Есболова
Гүлнұр Күлтайқызы
«Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық
институты,Қазахстан
Дарынды
балалардың бейімділігін анықтау диагностикасы
Қай
заманда болмасын адам баласының алдында тұрған ұлы
міндеттердің
бірі - саналы
ұрпақ тәрбиелеу. Еліміз
егемендікке қол жеткізген соң жас ұрпаққа
ұлттық тәрбие беру міндеті уақыт талабымен бірге келген
игі мақсат екендігі даусыз. Елбасы Н.Ә.Назарбаев
қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа
көшу кезіндегі мақсаты саяси-экономикалық және рухани
дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ХХІ ғасыр талаптарына
икемделген, жан-жақты мәдениеті тұлғаны тәрбиелеп
қалыптастыру деген болатын.
Адамның
жеке дара қасиеттерінің бірі - қабілет. Бұл
іс-әрекеттің жекелеген түрін ойдағыдай әрі
нәтижелі етіп орындаудан көрінетін дара қасиет.
Дарындылық - адамның ой-өрісінің деңгейі мен
өзіндік іс-әрекеттің ерекше өрістеуіне себепкер болатын
адамның жан-жақты дамуының қайнар көзі, арнаулы
қабілеттердің шарықтап дамуының нәтижесі.
Үйде де, сыртта да дарында баламен жұмыс жүргізетін
мұғалімдер немесе ата-аналар жан-жақты білімді, әсіресе
, бала жанын терең түсінетін сезімтал психолог болуға тиісті.
Қазіргі таңда елімізде педагогика ғылымында
бастауыш сынаптағы дарынды балалармен жұмыс жасау
мәселелерінің дамуы негізгі міндеттердің бірі болып отыр.
Дарынды
балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты
міндет – балалардың қабілеттері мен таланттарын жан – жақты
аша түсу үшін дарындылықтың ерекшеліктерін (түрі,
деңгейі және т.б.) анықтау мен айқындау болып табылады.
Дарынды
балаларды анықтау – баланың дамуын талдаумен байланысты
ұзақ процесс. Дарындылықты қандай да бір әдіспен
анықтау мүмкін емес (мысалы, сынақтан өткізу). Дарынды
балаланы тәрбие беру мен оқыту барысында біртіндеп, сатылап
анықтау қажет.
Балалар
бойындағы дарындылықты анықтау – ұлттық маңызды
мүдделердің бірі. Дәл қазіргі уақытта баланы
дарынды және дарыны жоқ бала деп бөле отырып, біз
баланың келешек өміріне жасанды түрде қол
сұғып отырмыз. Өйткені, баланың бойындағы
қайталанбас ерекшелігі өсе келе баланың шын мәнінде
талантты болатынына кепілдік бола алмайды.
Жоғарыда
айтылғандарды есепке ала отырып, дарынды балаларды анықтаудың
мынадай ұстанымдары тұжырымдалады:
1)
түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып,
бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға
мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен
іс-әрекетін жан-жақты бағалаудың кешендік сипаты;
2)
баланы танып –
білу мен зерттеудің ұзақтығы (баланың түрлі
жағдайдағы іс-әрекетін кең уақыт көлемінде
бақылау);
3)
баланың қызығушылығы мен
бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың
іс-әрекетіне талдау жүргізу (арнайы ұйымдастырылған
пәндік-ойындық сабақтарға қатыстыру,
сәйкесінше түрлі іс-шараларға қатыстыру);
4)
дамытушылық ықпал ете отырып, баланың
психологиялық «кедергілерін» жоюға мүмкіндік беретін
тренингтік әдістерді пайдалану;
5)
баланың бойындағы қандай да бір дарынды
бағалауда жоғары санатты тәжірбиелі мамандарды
тарту(математиктер, филологтар, шахматистер, инженерлер және т.б.);
6)
баланың дарындылық белгісін оның
психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емес,
сондай-ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де
есепке ала отырып бағалау;
7)
жұмыс нәтижесін талдау, бақылау,
әңгімелесу, мұғалімдер мен ата-аналардың
сараптамалық бағалары, баланың эксперимент
жағдайындағы нақты іс-әрекетін юағалаумен
байланысты психодиагностиканың эксперименттік маңызды әдістеріне
сүйену.(Психодиагностика әдістері айтарлықтайкүрделі
екенін және де жоғары біліктілік пен арнайы білімді қажет
ететіндігін атап кету керек.)
