Экономические
науки/15. Государственное регулирование экономики
Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к., доцент Абдакимова М.К.
Ертай Х. "Әлеуметтік жұмыс"
мамандығының 4 курс студенті
Қазтұтынуодағы Қарағанды
экономикалық университеті, Қазақстан
Қазақстан
Республикасының жастарын жұмыспен қамту кеңістігіндегі
мемлекеттік жастар саясаты
Жастар –
қоғам дамуының
маңызды бөлігіне жатады. Ел Президентінің
Қазақстан халқына
Жолдауында белгілегендей
«Біздің басты оң игіліктеріміздің ішінде – халқымыздың
санасы туралы. Біз ғылыми және шығармашылық
әлеуетінің деңгейі
жоғары білім өресі биік халқымыз бар, соның ішінде
болашағы мол – жастар. Осы қолымыздағы осындай баға жетпес капиталды Жан-жақты дамытуға және оның дамуы үшін барған сайын жаңа әрі неғұрлым өркениетті жағдай туғузуға тиіспіз[1].
Жастар
қоғамдық қатынаста, материалды өндірісте
және рухани құндылықта маңызды орын алады.
Жастардың қоғамдағы жағдай мен оған
қатысу деңгейі қоғам мен мемлекеттің тікелей
іс-әрекетіне байланысты. Яғни мемлекеттік жастар саясаты мен
жастармен әлеуметтік жұмыс
туралы сөз қозғап отырмыз.
Мемлекеттік жастар
саясаты қоғам ресурстарының
стратегиялық дамуының
маңызды бағыты ретінде қаралады. Жастар халықтың
қоғамның белсенді бөлігіне жатады, және
болашақта маңызды потенциалы бар,
сондықтан мемлекеттің қалыптасуында жастардың орны мен рөлін
бағаламауға жол бермеу керек. Жастар өте белсенді, білімді,
физикалық және кәсіби дайын, мобильді,
ғылыми-техникалық прцесті жылдам
меңгеретін, нарық экономикасының талаптарына, әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге тез бейімделе алатын топ.
Алайда қазіргі кезеңде
жастар мүмкіншіліктеріне қарамастан сай келмейтін орынды алады.
Нарықтық экономикаға көшу мәселені
ушықтырып, жастарды еңбек нарығынан шығарып тастап,
жұмыссыздар қатарына
қосты. Жастар нарықтық қатынастарда жаппай қысқартуға жақын
болғандықтан, қазіргі уақытта жастар арасындағы
жұмыссыздық деңгейінің пайызы өте жоғары. Сондықтан еңбек нарығындағы жастарға аса назар аударып, жас
жұмыссыздардың негізгі ерекшеліктеріне назар аудару қажет.
Қазақстан
Республикасындағы жастар саясаты Заңының мақсаты жастардың рухани, мәдени, кәсіби қалыптасуы мен дене тәрбиесін
дамытуы үшін әлеуметтік-экономикалық,
құқықтық, ұйымдастырушылық
жағдайлар мен кепілдіктер жасау,
бүкіл қоғам үшін олардың
шығармашылық әлеуетін ашу болып табылса, міндеттерінің
біріне жастарға көмек беру және әлеуметтік
қызметтер көрсету болып табылады[2].
«Қазақстан
Республикасының мемлекеттік жастар саясатының негізгі
бағыттарына» жастардың еңбек және жұмыспен
қамту саласына кепілдік беру, сонымен қоса жастар
жүзеге асыратын
кәсіпкерлік қызметті
қолдау жатыр. Құрылымдық экономикада еңбек пен
жұмысбастылыққа құқық беретін,
экономикалық дербестікті қамтамасыз ететін арнайы шаралар
қажет: еңбекпен қамту
қызметін ұйымдастыру, жастар еңбегін қолдануда қызығушылықты
жоғарылату үшін кәсіпорын мен мекемелерге
салықтық жәрдемақыларды
қолдануға мүмкіншілік
беру, кадрларды қайта даярлау жүйесін жасау.
Ел ертеңі
болып саналатын жастардың қоғамда алар орны ерекше.
Соған орай, бүгінгі күні алғыр да парасатты
жастардың мемлекет, қоғам өміріне белсене араласуы
уақыттың талабы. Сол себепті де жастар саясаты
мәселелерінің жиі сөз болуы орынды құбылыс.
