Демеубаева Ақмарал,
Шадиева Айгүл, Саттаров Мейрхан
Қазақстан
Республикасы, Шымкент қаласы
ИННОВАЦИЯЛЫҚ
КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
Қазақстан
Республикасының экономикалық жүесін реформалаудың
алғашқы жылдары қоғамда жеке салаларды таңдамалы
қолдау өндірістің төменгі деңгейінің бекіп
қалуына және олардың шаруашылық жүргізудің
жаңа шарттарына үйлесе алмауына әкеліп соқтыруы
мүмкін деген пікір қалыптасты. Сонымен, орныға бастаған
нарықтық күштер экономиканы қажетті
құрылымдық қайта құруға өзі
алып келуі керек еді. Сондықтан индустриалды-инновациалық саясат
мемлекеттік кәсіпорындарды жедел жекешелендіру және өнеркәсіптік
алпауыттарға шетел инвесторларын тартумен алмастырылды. Осындай
стратегияның арқасында өнеркәсіп саласында өз
кәсіпорындарының мәселелерін өздері шеше алатын меншік
иелерінің жаңа тобы пайда болды. Ал мемлекет олардың
қызметіне тікелей араласудан бас тартып, өз мүддесін
нарықтық экономикаға тән, жанама реттеу
әдістерімен қорғауға көшті.
Шетел инвесторлары,
отандық кәсіпорындардың табиғи
артықшылықтары бар, шикізат саласына үлкен
қызығушылық танытты. Нәтижесінде қомақты
инвестициялық ағымдар өнеркәсіпте оң
құрылымдық өзгерістерді туындата алмады.
Әлемдік
тәжірибе индустриалды-инновациалық бағдарламаларды құрудың ең кемінде
екі жолы бар екенін көрсетеді. Бірінші жолдың мәні экономикалық даму мен
құрылымдық өзгерістердің локомотиві бола алатын
стратегиялық маңызды салаларды таңдаулы мемлекеттік
қолдауға саяды. Өндірушілерге өндірісті жетілдіруге
және жаңа өндіріс салаларының пайда болуына ықпал
жасайтын өнімді игеру және өндіруді ұлғайту
міндеті жүктеледі. Ал мемлекеттің, шаруашылық
субъектілердің іскерлік белсенділігіне тікелей ықпал жасайтын,
ақша-несиелік, кедендік және тарифтік, сонымен қатар
инвестициялық саясаты таңдалған экономика салаларын
қолдау бойынша, елдің ұлттық мүддесіне
бағындырылады. Әрине, таңдалған саларды
қолдауға көп көңіл бөлу тек
басымдылықтарды дұрыс анықтауды ғана емес, елеулі
әкімшілік күшті де қажет етеді. Сондықтан, мұндай
жолмен индустриалды-инновациялық бағдарламаны тиімді жүзеге
асыру, тек сауда-экономикалық және өндірістік
қатынастарды реттеуде мемлекеттің ролі күшті елдерде
ғана мүмкін.
Екінші жолға
сәйкес, барлық өндірушілер үшін,
өнеркәсіпті инновациялық технологияларға
ауыстыруға бағытталған, бірыңғай мемлекеттік
қолдау шаралар жүйесі құрастырылады. Онда
экономиканың құрылымын жақсартудағы жетекші роль
жеке компаниялардың үлесіне тиеді, ал мемлекет
нарықтағы кәсіпорындардың әрекетіне
ешқандай қысым көрсетпей, қолда бар
құралдардың көмегімен бұл процесске қажетті
бағыт беріп отырады.
Егер екінші жолды
ұстанса, индустриалдық бағдарламаның негізі,
инвесторларды жаңа және белгілі деңгейде қатерлі
жобаларға қаржы салуға ынталандыратын, преференциялар мен
жеңілдіктерді анықтау болады. Бұл оңай міндет емес,
өйткені экономиканың жеке салаларында инвестициялық ахуалды
жақсартуды қарастырады. Сондықтан құжатты
құрастыру кезеңінен бастап ұлттық
экономиканың ерекшеліктерін ескере отырып, әр саланың
инвестициялық тартымдылығын бағалау қажет. Бұл
кезде жалпы жағдайдың жақсаруына қарамастан,
өңдеуші өнеркәсіп саласының, әсіресе
ғылыми жетістіктерді қажет ететін өндіріс салаларының,
тартымдылығы төмен болатынын ескеру қажет. Мұндай
жағдайда мемлекеттің қатысуынсыз экономиканы
құрылымдық жаңартуда елеулі жетістіктерге жету
мүмкін емес. Инвестициялық іс-әрекетті жандандыру шаралары
жобаларды іске асыру кезеңінде қатерлердің жеке және
мемлекеттік секторлар арасында тең бөлінуін есекеру керек
және еш уақытта негізгі қорларды жаңарту және
өндірісті инновациялық даму жолына аударуды ынталандыруды
төмендетпеу керек.
