ӘОЖ:
74./78.
БАСТАУЫШ
СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН МУЗЫКА АРҚЫЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА
БАУЛУ
Әбілбашаров Е.
«Сырдария» университеті
Жетісай қ.
Егемендік алған
еліміздің демократиялық жолмен дамуы мәдениеттің жетілу
үрдісін жеделдете түсті. Мәдениеттің
құрамдас бөлігі ретінде музыкалық
шығармашылықтың түрі мен мазмұнының
көрінісі оның жалпы адамзаттық мәнін
айқындамақ. Ал бұл мәселені қолға
алмақ ол бастауыш мектептерден бастау алады. Музыка сабағында
бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу
және ұлттық өнерге деген қызығушылықтарын
арттыру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің
бірі болмақ.
Мәдени мұра, тарихи –
рухани құндылық, халықтық салт –
дәстүрлер, этнопедагогика, фольклор, дәстүрлі
халық музыкасы бәрі
бір-бірімен тығыз байланыста
болғандықтан, оның ерекшеліктері мен табиғатын,
әсіресе жастарды рухани құндылықтарға баулу,
ұлттық сана мен сезімін тәрбиелеу үшін ғылымның
философия, педагогика, психология, этнография, фольклористика, өнертану
және музыкатану секілді сан алуан салаларына арқа сүйемей
зерттеу мүмкін емес.
Жыр, дастан, терме халық
шығармашылығының, халық өнерінің,
халық көркем мәдениетінің, көркем
шығармашылықтың және көркем
өнерпаздық өнердің түрі ретінде қарастырылады. Әрбір дәстүрлі
шығарманың халықтың ой-санасын түзеуде, елдік,
ерлік, адамгершілік сезімдерін қалыптастырып оятуда алатын орны зор. Жалпы
айтқанда халықтық тәрбие құралының
бірі. Ендеше бүгінгі күнгі тәрбие ісіне бағыт беріп,
қолданысқа айналдыратындай тәрбиелік мүмкіндіктері бар
музыкалық шығырмашылық мәселелерін зерделеп
көрейік.
«Шығармашылық»
сөзінің төркіні «шығару», «ойлап табу» дегенге саяды.
Демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп
түсіну керек. Философиялық сөздікте «шығармашылық – қайталанбайтын,
тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғарғы
сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет» деп
түсіндіріледі. Көрнекті психолог Л.Выготский «шығармашылық» деп жаңадан
ашатын әрекетті атаған.
Шығармашылық пен
өнер – егіз ұғымдар. Сондықтан шығармашылық
-тың қозғаушы күші - әр алуан өнердің
түрі болып табылады [1].
И.Д. Левитовтың
пікірінше оқушылардың шығармашылық қабілеттері –
деп іс-әрекет қорытындысына жаңа бір нәрсені
үйренулері және оқушының даралық
бейімділіктерінің, тәжірибелерінің көрінуі болып
табылады. Көптеген психологтар оқушылардың жасы өскен
сайын жүйке жүйелерінің мүмкіндіктері кеңейіп,
қалыптасып отыратындығын, бірақ оқушылардың дамуы
үшін ең қажетті құнды қасиеттердің
біртіндеп жоғалып отыра-тындығымен де түсіндіре отырып, бала
қабілетінің дамуы үшін ең қымбатты кезеңде
тиімді пайдаланып қалуға асығу керектігін ескертеді. Бастауыш
және жоғары сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай
қабілет олардың белгілі бір іс-әрекетке бейімділігі айқын көрінеді.
Бүгінгі
күннің өмір талабына сай тұлға
тәрбиелеудің ерекшелігі оның үздіксіз жүргізілу
қажеттілігінде. Тұлғаның музыкалық шығармашылығын
дамыту адамның кішкентай кезінен бастап есейген кезіне дейін
жүреді. Үздіксіз білім беру жүйесіне рухани бай, жоғары
мәдениетті және мәдени құндылықтарды бағалай
алатын тұлға қалыптастыруға бағытталған
әлеуметтік институттар ену керек.
Қазіргі таңда
бастауыш сынып оқушыларын жан-жақты қалыптасқан,
шығармашыл етіп жетілдіру басты мақсаттарымыздың бірі. Бұл
мақсаттарымыздың жүзеге асуына өз септігін тигізетін
бірден-бір пән ол музыка пәні болмақ. Адам тұлға
болып тумайды, қалыптасады.
