Жаратылстану маманының
жоғарғы оқу орнында дамуы
З.О.
Өнербаева PhD,
С.Н.Иркитбаев
Абай атындағы ҚазҰПУ – дың
доценті,
Абикбаев
Е.Р.
М.Х.Дулати
атындағы ТарМУ-нің оқытушысы
«Қазақстан
Республикасының 2020-жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасында» қоғамның негізгі капиталына
зияткерлік және адамның жасампаз іс – әрекетін жүзеге
асыру мүмкіндігі туралы айтылған [1]. Осыған байланысты
танымдылық іс – әрекетке деген тұрақты мотивациясы бар,
жоғары кәсіби деңгейі бар, әлеуметтік жауапкершілігі
жоғары, креативті, белсенді, қасиеттерге ие, шығармашыл,
бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру
мәселесі көкейкесті болып отыр.
Шығармашылық
дегеніміз – адамның өмір шындығында өзін – өзі
тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу
үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен саналы,
дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Адам
бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол
бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін – өзі
тануына көмектеседі. Тұлғаның ізденімпаздық
қабілетін сапасын дамытудың негізгі өзегі болып табылады.
Көтеріліп отырған мәселенің өзектілігі
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында,
ҚР стратегиялық дамуының «Қазақстан – 2030»,
ҚР «Білім» бағдарламаларында мемлекеттік саясаттың басты
ұстанымдары ретінде жеке адамның шығармашылық
әлеуетін дамыту, білім берудің дамытушы сипатын арттыру
мәселелерінде басты міндеттер қатарында қойылған.
Қазіргі кезде
мұғалім болу дегеніміз – пәннің көмегімен жеке
тұлғаны игеру.Мұндай жағдайда
мұғалімнің міндеті – оқушыларда пәндік
құзыреттілікті меңгерту.
Осы
тұрғыда мұғалімнің қазіргі
таңдағы жұмысында нақты өзгерістер тек
әдістемелік нұсқаулармен шектелмей, білім беру процесінде
болашақ мамандарын шығармашылыққа
бағытталған жұмысқа баулу өзектілігінде. Ол
дегеніміз оқулық пен бағдарламаның бірнеше
альтернативтілігіне көңіл бөлуге, оған
өзінің пәнінің әдістемесі тұрғысынан
баға беруге, өз мүмкіндігі мен білім беретін жеке
тұлға ерекшелігін есепке алуға мүмкіндігінің
болуы [2].
Оқу процесін
ұйымдастыру барысында, шығармашылықты көрсету
болашақ маманнан өз пәні бойынша әдістемелерді
терең білуді, сонымен қатар, оқушының іс –
әрекетін ұйымдастыруда үлкен шеберлікті талап етеді.
Педагогика
сияқты әдістеме де екі құрамды бөліктен,
яғни ғылым мен технологияның бірлігіменен сипатталады, онда
екеуі өзара тығыз байланыста қалыптасады.
Болашақ маманның шығармашылығы
дегеніміз не? Ол қалай басталады? Шығармашылық
– педагогикалық іс – әрекеттің құрамдас
бөлігі және болашақ маманның жеке өзіндік ерекше
жақтары. Олай дейтініміз, шығармашылықта білім мен шеберлік,
педагогика ғылымы мен пәннің әдістемесі және
педагогикалық шеберліктің ең жоғары, жетілген
технологиясынан көрініс табады. Әдетте болашақ маманның
шығармашылығы көбінесе әдістеменің теориялық
жағын нәтижелейді. Мәселен, әрбір студент –
практиканттың сабақ конспектісін жазуы болашақ маман ретінде
оның шығармашылық жұмысын растайды. Практикант
сабақтың сценариін бастан-аяқ жазады, оның
жүргізілу барысын, құрылымын, әдістемесі (әдіс
тәсілдері) мен формасын дұрыс нақтылап, сабаққа
дайындық деңгейіне, көркені құрамдардың
болуына т.б. қарап анықтайды [3].
Бұлардың
барлығы білім беру мен тәрбие құралдарын тиімді
пайдалануда білім берудің әдіс – тәсілдерінде,
оқушының оқу іс – әрекет формаларын ұйымдастыруда
жинақталады. Бұл іс – әрекет білім беру мен тәрбиеде
жоғары жетістіктерге жетуге, мұғалім оқушының
уақытты тиімді пайдалануына мүмкіндік береді [4]. Сондай – ақ
студенттің өзін – өзі дамытуға, өзін – өзі
көрсетуге, өз бетінше ізденуге, әрекет етуге бейімділігін
жетілдіреді.
Мектептің
қазіргі басты мақсаты – дені сау, белсенді, талапты, талантты,
шығармашыл жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Осы жаңа мақсатты іске асыруда мектеп
географияның орны қандай?
Бұл
сұраққа жауап беру үшін оқушыға білім,
тәрбие беруде, оны дамытуға, жалпы адам мәдениетіне
географияның қосқан үлесін анықтау қажет.
География оқу пәні ретінде оқушының жеке
тұлға болып дамуына әсері, мүмкіндігі өте
жоғары, себебі оның мазмұнының негізінде
қоғамның өмір сүру іс – әрекеті және
оның табиғатпен өзара әрекеттесуін оқытуда
кешенді географиялық бағыттары жатыр [5].
