Қ. Бекішева
Қызылорда
көпсалалы гуманитарлық –техникалық колледжі,
Қазақстан
Үйірме
шығармашылыққа жетелейді
Бүгінгі
білім алушы – ертеңгі маман.
Осыған орай, болашақ мамандардың бәсекеге
қабілетті, интелектуалды, ұшқыр ойлы, шығармашыл,
туған халқының қастерлі қасиеттерін
сіңіріп, ақыл-ой мәдениетінің қалыптасуына,
ізденісін арттырып, шеберлігін шыңдауда үйірменің
атқарар жұмысы мол. Қызылорда көпсалалы
гуманитарлық-техникалық колледжінде әдебиет пәніне
қатысты «Асыл мұра» үйірмесінің
құрылғанына бірнеше жыл болды.Үйірме
мүшелерінің құрамы жыл сайын толығып
отырады. Үйірмеде
атқарылатын түрлі іс-шаралар оқушылардың бос
уақыттарын тиімді пайдалануға, өз қабілетін
танып-білуге, қосымша жұмыс жасауға үйретіп,
дүниетанымын кеңейтеді.
Әдебиет
- өнер, сөз өнер пәні. Оқушыларды сөз
өнеріне тарту, көркем шығармаларға деген
қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын,
сезімін дамыту сияқты міндеттерді орындауды мақсат етеді. Бұл
жұмыстардың қандай түрі болмасын, оның негізгі
мақсаты – оқушылардың
түсінігін арттыру, халықтың салтын, мәдениетін,
өнерін бойына сіңіре отырып, рухани ұлтжандылық
тәрбие беру. Сөйтіп,
бұл - әдебиеттен оқушылардың алған білімдерін
одан әрі тиянақты ету, дамыту,
жинақтау, оларды өмір тәжірибелерінде дұрыс
пайдаланып, сөз мағынасын терең ұғындыру
сияқты көптеген жұмыстарды
қамтиды.Оқушылардың бос уақыттарын пайдалы, тиімді
өткізуде, инабаттылық, имандылық, адамгершілік сияқты
биік қасиеттерге баулуда, ұлттық өнерді, халық
өнерін қастерлеу, қорғауда да үйірменің жас
ұрпаққа берері көп.
Жақында
колледжде «Жалпы гуманитарлық пәндер» бірлестігінің
ұйымдастыруымен «Терең білім- тәуелсіздік тірегі» атты
апталық болып өтті. Бұл іс-шараға да үйірме
мүшелері белсенділікпен қатысып, өздерінің
тапқырлықтарын, білімдерін, түрлі өнерлерін,
шығармашылық қабілеттерін байқатқан «Асыл мұра –халық
қазынасы» атты әдеби-танымдық кеш өткізді. Үйірме
мүшелері 2 топқа
бөлініп, бірнеше турдан тұратын сайыста өнерлерін көрсетті.
«Болашақ» тобының жетекшісі Нуртуған Гүлжанат «Таныстыру» бөлімінде топ мүшелерінің
жеке дара қабілеттерін жан-жақты етіп таныстыра білді.
«Сахналық қойылым» көрсетуде 2-топ мүшелері
халқымыздың ертеден келе жатқан
салт-дәстүрінің бірі
«Бастаңғыны»
қойып, көрермен ықыласына бөленді.«Өнер
алды-қызыл тіл» атты сайыс бөлімі де тартысты өтті, топ
мүшелері мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш
айтудан тең түсті.Әр топтың жас талап ақындары
өлеңдерін оқып,қазылар
алқасынан әділ бағаларын алды.