Адамның дамуы – ішкі және сыртқы жағдайлардың
әсерлерімен қалыптасатын күрделі, ұзақ мерзімді,
қарама-қайшылықты үрдіс. Тұлғаның
қалыптасуы мен дамуы үш факторға: тегі, ортасы және
тәрбиесіне байланысты. Өзін қоршаған ортамен
қатынасы арқылы адамның табиғи мәні ашылып,
жаңа қасиеттері қалыптасады. Музыка сабағы
оқушылардың шығармашыл болып өсуіне бірден бір негіз
болатын пәндердің бірі. Музыка арқыла оқушыларға
эстетикалық тәрбие беруге болатындығын ғалымдар өз
еңбектерінде талай рет зерделеген. Тәрбиенің сапасы тәрбиешінің жұмысты
мақсатты, жүйелі, кәсіби шеберлікпен жүргізуіне
байланысты. Музыка сабағанда бастауыш сынып оқушыларына
музыканың әсерлі үнімен білім беру арқылы
шығармашылыққа баулуға толық негіз бар. Тұлға
– біртұтас жүйе. Біртұтас жүйе ретінде адам өзін-өзі
дамытып отырады. Музыка пәнінің негізгі мақсаттарының
бірі – тұлғаны біртұтас жүйе ретінде тәрбиелеу.
Тұлға – сана иесі. Шығармашыл адам – жасампаз
тұлға. Өзін, айналасын, қоғамды жаңартып
отырады.
Баланың
шығармашылық қасиеттері кішкентайынан көріне бастайды,
себебі, шығармашылық – бала дамуының қалыпты
жағдайы. Алайда шығармашылыққа бейімділік бірте-бірте
жоғала бастайды, ол балаға да қоғамға да кері
әсер етеді. Шығармашылықпен тұрақты және
саналы айналысатын және өз мүмкіндігін жүзеге асыра
алатын адам өмір талабына, өзгермелі еңбек шартына,
өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі жетілдіруге тез
бейімделеді. Музыкалық білімнің өзі осы
ұғымдардың жүзеге асуына мол үлесін тигізеді.
Музыка аспаптарына үйрету
сабағы музыка сауаты мен ән үйрену сабағы методикасы
сабақтары мен тығыз байланысты жүргізіледі. Жеке музыка
сабағының оқытушысы график бойынша басқа да
оқытылатын пәндермен сабақтастыра өтуі қажет[2].
Музыка эстетикалық
тәрбиенің маңызды бір бөлігі бола отырып, жеке
тұлғаның ақыл-ойы мен дене бітімін жетілдіріп,
жан-жақты өмір тәжірибесін кеңейтуге
қызығушылық біліктілігін және ойлау қабілетін
дамытуға, шығармашылық іскерлікке тәрбиелеуге
мүмкіндік туғызады, оқушыларды халықтық
музыкаға баулиды.
Эстетикалық тәрбиелеу
көркемдік әсер етуге тірелмейді, оның құралдары
алуан түрлі, ол өнер, оның ішінде музыка сол
құралдардың бірі ғана. Бірақ мұнда өнердің,
оның ішінде музыканың атқарар рөлі ерекше.
Өнердің, демек,
музыканың да мынадай қызметтері бар: гнесеологиялық
(шындықты өзіндік тәсілмен тану), аксеологиялық (оны
өзіндік тәсілмен бағалау), насихаттаушылық (саяси,
философиялық, этикалық және басқа қоғамдық
идеяларды тарату), геоденистік (рухани көтеру, ерекше ләззаттану),
суггестивтік (эмоция мен ойдың белгілі бір тәртібіне иландыру),
сауаттандыру ("өмірдің оқулығы"
қызметін атқару), эвристикалық (адамдардың
шығармашылық мүмкіндіктерін белсендірлендіру), коммуникативтік
(адамдар арасындағы қарым - қатынастың ерекше
қызметі, өзіндік құралы ретінде әрекет етуі)
және т. б.
Осы ұғымдарды
ескеретін болсақ музыка саласының негізінде үлкен бір
ғылымның бар екендігіне көз жеткіземіз. Музыканың
өзі үлкен бір ғылым. Сол ғылымды зерттеп зерделейтін бүгінгі
күнннің жас ғалымдарының еншісінде. Музыканы зерттеу
тікелей шығармашылықпен ұштасады. Шығармашылыққа
баулу ол бастауыш сыныптан бастау алады. Бастауыш сыныпта музыка пәнін
жүргізу ол тікелей педагогика ғылымымен байланысты.
Ал педагогикалық
үрдіс шығармашылық деңгейлерден тұрады.
Шығармашылықтың бірінші деңгейі – педагогтар мен
балалардың қарапайым, жайлы, ынтымақтаса
қарым-қатынас жасауы арқылы балаларды
шығармашылыққа бейімдейді.
Екінші деңгей –
сабақ барысында жоспарлау дан бастап іс-әрекетті тиімді
ұйымдастырады. Бұл деңгейде оқу-тәрбие
жұмыстарының мазмұны, әдістері мен түрлері
таңдалып, іріктеледі.
Үшінші деңгей
– эвристикалық. Педагог тәрбиеленушімен таза
шығармашылық қарым-қатынаста болады. Педагог
шығармашылығының жоғары деңгейі дербестігінен,
өзін-өзі жетілдіруінен көрінеді.
