Тәжімбетова Ақкүлия Іскендірқызы
Қызылорда
облысы, Шиелі ауданы
№152
қазақ орта мектебі
Қазақ
тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Түйін
Бұл мақалада педагогикалық
тұрғыда болашақ мұғалімдердегі шеберлікті
қалыптастыру нәтижесінде тұлғаның сезімдік
сүйкімділігі, рухани даму деңгейінің жоғарылығы
бағаланады.
Кілт сөздер: қоғам, болашқ мұғалімдердің
кәсіби қалыптасуы, педагогикалық шеберлік,
педагогикалық рефлексия, көркемдік әдіс, түрік
халықтары, эстетика, бейнелеу, кейіпкер, жанр.
Резюме
В статье рассматриваются вопросы о зависимости духовного
развития личности от педагогического мастерства учителья.
Ключевые слова: общества, формирования, профессинонального мастерства
будущих учителей, педагогическое мастерство, педагогическая рефлекся,
художественное метод, тюркские народы, эстетическое изображение, литературный
герой, жанр.
Білім беру жүйесіндегі реформалар мен
қазіргі мектептің тұлғалық-бағдарлы
оқытуға бет бұруы болашақ
мұғалімдердің кәсіби бағыттылығының
даярлығына жаңа талаптар қояды. Білім беру жүйесі
дамуының қазіргі кезеңі жаңа парадигмаға өтудің
жолдарын іздестірумен, яғни білім берудің жаңа
мақсатының жетістіктерімен байланысты. Білім беру үдерісін басқаруды
оқытушы - мамандардың кәсіби және педагогикалық
мәдениеттілікпен жүзеге асыруы, оларды арнайы педагогикалық,
рухани, жоғары гуманды мақсатқа бағытталуды қажет
етеді. Педагогикалық ұжымның әрбір мүшесі білім
беру үдерісінің белгілі аймағында арнайы ұйымдастырушы
және жүзеге асырушысы болып табылады.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев: «Болашаққа
деген сенім болмаса, толыққанды мемлекет құруға
болмайды. Мемлекет пен азаматтың мақсаттары барлық
бағыттар бойынша сәйкес келуі өмірлік тұрғыдан маңызды»
[1]- деп атап көрсеткен болатын.
Ел бiрлiгi доктринасында мемлекеттiк тiл
ұлттық және рухани бiрлiктiң басты факторы, негiзгi
басымдығы ретiнде айқындалған. Оны меңгеру әрбiр
Қазақстан азаматының парызы мен мiндетi саналып, жеке
өзiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгi мен
қоғамдық өмiрге араласуының белсендiлiгiн
айқындайтын ынталандырушы тетiк болуға тиiс [2]. Бұл
аталған пікірлер түрік
халықтарының ортақ әдебиет тарихын жасау барысында есте
боларлық жағдайларға түрткі болмақ.
Отаршылдықтың салдарынан түрік халықтарының
көпшілігі күні
кешеге шейін өздерінің шын мәніндегі ғылыми негізді
әдебиет тарихын жасай алмай келді. Оған бір жағынан, түрік
халықтарын қоғамдық дамудың төменгі
сатысындағылар санайтын еуропацентризм ілімі кедергі келтірсе, екінші
жағынан, ұлттық атаулыға қарсы кеңестік
отаршылдық саясат мүмкіндік бере бермеді. Соған
қарамастан, КСРО құрамына кірген түрік халықтары
өздерінің ұлттық әдебиетінің тарихын
зерттеген ғылыми ізденістерін бір сәтке де тоқтатқан
жоқ деуге болады. Нәтижесінде социалистік реализм принциптері
негізінде жазылған әр ұлттың жеке өзіндік
әдебиет тарихтары өмірге келді.
Түрік халықтарының
әдебиеті дегеніміз не, ұлттық әдебиет пен түріклік
әдебиеттің ара жігі қалай, ортақ әдебиетке
қай дәуірлер жатады, ұлттық, түріклік
әдебиетке қандай әдебиетті жатқызып, негізгі
өлшем ретінде тегі, жері, тілі сияқты өлшемдердің
қайсысын аламыз деген секілді сандаған сауалдар ғылыми
тұрғыдан жауаптар күтуде. Осы сияқты бірсыпыра мәселелердің
дұрыс шешілуі қолға алынғалы отырған үлкен
жұмыстың дұрыс бағытта жүруінің бірден-бір
кепілі болмақ.
