ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ ТӘСІЛІМЕН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ

Иркитбаев С.Н.

Абай атындағы ҚазҰПУ доценті,

Абикбаев Е.Р.

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ оқытушысы.

 

Аталған тақырып көптеген жылдары географиядан сабақ беретін мұғалімдердің ойында болып келді /1;7;10/. Әсіресе мектеп педагогтары өз ісінде тәрбие және оқыту жұмыстарымен терең шұғылданды. Сондықтан бұл екі мәселе пән арқылы оқушыларға, олардың ой-санасының қалыптасуына көмектеседі. Яғни әрбір кәсіби маман – педагог сабақ беру, оны жоспар арқылы өткізуді қазіргі кезде ең басты тиімді  тәсіл деп біледі /8/. Сабақ мазмұны, оның көзделген бағыты, мақсаты оқушыға оңай, түсінікті түрде өту үшін, мұғалім өз жоспарларының негізінде тәрбие және оқыту тәсілінің дұрыс жолдарын кіргізеді. Соған байланысты қазіргі кезде жоғарғы мамандар: ғалым-географтар, методистер жаңа мазмұндағы мектептерге арналған, география оқулықтарын шығаруда. Мысалға айтатын болсақ, көрнекті ғалымдар-географтар Ә.Бейсенова, Қ.Кәрпеков, Ә.Бірмағамбетов, К.Мамыров, Ұ.Есназарова, т.б. оқулықтары қазақ-орыс тілінде жарық көруде. Әсіресе, бұл оқулықтар көптеген жаңа мәліметтерге толы, методикалық негіздері жоғары деңгейде пайдаланылып, мазмұны бүгінгі күннің талабына сәйкестелінген. Физикалық география курсы оқушылардың бастапқы білім баспалдағының бірі болғандықтан, оның структурасы оңай құрастырылған, оқушының ой-өрісіне, жасының ерекшеліктеріне бейімделіп жазылған /2/. Әрбір тақырып өзінің  стандарттық мектеп сабақтарына арналып бекітілген уақыт бюджетінің көлеміне сәйкестеліп құралған. Мұндай жоспар оқушының басқа да сабақтардың уақыт бюджетіне әсерін тигізбейтінін білдіреді. Бұл жағдайға сәйкес бағдарламалар құрастырылуда. Олардың бәрі мектептің басты мақсатына арналған, география  білімінің мазмұнды өзгерістерінің керектігі білінеді.  Осы мәселелер туралы көптеген басылымдарда айтылып келеді. «Биология, география  және химия», «География в школе» журналдарында жаңа бағдарламалар бойынша үздік  тәжірибелер өткізіліп жатқаны, зерттеу жұмыстары туралы жазылып тұр. Соның ішінде айтатын бір жәйіт, ол сабақты игеру бағалары жоғары болғанымен, түсініктемелік қабілеті әліде болса толық қалыптаспағандығы байқалады. Сонымен бірге  сұрақтарға жауап кезінде мазмұндағы себепті-нәтижелі байланыстарды деңгейлі тұрғыда білмейді, басын қосып қорыта алмайды. Кейбір географиялық мәселелер туралы білімі жетілмеген, тұрақталмаған. Мұндай кемшіліктердің себептерінің бірі – географиялық   мазмұндар керекті мөлшерде терең оқымайды, методикалық өзгерістерге, оқуды ұйымдастыру формасына сәйкестелмегендігі.

Оқу-тәрбие процессін ұйымдастырудың басты формасы – сабақ. Географияны оқыту нәтижесі, оны ұйымдастырып, өткізуіне  байланысты. Жақсы тәрбие, оқу арқылы оқушылардың сана-сезімін арттыру, өмірге деген бейімділігін, жұмысқа үйрену дайындығын қалыптастырады. Сол себепті уақыт кеңістігінде оқыту-тәрбие бағдарламасын жетілдіру істері болып жатыр, сол үшін оның мазмұнын түзету тағыда жаңа методикалар көмегімен оқушыларға тез түсінушілік қабілетін үйретеді.

«Қазақстан-2050» стратегиясының талабына сай /6/ география пәнінің мұғалімдері де сабақты қайта ұйымдастыру тәсілдерін іздестіру жолында. Оның дәлелі жарық көріп жатқан мақалалардағы сабақты тақырыптық жоспарлар арқылы өткізуі туралы /3,9/. Бұл мақалаларда бұрынғы бағдарламалар бойынша жазылған мақалаларға қарағанда, сабақ жоспарларын дамыту, жетілдіру әрекеті білінеді, оларда алдына қойылған мақсат бар, оқу-тәрбие мәселелеріде білініп тұр. Сонымен қатар сабақты пысықтап оқыту, қайталау әдістемелеріде кездеседі, оқыту жұмыстары топтастырылған.

