Музыка и жизнь/1. Музыка: изучение и преподавание
Мукушева Ж.С.
Қарағанды қаласы
музыка
мұғалімі, ансамбль жетекшісі
Музыка
арқылы оқушыларды тұлға ретінде қалыптастыру.
Еліміздегі
саяси – әлеуметтік жағдайдың өзгеруі
қатардағы азаматтардың және олардың
балаларының тұлға ретінде даму үрдісіндегі
мектептің маңызына көзқарастарын өзгертті.
Жаңа экономикалық және әлеуметтік – мәдени
жағдайларға сәйкес Қазақстанда жоғары
білімді дамыту бойынша жүргізіліп жатқан шаралар мамандар даярлау
сапасын арттыруды, қарқынды ғылыми – зерттеу қызметімен
ықпалдастырылған жаңа технологиялық білімді дамытуды,
жоғары оқу орындары зерттулерінің әлеуметтік сала мен
экономиканың қажеттіліктерімен байланысын орнатуды, білім беру мен
ақпараттық технологияларды жетілдіруді, бірыңғай
ақпараттық білім ортасын қалыптастыруды, білім беру
үрдісін оқу – әдістемелік және ғылыми
тұрғыдан қамтамасыз етуді көздейді [1].
12 жылдық жалпы орта білім
тұжырымдамасына сәйкес Республика
мектептерінде музыканы оқытуды үш негізгі бағыт бойынша
жүргізу жоспарланып отыр. Ол мектептің ұсынысы бойынша
таңдау курстарын оқыту, ақпараттық жұмыс
және кәсіби бағдарлау орталықтарының
диагностикалық және кеңес беру қызметінен тұрады.
Музыканы оқытудың негізгі мақсаты оқушылардың
қабілеттері мен білім деңгейіне сай болашақ мамандығын
таңдауына көмек беру, қолдау жасау. Қазір
шығармашылығын дамытуға немесе белгілі бір пәннің
мазмұнын тереңдетуге ғана бағытталған. Ал
музыканы оқытуда берілетін таңдау курстары оқушы танымын,
шығармашылығын дамытуды, белгілі бір кәсіп саласы туралы
мағлұматтар берумен қатар нақты кәсіби
дағдыларды игеру барысында оқушының өз
таңдауының дұрыстығына немесе бұрыстығына
көз жеткізуге көмектесетіндей болуы шарт. Осыған орай біз
қолданыстағы таңдау курстарының мазмұнын,
оқыту технологияларын толығымен қайта қарап, жаңа
талаптарға сай қайта дайындалуда.
Музыка пәнін оқыту
арқылы – бұл оқушыны өзінің кәсіби жолын
саналы таңдауға дайындау жүйесінің ең басты
бөлігі. Бұл мектептердегі оқу жоспарын шартты түрде
басты үш бөлікке бөлуге болады.
1 – бөлік – жалпы білім беретін базалық пәндер
(мемлекеттік міндетті стандарт аясында оқытылатын пәндер
жиынтығы);
2 – бөлік – жалпы орта білім деңгейінде бағдарлы
оқытылатын пәндер (белгілі бір бейін бойынша бағдарлы
пәндер жиынтығы);
3 – бөлік – таңдау принципі бойынша оқытылатын курстар.
Бірінші екі бөліктің мазмұны мемлекеттік стандарт
деңгейінде анықталады. Ал соңғы бөлік
мазмұны оқушылардың таңдауына сәйкес мектептің
ресурстық мүмкіндігі аясында шешіліп жүр. Соңғы
жылдары оқушының өзіндік танымын дамыту мақсатында
олардың шығармашылықпен жұмыс жасауына
көңіл бөлуде. Бірақ бұл шараға барлық
оқушы тартылмай, дарынды балалармен жұмыс бағдарламасы
аясында шектеліп отыр. Ал, 12 жылдық жалпы орта білім
тұжырымдамасында оқушының жеке ізденушілік мәдениетін
қалыптастыруға нақты орын берілуі көңіл
қуантарлық жағдай. Яғни, 12 жылдық мектепте
оқушының жеке ізденушілік және шығармашылық
дамуын қамтитын оқу жоспарының төртінші бөлігі
міндетті болады. Оқушының ізденушілік мәдениетінің ерте
бастан қалыптасуы – оның өз бетінше білім алу
нәтижелігінің кепілі болмақ.