Қалыптасқан
жағдайда Қазақстан Республикасында жаңа
индустриалдық саясат – ғылыми жетістіктер негізінде,
бәсекелестік қабілеті жоғары өнім өндіруді
ынталандыру арқылы өндірістің салалық
құрылымындағы өзгерістерді жеделдетуге
бағытталған шаралар кешенін - құру қажеттілігі
бар. Осы анықтамаға сәйкес, индустриалдық
саясатқа дайындық нарық және шаруашылық
субъектілері арасында бәсекелестіктің дамуы жағдайында
өндірістік секторды мемлекеттік басқарудың негізгі жолдары
мен принциптерін анықтаудан басталуы керек.
Осы
тұрғыдан ел басшылығы елдің экономикасын
инновациялық жолмен дамытуды қамтамасыз ететін бірқатар
шараларды қабылдады:
· 2002 жылы
Қазақстан Республикасының «Инновациялық қызмет
туралы» заңы, 3 шілде 2002 жыл, қабылданды, ол мемлекеттік
инвестициялық саясаттың негізгі принциптері, бағыттары мен
жүзеге асыру формаларын анықтады.
· 2003 жылдың 18
наурызындағы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің №263
«2003-2005 жылдарға инновациялық қызметті
ғылыми-техникалық қамтамасыз ету Бағдарламасын бекіту
туралы» Қаулысы.
· «Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарда индустриалды-инновациялық даму
стратегиясы туралы» ҚР Президентінің Жарлығы, Астана, 17 мамыр 2003 ж.
№ 1096.
Жоғарыда
аталған мемлекеттік құжаттарда көрсетілген
бағдарламалық міндеттерді жүзеге асыру мақсатында,
индустрия және сауда, экономика және бюджеттік жоспарлау
Министрлігі 2003 жылы Қазақстанның
2003-2015 жылдарда индустриалды-инновациялық даму
және оны ғылыми-техникалық
қамтамасыз ету Мемлекеттік бағдарламасын құрастырды.
ҚР Мемлекеттік индустриалды-инновациялық
бағдарламасының
мақсаты – ғылыми-техникалық потенциалды дамыту, тиімді орналастыру
және пайдалану, оның құрылымын қалыптастыру, ғылым мен техниканың елдің
экономикасын дамытудағы, маңызды әлеуметтік мәселелерді
іске асырудағы, материалдық өндіріс саласындағы
прогрессивті құрылымдық өзгерістерді қамтамасыз
етудегі, оның тиімділігі мен бәсекелестік қабілетін
арттырудағы, елдің қорғаныс қабілеті мен
тұлғаның, қоғамның және
мемлекеттің қауіпсіздігін нығайтудағы үлесін арттыру.
Мемлекеттік
инновациялық
саясаттың міндеттері келесідей:
§
экономиканы құрылымдық
қайта құруды жүзеге асыру үшін мемлекеттік
органдардың, шаруашылық және ғылыми
ұйымдардың үйлесімді қызметін қамтамасыз ету;
§
халық шаруашылығының
дамуының стратегиясын, қарқынын және оның
құрылымдық тепе-теңдігін айқындайтын негізгі
бағыттарда экономиканың дамуын тұрақтандыру үшін
ғылыми-техникалық потенциалды тиімді пайдалануды қамтамасыз
ету;
§
ғылыми потенциалды сақтау
және «озық»
зерттеулерді қамтамасыз ету;
§
экономикалық реформалардың
орталығын инновациялық
қызмет саласына ойыстыру, шағын және
орта бизнестің инновациялық
белсенділігін арттыру.
Мемлекеттік
инновациялық саясаттың маңызды принциптері:
§
отандық ғылыми потенциалға және әлемдік
прогрессивті тәжрибе мен технологияға сүйену;
§
ғылыми шығармашылықтағы еркіндік, ғылыми
саланы демократизациялау, ғылыми
саясатты қалыптастыру мен жүзеге асырудағы
ашықтық пен жариялылық;
§
фундаменталды ғылыми
зерттеулерді дамытуды ынталандыру;
§
ғылым мен техника саласында бәсекелестік пен
кәсіпкерліктің дамуына жағдай жасау, инновациялық қызметті ынталандыру
және қолдау;
§
ғылым мен білімнің интеграциясы, барлық деңгейдегі
білікті ғылыми мамандарды дайындаудың біртұтас жүйесін
қалыптастыру;
§
зерттеушілердің, ұйымдардың және мемлекеттің
интеллектуалдық меншік құқықтарын
қорғау;
§
әртүрлі меншік формасындағы ғылыми-зерттеу
және тәжрибелік-конструкторлық мекемелерді дамыту,
шағын инновациялық кәсіпкерлікті қолдау;
Инновациялық саясаттың негіздері елдегі нақты
экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайларға
сай келетін заң актілерінің жиынтығын қабылдау
арқылы қаланады.
Басқарудың объектілері мен субъектілері,
олардың құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері
анықталады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.
Основы инновационного
менеджмента: Учеб. пособие/под ред. П.Н.Завлина, А.К.Казанцева, Л.Э.Миндели./
М.: Экономика, 2004.
2.
Основы менеджмента.
Мескон М.Х., Альберт М., Хедоури Ф., – М.: 2006
3.
Новицкий Н. Инновационный путь развития экономики//Экономист. 2004. №6.
4.
Менеджмент (теория и
методология). Тихомирова А.В., – М.: 2004