Осы
уақытқа дейін түрік халықтарына ортақ әдебиетті бірлесе отырып
зерттеу мәселесі
күн тәртібіне қойылмай, тек ұлттық
әдебиеттің тарихын жасау жұмыстары жүріп жатыр.
Осының салдарынан түрік халықтарына ортақ әдебиет
пен ұлттық әдебиеттің бірге қарастырылуы тиіс
көптеген мәселелері біржақты шешіліп келді.
Ұлттық әдебиетті анықтауда көбіне
территориялық принциптің
алға шығып отырғандығын байқаймыз.
Түркілік әдебиеттің тарихан
жасаудың принциптері жөнінде әдебиет сыншысы Д.Ысқақұлы
жүйелі тұжырым жасап, түсіндіреді: түркілік ортақ
әдебиет тарихын жасаудың негізі – ұлттық әдебиет
тарихтары. Соның бірі қазақ әдебиетінің тарихын
жасау да ұзақ та, күрделі ауыр жолдардан өтті.
Қазақ әдебиетінің
тарихын зерттеудің алғашқы кезеңдерінде
ұлттық әдебиеттің бар екендігін де дәлелдеуге
тура келген. Әдебиеттің тарихы ұлттық
әдебиеттің өткен даму жолдарын, нақтылай
айтқанда, сөз өнерінің қайнар бастауларынан
бастап, бүгінгі күнге дейінгі тарихи дамуын, дамудың жетекші
заңдылықтарын, ондағы жекелеген ақын-жазушылардың
шығармашылықтарын зерттейтін әдебиеттану
ғылымының бір саласы дейтін болсақ, оның
алғашқы сілемдері Х1Х ғасырда Ш. Уәлихановтың
еңбектерінде («Қазақ халық поэзиясының
түрлері» атты мақаласы, Жанақ, Орынбай, Шөже туралы
айтқандары, т. б.) көрінсе, ХХ ғасырдың
алғашқы жарымында біртіндеп
қалыптаса бастады.
Демек, ұлттық балалар поэзиясы да
көркемдік нәрін халық мәдениетінен ала отырып дамиды,
жетіледі, толысады, кемелдікке бет түзейді. Сыртқы дүниесінде
уақыт дамуына байланысты өзгерістер болғанымен, түптеп
келгенде туған ортасынан, бастау көзінен қол үзіп
кетпейді. Өйткені балалар поэзиясы да – ең алдымен,
ұлттық мәдениет перзенті. Сол себепті де оның
көркемдік негізінде бірінші кезекте халқымыздың
ғасырлар бойына жасаған ауыз әдебиеті мен ежелгі
дәуірлерден бүгінге дейін үздіксіз ұласып жатқан
жазба әдебиетінде қалыптасқан дәстүрлері
жатқандығы даусыз ақиқат. Қос арналы өнер түрі
болып табылатын балалар поэзиясындағы көркемдік мәселелеріне
зер салған тұста ұлттық көркемдік дәстүр
ықпалын айрықша құнттау қажет.
Жалпы, балалар поэзиясындағы көркемдік
мәселелеріне қай қырынан назар аударған жағдайда
да әркез ескеруді қажетсінетін мәселе бар, ол – балалар
поэзиясының өз жаратылысында аса маңызды қос арнаны
тоғыстырған өнер болып табылатындығы.
Жалпы әлем әдебиетінде балалар
әдебиеті деген ұғым келте жатады. Әсіресе біздің
түркі халықтарында. Тақырыбы ашылмаған туынды болса,
балаларға арналған болып шығады. Көркемдігі
көңілдегідей болмаса, балаларға арналған ғой дей
саламыз. Ол дұрыс емес. Ел боламыз десек, ең асылымызды
балаларға арнауымыз керек. Ең көркем жазылған
дүниемізді балаларға арнап жазуымыз керек. Өйткені,
бүгінгі бала – қоғамның ертеңгі келешегі.
Келешегіне енжар қараған елдің болашағы кемел дегенге
сенуге болмайды. Осы тұрғыдан алғанда аға буын
жазушылар өнегесін (өмірін) тақырып етіп алған Насыр
Фазылов тәтті сөзін өзбек балаларына арнап айтып отыр.
«Таптым, алайда жоғалтпадым» аталатын кітаптағы туындылар балалар
әдебиетінің еншісінде, олар балалар әдебиетінің
жанрлық шарттарына сай жазылған.