Дарындылықты
анықтау сауалнамалары баланың қабілеттеріне жасалған
ұзақ уақыт бойғы бақылаулардың
нәтижесін растай түсу үшін, сондай-ақ күшті
және әлсіз психологиялық сапаларын дәлірек
анықтау мен қажетті психо-педагогикалық көмекті
ұйымдастыру үшін қажет.
Дарынды
балаларды анықтауда кешенді қадам жасау ұтымдырақ
болатыны сөзсіз. Бұл тұста кең ауқымды
түрлі әдістер қолданылады:
- балаларды
бақылаудың түрлі баламалары (шынайы және
зертханалық жағдайда, мектептен тыс іс-әрекет барысында);
- баланың
отбасылық жағдайы, оның ерте балалық шағынан
бергі жетілуі туралы ақпараттарды жинаудағы түрлі
әдістер (ата-аналармен әңгіме, сауалнама алу, балалар
шығармалары, күнделік жазбалары және т.б.);
- арнайы
психодиагностикалық тренингтер;
- баланың
іс-әрекетін мұғалімдер, ата-аналар, тәрбиелеушілер
тарапынан экспертті бағалау;
- арнайы
бағдарламалар бойынша «байқау» сабақтарын өткізу, баларды
арнайы ойын және пәндік-бейімделген сабақтарға
қатыстыру;
- ұжымдық
шығармашылық іс-шараларды жүргізуде балаларды басты
рөлдерге қатыстыру;
- балалардың
шығармашылық жұмысының нақты нәтижелерін
(суреттер, өлеңдер, техникалық модельдер жіне т.б.) мамандар
тарапынан сараптау;
- түрлі
танымдық әрі пәндік олимпиадалар, конференциялар, спорт
жарыстарын, шығармашылық байқаулар, фестивальдар және
т.б. ұйымдастыру;
- белгі дарын
түрін талдау міндеттеріне байланысты түрлі әдістерді
пайдалана отырып, психодиагностикалық зерттеулер жүргізу.
Оқушының
дамуы мен тәрбиелілік деңгейін диагностикалаудың барлық
түрлері сияқты бала дарынын анықтауда бала оқитын
сыныпқа сабақ беретін мұғалімдердің,
сондай-ақ мектеп кітапханашысы мен дәрігерінің пікірлерін
ескеріп, мүмкіндігінше педагогикалық кеңестер жүргізген
дұрыс.
Осы
саладағы барлық әдебиеттердің теориялық талдауы
көрсетіп отырғандай, баланың бойындағы дарынына
диагностика жүргізудің психологиялық – педагогикалық
негіздерін жетілдіру жалпы дарындылық атты құбылысты
зерттеумен тығыз байланысты. Бүгінгі таңда дарындылық
табиғатының бірнеше концепциялары анықталған. Дегенмен
ғалымдар арасында көп салалы модель жиі қолданысқа ие
болып отыр. Сондықтан диагностикалық әдістер де кешенді
сипатқа ие.
Дарында
балалар диагностикасын ұйымдастырудың маңызды
шарттарының бірі – теориялық, ұйымдастырушылық
және әдістемелік деңгейлерден тұратын диагностика
моделін өңдеп шығару болып табылады.
Демек,
дарынды балаларды анықтау – арнайы бағдарлама мен білікті
мамандардың қатысуын қажет ететін өте күрделі
мәселе және дарынды балалармен жұмыс істеудегі қажетті
кезең болып табылады.
Дарынды
балалар мен жасөспірімдерді анықтау мәселесі – білім беру
ұйымдарындағы балалардың танымдық және
тұлғалық дамуы үшін жағдайлар жасау
мәселесі деп қарастырылуы қажет. Ол өз кезегінде
дарындылық белгілері бар балаларды анықтап, олардың жетілуі
мен әрі қарай дамуына қолайлы жағдайлар жасауға
мүмкіндік береді.
Оқушылар
тәрбиелілігі белгілері мен көрсеткіштерін анықтау
мәселесі педагогикалық әдебиеттерде жеткілікті қарастырылмаған.
Оқушылардың тәрбиелілік диагностикасын талдау
нәтижесінде кей ғалымдар шындыққа субъективті жанасуды
негізге алса, екіншілері ішкі және сыртқы байланыстар мен
тұтастық айтады, ал үшіншілері түрлі қызмет
аясында бірқалыпты тұлға сапасының қалыптасуын,
тұлға бағыттары деп түсіндіреді.
Ю.Д.