Географияны
оқыту оқушының адам біртұтас ойының
қалыптасуын қамтамасыз ете отырып,оқушының
әлеуметте өзін – өзі анықтауға, өз бетінше
әрекет етуге себеп болады. Географияны оқыту мақсаты орта
білім берудегі географияның мазмұнынан көрінеді. Осыдан
оқушыны қазіргі географияны қандай мақсатқа
қарай оқыту сұрағының маңыздылығын
көреміз.
Жоғары білім
беру жүйесінде болашақ химиктер, географ мамандарын
шығармашылыққа бейімдеу ең алдымен, маманды даярлау
технологиясының өзгеруімен, яғни студенттердің өз
бетімен орындалатын жұмыс ауқымының ұлғаюмен,
тұлғаға бағытталық көзқарастарының
басымдылығымен байланысты. Болашақ мамандарды дайындауда алдымен
оның өзін – өзі жетілдіруінен, жоғары дүниетанымы
мен ағымдағы жағдайларға этикалық қарым –
қатынасынан, содан срң, ол маманның қызмет жасайтын
әлеуметтік ортасын жан – жақты тануына бағыттаудан көрініс
табады.
Жоғары
айтылғандай студенттің өзіндік жұмысы пәнді
меңгеруге, өзіндік жұмыс дағдыларын
қалыптастыруға, оқу, ғылыми, кәсіби
әрекетінде жауапкершілікті өзіне ала білуге, өз бетімен шешім
қабылдауға, дағдарыстық ахуалдан шығуға
көмектеседі.
Жоғары
мектептің айырмашылығы оқу жұмыстарының
әдістемесі мен студенттердің өзбетіндік жұмыс
деңгейінің өсуінде. Оқытушы болашақ мамандарда
оқу – танымдық, ғылыми – зерттеу, шығармашылық
өзбетіндік жұмысын дұрыс ұйымдастырудың
тәрбиелік мәні бар. Шығармашылық жұмыстың
барысында болашақ мамандар төмендегідей мүмкіндіктер
туындайды:
-
білімді тереңдетіп, кеңейтуде;
-
оқу – тануға деген
қызығушылықты оятады;
-
оқу – таным, зерттеу процесінің әдіс –
тәсіл, әдістемелерін дамытады;
-
танымдық қабілеттерін дамытады;
-
болашақ маман ретінде қалыптасуына;
-
бітіру жұмысы, курстық жұмыс, реферат
және баяндамалар жазу дағдысы меңгеруіне;
-
зертханалық жүмысты, есеп –
жаттығуларын, үй тапсырмаларын орындау шеберлігіне;
-
міндетті және қосымша әдебиеттер тізімі
бойынша жұмыс жасау білігіне;
-
алгоритм, өзіндік жұмысты орындау
әдістеріне;
-
өзіндік жұмыс көлемі, тапсыру
уақыты, формасының нақты айқындауына;
Болашақ
кәсіби маман дайындауда өзіндік жұмыс студент
әрекетінде шығармашылық процестерді қамтиды.
Осыған байланысты болашақ маманның шығармашылық
деңгейінің репродуктивті,
продуктивті, шығармашылық (ізденіс) түрлері
анықталады. Репродуктивті шығармашының
деңгейге: тапсырмалар орындау, кесте, сызбанұсқалар толтыру
т.б. (білімді бекіту, дағдыны қалыптастыру жұмыстары
орындалады). Продуктивті шығармашылық
жұмыс арқылы тұжырымды қайта құру,
жоспарды, тезисті, аннотацияны құрастыру жүзеге асады. Шығармашылық жұмыс нәтижесі проблемалық ситуацияны
анализдеуді, жаңа ақпаратты ашуды қажет етеді.
Қорыта келе
айтарымыз, оқытушылар жоғарыда аталған деңгейлерді
ескеріп болашақ мамандар жасаған. Сонымен бірге, кез – келген
аталған шығармашылық
жұмыстарын орындауда болашақ мамандар инновациялық
технологияларды, компьютерлерді пайдалану біліктерін нәтижелі
меңгереді. Соңғы кезде болашақ мамандардың
шығармашылық жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру
мақсатында, портфолио әдісі, түрлі бағыттағы
шығармашылық тапсырмалар орындау т.б. кең түрде
қолданылуда.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Қазақстан
Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді
дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2010 ж.
2. Душина И.В. Методика обучения
географии в образовательных учреждениях. – М.: Дрофа, 2007.
3. Нұғыманұлы И.,
Шоқыбаев Ж.Ә., Өнербева З.О. Химияны оқыту
әдістемесі: оқу құралы. – Алматы: print-s, 2005. – 354
б.
4. Колеченко А.К. Энциклопедия
педогогических технологий. М.: КАРО, 2008.
5. Кенжебаев Р.Ж. Орта мектептегі географияны
оқытудың қазіргі мақсат, міндеттері.
Оқытудың қазіргі заманғы парадигмасы және
оқулық: Теориялық, әдіснамалық негіздері. Респуб.
Ғыл-практ.конф.мат. 12 желтоқсан 2013 ж. 55 – 57 б.