығы байқалып отыр.

Әртүрлi меншiк формасындағы мұндай құрылымдардың интеграциялық ынтымақтастығы жоғары тиiмдiлiкке жеткiзiлетiндiгiн әлемдiк тәжiрибе де дәлелдей түседi. Осындай және басқа да оңға басқан өзгерiстер соңғы үш жыл iшiнде агроөнеркәсiп кешенiндегi барлық салалар бойынша даму мүмкiндiктерiн қамтамасыз етуде. Мұндай құбылыс әсiресе, экспортқа бағытталған астық, мақта өндiрiстерi мен мал шаруашылығы салаларында байқалуда. Демек, алдағы уақытта елдің ауыл шаруашылығының дамуына тiрек болатын негiзгi алғышарттар қалыптасу үстiнде. 

Ауыл шаруашылығындағы негiзгi капиталды инвестициялау бұрынғыдай төменгi деңгейде сақталып отыр. Азық-түлiк рыноктары мен жер рыногы инфрақұрылымдарының дамымағандығы, ауылды қолдауға бөлiнген бюджеттiк қаржының жеткiлiктi түрде тиiмдi пайдаланылмауы, машина-трактор паркiнiң тозуы және жаңа техникалармен дұрыс қамтамасыз етiлмеуi, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдеу сапасы мен деңгейiнiң қысқаруы, ауылдағы әлеуметтiк саланың төменгi деңгейде қалуы және басқа да проблемаларды атап көрсетуге болады. 

Осы мәселеге орай, ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен мәжілісте агроөнеркәсiптiк бағдарламада қабылданған шараларға қатысты шешiмiн табуға тиiстi бiрнеше мiндеттердi атап көрсеткен болатын:

Бiрiншi, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдеу саласын жеделдете дамыту қажет. Бұл ретте өткен жылы қол жеткiзiлген дамудың 10 пайыздық деңгейi ел басшылығын қанағаттандыра алмайды. Өйткенi республикамыздың Бұл саланың даму мүмкiндiктерiн 15-20 пайызға дейiн арттырып отыруға қуаты жеткiлiктi. Қазiр бiз елiмiзде өндiрiлетiн сүттiң 11 пайызын, еттiң 10 пайызын, астықтың 14 пайызын, майлы дақылдардың 48 пайызын ғана өндеуден өткiзудемiз. 

Екiншi, жекелеген тамақ өнiмдерi жөнiнде импорт алмастырудың мүмкiндiктерi толығымен пайдаланылмауда. Мәселен, соңғы мәлiметтерге қарағанда өңделген және консервiленген шырындардың 95 пайызы, өсiмдiк майының 57 пайызы, жарманың 51 пайызы, маргариннiң 42 пайызы, консервiленген еттiң 40 пайызы, шұжық өнiмдерiнiң 38 пайызы,сары майдың 34 пайызы, сүт өнiмдерiнiң 19 пайызы импорт үлесiне тиедi. Бүкiләлемдiк сауда ұйымына кiру қарсаңында елiмiзде ең бiрiншi кезекте өндiрiлген өнiмнiң сапасына баса мән берiлуi керек. Бiздің өнiмдерiмiз әлемдiк сапа стандартына сәйкес келген кезде ғана сыртқы және iшкi рыноктарда өтiмдi бола бастайтындығы анық. Осыған байланысты орталық және жергiлiктi атқару органдары шағын және орта өндiрiс деңгейiндегi тиiмдi жобаларды мықтап ескергендерi жөн. Сондай-ақ, iрi өңдеу кәсiпорындарын модернизациялау және олардың толық қуатында жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн барлық шараларды қарастыруымыз қажет.

Үшiншiден, ауыл шаруашылығындағы өнiмдер бағасының ауытқымалығы мен жиi көтерiлуi елiмiздегi инфляцияның белгiленген деңгейiнен артып кетуiне негiзгi әсер етiп отыр. Бұл ретте азық-түлiк өнiмдерi бағасының көтерiлуiне объективтi алғышарттар болмағандығын атап өту керек. Бағаның шамаланған деңгейiн ұстау үшiн жемiс-көкөнiс өнiмдерiнiң аймақаралық сауда алмасуын дамытуымыз ерекше маңызды. 
Ендiгi жерде ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлер рыноктарға жекелей емес, әртүрлi бiрлестiктер, әсiресе, кооперативтiк бiрлесулер түрiнде шыққандары жөн болар едi. Мәселен қазiр елiмiздің әр түкпiрлерiнде құрыла бастаған сатып алу-дайындау пункттерiн дамыту арқылы iрiленiп алған сауда фирмаларының монополиялық ағымының ара салмағына өзгерiстер енгiзу мүмкiндiгi қалыптасып отыр. Мiне, осындай пункттер негiзiнде өнiмдi сату, өткiзу iсiмен шұғылданатын тауар өндiрушiлердің өз кооперативтерiн құруға болады.