Бабаев жүргізілетін тренинг жаттығулардың тиімділігін
бағалаудың негізгі көрсеткіштеріне бала
қабілеттерінің, мектептегі үлгерімнің, танымдық
және шығармашылық белсенділігінің, сауалнама
нәтижелерінің сондай - ақ
баланың мектептегі іс- әрекетін бақылау нәтижесінде
алынған көрсеткіштерінің, отбасындағы әлеуметтік
қарым – қатынастар және т.б. өзгерістерді
жатқызады.
Үлкен
мектеп жасында - өмірлік көзқарастың қалыптасуы,
өмірдің мәні мен келешек мамандықты таңдау шағында
құндылықтар жүйесі (отбасы, Отан, бейбіт өмір,
ұлтаралық қатынас мәдениеті және т.б.)
жинақтала бастайды, олардың ішінен қайталанбас, ерекше
қабілеттермен байланысты қызмет түрі маңызды
орынға ие.
Бұл
жастағы балалар өзінің дарындалығын жеке өмірінің
қалыптасуында маңызды екенін ғана емес, сондай – ақ
еліміздің әлеуметтік – экономикалық хал – ахуалының
дамуында да маңызды рөл атқаратындығын түсінеді.
Қандай
да бір білім беру мен қызмет саласында анық байқалатын
қабілеті бар оқушы өзін - өзі жүзеге асыруға
деген қажеттілікті сезіне біледі. Оларға бәсекелестік пен
көшбасшылық сияқты қасиеттер тән, сондықтан
да олар түрлі байқаулар, олимпиадалар, конференцияларға
қатысып, жүлделі орындарға ие болып, марапатталады.
Мұндай
оқушылар түрлі деңгейлік жарыстардан өте келе
республикалық және халықаралық білім сайыстарына
қатысуға іріктеледі және жоғары білім алу үшін
республикалық, алыс – жақын шетелдік атақты оқу
орындарына сөзсіз оқуға түседі.
Осы жетістіктерге бұл топтағы
дарынды балалар өздерінің жоғары ой - өрісі
мүмкіндіктерінің арқасында ғана қол жеткізеді. Ой
- өріс мүмкіндіктеріне: ойлау абстрактілігі, жоғары
зейінділік пен тамаша есте сақтау қабілеті жатады. Бұл
топтағы балалар кез келген мәселелерді шешуде ерекшелікке
ұмтылады, қарама – қайшылықтар мен туындайтын
мәселелерде көрегендік танытады.
Осындай
ойлау және есте сақтау деңгейінің арқасында
мұндай оқушылар «жаттандылыққа» салынбай – ақ,
өте жақсы оқиды, оқу материалын оңай игереді.
Сонымен қатар белгілі түсініктер мен тұжырымдар
аясындағы білімдерін құрылымдап, пәнаралық
байланыстарды орната алады.
Аса
дарынды балалар үшін мектептің оқу
бағдарламасының көлемі тарлық етеді. Олар
мұғалімдер мен ата – аналардың көмегі арқылы,
сондай – ақ өзө бастамалары бойынша білімдерін жетілдіріп,
жаңа ғылыми нәтижелерге қол жеткізе отырып,
ғылыми – зерттеу жұмыстарымен айналысады.
Аса
дарынды балалар бозбалалық жаста
толыққанды тұлға болып көрінеді. Олар өз
бетімен жұмыс істеу, еңбексүйгіштік, төзімділік,
жұмыс орындаудағы ұқыптылықпен ерекшеленіп,
мұғалім мен ата – ана тарапынан бақылауды қажетсінбейді
де, олардың бойында біртіндеп өзін - өзі бақылау мен
бағалау дағдысы қалыптасады. Оларға түрлі
қызмет аясындағы өзін жүзеге асыру мен
тұғырландыра түсу тән.
Қорыта
келгенде, дарындылықты және ерекше қабілеттілікті
балалық шақтан таңдап, ата-аналармен мұғалімдер
бірлесе жасайтын педагогикалық-психологиялық мазмұндағы
көптеген жұмыс түрлерін ұйымдастыруымыз қажет.
Сонда ғана дарынды
ұрпақтың меңгерген білімі мен іскерлік дәрежесі
қоғамның дамуына үлесін қосады.
Пайдаланылған
әдебиеттер
1. Белов
Е.С.,Одаренность малыша: раскрыть, понять,поддержать. – М., 1998 г.
2. Божович Л.И.,
Личность и ее формирование в детском возрасте.- М., 1994 г.
3.Асылбекова А. Бала
тәрбиелеудегі семьяның ролі.Алматы-Мектеп-66
4. Асылбекова А. Семьяда оқушылар ынтасын
тәрбиелеу.Алматы, 1998,5-12б