ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ОҢТАЙЛАНДЫРУ АРҚЫЛЫ ЖҮНДІ ЖУУ РЕЖИМІН ЖӘНЕ АЛҒАШҚЫ ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖАСАУДЫҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ

 

Садыкова Г.Н. -МЛП-13 

М.Әуезов атындағы ОҚМУ

 

Түйіндеме

Бұл мақалада Оңтүстік Қазақстан облысында оңтайландыру арқылы жүнді жуу режимін және алғашқы өңдеу технологиясын жасаудың алғы шарттары мен мүмкіндіктері туралы баяндалады.

Кілт сөздер: Оңтүстік Қазақстан облысы, оңтайландыру арқылы, жүнді жуу режимі, алғашқы өңдеу технологиясы, алға шарттар, мүмкіндік.

 

 

Резюме

В статье рассматриваются условия и возможности разработки режима мытья щерсти на основе оптимизации и технологии перичной обравотке в Южно-Казахстанской области.

Ключевые слова: Южно-Казахстанской область, режим мытья щерсти посредством оптимизации,   технология первичной обработки, условия, возможности.

 

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2014 жылдың 17 қаңтары күнгі Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында: «Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Қазақ елі өткен 22 жылда қыруар іс тындырды. Біз үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырдық. Әрбір отандасымыздың жүрегіне өз еліне деген шексіз мақтаныш сезімін орнықтырдық. Қазақстандықтар ертеңіне, елінің болашағына сеніммен қарайды. Халықтың 97 пайызы әлеуметтік ахуалдың тұрақтылығын және оның жыл өткен сайын жақсара түскенін айтады. Бүгінде отанымыздың жетістіктері – әрбір азаматтың ұлттық мақтанышы. Күшті, қуатты мемлекеттер ғана ұзақмерзімдік жоспарлаумен, тұрақты экономикалық өсумен айналысады. «Қазақстан - 2050» стратегиясы – барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Ол – елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан. Стратегияны мүлтіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет»,- деп атап көрсетті [1].

Бұл - әрбір Қазақ елінің азаматын болашаққа бастар айқын бағдарлама. Яғни, еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарының  заңды жалғасы. Бүгінгі күні халықшаруашылығын көтеру, елдің әлеуетін көтеру, экономиканың қарқын алуы туралы мәселе Үкіметтің күн тәртібінен түскен жоқ. Мал шаруашылығын дамытуға, мал өнімдерін өңдеуге, елдің қажеттілігін өтеу мен экспортқа шығаруға ыңғайлы өңірдің бірі – Оңтүстік Қазақстан облысы.

Оңтүстік Қазақстан - республиканың ірі аграрлы-индустриалдық өіңірлердің бірі. Ауданның жалпы өнім өндірудегі үлесі 34%. Жетекші салалары болып агроөнеркәсіп кешенінің салалары, түсті металлургия, кен-химия өнеркөсіптері мен машина жасау саналады. Оңүстік Қазақстан - дайын өнім шығарудан ең жылдам дамып келе жатқан аудан. Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстанда мал шаруашылығының жетекші салалары - қой және ірі қара мал өсірумен айналысады. Қой, ешкі, мүйізді ірі қара өсіруі жөнінен республикада 1-орын алады. Қой өсіру саласында әлемдік тәжірибедегі сияқты, санынан гөрі сапалық жағына көбірек көңіл бөлінеді. Малшаруашылығының азықтық базасына жазықтар мен тау етектеріндегі маусымдық жайылымдықтар мен шабындықтарды жатқызуға болады. Биік таулар жазғы жайылымдық, ал шөлді жерлер - қысқы жайылымдық есебінде пайдаланылады.

Биязы жүн және оның қайта терең өңдеу өнімдерінің өндірісі мен экспорты. 2009 жылы шаруашылықтардың барлық санатында қойдың саны 14,7 млн. басты құрады. Қой негізінен Оңтүстік Қазақстан – 22 %, Алматы облысы 17 %, Жамбыл облысы 13,3 % және Шығыс Қазақстан облысында 13 % өсірілді. 2009 республиканың шаруашылықтарының барлық санаттарында 36,4 мың тонна жүн өндірілген, ол 2008 жылғы көрсеткіштен 3,3 % жоғары. Өндірілген жүннің түрлері бойынша келесідей болды: -  биязы – 7,8 мың тонна (немесе өндірілген өнім көлемінен 22 %),

-   орташа биязы – 4,8 мың тонна немесе 14 %,

-   жартылай жуан жүн 4,3 мың тонна немесе 12 %

-   жуан жүн 18,0 мың тонна немесе 52 %.