Әлемдік білім
кеңістігіндегі озық тәжірибеге негізделген 12 жылдық
білім беруге көшудегі негізгі нысана – адамзат тарихында уақыт
озған сайын өзектілігі арта түсетін білімді де білікті,
тәжірибелі де текті ұрпақ қалыптастыру. Ұлтымызды
дәріптейтін, рухымызды биіктетіп, ұлттық сенімімізді
жігерлендіретін ұрпақтың болашағы – бізге, яғни ұстаздарға
үлкен міндет. Ол үшін музыка мұғалімінің
кәсіби біліктілігін жаңа бағытта арттырып, білім
мазмұнын жаңартып, тиісті әдіс – тәсілдерді
қолданып, әдістемелік негіздерді қалыптастыруы керек.
Өйткені білім әр адамға өмір бойы қажет екенін
өмір тәжірибесі дәлелдеп отыр. Музыканы оқыту барысында
басты мақсат оқушының қабілеті мен бейіміне
сәйкес оның білімге сұранысын жан – жақты
қанағаттандыру болып табылады. Өзім жетекшілік жасап
отырған ансамбльдің оқушыларын алдымен музыканы тыңдау
ережелерімен таныстырамын:
1. Музыканы тыңдағанда ойды басқаға бөлмей,
орындалып жатқан музыкаға көңіл қойып, оны шын
ықыласпен тыңдап үйрен.
2. Музыканың мазмұнын түсінуге тырыс, шығармада
кездесетін негізгі әуенді байқап, оны тани біл.
3. Тыңдаған музыканың мазмұнын өзің
әңгімелей біл.
4. Музыкалық шығармалардағы музыкалық бейнелерді
көз алдыңа елестете біл.
5. Музыканы әсерлене тыңдап, талқылауға белсене
қатыс.
6. Шығарманы тыңдап, музыкадағы өзгерістерді
бақылап, сезінуге үйрен.
7. Музыканың дыбыс биіктігіне, ырғағына, дыбыс бояуына,
дыбыс күшіне көңіл бөл.
Балаларға осы жоғарыда берілген ережелердің бәрін
есте сақтауға, әсіресе музыканың мазмұнын
түсінуге тырысу, шығармада кездесетін негізгі әуенді
байқауға, оны тани білуге қазақтың халық
күйлерін орындағанда жаттықтырамын. Күйді ансамбльге
орындауды үйретуден бұрын, күй туралы жалпы мәлімет
беріледі. Мысалы: композиторлар табиғатқа арналған ән –
күйлермен қатар, түрлі жануарлар мен
құстардың қимыл - қозғалысын, жүрісін
бақылап, оны күй мен ән арқылы бейнелеп көрсеткен.
Осындай күйлердің бірі – халық күйі «Жорға аю».
Қазақтың халық күйі «Жорға аюдың»
шығу тарихы:
Бір аю қонжықтарына
тамақ тасып жүргенде, жаңбыр жауып, тасқын су
апандағы қонжықтарын алып кетеді. Аю суға ағып
бара жатқан қонжықтарын жүгіріп жүріп, құтқарып
қалады. Мұны көрген аңшылар, малшылар аюдың
жүрісін күйге салып тартқан. Құстарға
арналған күйлер . Қазақ халқы аққуды
аялап, қастерлейді. Аққу - ең сұлу
құстардың бірі. Аққудың айдын көлде
жүзгенін, қанатымен суды сабалағанын немесе аспанда
самғағанын күйшілер күй арқылы бейнелеген.
Осындай күйлердің бірі -
композитор Н.Тілендиевтің күйі «Аққу».
Халқымыз төрт түлік малды құт санаған.