Бірақ, қазақ мектептерінде география сабақтарын ұйымдастыруда кейбір кемшіліктер көрініс беруде. Оның  бәрі бұрынғы бағдарламалар бойынша сабақ өткізу кезінде қалыптасқан қателіктер. Көбінесе жоспарда сабақтардың мазмұны бойынша кешегі мен бүгінгі байланысы ғана ескерілетін, дидактикалық мақсатпен комбинация әдістерін бір қалыппен өткен сабақты ауызша сұрап, жаңа материалды түсіндіріп, үйге  берілетін тапсырмамен шектелетін. Мұғалімдердің қыйналатын жерлерінің бірі – сабақ өту алдында оқу-тәрбие мәселелерінің тұжырымдап айтуда қыйындық көретіндігі еді. Мектепте өтетін физикалық географияның мазмұны білім беру құрамы бойынша өте әртүрлі болып келеді.білім алу үшін фактілерді түсініп, есте сақтау керек, жалпы географиялық түсініктерді, жеке заңдылық байланыстарды сабақ өткізу жолдарын мұғалім өзінің тәжірибесі мен шеберлігі негізінде жүргізуі қажет. Білімнің әр түрлі оқушының тану іс-қимылының ерекше ұйымдастыру формасын, соған сәйкестелген құралдарды таңдауды талап етеді. Бірақ, оқыту тәжірибесінде сабақ өткізу тәсілдері біркелкі өзгермей келеді. Көбінесе білім беру информациялық түрде өтуде; алдымен мұғалімнің өзі жаңа материалды түсіндіреді, содан соң әртүрлі көрнекі құралдарды көрсетеді. Ал оқушының қалай қабылдағанын, түсінгенін ескермейді. Жаңа материалды өту кезінде оқушының білім алу қабілетін тексермейді. Мұғалімнің бұлай оқу процессін ұйымдастыруы, шын мәнінде сырттай қарағанда уақыт үнемдейді.соған қарамастан, оқу нәтижесі ойлағандай болып шықпайды. Жеткілікті түсінік, нақтылы және әр жақты білім алғаны білінбейді.

Бір мұғалімнің сабақты жоспарлауы көбінесе мақсаты, алға қойған мәселелері дұрыс қарастырылмаған болып келеді. Сол себепті оқу процессі қалай болса, солай ұйымдастырылады. Жалпы мектептердің мұғалімдері жоспарға оқылатын материалдар мазмұнын, білімін тексеру үшін үйге берілетін тапсырмаларды және сұрақтарды кіргізеді. Оқушының түсіну қабілетін басқару үшін мұғалім жай әңгіме формасын сабақ кезінде пайдаланады. Сабақты қайталаған кезде оқушылардың білімін, түсінігін тексереді. Тексеруді әрбір тақырып бойынша жүргізеді. Мұндай қайталау сабақтарында өткен материалдары қорытудың, бір жүйеге келтірудің орнына жалпы төрт сұрақпен доғарады: не? қай жерде? қашан? қанша? деген. Айтылған жәйіт, кездейсоқ нәрсе емес. Мұғалімдер арасында өткізілген анкетада мұғалімдер сабақты қайталаған кезде тек дидактикалық мақсатпен және оқушылар білімін тексерумен шектелмейтінін білдіреді. Яғни қайталау сабағы мен оқушылардыың оқу жыл аяғында білімін тексеру процессінің айырмашылығы туралы болып отыр. Бұл жағдайға әліде болса мән аз беріліп келеді, ол толық зерттелмеген. Айтылған проблема туралы методикалық әдебиетте фундаментальды теориялық жұмыстар жоқ. География сабағының спецификалық ерекшеліктерін білген жағдайда оқу-тәрбие мәселелерін шешуге мүмкіндік туады. Осыған айғақтай сабақтың теориясы туралы мәлімет беретін А.В.Даринскийдің еңбектерін атауға болады. Соның ішіндегісі «Географияны оқытудың методикасы» деген еңбегінде және «География сабағы, оның маңызы және структурасы», «География сабақтарының типтері» деп аталған жұмыстарында көптеген география сабағын ұйымдастыру мәселелері көрсетілген. Сабақтарды типтерге бөлген, сабақ структурасы талданған, сабаққа арналған материалдарды мазмұнына қарап таңдау, сабақ жүргізу методикасы, ұйымдастыру ісі берілген.

Көп жылдар басылымында география сабағын өткізу методикасының әр түрлі жағын сипаттайтын дәлелдейді /4,5/. География сабағын өткізуіне қойылған талаптарға маңызды көңіл бөлінген. Талаптардың бірі – сабақта ғылыми мазмұн болуы шартты белгі,  тәрбиелік бағыты болуы шартты белгі, тәрбиелік бағыты болуы керек, ынталылық іс-қимылын дамыту талабы.