Қазақ халқының мақтаныш етер асыл
мұра, рухани жәдігерліктерінің ішінде ғасырлар
сүзгісінен өтіп, бүгінге жеткен көл-көсір
ән қазынасы ерекше орын алады. Қазақ әні –
қазақ жанының ғасырлар көшінде шаң
баспаған сырлы айнасы, халық рухының ықылымнан тіл
қатқан тірі куәгері, сондықтан сайыстың бұл
бөліміне де оқушылар жауапкершілікпен дайындалғаны
көрініп тұрды. «Мұрагер» тобынан Бекқадыр халық әнін домбырамен желпіндіріп
орындаса, « Болашақ» тобы халық әнін хормен айтып, көрермендердің
құлақ құрышын қандыра орындады.
Осы сияқты сабақтан тыс іс-шаралар
оқушылардың бос уақытын дұрыс ұйымдастырып, белгілі мақсатқа бағыттай
отырып, олардың өзі қалаған істерге
қызығуын арттырып,
қабілетінің жан-жақты дамуына әсер етеді.Сабақтан тыс бос уақыт
оқушылардың өмірінде едәуір орын алатыны белгілі. Оқушылардың сабақтан
тыс уақыттағы іс-әрекетін нақтылы жүйемен
ұйымдастырудың қажеттілігі де осында. Оқушының жан-дүниесіне
көбірек үңіліп, оны жете білуге және сол арқылы
тәрбиелік ықпал ету мүмкіндігін артыруда сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстардың ролі
зор. Сондықтан бұл
жұмыстардың тиімділігін арттыру үшін, тәрбиені оқушылар игілікті іс жасайтындай,
өз белсенділігін танытуға
мүмкіндігі болатындай, нағыз белсенді азамат болып өсетіндей етіп ұйымдастыру қажет. Бұл
үшін оқу орындарында пәндік үйірмелерінің
жұмысын жүйелі түрде жүргізудің мәні зор. Оқыту барысында
оқушылардың сабақта алған білімін дамытып, оны ары
қарай жетілдіруде оқушылардың белсенділігін арттыруда,
өзіндік көзқарасының қалыптасуында, білімін
жетілдіруде сабақтан тыс жұмыстар бірден – бір маңызды
тәрбие құралы екендігін көреміз. Бұл
жұмыстарды дұрыс ұйымдастырған жағдайда оқушылар
бойында ұйымдастырушылық, белсенділік дамиды. Бағалы
моральдық қасиеттер қалыптасады. Белсенді өмір
сүру негізі салынады, оқушылардың шығармашылық
ойын дамытып, өзіндік іздену жұмыстарына баулиды. Осыған орай
оқушы бағдарламада белгіленген білімді игеріп қана
қоймай, жан – жақты ізденіп, ой - өрісін дамытады. Оны жүзеге асыру жолында оқытушы
ең озық әдістерді таңдап алып, оны іс жүзінде
пайдалана білуі қажет. Бұл шаралардың бәрі
ұстаздан көп ізденісті күтеді.
Демек, өсер ұрпақтың
рухани жан-дүниесі халқымыздың асыл мұрасы мен
әдебиетінен сусындап, бойына
сіңіріп, оның ой -санасының толуы үшін сабақта
және сабақтан тыс уақытта жүргізілетін сан-алуан
жұмыс түрлерінің маңызы ерекше. Елдің елдігін, ұлттық намысын,
халықтың қастерлісін, абзал ардақтысын, жүрегіндегі нәрін оқушылардың
бойына сіңіріп, тәрбиелеуде үйірмеге байланысты жүйелі түрде
өткізілетін ұтымды жұмыстар ерекше мәнге ие болары
сөзсіз.
«Асыл мұра – халық
қазынасы» тақырыбындағы әдеби-танымдық
кештен
көріністер
Әдебиеттер:
1.
А.Қ.Қызылғұл. Үйірме жұмыстарының
қызметін ұйымдастыру.
Алматы қаласы.
Қосымша білім және тәрбие. 2011
ж.
2.
Сыныптан тыс
оқыту. Ташимова Д. НұрғалиӘ.Ә. Астана 2006
3. Жұмажанова Т. Сыныптан тыс оқу барысында тіл дамыту. Алматы, 1992.