Балалар әдебиетінің жанашыры
Қ.Ергөбек: Балалар әдебиетінің жанрлық шарттары
деп қалып жатырмыз… Иә, балалар әдебиеті туындылары
ересектерге арналған шығармаларға қарағанда
сыртқы тұлғасы қарапайым, ал ішкі мазмұн
байлығы кең көсілген дүниелер болуға тиісті.
Соның баршасы балалар жазушысынан айтар идеяңа қарапайым
оңтайлы пішін тауып (балалар киімі секілді), айтар ойыңды бала
былдырына салып еркелетіп жеткізуді талап етеді. Ал олай ету, олай ете алу –
қиынның қиыны, асқан шеберлікті талап етеді. Насыр
Фазылов – балалар әдебиетінің кәнігі шебері. Ол балалар
психологиясын жетік біледі. Не айтса да, не жазса да бала қабылдауына (восприятие)
лайықтап жаратады [3]. «Балалар әдебиеті үшін қалыптасу
қиын, балалар жазушысы болып туу керек» (В.Г.Белинский). Ол
үшін әр сөзді қолына ұстап көргендей,
аузына салып дәмін алғандай (бәрі де бала әрекеті емес
пе?!) аса сақтықпен пайдалану шарт. Насыр Фазылов – солай ететін,
балалар үшін туған жазушы. Балаларға нені айтуды, қалай
айтуды жақсы білетін айтулы шебер, өзбек балалар
әдебиетінің байырғы өкілі-дейді. Мұны айтудағы
мақсатымыз, балалардың жас ерекшелігін ескере отырып, оларға
өздерін қоршаған жаратылыс пен әлеуметтік орта жайында
білім беруді, сол негізде олардың бойында табиғат пен
қоғамға деген гуманистік көзқарас
қалыптастыруды діттеген педагогикалық мақсаттан бастау алса;
екіншісі жас оқырманға жаратылыс дүниесі мен адам
әлеміне тән алуан үлгідегі құбылыстарды көркем
сөзбен бейнелей ұсыну арқылы оның ой-сезіміне
әсер етуді, арман-қиялын қанаттандыруды көздеген
көркемдік-эстетикалық мұраттардан желі тартады. Демек,
балалар поэзиясына тән туындылардың қай-қайсында да
педагогикалық және көркемдік-эстетикалық талаптар
бірінен бірі өрістей, бірін бірі толықтыра көрініс табуы
шарт. Сонда ғана ол өз межесінен көрінбек.
Балалар поэзиясын зерттеуші А.Әлтайдың
пікірінше, бала бойында эстетикалық талғамды қалыптастыру
дегеніміздің өзі − түрлі жағдайларда
шығармашылық әрекет жасауға қабілетті,
жан-жақты жетілген жеке тұлғаның қалыптасуына
қызмет ету деген сөз. Бұл орайда балалар поэзиясының
көркемдік мүмкіндігі аса мол. Солардың бірі − баланы
асқақ армандарға жетелейтін, қаһармандық
істер жасауға құлшындыратын, сұлулық пен
жарасымдылыққа ұмтылдыратын, сондай-ақ, келеңсіз
құбылыстар мен ұнамсыз мінездерден бой тартуға баулитын
көркем бейнелер жасау. Балалар поэзиясындағы әрбір
көркем бейне жас оқырманды бей-жай қалдырмауға тиіс.
Жан-жақты тұлғаланған әдеби
қаһарманнан бастап, тілдік қолданыстың ең кіші
бөлшегіне дейін баланың эстетикалық сезімдеріне әсер
етуі қажет. Яғни балалар поэзиясындағы әрбір
әдеби қаһарман жан дүниесі таза, сезімі шынайы жас
оқырманды өзінің шыншылдығымен иландыруы шарт болса,
тілдік қолданыстағы әрбір бөлшек мейлінше
бейнелілігімен, суреттілігімен даралануы шарт[4]. Бұл, әрине, аса
қиын да күрделі шығармашылық міндет, көркемдік
проблемасы. Белгілі ақын С.Жиенбаевтың: “Бесік жырынан” басталатын
балғындар өлеңінің әйтеуір бір
құдіреті бар. соған қарағанда,
ән-өлең бала бойына ана сүтімен бірге таралатын болу
керек. Әйтпесе, бөбекті өлеңмен қалай
ұйықтатып, өлеңмен қалай оята алады?
Дүниеден хабары жоқ, бесікте жатқан сәбиді өз
ырқына көндіріп, өз дегенін істететін – өлеңнен
артық керемет бола ма?! Ал ондай өлең оп-оңай
шыға қоя ма?” [5]- деп таңырқауының сыры да
осында болса керек.