Төрт түлік мал туралы көптеген өлең, әндер
бар. Ал күйшілер оларға арнап түрлі күйлер
шығарған.Ондай күйлерді төрт түлік малға
арналған күйлер деп атайды. Қазақтың халық
күйі «Қара жорға». Оқушыларға күйді
орындамас бұрын «жорға »деген сөздің мағынасын
түсіндіремін. Жорға – кейбір жылқы малының ең
жайлы жүрісі.Жылқының жүрісі :аяң, желіс, шабыс,
жорға болып бөлінеді. Жылқының түріне қарай
Қаражорға, Бозжорға, Торыжорға деп атаған[2].
Жеке тұлғаны
қалыптастыруда әрбір ұстаз шәкіртпен
ынтымақтастықты орнатып, шығармашылық негізде
әрекет етеді және келесі мәселелерге көңіл
аударады:
·
Тұлғаның қалыптасып, өз
бейнесін табуы, даралық, руханилық болмысын танытуы.
·
Оқушы тұлғасына қолдау
көрсету.
·
Тұлғаны түсіну, салауатты өмір негізін
қалау.
·
Ақпаратты талдай отырып, терең
меңгеруге, маңызын анықтай алуға мүмкіндік жасау.
·
Өзіне қарама – қарсы идеяларды
жоққа шығаруға емес, түсінуге ұмтылуды
нұсқау.
Осы жайттарды ескере отырып, оқушының жеке тұлға
ретінде дербес өзіндік әлеміне бойлату арқылы өзін –
өзі дамытуға, өз мүмкіндіктерін таныттырып, оны
жүзеге асыруға, өз жан дүниесінің
мәнділігін сезіндіруге бағыттайтын әрбір ұстаз өз
қызметін үлкен сеніммен атқаруға тырысады. Себебі,
мұғалім ең жауапты міндетті орындайды – ол адамды қалыптастырады
[3].
Тәрбие мен оқытудың
бұрынғы мазмұнына жанаса келе жатыр: дәстүрлі
нысаналы – субъектілі тәрбие, педагогикасы басқамен ауыстырылып,
баланы тәрбиелеу, қызметінің субъектісі ретінде алады,
яғни дамып келе жатқан тұлға ретінде және
өзін – өзі өзектендіріп, өзін көрсете және
өз білімін пайдалана білуге ұмтылады. Осы жағдайларда
тәрбиелеу үрдісінің негізгі құрамы болып
тәрбиеленушілердің мұғалімдермен, ата – аналармен
және оқушылармен байланысы жеке бағытта болады. Тұлға – бұл адамның
рухани және психикалық маңызы, сана жүйесінің
қорытындысы ретінде беріледі.
1. Адамның әлеуметтік қасиеттерінің мәнділік
жиынтығы.
2. Әлеммен, өзіне, өзімен қатысының
жүйесі.
3. Қоршаған ортаны тану
және сезіну.
4. Қажеттіліктер жүйесі.
5. Шығармашылық мүмкіндіктер, қабілеттер
жиынтығы[4].
Біліктілік пен шеберлікті ұштастырып , « Ұлы болу оңай
емес, ал ұлылардың ұрпағы болып қалыптасу одан да
қиын» деген қағиданы іске асырып, өсіп кележатқан
жас ұрпақты әлемді мойындататын рухани биікке көтеру –
ұстаздардың міндеті. Олай болса музыка арқылы
оқушыға білім беру жүйесі арқылы жан – жақты
жетілген, білімді де тәрбиелі
жеке тұлғаны қалыптастыруға болатындығына сенімдімін[3].
Әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.
–Астана: 2004.- бет 132
2. Құлманова Ш.,Сүлейменова Б.,Тоқжанов Т.,Оразалинова
М.Музыка оқулығы. 2 сынып. –А.: 2009 –б.9-16.
3. Султанова Н.К.,Алыбаева Р.Ә.Ғылыми – практикалық
конференция материалдары.-Қ.:2012 –б.88,89.
4. Орынбаева А.Н. Аймақтық білім беру... –Қ.: 2009 –бет 227