Нүркенова Г.Қ., Есмагулова А.А., Шутенова С.С.
Қарағанды «Болашақ» университеті, Қазақстан.
Болашақ педагогтардың мәдени құзыреттілігін
дамыту жолдары
Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті
дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай
білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің
қатарына жеткізетін, терезесін тең ететің – білім».
Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру
жүйесінің алдында оқыту үрдісінің
технологияландыру мәселесін қойып отыр.
Оқытудың
әр түрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл
педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.
Қазіргі білім
беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман
дайындау. Мектеп-үйрететін орта,оның жүрегі-мұғалім.
Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы
ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп,
тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана
білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау -
әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібі,
өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз
сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа
формация мұғалімі – педагогикалық
құралдардың барлығын меңгерген,
тұрақты өзін - өзі жетілдіруге талпыған, рухани
дамыған, толысқан шығармашыл тұлға
құзыретті. Жаңа формация мұғалімі табысы,
біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық
жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар:
бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары
болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы
шеберлігі.
Осы
айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация
мұғалімі – рефлексияға қабілетті, өзін-өзі
жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық,
зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік
тұлғалы, коммуникативтік, ақпараттық және
тағы басқа құзыреттіліктердің жоғары
деңгейімен сипатталатын рухани – адамгершілікті, азаматтық жауапты,
белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.
Дәстүрлі
білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім
беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықтарды
игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне
ене отырып, бәсекеге қабілетті тұлға дайындау
үшін адамның құзырлылық қабілетіне
сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру
жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті
мәселелердің бірі. К.Құдайбергенова
«Құзырлылық ұғымы – соңғы жылдары
педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне
ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған
ұғым »дейді.
Ресей ғалымы
Н.Кузьминаның көзқарасы бойынша «Құзырлылық
дегеніміз – педагогтің басқа бір адамның негіз бола алатын
білімділігі мен абыройлығы».
Латын тіліндегі
«компетенс» сөзін ғалым К.Құдайбергенова
«Құзырлылықты білімін, біліктілігін, дағдысын,
тұлға мінез – құлқын, ең бастысы
тұлға мүмкіндігін бағалаудың критерийі
мақсатында қарастыру құзырлылық маңызын
толық аша алады. Олай болса, құзырлылық, нәтижеге
бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің
сапалық критерийі ретінде әлеуметтік және өмірлік
көзқарастарды есепке алу қажет» деп жазса,
Б.Тұрғанбаева «Құзырлылыққа
бағытталған оқыту үрдісінде тәжірибелік жолман
мәселені шешу мүмкіндігі молаяды. Осы жағдай біліктілікті
арттырудағы екінші үлгіге көшірудің негізі бола алады.
Өйткені, құзырлылыққа бағытталған
үлгіде білім алушылардың өздерін ұйымдастыру – басты
мақсаты» деп көрсетеді.
Қазақстан
Республикасының 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында педагог
кадрлардың кәсіби - тұлғалық
құзіреттілігін қалыптастыру басты мақсат екендігін атай
келе, 12 жылдық білім беруде педагог төмендегідей
құзыреттіліктерді игеруі міндетті деп көрсетілген.
1.
Арнайы құзыреттілік - өзінің
кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті.
2.
Әлеуметтік құзыреттілік –
кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті.
3.
Білім беру құзыреттілігі – педагогкалық
және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу
қабілеті.
«Құзырлық»
сөзі «құзыр» сөзінен алынған туында сөз
екендігіне баса назар аударамыз. Бұл туралы қазақ тілі
терминдерінің салалық ғылыми тұсіндірме
сөздігінде: «құзыр» (компетенция) – жалпы алғанда
қайсыбір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір
нәрсені жасау» деп берілген. Ал Қазақстан Ұлттық
энциклопедиясына (6 том, 96б.) «құзырет (компетенция) – нақты
органның не лауазымды тұлғаның заң жүзінде
белгіленген өкілеттіліктерінің, құқықтары
мен міндеттерінің жиынтығы деп көрсетілген. Латын тілінен
аударғанда «құзырлық - өз ісін жетік білу, танымы
мол, тәжірибелі» деген мағынаны білдіреді. Белгілі бір
саладағы құзырлықты меңгерген тұлға өз
саласына сәйкес білім мен біліктілікпен каруланған қандай да
бір негізі бар ой-тұжырым жасайтын және тиімді әрекет ете алатын адамды есептеуге болады. Енді осы
ұғымдардың мәнің тереңірек талдайтын
болсақ, онда «құзыр»
- тұлғаның белгілі бір пәндер шеңберіне
қатысты білімі, біліктілігі, дағдысы мен іс-әрекеттері
тәсілінің өзара байланысқан сапаларының
жиынтығы, ал «құзырлық» - адамның
іс-әрекеті саласына сай құзырлықтарды меңгеруі.
