ӘӨЖ 378:001.891

Музыкалық шеберліктің педагогикалық тұрғыда кәсіпке бейімделуі

 

  Туртанова Лора Узакбаевна

№ 110 орта мектептің

музыка пәнінің мұғалімі

Қызылорда облысы

    

 

 

 

РЕЗЮМЕ

Бұл мақалада педагогикалық тұрғыда музыкалық шеберліктің кәсіпке бейімделу мәселесі ғылыми негізде қарастырылады.

 

РЕЗЮМЕ

В статье рассматривается научные проблемы и профессиональное музыкальное педагогически мастерство.

 

 

 

 

Кәсіби педагогикалық музыкалық шеберлік - педагогикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін білім, бейімділік пен дағдылар жүйесінде болашақ музыканттың кәсіби даярлығының маңызды көрсеткіші болып табылады. Музыканттардың кәсіби педагогикалық шеберлігін жетілдіруде мынадай мәселелер шешімін табуы тиіс:

- ғылыми білім деңгейінде педагогикалық музыкалық шеберлікті музыкант дайындаудағы маңызды сапа ретінде жүйелі зерттеулердің жүргізілуі;

педагог қызметінің шығармашылық сипаты және әлеуметтік қызметін жандандыру;

педагогикалық қызметтің тұлға дамытушы және оны жүзеге асырудағы мәнін талдай отырып, біліктілікті арттыру жүйесінде жан -жақты қарастыру;

- болашақ музыканттың шығармашылық бағыттылығын дамыту; 

- мүмкіндіктерін ашу, өзіндік «Мені» мен шығармашылық орта құруда, болашақ педагогикалық қызмет талаптарын меңгеруге жағдай жасау;

-  пәнді жүйелі тереңдетіп оқыту, лекция, семинар, өзіндік жұмыстар мен сабақ кестесіне педагогикалық практика және шығармашылық күндерді ендіру;

- оқушыға орта мектептерде оның жеке кәсіби-педагогикалық қызығушылықтарына, қабілеттеріне, оған базалық оқу жоспарын жүзеге асыруға белсенді араласуға себеп болатын мүмкіндіктеріне сәйкес білім қызметтерін ұсыну.

Бұлардың барлығы өте маңызды және бүгінгі қоғам талабына сай болашақ маманның жан-жақты даярлығына, жеке тұлғасының қалыптасуына, оқыту үдерісін жетілдіруде және педагогикалық үдерістің жүйелі сипатын біртұтас шығармашылық құбылыс ретінде дамытуға мүмкіндік беретіні сөзсіз. Әсіресе, оқушының даралық мүмкіндіктерінің барынша ашылуына және дамуына, онда жеке кәсіби педагогикалық музыкалық шеберлік ерекшеліктерінің танылуына себеп болатын шығармашылық қызметке кәсіби даярлау жолдарына ерекше назар аудару қажет.

Осы бағытта ғана музыкантлер қоғамдағы өзінің орнын нығайтып, мотивациялық-құнды рухани қарым-қатынасты білім мазмұнын қалыптастырып, ұрпақ тәжірибесіне сапалы бағдар бере алатын болады.

Оқушылардың педагогикалық шығармашылық пен музыкалық шеберлікке өзін-өзі тәрбиелеуін (оқытушының бағыттауымен) болашақ музыканттың теориялық және практикалық даярлығымен үйлесімді сабақтастырғанда ғана нәтижелі болады. Өзін-өзі және іс-әрекетін ұйымдастыруда оқушылар өз тұлғасын, сапалық кұрылымын тани отырып, өзінің келеңсіз және жағымды жақтарын аныктап, кәсіби маңызды ерекшеліктерді, сапаларды дамытуға бағытталады.