Сондай-ақ ендiгi жерде бiз сауда-саттықпен айналысатын кәсiпкерге еңбек сiңiрмей жоғары пайдаға ие болатын уақыттың өткендiгiн айтуға тиiстiмiз. Көп қолды тұтыну тауарларының бағалық өзгерiстерi әр аймақта нақтылай бақыланып отырылуы керек. Тауар өндiрушiлерге жергiлiктi рыноктарының неғұрлым ашық болуына, ауыл адамдарының ауыр еңбегiнiң нәтижесiнде пайда қаратып отыран делдалдық жүйенi экономикалық әдiс-тәсiлдер арқылы әлсiретуге қол жеткiзуге тиiстiмiз. Бұл ретте әрбiр әкiм және министрлiк Елбасының өткен жылдың 7 тамызы мен 16 қаңтарында берген тапсырмаларын тұрақты түрде есте сақтауы қажет. Бұл тапсырмалардың орындалуында сұрау қатаң болады.

Төртiншiден, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласының дамытылуы басты назарда болуы керек. Бүгiнгi күнi машина-трактор паркiнiң тозуы 80 пайызға жетiп отыр және толықтай алмастыруды қажет етедi. Тауар өндiрушiлердің өздерiнде қажеттi қаржы болмағандықтан жаңа машиналар түгелдей дерлiк республикалық бюджеттен бөлiнген қаржыға мемлекеттiк лизингтiк бағдарлама бойынша сатып алынуда. Алайда бұл қаржы жеткiлiксiз. Сондықтан мемлекеттiк қорлармен қатар ендiгi жерде жеке меншiк лизингтiк қорларды құру iсiн ынталандыру қажет болар. Осыған орай заңдарға да өзгерiстер енгiзуге немесе оларды жетiлдiре түсуге де болады. 

Бесiншiден, Қазақстан бидайын экспорттау iсiнде де қиындықтар бар. Бұл iсте көлiк инфрақұрылымының жетiлдiрiлмеуi iске көп кедергiсiн келтiруде. Осы мәселеге байланысты Үкiмет басшысы алқа мәжiлiсiне қатысып отырған Көлiк және коммуникация министрлiгi мен “Қазақстан темiр жолы” басшылығына бүгiнгi әңгiмеден қорытынды шығаруды және қажеттi шаралар қабылдауды тапсырды. 

Бұл мәселелерді шешуде ауыл шаруашылығы саласында мынадай шараларға ерекше назар аудару қажет:

Бiрiншi мiндет - макроэкономикалық мәселелермен айналысу. Елiмiздің экономикалық құрылымы жалпы iшкi өнiмнiң 10-11 пайызы ауыл шаруашылығының үлесiне тиген кезде ғана тиiмдi бола түспек. Ал соңғы жылдары саланың көрсеткiшi 9 пайызға ғана жуықтап отыр. 

Екiншi мiндет - қаржы қиындықтарын жеңу. Өткен жылы өнеркәсiптiк сектордағы өсiм қарқыны аграрлық салаға қарағанда 3 есе жоғары болды. Саланың артта қалуы ондағы жағдайды тұрақсыздандыра түсуi мүмкiн. Демек салаға инвестиция тартудың, несиелендiрудің басқа да қаржы тәсiлдерiн iздестiрген жөн. Соның бiрi несие серiктестiктерiн дамыту.

Үшiншi маңызды мiндет - Жер Кодексi жобасын түсiндiру. Бұл жөнiнде көп айтылды. Дегенмен, әлi де көптеген адамдардың жобада қарастырылан жағдайларды, оның маңыздылығын толық түсiнбеуi, сондықтан жергiлiктi жерлерде айтылып жататын әртүрлi пiкiрлерге ерiк беруi мүмкiн. 

Төртiншi мiндет  - сапа. Бұл мәселе, ең алдымен, ауылдағылар еңбегiне қатысты. Ол еңбекке қазiргi заманғы агротехнологияларды пайдаланбай, iстiң алға баспасы айқын. Үкiмет басшысы осы мәселеге байланысты, әсiресе, басты экспорттық өнiм астық сапасын арттыруға, мал шаруашылығында асыл түлiктi молайтуға, сондай-ақ ауылға қажеттi мамандар дайындау мақсатында кәсiптiк-техникалық бiлiм жүйесiн жаңғыртуға мән берiлу қажеттiгiн айтты. 