Соңғы жылдары майлы-етті қой шаруашылығы даму тенденциясы байқалуда, бұл қазіргі нарық жағдайында қой етін өндірісмен салыстырғанда жүн өндірісі шығынды және тиімділігі төмен. Осыған байланысты, республикада өндірілген жүн көлемінің жартысы жуан жүн болып табылады, ол ішкі және сыртқы нарықта сұранысы болмай қалды.
         2009 жылы шаруашылықтың барлық нысандары бойынша өнім өндірісі келесідей бөлінді: халық шаруашылығы – 25,1 мың тонна жүн (69,0 %), шаруа (фермерлік) қожалықтар – 9,4 мың тонна (25,8 %), ауыл шаруашылығы кәсіпорындары – 1,9 мың тонна (5,2 %).

 

Күшті жақтары

Осал жақтары

- қой табынын өсіру үшін жайылымдардың байтақ массивтердің болуы;
- әр бағыттағы асылтұқымды қой шаруашылығы базасының бар болуы (биязы жүнді, жартылай биязы жүнді, жартылай жуан жүнді, жуан жүнді және каракульдық);
- өз шикізат ресурстарының бар болуы;
- жүнді бірінші қайта өңдеу кәсіпорындарының бар болуы.

- биязы жүнді қой өсіру бойынша мамандандырылған ірі шаруашылықтар санының аз болуы;
- қой табынымен селекциялық-асылдандыру жұмыстарды жүргізу деңгейінің төмендігі;
- жемшөп базасының әлсіздігі;
- жүнді дайындау және қойды қырқу бойынша инфрақұрылымның дамуының төмендігі;
- жекелеген аймақтарда жүн сапасын анықтау бойынша лабораториялардың жоқтығы;
- қой шаруашылығын дамыту және жүнді қайта өңдеу бойынша жаңа технологияларды енгізу және әзірлеудің жеткіліксіз деңгейі;
- шикізатты сатып алуға айналым қаражатының жетіспеушілігі;
- шығарылатын терең қайта өңделген жүн өнімдерінің ассортиментінің аздығы.

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

- қолайлы географиялық орналасуы - ірі сату нарықтарына жақындығы (Ресей, Қытай, Европа, Азия, Таяу Шығыс);
- әлемдік нарықта қазақстандық биязы жүннің бағасының бәсекеге қабілеттілігі;
- сыртқы нарықтағы тоқыма өніміне сұраныстың артуына байланысты саланың даму болашағы, халықтың әл-ауқаты деңгейінің өсуі.

- Көпшілік кәсіпорындарда реттелген өнімді өткізу арналарының жоқтығы;
- Қазақстандық жүнді сыртқы нарыққа жайғастыру және қозғалту бойынша маркетингтік стратегияның жоқтығы.

 

Болжанып отырған саланы дамыту бойынша іс шаралар қой шаруашылығын дамытуға инвестицияны салуды, инфрақұрылымды жалға қоюды, барлық түрдегі жүнді бірінші қайта өңдеу және сатып алуды ұйымдастыруды, сала өнімінің экспортын дамытуды көздейді. Сонымен қатар, жуан жүнді сатудың ықтимал нарықтарын іздеу бойынша шаралар қабылдау, оның терең қайта өңделіуін оның негізінде шығарылатын тауардың және өнімнің ассортиментін ұлғайту. Болжамалы мәліметтер бойынша, 2014 жылы жүннің жалпы өндірісі 45 мың тоннаға жеткізілетін болады, оның ішінде биязы жүн 15,0 мың тонна. Сәйкесінше биязы жүнді қойлардың санын 4,3 млн. басқа жеткізу керек. Жүнді және оның бірінші қайта өңдеуден өткен өнімін сатудың перспективті нарық ретінде Ресей, Беларусь, Қытай, Түркия, және Италия мемлекеттері болып табылады. Нәтижесінде 2,5 мыңнан астам қосымша жұмыс орындарын құрылады [2].