Құзыреттілік тәсіл білімдік парадигмадан біртіндеп мектеп
бітірушінің қазіргі көп факторлы әлеуметтік – саяси,
нарықтық – экономикалық, коммуникациялық және
ақпараттық қаныққан кеңістік
жағдайында тіршілік ету қабілетін құзыреттер кешенін
игеруге жағдай жасау дағдыларын қалыптастыруға
қарай бет бұруды білдіреді.
Қоғамдық,
азаматтық, рухани – адамгершілік құныдылықтардың
енуі, өзара қарым-қатынас мәдениетың
қалыптасуы арқылы көрініс береді, ал бұл маңызды
мәселе оқу-тәрбие жүйесінде жүзеге асатыны
белгілі.
Р.С.Омарова,
М.Н.Есенғұлованың халықтың педагогикадағы
«қарым – қатынас мәдениет» деген оқу
құрамында студенттің қарым – қатынас
мәдениетін қалыптастырудағы жұмыс формалары
төмендегідей берілген, олар: Дәрісбаяндар – халықтың
педагогиканың мұраларынан берілген жарқын ақпарат,
деректер, қызықты мысалдар т.б.
Ашық микрофон
– болашақ мұғалімдер үшін және
қоғамдағы адамдар арасындағы қарым –
қатынас мәдениетінің қалыптасу жағдайлары мен
оның дамуына халықтың педагогика идеяларының
ықпалы туралы мәселені талқылау үшін қолданылады.
Ұлы
тұлғалар күні – халқымыздың батыр ұлдары
мен қыздары, ұлттық мақтаныштарымыз болған
Ұлы тұлғалар (Абай, Ыбырыай Міржақып т.б.)
мерейтойларына орай өткізілетін танымдық,
құндылық бағыт беретіндегі қызықты да мазмұнды
шара. Пікірсайыс (мысалы: Сіз мәдениеттісіз бе? Адам – қоғам
– орта қарым - қатынасы т.б. тақырыптарда) екі топ кезегімен
ой толғаныстары мен шешімдерін ортаға салып, өз жобаларымен
қорғайды.
Сыр – сұхбат –
қазіргі кезеңде қоғамымызда болып жатқан
өзгерістерге сай, адамдар арасындағы қарым –
қатынастық өзгеруі, халықтың педагогика
идеяларындағы ой – пікірлердің ерекшелігі; жастарымыздың
қарым – қатынас мәдениеті мен төл
мәдениетіміздің өзара сабақтастық
мүмкіндіктері, мәселенің шешімін табу жолдары т.б. мәселелерге
арналған тәрбиелік әңгіме сағаты.
Қарсыластар сайысы – алдын ала жинақталған пікірталас
материалдары негізінде көкейтесті мәселелер жөнінде
қарсы 2 топтың пікірлерін ортаға салу, сараптау,
тұжырымдар жасауға арналған сөз – жарыс. Осы
жоғарыдағы әдістерді қолданудың
маңыздылығын төмендегі ғалым идеясына сүйене
отырып негіздейміз.
Педагогикалық
процестегі оқытушы мен студент қарым – қатынасы
барысындағы мағыналардың өзгеруінің жүруі
тұлғаның дамуына мүмкіндік туғызады,
өйткені «жаңа білім беру ережелерінің» талаптарын есепке
алуымыз қажет деп есептейміз.
Әдебиеттер:
1. Омарова Р.С,Есенғұлова
М.Н. Халықтың
педагогикадағы қарым-қатынас мәдениеті; оқу
құралдары-Ақтөбе, 2009-154 бет.
2. Тәжібаева С.Ғ. Мектепте
тәрбие жұмысын
ұйымдастырудың теориясы ме технологиясы,оқу
құралы -Алматы, Білім,
2008-280бет
3.
Жақыпов С.М. оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекет
психологиясы. (оқу құралы) –Алматы «Алла прима» жис, 2008-216
б.