Баланың эстетикалық талғамын
қалыптастыруға бағдар ұстанатын балалар
поэзиясындағы көркемдік мәселесі әркезде бірдей
үлкендер әдебиетіндегі көркемдік проблемасымен теңестіре
қарауға келе бермейді, сол себепті бұл мәселені
қайсы бір тұстарда балалар поэзиясының өзіндік
ерекшеліктерінен өрістете танып-білген орынды болмақ. Алайда,
балалар поэзиясында өзіне ғана тән ерекшеліктер болады
дегенде, ол ерекшеліктер балаларға арналған туындылардағы көркемдік
мәселесін әдебиеттің өзге салаларына қойылатын
көркемдік талаптарынан мүлдем бөлек, өзімен-өзі
шектелген мәселе ретінде қарастыруға жол ашпайды. Керісінше,
мәселені сөз өнеріндегі барша тектер мен түрлерге,
жанрларға ортақ көркемдік талаптарынан өрбіте отырып,
балалар поэзиясына тән көркемдіктің өзіндік белгілері
мен себептерін тарқата танып-білу қажеттігін аңғартады.
Яғни өнер түрлерінің баршасына ортақ
көркемдік талаптарына балалар поэзиясында да жауап берілуге тиісті.
Себебі балалар поэзиясы − көркем өнердің, оның
ішінде көркем әдебиеттің құрамдас бір
бөлігі.
Балалар поэзиясындағы көркемдік әлем −
көркемдік-эстетикалық талаптар тұрғысынан игерілген
және баланың таным аясы мен білім деңгейіне
сәйкестендіріле шығармашылықпен өңделіп,
жаңаша бейне иеленген баланың өзі, оның
жан-дүниесіндегі сан қилы құбылыстар, санасы мен
сезіміндегі түрлі өзгерістер, оның идеалы,
арман-мұраты, бала жанарына іліккен әлеуметтік өмір мен
қоршаған табиғаттың алуан қырлары. Ол
әлемнің тіршілік ортасы − өзара біріге келіп,
біртұтас балалар поэзиясын құрайтын жеке-жеке
шығармалар. Осы тұрғыдан келген жағдайда,
балаларға арналған поэзиялық шығармалардың
әрқайсысы өнер туындысы болып табылатынын айқын
көреміз. Демек, поэзиялық туынды мазмұнын құрайтын
көркемдік әлем бала оқырманның өлеңнен
ұмытылмас әсер алуына, сол әсер негізінде айналасына
жаңаша көзқараспен қарауына, айнала дүниемен
жаңаша қарым-қатынас жасауына жол салуы қажет.
Балаларға арналған әрбір туындыда жасалған
үлкенді-кішілі көркемдік әлем баланың жанына
жақын, ұғым-түсінігіне лайық, әсерлендіру
қуаты мол болған жағдайда ғана, бала
көңілінде жатталып қалады, балалық қиялын
қанаттандыра алады. Басқаша айтқанда, балаларға
арналған поэзиялық туынды өз оқырманының
көңіліндегісін қапысыз тауып, дәл жеткізуі шарт. Ол
үшін балалар поэзиясында жасалатын көркемдік әлем
баланың өз болмысынан бастау алуы, бала түсінігіне
лайық болуы қажет. Балаларға арналған поэзиялық
туындыда сыртқы пішін − тілдік қолданыс, ішкі пішін −
көркемдік шындық және мазмұн − бала болмысы
өзара ұштаса көрініс табуы қажет. Ең бастысы
− балаларға арналған поэзиялық туындының
қай-қайсы да өз оқырманына жалпылама түрде
(кез-келген жастағы бала) емес, нақтылай (белгілі бір жастағы
бала) бағытталуы шарт. Себебі бөбек үшін қызықты
дүние сәби үшін қызықсыз болуы, балдырған
үшін тартымды дүние жеткіншек үшін мүлдем
қажетсіз болуы ықтимал. Оның сыры бала жасының
өсуіне байланысты оның ой-санасында болып жататын психикалық
құбылыстарға байланысты. Ұлттық сипаттағы
кейіпкер кіл жақсы мінезден құралмайды. Ұлттық
кейіпкердің жағымдысы да, жағымсызы да болады.
Қ.Әбілдақызының «Әкеге қарап...» дейтін
өлеңінен бүгінгі күн сипатын танимыз,
ұлттық характердің кері болмысын көреміз.