Әрине, жастар
мәселесін жалпы қоғамнан бөліп
жарып-қарауға болмайтын шығар. Өйткені,
қоғамдағы проблемалардың бәрі ондағы
әлеуметтік топтардың барлығына ортақ деуге негіз бар.
Десек те, мемлекеттің келешегі саналатын жастардың мәселесі –
қоғам алдындағы ең маңыздысы, әрі бірегейі.
Жастардың бүгінгі келбеті ғана елдің ертеңін
елестете алары сөзсіз.
Жер шары
тұрғындарының 25%-ы – жастар. Статистикалық
мәліметтерге сүйенетін болсақ, жалпы әлем бойынша
жастар саны өсіп келеді. Егер 90-шы жылдардың ортасында 15 пен 24 жас
аралығындағылардың жалпы саны 1 млрд 15 млн болса,
қазір олардың саны 1 млрд 300 млн-нан астам.
Еліміздегі
соңғы өткізілген халық санағының
нәтижелеріне сәйкес жастардың жалпы саны шамамен 4 млн 360
мың адамды құрап отыр, осылардың ішінде қала
жастарының саны 2 млн 200 мың болса, 2 млн 160 мың адам ауыл
жастары болып отыр.
Соңғы
кездерде жастар арасында көптеген сауалнамалар жүргізіліп келеді.
Соның нәтижесінде жастарды толғандырып жүрген
мәселелер мен олардың талаптарын анықтау мүмкіндігі
туды. Мәселен, ең бірінші кезекте жастар арасында
алаңдатушылық тудырып отырған мәселе – ол
жұмыссыздық. Статистикалық деректерге үңілсек,
2009 жылы 15 пен 29 жас аралығындағы жастар арасындағы
жұмыссыздықтың деңгейі 5,9%-ды құрады,
яғни, бұл көрсеткіш жастарды экономикалық
тұрғыдан әлде де дамыту керек екендігін көрсетіп отыр.
Қолында дипломы бар, тәжірибесі мол мамандар да қазір жұмыссыз жүр, болмаса арзан
және тиімсіз қызмет түрлеріне жалданады. Бұл дегеніміз, қаладағы
мейрамханалар мен шағын асханалар, түнгі клубтар мен жасырын
ойынханалар немесе базар төңірегіндегі ұсақ-түйек
жұмыстар. Қазіргі таңдағы негізгі жұмыс берушілер
деп осыларды атауға болады. Бұл
қалалы жерлердегі тірлік. Ал ауылды елдімекендердегі жастар
үшін жұмыс көзі
мүлде жабық тақырыпқа айналған. Сондықтан да, соңғы кездері ауылдың өзінде «питак» деп аталатын орындар пайда болған. Мұндай жерлерге жұмыссыздар жиналып тұрады. Ірілі-ұсақты шаруасы бар ауылдың белді азаматтары осындай арзан жұмыс
күшін пайдалану мүмкіндігіне.
Әлеуметтік саясаттың бір приоритетіне тұрақты
еңбекпен қамтамасыз ету жатады. Халықты еңбекпен
қамту кеңістігіндегі мемлекеттік саясаттың бағыты лайықты жұмыс орнында қызмет ету
мүмкіндіктерін кеңейту мен
жұмыссыздық деңгейін төмендету болып табылады.
Халықты жұмыспен қамту барысында ықпал жасау, келесі
шаралармен қамтамасыз етіледі: әлеуметтік жұмыс орындарын құру, квалификация мен қайта даярлауды жоғарылату,
қоғамдық жұмыстар, жұмыссыз жастардың
кәсіпкерлік қызметіне ашуда
мүмкіндік беруге материалдық көмек көрсету.
Бүгінгі
күнде көптеген бағдарламалар бар, мысалы, «Жастар
тәжірибесі», «Вакансия жәрмеңкесі», «Жол картасы», «Дипломмен
ауылға» және т.б. Жасөспірімдерді жұмысқа
орналастыру оларға еңбек дағдысын меңгеруге, қалта шығынына ақша
табуға және еңбек мотивациясын меңгеруге
мүмкіндік береді.
1999ж.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты» атты
Тұжырымдамасы қабылданып өңделді, 2004 ж.
«Қазақстан жастары – 2009» атты бағдарлама қабылданды.
