А.Қ. Утепова

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

ТЕАТРДАҒЫ БҮГІНГІ ТАҚЫРЫПТАРДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР

 

 

Театр. Театр - әлемді драмалық әрекет арқылы көркемдік тұрғыда игеретін, оны актерлар көрерменнің көз алдында іске асыратын өнер түрі. Театрдың негізі - драматургия. Сонымен қатар ол өз құрамына живописьті, мүсін өнерін, кейде сәулет өнерін (декорация), кейде кино, музыка, би өнерлерін де енгізеді. Театр өнерінің синтетикалылығы оның ұжымдық сипатымен анықталады: спектакльде драматургтың, суретшінің, сазгердің, актердің шығармашылық күш-жігерлері біріктіріледі. Театрдағы көркемдік бейненің “құрылыс материалы” - тірі адам, актер. Драматург пен режиссердің ойы актер арқылы іске асады. Ол сахнадағы барлық нәрсеге театралдылық береді. Сахнада бөлменің интерьерін, пейзажды, қала көшесінің кейпін дәл беруге болады, алайда, егер актер өзінің сахналық әрекетімен шындықты тірілтпесе, бұл декорацияның бәрі өлі бутафория болып қала береді. Және, керісінше, актер пъесаның іс-әрекетіне сай жағдай мен ортадағы адамның бейнесін дәл, толық бере алса, қоршаған ортаның ең жалпы деген белгілерінің өзі (мысалы, Шекспир театрындағы сияқты,“бақ”, “дала” немесе “сарай” жазулары бар тақтайшаларға дейін) театралдық өмірмен біте қайнасып кетеді. Тетрдың маңыздылығының ерекшелігі, мұнда шығармашылық акт (бейнені сомдау) көрерменнің көз алдында жүзеге асады. Осыған байланысты театр аудиторияға эсер етудің орасан зор мүмкіншілігіне ие болады. Кинода көрермен шығармашылықтың нәтижесін көрсе, ал театрда процестің өзін көрсетеді. Спектакльдің ең басты ерекшелігінің кілті осында. Өйткені театр - бұл ең алдымен актердің көрерменмен тірі байланысы, аудиторияның көз алдындағы щығармашылық. Эстетикалық мәдениеттің маңызы мен әлеуметтік рөлін қарстырғанда оның жетістіктерін өнер, фольклор, сәулет өнері және т.б. шығармаларының деңгейі мен көлеміне әкеліп тіреу жеткіліксіз болар еді. Бұл жерде мәдениеттің, оның ішінде эстетикалық мәдениеттің маңызды функциялар атқаратындығын естен шығармау керек. Бұл түсінік бізге эстетикалық мәдениетті бүтіндей қабылдаудың бағдарын береді. Мұндай қабылдаудың негізін эстетикалық мэдениет құбылыстары мен айғақтарын “заттандыру мен затсыздандыру” процесінің тұтастығы концепциясы құрайды. Бұл концепцияның қарапайым мәнін эстетикалық сала құбылыстарының деңгейі, саласы ретінде ғана емес, эстетикалық мэдениет дамуының өлшемі болып табылатын берілген қоғамдағы оның сұраныс деңгейі ретінде де көрінеді [2].

Театр , театр, театр осы сөзде қанша сыр бар, қанша құпия жатыр.Иә, иә біз үшін әлі толық ашылмаған, жетілмеген көп сыр бар. Мен өнер академиясынын бітіріп кеткеніме біршама уақыт болып қалыпты, сол кеткен уақыт үй шаруасына арнаған мезгілді санамағанда, сахнаға ұмтылған жан дүниемде шіркін ай,  дейтін ешбір қойылым таппадым.Сол баяғы қару ұстаған батырлар, мүлдем ескі шапан киген бұрымды қыздар. Бұл жаналық емес, шаң басқан мұра болған тарихымыз. Әрине, оны мұражайға қою емес айтпағым, құрметтейміз,ұлттық театрымызда көрсетеміз.Ал, жастарға дамып келе жатқан халқыма тамаша таза, инновациялық шығармалар ауадай қажет. Еліміздің барлық аймақтарындағы театр сахналарының бәрінде бір ұқсастық. Әрине, ұлттық құндылықтар ешқашан жоғалмауы тиіс. Қазақтың қилы тарихын, өткенін, мәдени-әдеби жәдігерлерін, фольклорын көрсететін этнографиялық театрлары міндеті түрде болуы шарт. Кино мен теледидар дамыған заманда театр өнері дамымау керек пе?! Маған Қыз Жібек пен Баян эпостық жыр арқылы онсыз да аян. Мен үшін маңыздысы  бүгінгі Жібек пен Баян. Қазір дәл осы уақытта олар не істеп жүр? Әрине, киім киісі, сөйлеу мә­нері, сөз саптауы, қимылы бәрі-бәрі бөлек. Театрға бет алған жас көрермен шындықты, бүгінгі шындықты естігісі, көргісі келеді. Ал біз оларға өзіміз көрмеген, тек оқыған этнографиялық бағыттағы, бет-бейнесін шаң басқан, жаны өлген Қозы-Баяндарды көрсетеміз. Ұлттық рухымыз осы ма? Жас көрермен олардың бойынан өздеріндегідей жастық жалынды, аяулы арман­ды, үкілі үмітті көре алмаса не пайда?