«- Әке, сіз қайда тудыңыз?
- Атаңдар тұрған ауылда.
- Қалада неге
тұрдыңыз?
- Не бар дейсің ауылда?
- Әке, мен де
өскенде.
Шет елде тұрамын.
Туған жерде не бар деп,
Әке жолын қуамын!»
[6].
Ұлттық негізінен
айрыла бастаған, ұлттық бастауын есінен шығарып
алған тұлғадан өз түп-тамырын танымас адамдар
туарына көз жеткізе бастағандаймыз. Баласының сөзі арқылы
әкенің шектеулі түсінігін танимыз. Бір ғана ситуацияда
әкенің әрекеті ғана емес, өз тегін
бағалауды естен шығарып бара жатқан тұтас бір
ұрпақты әшкерелеген.
Өлең арқауына балалардың
күнделікті өмірінде ұшырасып жататын ситуация алынған.
Тілдік қолданыс − орынды, сурет − шынайы. Олай болса,
өлеңнің ерекшелігі неде?
Ерекшелік − өлең
оқырманының жасында және бейнеленген ситуацияның
көркемдік шешімінде. Өлең оқырманы − 7-10 жас
аралығындағы жеткіншек. Жеткіншек − өзінен жасы кіші
балдырғанға қарағанда, қандай да бір ситуацияны
өзінше танып, өзінше бағалауға, өз
әрекетінің дұрыс-бұрыстығын өзгенің
әрекетімен салыстыра айқындауға бейімделе бастаған
бала. Сондықтан да оған ситуацияны бағалауға,
өзінше қорытынды жасауға мүмкіндік берілсе,
ешқандай артықшылық етпейді. Аталған өлеңде
дәл осы мәселе, яғни үлкендердің жетектеуінсіз,
өздігінен шешім жасауға талпына бастаған жеткіншек
психологиясы ескерілген.
Бүгінге дейінгі шығармашылық
даму жолында құрылымдық-мазмұндық
тұрғыдан қарапайым үлгіде болып келетін
мазақтама, санамақ тектес шағын шығармалардан бастап, сюжеттік
желісі мен мазмұндық болмысы, композициялық бітімі
жағынан күрделі сипаттағы ертегілер мен поэмаларға
дейін өркен жайған қазақ балалар поэзиясы
көркемдіктің барлық талаптарына да жауап бере алатын
қабілетке ие. Түп-тамырында ұлтымыздың ауыз
әдебиетінен арна тартатын балалар поэзиясы бүгінде
тақырыптық жағынан да, айтар ойы, қозғар
проблемасы тұрғысынан да, біріне-бірі ұқсамайтын алуан
мінезді үлкенді-кішілі кейіпкерлері мен сол негізде алға
тартылған тәрбиелік-педагогикалық мүмкіндігінің
қуаттылығы жағынан да әдебиетіміздің
толысқан саласы екендігі сөзсіз. Бұл қатарда балалар
поэзиясында игерілген тілдік-көркемдік тәсілдердің алар орны
айрықша.
Балалар поэзиясындағы тілдік
қолданыстар жайын сөз еткенде, назар аударуды қажетсінетін
мәселелердің бірі − кейіпкер тілі. Өйткені
кейіпкердің өз атынан сөйлеу, кейіпкердің ішкі ойын яки
әсер-сезімін бейнелеу, кейіпкерлердің диалогтық
сөйлесулері, автордың кейіпкермен сөйлесуі −
балаларға арналған шығармаларда жиі ұшырасатын
әсерлі тәсіл. Бұл тәсілдің әсерлі болатын себебі
− І жақтан баяндау өлеңге шынайылық сипат
дарытады, бала оқырман өлеңді тікелей өзіне арнап
жазылғандай қабылдайды, өлең кейіпкерімен өзі
сөйлесіп отырғандай күй кешеді, сол себепті ол
өлең арқауына алынған мәселеге іштей араласа
бастайды, түрлі жағдайларды бастан кешіреді, әсерленеді,
ойланады, ой түйеді. Бастан кешкен жағдайдың ізсіз кетпесін
ескерсек, кейіпкердің сөзі үлгісінде жазылған
өлеңнің артықшылық себебін де пайымдай аларымыз
анық.
