Конхашова
У.М., Конкашова Г.М.
Академик
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлкеттік университеті
Атасу кенті, Жаңаарқа ауданы, О.Жұмабеков атындағы орта мектеп
Білім беру жүйесінде электрондық
оқулықты қолданудың мәні
Білім беру жүйесін
ақпараттандыру дегеніміз – берілетін білім сапасын көтеруді
жүзеге асыруға бағытталған процесс, яғни
еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық
түрлерінде кәдімгі технологияларды тиімді жаңа комплекстік
ақпараттандыру технологияларына алмастыру, оларды сүйемелдеу
және дамыту, нақты жүзеге асыру шаралары.
Электрондық
оқытудың әдістемелік оқыту моделінде оқыту
құралдарының орын алуы өзгерді. Олар оқыту
құрылымы мен мазмұнын, әдістерін және
оқытудың формаларын анықтайды. Бүгінгі таңда
білім беруді ақпараттандыру формалары мен құралдары өте
көп. Олардың мақсаты оқыту процесін
мүмкіңдігінше дидактикалық жағынан тиімді
ұйымдастыру. Дидактикалық тиімділікке қол жеткізу үшін
қазіргі замандағы ақпараттық және
телекоммуникациялық технология құралдарын комплексті
түрде зерттеу, өз бетінше жұмыс жасау, білім алу сияқты
әр түрлі салаларда қолдану қажет.
Ғылыми
педагогикалық-психологиялық әдебиеттерді және мектеп
тәжірибесін оқып - үйрену мен талдау негізінде
ақпараттық технологияларды мектептің оқу үрдісіне
енгізу үшін кешенді ақпараттық білім беру жүйесін
құру қажеттілігі туындады.
Электрондық
оқулықтың автоматтандырылған оқу үрдісі
ашық дамитын әдістемелік жүйе екендігі белгілі. Сонымен бірге
электрондық оқулық оқу ақпараттарын тасылмадаудың
жаңа құралы болып табылады. Онда оқу ақпараты толық
мазмұндалып, әртүрлі қосымшалар, анықтамалы
материалдар, бақылау тапсырмалары, ұсынылатын әдебиеттер
тізімі және тақырыптық ресурстарға сілтемелер береді.
Оқу
процесінде ақпараттық және телекоммуникациялық
құралдар мүмкіндігін комлексті түрде қолдануды
жузеге асыру көп функционалды электрондық оқу
құралдарын құру және қолдану кезінде
ғана мүмкін болады. Осындай электрондық
оқулықтарды оқытуда пайдаланудың негізгі
дидактикалық мақсаты білім беру, білімді бекіту, дағды мен
іскерліктер қалыптастыру, меңгеру деңгейін бақылау.
Электрондық
оқулық туралы түсінік - ол біріншіден,
үйренушінің өзіне оқу уақыты мен орнын
тағдауына, еніншіден, қандай да бір себептермен
дәстүрлі білім алудан шеттетілген адамдарға білім
алуға, үшіншіден, оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды
қолдануға, төртіншіден, оқытуға кететін
шығынды белгілі бір мөлшерде азайтуға мүмкіндік береді.
Осыған байланысты бүгінде
бүкіл әлемнің назары бағдарламалық өнімдер
құрайтын оқытудың жаңа электрондық
түріне көңіл бөліп отырғаны белгілі. Электрондық
оқыту құралдары, интерактивті тақталар,
мультимедиалық лингофондық кабинеттер, интерактивті пәндік
кабинеттер, электронды оқу залдары, үйдегі дербес компьютерлер
болып табылады.
Біздің елде білім беру
жүйесінде жаңа оқыту технологияларын қолдану,
инновациялық бағытта жұмыс жасау заман ағымына сай
талап етілуде. Оқу үрдісінде компьютерді тиімді пайдалану
және қолдану кейінгі жылдары айтарлықтай оң
тәжірибе беріп отыр. Атап айтсақ, білім алушылардың өз
бетімен ізденісі пәнге деген қызығушылығын арттырып,
шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің
мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын
ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр.
Электрондық
оқулықтың операциялық компоненті интерактивті формада
берілген тапсырмаларды орындау арқылы іске асырылады.
Электрондық оқулықтың нәтижелік бақылау
компоненті тест алу жолымен жүргізіледі. Тест соңында оқушы
өзі қате жіберген сұрақтарды тексеріп көре алады,
әрбір тестен соң сұрақтардың реттік орны
ауыстырылып отырады.
Мұғалім
үшін электрондық оқулық бұл күнбе -
күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік
жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық
тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, ары қарай
жетілдіре алады. Қазіргі кезде білім беру процесінің
әртүрлі тұлғалары арасында
қашықтықтан мәлімет алмасу ісі мүмкін болып, олар
бір - бірімен ашық түрде компьютерлер көмегімен өз
пәндері айналасында пікірлесе алатын болды. Мысалы,
мұғалімдер-мұғалімдермен, мұғалімдер -
ғалымдармен, мұғалімдер – оқушылармен,
мұғалімдер – ата-аналармен, мұғалімдер-оқулық
жазушыларымен және т. б. Оқушылар үшін электрондық
оқулық – мектепте оқыған жылдардың
барлығында да өздері толықтырып отыра алатын және
нәтижелік емтиханға дайындалуға көмектесетін
мәліметтер базасы болып келеді. Электрондық
оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушының
өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке
дара жүргізуі болып саналады. Электрондық оқулықпен
оқытудың негізгі мақсаты - оқыту үрдісін үздіксіз
және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар
ақпараттық-ізденіс қабілетін дамыту.
Білім
берудің негізгі саласында «Электрондық оқулықтарды»
пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып
қана қоймай, ойлау жүйесін қалыптастыруға,
шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай туғызады. Осы
уақытқа дейінгі білім беру саласындағы оқулықты
пайдалану қазіргі заман талабын қанағатандырмайды.
Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында
бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжуы мүмкін
емес.
Қолданылған әдебиеттер:
1.
Коростылева Л.А.
«Психологические барьеры и готовность к нововведениям» СПб., 1996, 66 стр.
2. Мясоед Т.А. «Интерактивные технологии обучения. Спец. семинар для учителей» М., 2004.