Қой терісі мен жүнінің қадірі түскен қазіргі қалпын қалай оңалтуға болады?. Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде ең көп қолданылған материалдардың бірі қойдың терісі мен жүні. Атам қазақ қадір тұтып, қастерлеген төрт түлік малының терісі мен жүнінен киім тігіліп, киіз басылып, сан түрлі ыдыстар мен жауынгерлік бұйымдардың бөлшектері  дайындалған. Бүгінде қазақтың салты мен дәстүрін көздің қарашығындай сақтап келе жатқан республиканың кейбір аймақтарындағы, әдетте ауылдық аймақтарда тұрып жатқан бірен-саран қарттары болмаса, жүн мен терінің қадіріне жетіп жатқан ешкім жоқ сияқты. Кезінде ата-бабамыз үшін соншалықты құнды болған материал бүгінде шыбын жеп, құрттап далада жатыр. Кәдеге жаратты дегені оны даладағы қора-қопсының жыртығына жамау еткен. Осыған қарап, қой терісі мен жүнінің шынымен-ақ  қадірі кете бастағаны ма деген ойға қаласың. Алайда бүгінде осы қой терісінің жүні мен терісін пайдаланып, сан түрлі тауарлар шығарып, мол пайда тауып отырған елдердің бар екендігін көргенде ішің ашиды-ақ. Осы  шикізатты пайдаланып, одан шығарған заттарын әлемдік брендке айналдырған, сөйтіп қой жүні мен терісінің арқасында-ақ әлемге танымал болған мемлекеттер де бар.

Ендеше қой терісі мен жүнін неге пайдалана алмай отырмыз? Елде аталмыш материалға деген сұраныс неге жоқ және аяқ астында жатқан осы байлыққа деген немқұрайлылық қанша уақытқа дейін жалғаса бермек?  

Аталмыш мәселе төңірегіндегі пікірін білдіре кеткен «ҚазАгро» ұлттық холдингінің басқарма төрағасы Асылжан Мамытбековтың айтуынша, малдан механикаландырылған түрде сылынып алынған тері бүгін бізге өте қажет. Ол тіпті Қазақстанда жетіспей отыр деуге де болады. «Мұндай теріні біз қазір-ақ сатып алуға дайынбыз. Ал жүнге келетін болсақ, 1990 жылдары бізде 63 мың тонна биязы жүн шығарылатын болса, қазір оның мөлшері 7 мыңның ар жақ-бер жағында. Яғни бұл сала 9 есеге құлдырап отыр. Оның үстіне қазір нарықта синтепон сияқты қылшықтан дайындалған материалдар қаптап кетті. Көңілге медеу болатын бір мәселе - соңғы уақытта табиғи түрде жылу беретін материалдарға деген сұраныс артып келеді. Бұрындары қалың көпшілік сән көретін соңғы үлгідегі жасанды талшықтардан дайындалған төсеніштер (ковролан) мен еденге жаятын өзге де материалдарды табиғи материалдан жасалған заттар ығыстыра бастады. Осыған байланысты біз қазір биязы және қылшықты жүнді өңдеуге байланысты арнайы жобаларды қаржыландыруды қолға алып отырмыз», - деді холдинг басшысы [3]. Бұл айтылғандарды ескерсек, Оңтүстік Қазақстан облысында да оңтайландыру арқылы жүнді жуу режимін және алғашқы өңдеу технологиясын жасаудың алға шарттары мен мүмкіндіктерін жасауға толық негіз бар.

Қорыта айтқанда, бізге бүгін ауыл шаруашылығы бағытындағы қайта өңдеу саласын жаңғыртып, мемлекетке арқа сүйеп отырған  кәсіпорындар мен холдингтер тек отандық азық-түлікті ғана сатып алулары керек. Тұтынушы нарығын отандық тауармен қамтамасыз етуіміз қажет. Еліміздегі кәсіпорындардың техникалық және технологиялық қамтамасыз етілу мәселелері де назардан тыс қалмауы тиіс.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.     Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.  «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» 17 қаңтар. Астана, 2014.

2.     Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық /В. Усиков, Т. Казановская, А. Усикова, Г. Зөбенова. 2-басылымы, өңделген. - Алматы: Атамұра, 2009.  

3.     «Оңтүстік Қазақстан» газеті. 23 қыркүйек. 2013 жыл.