Педагогические науки

 

Белгибаева Перизат Какеновна (ағылшын тілі маманы)

«Жұлдыз» балабақшасы, Қарағанды қ., Казахстан

 

МЕКТЕП  ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ  БАЛАЛАРДЫҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА АУЫЗША СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

 

Мақалада  әлемдік тілдердің бірі болып табылатын ағылшын тілінің мектепке дейінгі мекемелерде оқытылу мәселелері қарастырылады. Қазақстан Республикасының мемлекетаралық тілі – ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту жолдары мен мүмкіндіктері көрсетіледі. Ағылшын тілі сабақтарында балалардың ауызша сөйлеу тілін дамытуға бағытталған әдістер мен тәсілдер анықталады.

 

Еліміз жылдар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізісімен, шет тілі де мемлекетаралық тіл мәртебесіне ие болды. Ендігі кезекте шет тілінің қолданылу аясын кеңейту кезек күттірмес мәселенің біріне айналды. Осы орайда балабақшаларда ағылшын тілі пәніне көңіл де, ықылас та жылдан жылға артып, оны оқытудың тиімді әдіс- тәсілдері, технологиялары бойынша зерттеу жұмыстары, оларды тәжірибеге енгізу шаралары қолға алынды.

Ағылшын тілі – әлемдегі тілдер арасынан көркемдігі мен бейнелілігі, тазалығы мен сөздік құрамының молдығы жөнінен ойып орын алған тілдердің бірі. Тіл адамның қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол адам баласы сөйлеу әрекетінің арқауы болып табылады. Сөйлеу әрекетінің ғылыми тұрғыда жан-жақты зерттелуі тіл білімінде XX ғасырда бастау алады. Бала тілін зерттеген ғалымдар А.Шахнарович, Л.Щерба, Е.Кубрякова, С.Канцельсон: «Сөйлеу әрекеті дегеніміз – үздіксіз үрдіс және ол сөйлеу үрдісі мен тыңдаудан тұрады», – деген. Балалардың сөйлеу дағдысы  алғаш оқу іс - әрекеті басталғаннан бастап қалыптаса бастайды.

·        Сұрақ-жауап;

·        Диалог;

·        Байланыстырып сөйлетуге дағдыландыру жұмыстары;

·        Берілген сауалға өз ойларын білдіруге үйрету;

Ең бірінші сұрақ-жауап арқылы іске асады, мұғалім сұрақ қояды, өзі жауап береді,сұрақ балаға қойылады, екінші кезеңде бала жауап береді, сұрақ-жауап күнделікті оқу іс - әрекетінде жиі қайталанып отырады, яғни балалардың алғашқы сөйлеу дағдысы сұраққа жауап беру арқылы іске аса бастайды. Оқушылардың сөйлеу тілін дамытуда диалогтың да берері мол. Диалог – сөйлесудің ең негізгі түрі болып саналады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас амандасудан басталады. Мұғалім сабаққа кіргеннен балалармен диалогта болады.

T: Good morning, children!

Ch: Good, morning, teacher!

T: How are you?

ChFine, thanks. And you?

T I' m fine, thanks you. I'm glad to see you. And you?

Ch: We, too.

T: Sit down, please.

Мысалы: ағылшын тілін алғаш оқыған кездерде балалар диалогтың мазмұнын түсініп отырса, есіне сақтау қабілетін қосып рольмен ойнап береді. Және диалогты өз ойыңмен аяқта, тірек сөздерін сақтау керек екенін ұмытпағаны жөн. Екі бала бір-бірімен сөйлесуге мүмкіндік туады, бірінің қатесін бірі тауып, толықтырып, бір-бірімен жарысып, бір деңгейде болуға тырысады. Балалар аты-жөнін, жасын айтуға дағдыланады, еркін айта алатын дәрежеге жетеді.

T: What’s your name?

P: My name’s  Dastan.

T: How old are you?

P: I’m 5.