2005 ж. 1 қаңтарынан бастап 2004ж. 7 шілдесінде №581
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы»
Заңы күшіне енді. Мемлекетімізде жасалып жатқан барлық шаралар, бағдарламалар
басымен Қазақстан
Республикасының Конституциясына негізделеді.
Жұмыссыз
азаматтарға келесідей кепілдіктер беріледі:
·
еңбекпен
қамту облысындағы
кепілдіктер;
·
әлеуметтік
қолдау облысындағы кепілдіктер.
Жұмыссыздарды еңбекпен қамту
кеңістігінде мемлекет келесідей кепілдіктер береді:
- тегін кәсіби бағдарлау,
кәсіби даярлау, еңбекпен қамту органдарының бағыттауы бойынша квалификацияны жоғарылату және қайта даярлау; әлеуметтік
қолдауды қамтамасыз ету;
- егер еңбекпен қамту
органының ұсынуы бойынша басқа жерге жұмысқа
(оқуға) бағытталса, онда Қазақстан
Республикасының материалдық
шығындар заңдылығына сәйкес компенсация беру;
- жұмысқа алу немесе
оқуға бағыттау кезінде тегін медициналық
куәландыру азаматтардың жасерекшелік және басқа да
ерекшеліктерін ескере отырып, төленетін қоғамдық
жұмыстарға қатысу үшін жедел еңбек шартын
(контракт) құруға мүмкіндік беру.
Мемлекеттік жастар саясаты – бұл мемлекет
жүзеге асыратын және жастарды қолдауға бағытталған
әлеуметтік-экономикалық, саяси,
ұйымдастырушылық және құқықтық
шаралар жүйесі.
Мемлекеттік саясат – жастардың
шығармашылық потенциалын жүзеге асыру және дербес
өмірге жетістікпен енуге бағытталған басқару
органының атқарушы
және заңдылық қызметінің спецификалық
бағыты. Мемлекеттік жастар саясаты – мемлекеттің, саяси
партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің жалпы мәселесі болып табылады.
Дәстүрлі әлеуметтік саясаттан
мемлекеттік жастар саясатының
айырмашылығы, жастар саясаты тек компенсациялық
механизмдерді өңдеуге
бағытталмаған. Оның мазмұнына жастардың еңбек және шығармашылық
потенциялын көрсететін белсенді инновациялық және
өндірістік аспектілер енеді. Бұл мемлекеттік жастар
саясатының қоғамның стратегиялық даму
ресурсының маңызды бағыты ретінде қарастыруға
мүмкіндік береді.
Қоғамдық
қалыптасудың тереңдігі жастардың
әлеуметтенуіне, жас
ұрпақтың барлық өмір жағдайының
процесіне әсер етті.
Жастардың дәстүрлі мәселелерін шешу мазмұны мен
әдісі өзгерді. Мемлекеттік
жастар саясатының объектісіне 14
пен 30 жас аралығындағы жастар, жас отбасы мен жастар бірлестіктері
жатады. Бұл саясаттың субьектісіне
мемлекеттік органдар және оның қызметкерлері, жастар
бірлестіктері мен ассоциациялары, сонымен қатар жас азаматтардың
өздері жатады.
Мемлекеттік жастар саясатының принциптері:
-
мемлекеттік
жастар саясатын жүзеге асыруда
тұлға құқықтарының, қоғамдық
қызығушылықтардың және мемлекеттің бірігуі;
-
жастарға
арналған бағдарламалар мен саясаттың қалыптасуында жастарды қатысуға тарту;
-
жас
азаматтардың әлеуметтік және
құқықтық қорғалуын қамтамасыз
ету;
-
жас
адамға рухани, мәдени, білім алуы, кәсіби қалыптасуы
мен дене тәрбиесін дамыту,
жұмысқа орналасу үшін
минималды мемлекеттік кепілдеме беру.
Мемлекеттік жастар саясатының
мақсаты:
-
жастардың
әлеуметтік, мәдени, рухани және физикалық дамуына
ықпал ету;
-
жасерекшелік
шегі бойныша жастарды дискриминациялауға жол бермеу;
-
қоғамның
мәдени, саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріне
жастардың толық
қатысуына жағдай жасау;
-
қоғамның
және жастардың өздерінің қызығушылық
потенциалын инновациялық
жүзеге асыру.