Бесiншi мiндет - елiмiздің шегiнде бiрыңғай ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң рыногын қалыптастыру және оның мөлдiрлiгiне қол жеткiзу. Ауыл шаруашылығы министрлiгi әкiмдерiмен бiрлесе жұмыс iстей отырып, бұл саладағы бақылау жұмыстарын күшейте түсу керек. 

Үкiмет басшысы ауылдық аумақтарды дамыту мәселесiне байланысты үлкен шаралардың қолға алыну үстiнде екендiгiн де айтып өттi. Бұл ерекше маңызды iс. Сондықтан осы мәселеге байланысты “Ауыл” деп аталатын жеке бағдарлама қабылданатын болады. Ол құжат үстiмiздегi жылдың 1 шiлдесiне дейiн қолға тию керек. 

Ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты түрде өсуі бұл саланы тиімді бизнес көзіне айналдырып, оған инвестициялық ағымдарының құйылуына оң жағдай туғызды. Өткен жылы екінші деңгейдегі банктердің өзі осы салаға 125 миллиард теңге құйды. Ауылда өндірісті шоғырландыру процестері басталып іріленген өндіріс құрылымдары қанат жаюда. Соңғы екі жылда ауыл шаруашылығы бойынша алынған пайданың мөлшері 20 миллиярд теңгеге артты. Ауылдағы әлеуметтік саланың даму мәселелеріне де аса назар аударылуда. Ауылдық аймақтарды дамытудың 2004- 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес өткен жылы әлеуметтік дамудың нормативтік негізі қалыптастырылып, оның мониторингін жүргізу жұмыстары жүзеге асты. Осы бағдарлама бойынша ауылдық әсерлердің әуеуметтік мәселелерін шешуге мемлекет тарапынан бағытталған 51,3 миллиард теңгенің игерілу жұмыстары қадағаланып сарапталды.

Қазіргі ашық әлемдік экономика жағдайында жұмыс істеуге бейімделе бастаған Республикамыздың ауыл шаруашылығы өзінің одан әрі тиімді дамуын қамтамасыз ететін жаңа кезеңге аяқ басты. Мемлекет басшысы атап өткендей, ауыл шаруашылығын реформалауда таңдалған жолдың дұрыстығын сала дмуындағы нақты қорытындылар дәлелдеп отыр. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі ауылға қолдау көрсету үшін қабылданған үш жылдық бағдарламаның алғашқы жылы 2003 жылы 534 миллиард теңге болса, 2005 жылы 693 миллиард теңгеге өсті. Ауыл шаруашылығында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 600 миллион АҚШ доллорына өсті. Азық – түлік бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2003 – 2005 жылдары 90 миллиард теңге бөлінді.

Оң жетістіктермен қатар, ауыл шаруашылығында әлі де болса көптеген шешілмеген проблемалар да бар. Олар ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге өнімділік пен тиімділікті арттыруға, соған сәйкес селодағы табыстардың өсуіне кедергілер келтіруде. Осы және басқада проблемаларды шешу қарастырылған.

Ауыл шаруашылығын дамытудың зор әлеуеті бар Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеуде әлемдік көшбасшылардың қатарында бола алады десек, қате айтпағанымыз. Таяудағы 7-8 жылда Шығыс Еуропалық елдердің ауыл шаруашылығының даму деңгейіне жету біздің еліміздің қалпына келуі деп санаймын. Осы мақсатқа жету үшін Отандық ауыл шаруашылығының өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажет.

Жер мәселесі қоғамда қаншама үлкен маңызға ие бола тұрса да, аса кірпияз, әрі күрделі болуына қарай, біздің елімізде жер қатынастары нарықтық жағдайға байланысты кезең-кезеңмен бейімделіп жүргізілді.
Алғашқы кезеңде, яғни 1990-1993 жылдар аралығында Жер кодексі, «Жер реформасы туралы», «Ша­руа ­қожалықтары туралы», «Жер са­лығы туралы» Қазақстан Республика­сының заңдары, сонымен қатар аталған заңдардың орындалуын жүзеге асыру үшін Министрлер Кабинетінің 11 қаулысы қабылданды.

Әдебиет:

1.Бекжанов А. Қазақстан Республикасында қалыптасқан тарихи шаруашылыққа аграрлық реформаның әсері //ҚазҰУ хабаршы. Тарих сериясы. - 2007. - № 3 (46).- 126 бет.

2.Еспергенов Ж.К. Ауылшаруашылығы дақылдарын егіп-өсірудің аймақтық негізі. - Өскемен,  2004. - 64 бет.

3.Мұқашев А. Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін арттырудың ілімдік негіздері. Алматы, 2003. - 25 бет.