Келесі кезекте Where are you from? Құрылымы негізінде балалар бір-бірімен сұрақ-жауап арқылы сөйлесіп, тілдерін дамытады. Оқушыларға елдердің суреттері бар үлестірме қағаздар беріледі, елдердің аттарын айтып балалар тілдерін жаттықтырады, содан кейін бір бала балаларға кезекпен сұрақтар қояды, оқушылар қай елден келгендерін айтады.

P1: Where are you from, Aibek?

P2: I’ m from Kazakhstan.

P1: Where are you from,Ainur?

P2: I’ m from Great Britain.

P3: I’ m from Russia..

P4: I’ m from the USA.

P4: I’ m from China. etc.  елдердің орнына әр елдің қалаларын алмастырып айтуға болады, балалар III жақтада  He (she) is from Kazakhstan (Russia, China France etc.) сөйлемдер айтып, тілдері жаттыға бастайды.

Can/can’t  модальдық етістігін сөйлемдерде қолдану арқылы балалар өздерінің не істей алатыны, не істей алмайтынын айтып, іс-қимылмен көрсетеді, тез сөйлемдер құрастырып, белсенді қатысады (басқа да етістіктерді алмастыруға болады):

P1: I can jump, but I can’t fly.

P2: I can sing a song; but I can’t dance.

P3: I can dance, but I can’t run.

P4: I can swim, but I can’t drive.

P5: I can play computer games, but I can’t play chess. etc.

“My Family”тақырыбындағы сөздерді де балалар тез жаттап алады, Балалар өз жанұялары түскен суреттерді алып келіп, еркін таныстырады, өз ата-аналары, олардың аттары, жастары т.б айтады. Балалар жаппай оқу іс-әрекетіне қатысып, белсенділік танытады, бір-біріне сұрақ қояды, жауап береді, соңында өз жанұялары туралы әрқайсысы өз пікірлерін  айта алатын деңгейге жетеді.

P1: This is my father. His name is Bolat.

P2: This is my mother. Her name is Zhanar.

P3: This is my brother and this is my sister. My brother’s name is Marat and my sister’s name is Arai.

Белсенді сөйлеу әрекетін ұйымдастыруда ауызекі жауаптасу сонымен қатар, ақпараттық оқу құралдары (компьютер, аудио-визуалды құралдар) бойынша да ,балалар белсенді коммуникацияға түсе алады. Ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыруда сұрақ қоюдың барлық түрлерін үйрену тиімді.

Қазақстан Республикасының мемлекетаралық тілі – ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен-күнге дамып келеді. Тілді ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы оқыту – тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады.

 Ағылшын тілін оқытуда коммуникативтік мақсатқа жетуде ауызша сөздің рөлі өте зор. Ауызша сөйлеу арқылы адамдар бір-бірін түсінеді, өз ойларын айтады, дәлелдейді, естіген, айтылған хабарға өз көңіл-күй қатынасын білдіреді.

Балалардың еркін сөйлеуге, өздігінен сөйлемдер құрай білуге үйрету, балалардың  шығармашылық қабілетін дамыта отырып, ағылшын тілін білудің маңыздылығын түсіндіру, ана тілін құрметтеп, өзге тілді игерту арқылы адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеудің маңызы зор.

Балаларға кезең-кезеңмен жүргізілген жұмыстар өз нәтижесін берері сөзсіз. Қорыта келе, балалардың шығармашылығын, ізденушілігін дамытып, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін, білімге ынтасын арттыру әрбір ұстаздың басты парызы.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.                 Верещагина И.Н., Рогова Г.В. Методика обучения английскому языку на начальном этапе в общеобразовательных учрежденях. – М., 2000.

2.                 English. Play and Learn. – 2006. – №7.

3.                 Пассов Е.И. Технология коммуникативного обучения иноязычной   культуре. – М., 1999.

4.                 Царковь В.Б. Речевые упражнения по английскому языку. М.: Просвешение, 1980. 

5.                 Мильруд Р.П. Некоторые пути обучения самостоятельному иноязычному высказыванию // Инностранные языки в школе.  – 1985. – №2. – С.29-34.