Тағы бір айтатын жағдай – ол мұғалімдердің өз жұмысында сабақты қалай өткізу жолдарын белгілеу. Бұл жол курстық методикаға жатады: курстық методикада, география сабағының спецификалы ерекшелігіне  арналған ұйымдастыру мазмұнында оқу-тәрбие мақсаты туралы бөлім көрсетілмеген. Әліде кейбір мұғалімдер өз жоспарында алдымен «сабақты өткізу мақсатың» деген сұрақ қойса,  кейбіреулері ол сұрақты келтірмейді.

Жақсартылған география бағдарламасы, оның методикалық аппараты сабақ процессін жетілдіруге, оқытуға көмектесетін құралдарды, пәнаралық байланыстарды, сабақты қорыту мазмұнын таңдауға көмектеседі. Сабақты ұйымдастыру оқу процессінің бір бөлігі бола тұрып, физикалық география курсы бойынша ол мұғаліммен байланысты болады.

Бағдарламалардағы география мазмұнымен оны іске асыру жағдайының арасындағы қайшылықтар сабақты ұйымдастыруға жетілдіру проблемасын тудырады. География методикасында әліде болса теориялық дәлелденген және эксперимент бойынша мынадай сұрақтарға дұрыс жауап жоқ: а)мұғалімнің оқу-тәрбие мақсатын ойдағыдай шешетін қандай жоспарлар керек география пәні бойынша; ондай жоспарлардың атқаратын функциясы қандай, арақатынастары, бір-бірімен  тәуелділігі, формасы және мазмұны қандай болмақ; б) қандай сабақтар дидактикалық мақсат бойынша мектеп географиясына қолайлы; егерде оның өзіне тән мазмұнын және оқушылардың жастық ерекшеліктерін, оқу-түсіну қабілетін ескеретін қандай жоспарлар жасау керек; в) география курсының мазмұнына және оқу-тәрбие мақсатына байланысты болған әрбір типтегі сабақтардың структурасының ерекшеліктері неде.

Сонымен сабақ проблемасы көп аспектілі  болып келеді /2,3,4/. Оған жататындар: сабаққа таңдалатын жаңа материалдардың мәселелері, негізі және қосымша материалдарды бөліп қою; сабаққа керекті құралдарды таңдау, қай методпен сабақты өткізу; қандай жолмен оқушылардың білімін тексеру және оны есепке тіркеу, тағы да олармен жеке жұмыс істеу аспектілері.

Сөйтіп, оқу процессін тиімді басқару үшін оқытушыға оқу және тәрбие мақсаттары бар география сабақтарына арналған бағдарлама керек. Мұндай бағдарлама ролін сабақ жоспары атқарады /5,6,8/.

География пәні бойынша оқу процессін жетілдірудің ең басты түйіні мұғалімнің өз география пәнінің жоспарын жетілдіру, жоғары сатыға көтеруі. Ол үшін едәуір жоспарға өзгерістер енгізілуі қажет, тағы да жоспарда оны орындауды ұйымдастыруына жаңалықтар кіруі шарт /1-10/.

Бұл кішігірім мақала физикалық географияның бастапқы курсы бойынша жоспарланған сабақтардың педагогикалық негіздерінің бастапқы мәселелеріне арналған /5,7,8,9,10/.  

 

Әдебиет тізімі:

1.      Бабанский Ю.К. оптимизация учебно-воспитательного процесса. – М.:Просвещение, 1982,

2.     Бейсенова Ә., Карпеков Қ. Қазақстан Республикасының физикалық география курсын оқытуға арналған жаңа оқулықтың құрылымы мен бағдарламасының жобасы // Биология, география және химия. -2000.-№1.

3.     Есназарова Ұ. Қазақстанның физикалық және экономикалық географиясын оқыту. – Алматы, 1996.

4.     Кәрібаев Ш. Оқу кестелерінің тиімділігі // Биология, география және химия.-2001.-№5

5.     Лисов В.А., Пухова А.Г. Примерное тематическое планирование на 2-е полугодие по курсу физической географии СССР // География в школе. -1971.-№6

6.     Назарбаев Н.А. Қазақстан – 2030. – Алматы:Білім, 1998.

7.     Полвонкин А.А. Физикалық географияны оқыту методикасы. – Алматы: Қаз.мемл.оқу-пед. Басп.,1955.

8.     Финарев Д.Р. и др. Тематическое поурочное планирование школьного курса «Петербургцоведение» // География в школе. -2003.-№1

9.     Ходатаев Т.А. Примерное планирование уроков по курсу 5 класса // География в школе. -1977.-№5, №6

10. Швецов Г. Тематическое планирование // География в школе.-1963.-№2.