Болашақ музыканттың даярлық жүйесінде кәсіби музыкалық шеберлігін қалыптастыру педагогикалық және психологиялық курстардың, педагогикалық шығармашылыққа арналған арнайы тақырыптардың енуі; өзінде шығармашылық бастауды дамытуға бағытталған тапсырмалар мен жаттығулар жүйесін жасау; педагогикалық қызмет ерекшеліктерін міндетті түрде ескеретін жақын пәндерді біріктіруде жүзеге асады [1].

Болашақ музыканттардың кәсіби педагогикалық музыкалық шеберлігін қалыптастыруда арнайы қабілеттерді дамыту үшін, музыканттардың міндеттерін қарастырайық.

Оқу үдерісінде кәсіби педагогикалык музыкалық шеберлікке даярлаудың жүйелі ұйымдастырылуы, теорияны тәжірибемен байланыстыруға көмек беруде шығармашылық қабілет басым орынға ие. Өйткені, оқушыларға сөзсіз пайда болатын «қалай істеймін» және «Бұл білімді шынайы әрекетке айналдыра алмаймын» деген қарама-кайшылықтарды шешуіне мүмкіндік береді.

Олардың шығармашылық ұстанымдарды жүзеге асыруына, кәсіби мақсаттарға қол жеткізуге бағытталуы мен оны рухани-эмоционалдық тұрғыда түсінуі, оқу үдерісіне педагогикалық музыкалық шеберліктерді ендірудің, алғашқы қадамы болып табылады.

Бұл оқытудың әдістемелік құралдарын қолдану мен оқу үдерісінің кұрылымын жаңартуға тырысу ғана емес, оқытуды ұйымдастыратын оқытушының кәсіби міндетінің жаңаша сипатын дәлелдейді.

Педагогикалық музыкалық шеберліктер негізінде кәсіпке бейімделудің табысты болуы, кәсіби іс-әрекеті мен рухани құндылықты дамыту тұрғысынан түсінуі, ұжымның психологиялық климатымен, қоғамға бейімделуі және жёке ерекшеліктерімен байланысты және кәсіби бейімделу кезінде педагогикаліьіқ музыкалық шеберлік мазмұны, ұжымдағы қарым-қатынас өзара әсер етеді.

Орта мектептің оқу үдерісі кезінде болашақ музыканттарды кәсіби қалыптастыру, педагогикалық музыкалық шеберлікті дамыту жағдайы әрқашан қызығушылық тудыратын өзекті мәселе. Осы мәселе жөнінде Л.И.Божовичтің [2] тұлғаның ішкі бағдары түсінігін пайдалана отырып, адамның ішкі рухани дамуын көп жағдайда тұлғаның кәсіби маман ретінде дамуымен байланыстырады.

Ол: «Кәсіби іс-әрекет адамның өмірлік іс-әрекетінің маңызы болып табылады, өйткені ол арқылы тұлғалық толыққанды өзін-өзі жүзеге асыру өз мүмкіндіктерін толығымен жұмсауды қамтамасыз етеді» деген пікірді қуаттайды.

Адамның ішкі позициясы өзінің объективті бейнеленуінде тұлғаның кәсіби қалыптасуында көрініс береді. Нәтижесінде, болашақ кәсіби шеберлігіне деген жалпы жағымды эмоциялык қарым-қатынасы дамиды.

Білім беру үдерісін және оқу-тәрбие саласындағы құбылыстардың басты нәтижесі әдіснама мәселесінде: біріншіден, әдіснама логикалық ойлаудың, іс-әрекетінің әдісі мен құралы, әрі оның құрылымы туралы ғылым ретінде қабылданса, екіншіден, ол ғылыми қабылдаудың әдісі мен нормасы ретінде қарастырылып, теориялық дамудың әдіснамасы немесе қабылдаудьвд түрлері ретінде педагогикалық шындықтың анықтамасы болып есептелінеді.

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Сейтешев А.П., Садыков Т.С. Научные проблемы формирования личности и развития современного образования в РК. -Алматы: Ғылым, 1997. Б. 490

2. Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте. М. Просвещение, 1968. С. 464