Шығармашылық  жаңа идея, тосын ұсыныстар, штамптар мен қатып қалған сеңдерді бұзудан тұрады. Режиссердің мақсаты  қатып қалған стереотиптерді бұзып, өнерде жаңа имидж қалыптастыру. Театр  мен үшін, тек ұлттың салт-дәстүрін көрсететін мәдени ошақ емес. Театр бұл саналардың қақтығысы, шындықтың сахналық нұсқасын айтатын таным мен эстетика әлемі. Көрермен деңгейін өсіру біздің әртістік парызымыз [1].

Қалай десек те бізде халықаралық деңгейдегі театр тарландарымен иық теңестіре алатын кәсіби өнер тұлғалары бар. Авторлық режиссура туралы сөз қозғасақ, менің ойыма белгілі сахнагер Болат Атабаев. Қазіргі заманғы театр режиссурасы бойынша «халықаралық режиссерлер лабораториясын» ашып, режиссер Б.Атабаевқа қолдау білдіруге жоғары жақтағыларға кім кедергі болып отыр? Себебі, шет тілінде еркін сөйлейтін режиссер дәріс беріп қана қоймай, Қазақстанға, қазақ өнеріне шет елдегі жас мамандар назарын бұрар еді.

Тағы бір айта кететін жайт, біздің еліміздегі өнер институттары мен акаде­миялардағы болашақ театр әртістері мен режиссерлерін дайындау К.Станиславский әдісіне негізделген. Орыс топтарында оқитын студенттерге қиындық болмас, алайда қазақ бөліміндегі студенттерге қиынның қиыны. Се­бебі, қазақ тіліндегі оқулықтар жоқтың қасы. Елуінші жылдары қазақ тіліне аударылған К.Станиславскийдің өмірбаяндық «Менің өнердегі өмірім» кітабының тілі тіпті сын көтермейді. Актер шеберлігі бағытында тек профессор М.Байсеркеұлының «Сахна және актер» кітабы ғана кәсіби дең­гейдегі оқулық болатын жалғыз дүние. Осы ретте оқулықтарды аудару жүйесін реттеу де күн тәртібінде тұрған мәселе.

Тоқсан сөздің тобықтай түйініне келетін болсақ, менің ойымша театрға қажет бірнеше тармақтардың орындалуы керек секілді:

Біріншіден, Қазақ елінің өнері мен мәдениетін модернизациялай алатын мықты концепция қажет.Екіншіден, Үкімет тарапынан қазақ театр өнерін дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданып,  «Театр өнері туралы» арнайы заң қабылдайтын болса. Үшіншіден, еуропалық білім стандарттарына жауап беретін театр педагогикасын ретке келтіруіміз керек. Ең бастысы, методологиядан бастап, оқу бағдарламасын, әдіс тәсілдерін жүйелеп алуымыз шарт.Төртіншіден, режиссерлер, актерлер, сценографтар, театртанушылар, менеджерлер секілді театр мамандарын Еуропа елдерінде оқытып, кәсіби біліктілігін дамытудың маңызы зор. Біліктілік көтерілмей, өз қазанымызда өзіміз қайнасақ, талғам мен тағылым көкжиегінің биікке көтерілуі өте қиын  [3].

Міне, актерлерді, режиссура , театр өнеріне жалпы тоқталдық, бұл менің ғана ойым емес, көптеген әріптестерімді мазалап жүрген түйткіл ойлар, жаңадан аяқ басып сахнаға қойылып жатқан жаңаша туындылар. Әлі талай талай талантты, дарынды қазақ жастары  менмұндалап, өзіндік қолтаңбасы бар қойылымдар дүниеге әкелері сөзсіз. Мен бұған кәміл сенімдімін..

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.   А.Маемиров  «Қалың қалай қазақ театры» http://inform.kz/kaz/article/2236149

2.   Қазақ энциклопедиясы http://internettv.kz/

3.   М.Байсеркенұлы «Сахна және актер» Алматы : Ана тiлi, 1993. - 336 с.