Ж.И. Мукашева
(мұғалім-логопед)
А.Б. Нығманова (тәрбиеші)
«Жұлдыз» балабақшасы, Қарағанды
қ., Казахстан
Мақалада ертегілердің
материалын пайдалана отырып, сөйлеу
кемшіліктерді түзету әдісі
арқылы баланың бойына рухани-адамгершілікті дамыту мәселелері қарастырылады. Авторлар ертегімен жұмыс
кезінде балалар өз сөздік қорын молайтады, ертегі
мәтіндері диалогтарды дұрыс құруға
көмектеседі, монолог және диалог түрінде сөйлеуді
дамытуға әсер етеді, сөйлеудің
просодиялық жақтары: дауыстың тембрі, оның күші,
жылдамдығы, дауыс ырғағы, мәнерлігі дамиды деген
қорытынды жасайды.
СӨЙЛЕУ КЕМШІЛІКТЕРДІ ТҮЗЕТУ ӘДІСІ АРҚЫЛЫ БАЛАНЫҢ БОЙЫНА
РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІКТІ ДАМЫТУ
Ертегі балалар
дүние танымы жүйесіне сәйкестігі жалпыға мәлім.
Ертегіні барлығы жақсы көреді, бірақ үлкендер
өмірінен гөрі, баланың өмірінде әлдеқайда
маңызды. Бала үшін ертегі- жай ғана ойдан шығарылған
қиял немесе фантазия емес, ол сезімдер әлемнің ерекше
шындығы. Ертегі күнделікті өмірдің аясын
кеңейтеді. Бала ертегі арқылы өмір және өлім,
сүйіспеншілік және жек көрушілік, ыза мен мейірімдік,
сатқындық пен айла сияқты күрделі
құбылыстар және сезімдермен нақты танысады.
Мектепке дейінгі
жастағы бала сыртқы әлеммен өзара әрекет ету
процесінде дүниені және сонымен бірге өзін таниды.
Бала тек өзі
туралы ғана емес, солай айналадағы
әлем туралы белгілі білімге өзін-өзі тану арқылы
жетеді.Осыдан басқа балада сөйлеу функциясы дамиды – бұл адамның
психикалық функциясының маңыздысының бірі.
Ертегіні қолдану
әдістердің бірі болып табылады. Бала жасына байланысты әлі ақылмен жете алмағанына,
сезімталдықпен, бірге бастан өткізе отырып, сезімдер арқылы
оны танып біледі. Ал сезімдер жады өте күшті саналады және
адамда өмір бойы сақталады. Ертегі стресс жүктерін женуге
балаға көмектеседі. Ал ертегі жағдайларды, оның
ішінде шиеленіскен жағдайларды
ойлау, өмірде шешілмей жататын кейбір даулы мәселелерді шешуге
ықпал етеді. Мектепке дейінгі жастағы балалардың
мүмкіндіктерін жүзеге
асыруда оқуды ойын түрінде
жүргізу, ертегілерді оқу, оларды ойдан шығару,
ойыншықтарды дайындау және олардың көмегімен ертегі
көріністерді ойнау,
сондай-ақ, халықтық ертегілердің сюжеттері негізінде
театрландырылған ойын-сауықты көрсету арқылы барынша
толық нәтижеге жетуге болады. Ертегімен жұмыс кезінде балалар
өз сөздіктерін толықтырады, қойылған дыбыстарды
автоматтандыру жұмысы жүреді және олар жеке сөзге
енгізіледі. Ертегі мәтіндері диалогтарды дұрыс құруға
көмектеседі, байланысты монологиялық сөйлеуді дамытуға
әсер етеді. Сөйлеудің просодиялық жақтары:
дауыстың тембрі, оның күші, жылдамдығы, дауыс
ырғағы, мәнерлігі дамиды.
Негізгі
мақсат: балалардың
сөйлеуін және онымен байланысты психикалық процестерді
жан-жақты және жүйелі дамыту.
Мақсаттар:
Білім берушілік:
-
сөйлеуді дамыту( дыбыстық және
мәндік жақтарға жататын барлық компоненттер );
-
фонематикалық қабылдауды дамыту;
-
дыбыстарды автоматтандыру;
-
сөздің буындық құрамын
нақтылау;
-
сөйлемнің құрамын нақтылау;
-
байланысты сөз сөйлеуді жетілдіру;
Тәрбиелік:
-
рухани-адамгершілікке, табиғатқа
сүйіспеншілікпен қарауды, адамшылықты, мейрімділікті,
сыпайылықты, жауапкершілікті, отан сүйгіштікті тәрбиелеу;
Дамытушылық:
-
танып білу процесстерін дамыту;
-
сөйлеудің ырғақты-жылдамдық
жағын дамыту;
Тақырыптың
өзектілігі, сөйлеудің
барлық жағын дамыту үшін
тілдік кемшіліктері бар балалармен жұмыста ертегінің тиімді
дамыту және түзету құралы болып табылатындығы.
Мектеп жасына
дейінгі тілдік кемшіліктері бар балалармен логопедиялық
жұмысының маңызды мәселелері санына, оларда,
сөйлеудің барлық құрамын қалыптастыру
жатады ( дыбыстық айту, фонематикалық қабылдау, байланысты сөз). Түзету жұмысына әсер
ететін ең әмбебап
және кешенді әдісі ретінде ертегі болып табылады. Өйткені
ертегі – тілдің бейнелілігі, оның ауыспалдығы,
психологиялық қорғалуы. Ғалымдар Б.Беттельхейм,
Р.Гарднер, К.Юнг, В.Пропп және басқалары ертегінің
балаға әсері туралы
айтқан.
Музыкалық-
логопедиялық ертегілерді дайындау және көрсету үлкен
нәтижеге мүмкіндік береді. Балалар – логопаттар сөздің
дамуында, фонематикалық есту қабілетінде
және зейін салуында, негізгі қимылдарды дамытуда,
қолдардың ұсақ бұлшық қимылында
жоғары деңгейді көрсетеді. Балаларда сөйлеу
белсенділігі жоғарылайды, эмоционалдық мәнерлігі, мұқамы жаттығады,
сөйлеудің және қимылдардың үйлесімділігі
жетіледі, байланысты монологты сөз дамиды. Балалар ойын кеіпкерлердің қарапайым
әрекеттерін мәнерлеп көрсетеді, музыка ырғағында
қимылдарын орындайды.
Халық
даналығында: «Бала – әлемнің ашық кітабы, оны
үлкендер оқып үйренулері қажет. Балалар
шығармашылығы – ұлы кітаптың маңызды
бөлігі» дейді емес пе?
Бала үшін
ертегі – ол ашық түстерге, ғажаптарға және
оқиғаларға толы кішкене өмір. Ертегіні тыңдап,
ойдан шығарып немесе оны ойнап балалар бейнелер және
әсерленушілік әлемі арқылы нақты өмірді игереді.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.
Коррекционно-педагогическая работа в дошкольных
учреждениях для детей с нарушением речи (под редакцией Ю.Ф. Гаркуши). –
М.,2007.
2.
Филичева Т.В., Чиркина Г.В. Подготовка к школе детей с
ОНР в условиях специального детского сада. – М.,1991.
3.
Кудрова Т.И. Моделирование в обучении грамоте
дошкольников с недоразвитием речи / Логопед в детском саду. – 2007. – №4.
4.
Жарықбаев
Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. –
Алматы.1995.
5.
«Рухани уыз»
журналы.