Бүгінгі таңда кез-келген оқу
орындарында оқу үдерісін жетілдіру үшін жаңа
педагогикалық әдістемелерді пайдаланудың тиімділігін
практиканың өзі дәлелдеп отыр. Мұның өзі
аталған мәселенің теориялық негіздемесін жасау қажеттілігін
туындатады. Адам жан дүниесінің сыр-сипатын терең зерттеген
Л.С.Выготскийдің адам психологиясының мәдени-тарихы «бала
дамуының жақын арадағы аймағы» деп аталатын
тұжырымдары, айрықша атап көрсетуді қажет етеді.
Оның психология ғылымында, ерекше орын алатын теориясы - баланы
тәрбиелеп оқыту, оған білім беріп, дүниетанымын
қалыптастыру оның табиғи даму деңгейі. Мұндай
талап, баланың психикасын, оның жан дүниесінің дамуын,
ақыл-ой деңгейін өрістетіп, жетілдіреді [7]. Оқыту
әдістерін жетілдіру бүгінгі күннің басты мәселесі
екендігін ескеретін болсақ, оқу түрінің тиімділігін
арттыратын оқытудың жаңа түрлері мен тәсілдерін
меңгеру қажеттігіне педагогикалық зерттеулерде ерекше
мән берілген.
Осы тұрғыда болашақ
мұғалімдерді кәсіби жетілдірудің жолдарын
қарастыратын әлемдік педагогикалық зерттеулерді
жинақтай келе болашақ мұғалімдерге қойылатын бірыңғай
әдістемелік талаптарды көрсетеміз.
-педагогикалық және
психологиялық білім деңгейін көтеру;
-оқыту мен тәрбиелеуде
соңғы үлгідегі педагогикалық технологияларды
әдістемелік тәсілдерді зерттеп меңгеру және оны
өзінің кәсіптік жұмысында колдана білу;
- педагогикалық
кәсіптік оң көз-қарастары мен
құндылықтарының қалыптасуына және
оның тұрақты дамуына қол жеткізу;
- өз
білімін көтеруге, шығармашылық жұмыс
атқаруға ынталандыру; қажетті жағдайлар туғызу,
педагогтардың ақпараттык жағдайын қамтамасыз ету;
- оқушылар табысын мониторингілеу және
оны диагностикалаудың қазіргі тәсілдерін меңгеріп,
қолдана білу;
-
авторлық бағдарламалар, курстар, құралдар,
мақалалық ізденістер жасауға ұмтылдыру,
қызықтыру, ынталандыру мен жан-жакты қолдау көрсету;
Қорыта келгенде, педагогикалық
тұрғыда болашақ мұғалімдерді қалыптастыру
нәтижесінде тұлғаның сезімдік сүйкімділігі,
рухани даму деңгейінің жоғарылығы бағаланады.
Педагогикалық шеберлікте көкейкесті мақсат -
шығармашылықты сезіну үндестігі, қимыл-іс еркіндігі
болашақ мұғалімнің шығармашылығының
қайнар көзі. Оның сөйлеу мәнері,
тұлғалық тартымдылығы маңызды орын алады.
Болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау психологиялық-педагогикалық
білім алуын үйлестірудің жетекші бағыты кәсіби білімі
мен біліктілігін жетілдірумен қоса, шығармашылық
бағытын түрлендіру жолдарын көрсететін білім жүйесін
қалыптастыру болып табылады.
ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР
1. ҚР президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
«Қазақстан-2050» Стратегиясы - Қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты. 14 желтоқсан. Астана, 2012.
2.
Қазақстан Республикасында тiлдердi
дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған
мемлекеттiк бағдарламасы туралы. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 29
маусымдағы № 110 Жарлығы
3.
Ергөбек
Қ. Арыстар мен ағыстар. 1-кітап. – Алматы: Өркениет, 2003. –
368 б.
4.
Әлтай
А. Қазақ балалар поэзиясы: генеалогия, типология, поэтикалық
даму. Фил.ғыл.док. ғылыми дәрежесін алу үшін
дайындалған дисс. Астана, 2009. 285б.
5.
Жиенбаев С.
Қиялды қозғап, көңілді тербер... //
М.Жаманбалинов, Ә.Дүйсенбиев. Өлеңдер, ертегілер. –
Алматы: Балауса, 1986. – 3-16‑б.
6. Әбілдақызы Қ. Ай сайын өсіп келемін. – Алматы:
АБДИ Компани,
2004. – 99 б. 1.
7. Выготский
Л.С. Детская психология // Собр. соч.: В 6 т. – М., 1984. Т.4. - С. 255.