Педагогические
науки/ 2. Проблемы подготовки специалистов
Кәсіби оқыту магистры, аға
оқытушы Сыздыкова А.И.
«Өрлеу»
БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды бойынша ПҚ БАИ,
Қарағанды
қаласы, Қазақстан Республикасы
Арнайы пәндерді оқытуда студенттердің
шығармашылық қабілеттері мен кәсіби
құзыреттілігін қалыптастыру
Өркениетті
қоғам мен құқықтық мемлекеттің
өсуі өскелең ұрпақтан рухани байлық пен
мәдениеттілікті, еркін ойлау қабілеті мен
шығармашылықты, кәсіби құзыреттілікті, білімділікті,
іскерлікті талап етеді. Осыған орай, Қазақстан
Республикасының білім беру мен тәрбиелеу саласының
түбегейлі жаңару жағдайы бүгінгі таңда
халықтық дәстүрлі өнер түрлерін
жинақтап, зерттелеудің, оның ауқымындағы
тәлім-тәрбие, мол тәжірибе негізінде жасөспірімдерді
тәрбиелеу қажеттігін тудырып отыр.
Шығармашылық
дегеніміздің өзі ізденімпаздықтан туады. Студенттің өзіне
деген сенімін туғызу, өзінен шығармашылық қасиет
іздете білу, шығармашылыққа баулу, қалыптастыру процесі
нақ білім ордасында басталады.
Кез-келген студент оқытушының басшылығымен орындаған
шығармашылық жұмысының нәтижесінде
өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады.
Ал құзыреттілік оқу нәтижелерімен
қатар студенттердің шығармашылық іс-әрекеттері және
құндылық бағдарларының жүйесін де көрсетеді,
әрі ол студенттің алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде,
күнделікті өмірде қандай да бір тәжірибелік және теориялық
мәселелерді шешу үшін қолдана алу қабілеттілігін сипаттайды.
Оқытудың сапасы бойынша күтілетін нәтижелерді жетілдіруді
жүзеге асыру үшін білім, біліктілік, дағдыда шығармашылық
іс-әрекет пен эмоционалдық-құндылық қатынастар
тәжірибесіне негізделген түйінді құзыреттілікті дамыта білу
керек.
Студенттердің шығармашылығын дамыту
жолдарын ақпараттық және коммуникативтік
құзыретіліктер арқылы іске асыруға болады:
1. Ақпараттық құзыреттілік
арқылы нақты объектілер
көмегімен қажетті ақпаратты іздеу, талдап таңдап
алу, ұйымдастыру, түрлендіру, сақтау және
ақпаратты беру біліктері қалыптасады. Бұл
құзыреттілік студенттің оқу пәндеріндегі
және білім аймақтарындағы, сонымен бірге қоршаған
дүниедегі ақпараттармен жұмыс істей білу дағдыларын
қамтамасыз етеді.
2. Коммуникативтік құзыреттілік – топта жұмыс жасау дағдыларын,
ұжымдағы әр түрлі әлеуметтік рөлдерді меңгеруді қамтиды [1].
Құзыреттілік – бұл алынған
білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде
қандай да бір практикалық және теориялық
мәселелерді шешуге қолдана
алу қабілеттілігі. Ол, ең
әуелі колледждегі оқыту
үрдісінде қалыптасады. Сонымен, оқытудағы құзіреттілік
тәсіл білім беру нәтижесі ретіндегі оқыту сапасын
қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде кешенді
әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруды, колледждегі оқыту
сапасын бағалаудың біртұтас жүйесін құруды
талап етеді
Технология білім беру саласының
басты мақсаты білімді де, іскер адамды тәрбиелеу болып табылады.
Технология оқу пәнінің нысаны студенттің көркем
безендіру, бейнелеу, құрастыру сияқты негізгі көркемдік
әрекеттері арқылы олардың шығармашылық
қабілеттерін дамытады. Технологияны оқыту
тұлғаның эмоционалды-құндылық және
сенсорлық мәдениетін дамытып, қоршаған орта мен
өнердегі әсемдікті көру, бағалау және оларды
өз қолымен жасау қабілеттіліктерін арттырады.
Технология оқу
пәнінің жалпы
мақсаты – жас ұрпақты әлеуметтік
белсенділікке, өндіріс пен
қоғамның арасындағы байланысын түсінуі, сонымен
қатар қоршаған ортаға технологияның әсерін
білу, технологиялық сауаттылығын қалыптастыра отырып,
жауапкершілікке, тиянақтылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу
болып табылады.
«Технология» мамандығының арнайы пәндер
сабағында студенттердің білім деңгейлерін
шығармашылық деңгейге дейін жеткізу мақсатындағы
іс-әрекеттердің бірі – шығармашылық тапсырмалар болып
табылады.
Шығармашылық тапсырмалардың өзін
студенттердің қабілетіне, пәнге деген сүйіспеншілігіне
байланысты оқуға қойылатын талаптарын басшылыққа
ала отырып, жүргізген жөн. Ол үшін оны түрлендіре
әрі орындауға жеңіл етіп берген тиімді болмақ. Бір
сабақтың өзінде бірнеше тапсырма ұсынып, таңдап
орындауды студенттің өз қалауына қалдыру керек.
Өте жемісті тәсілдердің бірі – тапсырмаларды жүйеге
бөліп, студенттің біліміне, қабілетіне байланысты
ұсынуға болады [2].
Сонымен,
бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін «Технология»
пәнінің мазмұнымен танысып, оны оқып үйрену
қажет, яғни әр түрлі бұйымдарды жасау технологиясы,
оның орындалу тәртібі және оған қажетті
материалдар, құрал-жабдықтар және қауіпсіздік
техникасы мен тазалық-гигиеналық талаптарды орындауға
үйренеді.
Демек, болашақ
жастарымыздың кәсіби құзырлы, шығармашыл болуын
қамтамасыз ететін оқытудың жаңа мүмкіндіктерін
және студенттердің әлеуетіне тікелей әсері мол шығармашылық
қызығушылығын қалыптастырудың теориялық,
әдіснамалық, дидактикалық тұғырларын
айқындау міндеттерін алдыңғы қатарға
шығарады.
Жүргізілетін
сабақ тек білім беру шеңберімен шектеліп қана қойса,
бүгінгі талапқа сай келмес еді. Сол себепті де басқа да
пәндер сияқты технология пәнінде студент шеберлігін шыңдау,
шығармашылық қабілеттері мен кәсіби
құзыреттілігін қалыптастыру жолында жұмыстар
жүргізе отырып, өнерге деген құлшынысын арттырса,
әсемдікті сезінуіне жол ашып, терең түсінуге жетелесе
ғана талап деңгейінен шықпақ.
Әдебиеттер:
1.
http://beta.ineu.edu.kz/ispolzovanie-obrazovatelnykh-tekhnologij-pri-formirovanii-kompetentsii/
1665-zyrettilikterin-alyptastyruynda-o-u-tekhnologiyalaryn-pajdalan
2.
Манабаева
А.Ш. Формирование художественно-технологических знаний, умений и навыков по
казахскому декоративно-прикладному искусству: автореф. ...канд. пед. наук:
29.03.2004. - Караганды, 2004.