Қойылған мақсаттарды
жүзеге асыру барысында жастар саясатының келесідей приоритеттерін
болжайды:
1. Жастарға
патриотризм, адамгершілік және рухани дамудың қалыптасуы;
2. Еңбек, білім
және денсаулықты сақтау облысында жастардың
әлеуметтік құқықтарын қамсыздандыру;
3. Жастардың
әлеуметтік-экономикалық
қажеттіліктерін өзіндік жүзеге асыруға
жағдай жасау;
4. Жастардың
интеллектуалды және физикалық дамуына жағдай жасау;
5. Қазақстандық жастарды
халықаралық мәдени, экономикалық, ғылыми
және білім процестеріне белсене
қатысуға тарту[3].
Қазақстан Республикасындағы
мемлекеттік жастар саясатының жұмыссыздыққа байланысты
шаралар тізімінің негізгі бағыттары:
1) жастардың
құқықтары мен бостандықтарын сақтауды
қамтамасыз ету;
2) жастар еңбегі мен
олардың жұмыспен қамтылуы саласындағы кепілдіктерді қамтамасыз ету;
3) жастардың
кәсіпкерлік қызметіне жәрдемдесу;
4) жас отбасын мемлекеттік
қолдау;
5) жастардың тегін орта
білім алуына кеңес беру
құқығын іске
асыру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету;
6) әлеуметтік
қолдауға мұқтаж
жастарға әлеуметтік көмекті қамтамасыз ету;
7) жастар саясатын
жүзеге асыру жөніндегі
уәкілетті мемлекеттік
органдардың коммерциялық емес жастар ұйымдарымен ынтымақтастығы[4].
Қазақстан Республикасында жастарды
әлеуметтік қолдау
мақсатын әлеуметтік қызметтер жүзеге асырады.
әлеуметтік қызметтің
бағыттарына:
1. Психолого-педагогикалық,
медико-әлеуметтік, заңи көмек пен жасөспірімдерге
көмек беру және жас
азаматтардың басқа да өкілдеріне қызмет көрсету;
2. физикалық
ахуалдың салдарынан ерекше жағымсыз жағдайға тап болған тұлғаларға көмек көрсету;
3. жас отбасыларға
әлеуметтік көмек;
4. еңбек және
оқу ұжымдық кеңістікте жастарды
құқықтық қорғау;
5. кәмелетке
толмаған қараусыз және панасыз азаматтарға, кәмелетке толмаған девиантты мінез-құлқы бар тұлғаларға
әлеуметтік көмек;
6. жастар арасындағы
бас бостандығынан айыру
орындарынан босатылған, сондай-ақ арнаулы
тәрбиелеу мекемелерінен
оралған адамдарды, нашақорлықтан,
уытқұмарлықтан,
маскүнемдіктен емдеуден өткен адамдарды әлеуметтік қалпына келтіру;
7. құқықтық
насихат, жастардың жұмысқа орналасу, білім беру және
кәсіптік даярлау, бос уақытын өткізу, туризм және спорт
салаларындағы құқықтарын іске асыру мүмкіндігі туралы оларды хабардар ету;
8. жастардың
тұрғылықты жері бойынша
бос уақытын мазмұнды
өткізуін ұйымдастыру;
9. жастардың
жұмысқа орналасуына және жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу болып табылады.
Жастарға арналған әлеуметтік
қызмет орындары мемлекеттік
бюджет тарапынан және ҚР-ның басқа да тыйым салынбаған
заңдылықтарымен қаржыланады.
Жастардың басым бөлігінде басты
мақсаты бар, бұл жастардың бір нәрсеге қол
жеткіземіз деген ниеті бар деген сөз.
Жастар нені қаласа соған қол жеткізе алатын ерекше
әлеуметтік топ. Жалпы мемлекеттік жастар саясатының жастардың өзекті
мәселелерін шешуге,
жастардың белсенділігін жоғарылатуға, оларды жұмыспен
қамтуға, жастардың азаматтық жағдайын күшейтуге әбден мүмкіндігі бар.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ел Президентінің Қазақстан
Халқына Жолдауы
«Қазақстан – 2030».
2. Қазақстан Республикасындағы
мемлекеттік жастар саясаты туралы 2004. жылдың 7 шілдедегі №518-11
Қазастан Республикасының Заңы 1) I тарау, 1 бап, 2 тармақ; 2) I тарау, 3 бап, 1-2
тармақтар.
3. Распоряжение
Президента РК от 28 августа 1999 года №73 «О концепции государственной
молодежной политики РК».
4.
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік.