ҰЛТ МЕКТЕПТЕРІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН
ОҚЫТУ ЖОЛДАРЫ
Кішібаева
Зульфия Жүнісбекқызы
Түркістан
қаласы
«Шыпан»
жалпы орта мектеп директорының
оқу - ісі жөніндегі орынбасары
Түйіндеме
Бұл
мақалада ұлт мектептерінде қазақ тілін
оқытудың тиімді жолдары мен әдістері баяндалады.
Кілт сөздер:
заманауи, технология, дағды, білім, білік, құндылық.
Резюме
В
статье рассматриваются эффективные пути и методы обучения казахскому языку в
национальных школах.
Ключевые слова: современные
технологии, знание, умение, навыки, ценности.
Заманауи қоғамда
мамандардың кәсіби-шығармашылық деңгейіне,
өндіріс пен әлеуметтік саладағы ғылымдардың жетістіктеріне және прогрессивті
технологияны енгізу мерзімінің қысқартылуына қойылатын
талаптар күшеюде.
Бұған, 2012 жылғы желтоқсан айындағы
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050
стратегиясы» - кемелденген мемлекеттің жаңа саяси курсы» атты
Жолдауында біз бәсекеге қабілетті ел болуымыз үшін,
ұшқыр білімді ұлт болуымыз керек делінген.
Білім беру үдерісін
бүгінгі күн талабына сай жаңаша ұйымдастыру
ғалымдардан оның философиялық,
педагогикалық-психологиялық негіздерін, теориясы мен
тәжірибесін терең зерттеуді, заманауи талаптарына қарай білім
беру технологиялары мен әдістерін, дүниетанымның
ұстанымдарын қайта қарастыруды, рухани-адамгершілік
құндылықтарға бетбұрыс жасауды талап етеді.
Демек,
жаңаша білім беру – жаңа білім мен дағдыны меңгерген,
шығармашылық қабілеті жоғары, дербес ізденіс
нәтижесінде елеулі мәселелердің шешіміне қол
жеткізетін, ойлау қабілетімен
ерекшеленетін тұлғаны қалыптастыруды көздейді. Мектеп
жасына дейінгі балалардың өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойын
барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады [1].
Қазақ тілін
оқыту әдістемесінің жай-күйіне шолу және
мәдениеттаным бағытында оқыту Қазақстан
Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру
жүйесінің басты міндеті – ұлттық және
жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым және
практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға
дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған
білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» - дей отырып, басым
міндеттердің бірі ретінде «жеке адамның шығармашылық,
рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір
салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы
үшін жағдай жасау арқылы интелектін байыту» - деп
көрсеткен [2].
Ата-бабамыздың
ұрпағына мұра еткен бар асылының қаншама
ғасырлар бойы өшпей, жалғасып келе жатқаны – тіл
құдіреті мен танымының тереңдігінің
көрінісі. Адам баласының өз тіршілігінде көрген-білгенінен
тоқып-түйгенін ойлап-толғап, қорытып, келешек
ұрпағына мирас етіп қалдырғаны – табиғи
заңдылық. Бабаларымыздан қалған мәдени
мұраларымыз бен баға жетпен
құндылықтарымыздың
ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, жалғасын табуда
ана тіліміздің ролі зор. Еліміздің егемендік алып,
қазақ тілінің мемлекеттік дәрежеге ие болуына орай
барлық жоғары оқу орындарында, мектептерде, колледждер мен
лицейлерде қазақ тілін ана тілі ретінде, екінші тіл ретінде оқыту
жұмыстары жүргізіле бастады. Қазақ тілін оқыту
әдістемесі өзіндік тарихы бар ғылым саласы.
ХІХ ғасырдың екінші
жартысында педагогикалық ой-пікірлерді дамытқан қазақ
халқының ғұлама ғалымдары Ш.Уәлиханов,
А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Құдайбердиев бастаған
ағартушылық кызметті ХХ ғасырдың басында
жалғастырған ғалымдар М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов,
Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Т.Шонанов болды [3].
Қазақ тілін ұлт
мектептерінде оқыту, жалпы басқа ұлт өкілдеріне
қазақ тілін үйрету мәселесі ХХ ғасырдың 30
жылдарында қолға алынып, түрлі оқулықтар,
оқу құралдары, бағдарламалар шығарыла бастады.
Осы жылдары қазақ тіл ғылымының белгілі әдіскер
ғалымдары Т.Шонанов, Ш.Сарыбаев, С.Жиенбеав т.б. ғалымдардың
оқулықтары, әдістемелік еңбектері жарық көрді.
Қазақ тілін ұлт мектептерінде оқыту
әдістемесінің қалыптасуына әсерін тигізген көптеген
ғалымдар болды . Ұлт мектептеріндегі қазақ
тілінің ролі, қазақ тілі сабағына қойылатын
талаптар, сабақтың құрылысы, орфоэпияға, ауызша
сөйлеуге, жазуға үйрету, лексика және грамматика,
қазақ тілінен сыныптан тыс жұмыстар т.с.с. бөлімдерді
қамтиды.
Басқа ұлт өкілдеріне арналып жазылған
алғашқы оқулықтың авторы, оқу-ағарту,
тіл мен әдебиет, білім салаларында құнарлы еңбек еткен
талантты әдіскерлердің бірі – Телжан Шонанов. Т.Шонанов –
қазақ тілін оқыту әдістемесінде тіл білімін зерттеуші
ғалым, әдіскер, тарихшы, аудармашы, педагог ретінде көрнекті
орынға ие. Оның жазған кітаптары мен оқулықтары,
әр салада жазылған 100-ден астам ғылыми еңбектерінде
мектептегі білім жүйесі, әдістеме, тіл мәселелері
қаралады [4].
Қазақ тілі
әдістемесі пәні, оның міндеттері, мақсаттары,
қазақ тілін басқа ұлттарға оқыту
әдістері, сабақтың құрылысы мен түрлері
жүйелі, анық, нақты түрде берілген. Сонымен қатар
мұнда тілдік материалды ғылыми принцип негізінде таңдау
және сұрыптауда: 1) сөздердің қолдану жиілігі; 2)
сөздердің жеңіл-қиындығы; 3)
сөздердің синонимдік қасиеті; 4) сөздердің
тақырып қажеттігіне сәйкестігі: 5) екі тілге ортақ
сөздерді санатқа кіргізбеу; 6) сөздердің
сөзжасамдық қабілеті; 7) сөздің тілдің
дыбыстық ерекшелігін қамтуы; 8) сөздің
оқушының психологиялық ерекшелігіне сәйкестігі; 9)
сөздің оқулықта қайталану жиілігі
қасиеттеріне ерекше көңіл бөлінуі қажет.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша
практикалық және лабораториялық сабақтарды жүйелі
топтастырудың алғашқы баспалдағы ретінде Т.Әбдікәрімова,
Т.Әбдіғалиева, К.Шаймерденовалардың авторлығымен
шыққан «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» атты
еңбегін атауға болады [5]. Кітапта практикалық
жұмыстар, лабораториялық жұмыстар, сабақты
ұйымдастырудың үлгілері, диктант пен жаттығу
жұмыстары, оқушылардың білімін есептеу ғылыми-практикалық
жағынан жан-жақты талданып көрсетіледі. Еңбек
оқытушыларға әдістемелік жағынан көмек бере
алады.
Қазақстан көп ұлтты мемлекет
болғандықтан, осында қалыптасқан тілдік ортаға
байланысты тілді үйренушілердің өзі – бастауыш топ,
жалғастырушы топ болып бірнеше топқа бөлінеді. Қазіргі
кезде жиі қолданыста жүрген оқулықтардың ішінде
осы топтарға пайдаланып жүрген оқудық –
Ш.Бектұров пен А.Бектұрованың «Қазақ тілі»
оқулығы[6].
Тіл – мәдениет қаруы. Тіл өмір
сүріп отырған кезде сол елдің мәдениеті де өмір
сүре береді. Тілді оқытудың негізгі мақсаты – тілді
шынайы да толыққанды қарым-қатынас құралы
ретінде үйрету. Әрбір тіл үйрену сабағы
мәдениеттер тоғысуы, мәдениетаралық
қарым-қатынас тәжірибесі, себебі әрбір сөз сол
елдің өмірі мен мәдениетін, қоғамдық
ой-пікірін, өзіндік ерекшеліктерін көрсетеді. Демек өзге
ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету, тіл
үйренушілердің қазақ тілін оқып, жазу және
мұғалімнен, оқулықтан алған білімдері
қазақ елі жайлы жарнама емес, керісінше қазақ
халқының көзімен қарау қабілетін дамыту негізі
болып табылады. Ол қазақ тілін үйрету сабақтарында
елтанымдық мәліметтерді енгізе отырып жүргізгенде
жүзеге асады.
Қорыта
айтқанда мәдениеттаным бағытында оқыту әдістемесінде
тіл үйренушілерге тек қана тіл үйретіліп қана қоймай,
сол тілді тұтынушы халықтың мәдениеті, салт-дәстүрлері,
тарихы, географиялық жағдайы, саяси-экономикалық даму бағыты,
өнері, ғылым-білімі және қоғамдық ой-пікірлері
мен рухани құндылықтары жайлы мәлімет бере отырып, сол халықты
таныту болып табылады. Қазақ тілін оқыту әдістемесі
ғылымында көптеген әдіскер-ғалымдардың
еңбектерінде танымдық мәліметтер бағытында оқыту
әдістемесі арнайы зерттеу нысаны болған жоқ. Біздің
мақсатымыз қазақ тілін тіл үйренушіге ауызекі
қатысым құралы ретінде ғана үйретіп қоймай,
тіл үйренушіге үйренім жатқан тілдің ұлттық
реалилерін таныта отырып, сол тілде еркін ойын жеткізе алатын,
пікірталасқа түсе алатын, танымы кең тұлға
ретінде қалыптастыру.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.
Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің
жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына
Жолдауы, Астана 2012- 14
желтоқсан (4 ші бағыт)
2. Қазақстан Республикасының
«Білім туралы» Заңы және оны жүзеге асыру жөніндегі
негізгі құжаттар. Астана, 2000.
3.
М.Жұмабаев. Педагогика. Алматы. 1994 – 280 бет.
4.Байсақалова Ұ. Қазақ
тілі. Астана.Фолиант, 2007
5.Әбдікәрімова Т.,
Әбдіғалиева Т.Шаймерденова К. Қазақ тілін оқыту
әдістемесі. Алматы, 1999.
6.Бектұров Ш, Бектұрова А. Казахский
яык. Алматы, Рауан.1994 -240б.