Төртінші
деңгей – айқындалу. Педагог пен тәрбиеленушілер
өнердің белгілі бір жетекші түрін айқындап,
кәсіби күрделі жұмыстармен айналысады.
Педагогтың идеясы
басты рөл атқарады. Әрбір баланың бойындағы
шығармашылық қабілетті ұйымдастыра білу, іздене білу
арқылы үлкен нәтижеге жетуге болатыны дәлелденді.
Бастауыш сынып
оқушыларын музыкалық шығармашылығын қалыптастыру
үшін төмендегідей ережелерді ұстанған жөн:
1.
Әрбір оқушы алған білімін қорытып, сезіне білу
үшін өзімен-өзі болуға мүмкіндік беру керек.
2.
Әр оқушыны өнердің өзі қалаған
түрімен айналысу үшін жұмыс материалдарымен қамтамасыз
ету керек.
3.
Оқушылардың шығармашылығына ретсіз кірісе беруге
болмайды.
4.
Оқушыны мазақтауға болмайды.
Құпияқұмар мінезін бағалау керек.
5.
Шығармашыл педагог қана шығармашыл бала тәрбиелей
алады. Сондықтан оқушының әрбір жаңа ісіне қуана білу керек.
6.
Күнделікті өмірді қызықты етіп
әңгімелеуді дағдыға айналдыру керек.
7.
Оқуды тартымды, қызықты ұйымдастыра білу.
8.
Оқушыларға көп зейін аударып отыру.
9.
Бәрін бірден түсіндіруге тырыспау.
10. Оқушының
өз бетімен ойлана білуін ынталандыру, зейін қойып тыңдау,
қызыға сұхбаттасу қажет.
Музыка өнері
арқылы шығармашыл тұлға қалыптастыруда
халықтық, көркемдік ұстанымдарды негізге алу керек, музыка
өнері туралы ғылыми білім негізгі мақсатты жүзеге
асыратын құрал болуы керек, тәрбиелеуге ерекше мән
берген жөн.
Мектеп
қабырғасында, оқушылар сарайында, үй
басқармаларының жанында ұйымдасқан музыкалық
үйірмелер жұмысын үнемі қадағалап қарап,
оның жұмысын музыка мұғалімі, мектеп басшылары,
ата-аналар болып жандандыра түсу керек, оған бағыт беріп
отырса, олар өздерінің көздеген мақсатына жете алады [3].
Музыка
сабағының барлық жүйелері бір-бірімен
тақырыптық желі бойынша тығыз байланыста болып келетіні
белгілі. Осыған байланысты оқытушы әрбір жаңа
әнді үйреткен кезде, сабақтың негізгі тақырыбынан
ауытқымай, қайта оны тереңдете, өрбіте түсуді
мақсат еткені жөн. Түрлі ой салу, бағыт беру,
іздендіру, көрнекі құралдарды пайдалану сияқты,
балалардың ынтасын арттырып, қызықтыратын тиімді
әдістерді көптеп қолданса, ол оқушылардың
санасымен жұмыс істеу дағдысын дамытады. Сонда олар зерек, ойшыл,
аңғарымпаз болады. Бұл олардың басқа
сабақтарды да жақсы үлгеруіне себін тигізеді.
Қорыта айтқанда музыка
сабағында бастауыш сынып оқушыларын
шығармашылыққа баулу бүгінгі күннің аса
маңызды да өзекті мәселе екендігіне көз жеткіздік. Еліміздің
болашағы болып табылатын бастауыш сынып оқушыларының
жан-жақты дамыған, саналы да білімді ұрпақ болып
өсуіне музыка пәнінің алар орны зор екендігі ғылыми
талдаулар негізінде анықталды.
Пайдаланылған
әдебиеттер
1. К.Д.Ушинский.
Собрание сочинений. – М.: 1980.-Т.6, 439 с.
2. Ғизатов Б.Ғ. Мектептегі ән музыка сабағы.-Алматы., 1968 ж.
3. П. Сағынтаев, А. Шәндібаева.
Бастауыш сыныптарда музыкалық
тәрбие беру әдістері. -
Алматы. Рауан 1996 ж.
Түйін
Мақалада бастауыш сынып
оқушыларын музыка сабағы арқылы
шығармашылыққа баулу мәселелері зерттеп, зерделенген.
Музыка пәні оқушының шығармашыл, дамыған,
жаңашыл, қиял кеңістігі кең болып өсуіне өз
әсерін тигізетін пән ретінде тұжырымдалған.
Резюме
В статье подробным образом
изложены исследования творческого воспитания учеников начальных классов через
уроки музыки. Предмет музыки воздействует на развитие новаторской идеи, на
творчество школьников, развивает пространственное мышление.
Summary
Research of
creative up bringing of primary school pupils through music lessons are
considered in this article. Music subject affects at developing of innovative
ideas, creativity of pupils, cultivate spatial thinking.