Аға оқытушы Сабитов Р.С.

 

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

П.ғ.к. Манабаева А.Ш.

 

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

Бейнелеу өнері сабағы арқылы орта мектеп оқушыларына

эстетикалық тәрбие беру

 

В статье раскрываются особенности эстетического воспитания учащихся средней общеоюразовательной школы в духе национальной традиционной культуры, способствующее развитию умения чувствовать и видеть красоту в окружающем мире, воспитанию художественного вкуса и потребности в прекрасном.

 

 

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылдың 17 қаңтарында «Қазақстан – 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің дамыған 30 мемлекеттің қатарына ену жолындағы ұзақ мерзімді басымдықтарын кезең - кезеңімен жүзеге асыру жолдарын, тетіктерін белгілеп берді [1].

Елбасы өз Жолдауында білім, ғылым, экономика, технология, бизнес, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған түйінді мақсаттарды айқындап,  «Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйымдастырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік ел» идеясы деп ерекше атап көрсетті өркениетті даму жолындағы жаңа бағыттарын айқындады.

Осыған байланысты, жалпы білім беретін орта  мектептің жұмысын одан әрі жақсарту ісінде эстетикалық тәрбие ұлттық салт дәстүрге сай лайықтап қайта құру және осы негізінде идеялық мұрат-мақсаты айқын, жан-жақты дамыған, терең білімді, жоғары мәдениетті Мәгілік ел идеясына сай тәрбиелеп шығару талабы қойылып отыр. Оқушыларға эстетикалық тәрбие бергенде айналадағы, тұмыстағы, табиғаттағы және көркем шығармалармен көркемөнердегі әдемілікті дұрыс көруге, қабылдауға, түсінуге үйретудің маңызы зор. Әсіресе өмірдегі кездесетін шын әдемілікті айыра білуге тәрбиелеу қажет. Әдемілікті тек түсініп, қабылдап қана қоймай, сонымен қатар өздеріде сол әдемілікті ұластыруға, эстетикалық талғамдарын дамытуға тиісті екендігіне оқушылардың көзін жеткізу - әрбір мектеп мұғалімінің міндеті.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  «Қазақстан 2050» Стратегиясын жүзеге асыруда еліміздің әр азаматына айрықша жаупкершілік жүктеді. Қазақстандық табыстың көзі – білім мен еңбектің ұштасуында жатыр. Сондықтан Елбасы Жолдауында міндетті түрде жастардың білімін тереңдетуде жан-жақты жұмыс істеуге баса назар аударды. Отанымыздың келешегі жастардың қолында екенін атап өтіп, оларға үлкен сенім мен үміт артты. Жолдауды жүзеге асыруда жастарды эстетикалық тәрбиелеудің орны ерекше.

Бүгінгі күні ұлттық салт сананы, дәстүрді, қолданбалы қолөнерді дамытып қайта жаңғыртып жатырмыз, осы өнердің қыр-сырын жастарға үйретіп эстетикалық мәнін түсіндіру мектеп мұғалімдеріне жүктелген іс.

Эстетика – грек сөзі. Грекше «эстетика» деген сөз сезімталдық және қоғамдық идеологияның, айырықша бір көркемөнердің заңдарын және категорияларын зерттейтін ғылым деген ұғым береді. Эстетика - өмірді сезім арқылы білудің, танудың негізгі жолы. Эстетика көп уақыт философияның бір тарауы болып саналып, көркемдік пен әдеміліктің заңдарын зерттейтін ғылым болатын. Өткен қоғамдардың саяси формациялардың қайсысында болса да балаларға эстетикалық тәрбие беру сол қоғамның мүддесіне сай құрылып, түрлі философиялық жүйе тұрғысынан әдеміліктің жіне көркемдіктің заңдарын зерттейтін жалпы эстетикалық ұғыммен байланысты болып келген. Ал әрбір философиялық жүйе тарихтың даму заңдарын, өмірді, адамгершілікті, тұрмысты, әдет- ғұрыпты, өнер байлықтарын өзгеше түсінеді, өзгеше таниды. Өйткені әр дәуірдегі «көркем», «тамаша», «әдемі» деген ұғымдардың мәні әртүрлі.

Адамның дүниені эстетикалық тұрғыдан тануы оның эстетикалық мұратымен берік байланысты. Эстетикалық мұрат дегеніміз - әсемдік туралы, өмір сұлулығы туралы мұрат, ол абстрактылы емес, өмірде кездесетін әсемдіктің өзінен туған мұрат. Ол біздің айналадағы, өмірдегі, тұрмыстағы, өнердегі әдемілікті түйсіндеуімізден, қабылдай білімуізден барып қалыптасқан әсемдік мұрат.

Егер адамда сезім мүшелері, түйсіну қабілеті болмаса, дүниені сол қалпында қабылдауда болмас еді. Адам материалдық дүниені сезу, білу, сәулелендіру, түйсіну арқылы қабылдайды. Түйсік – біздің санамыздағы заттардың жеке қасиеттерінің сәулесі. Бұл сәуле рецепторларымызға заттың құбылыстың тура, тікелей әсер етуінен пайда болады. Солай болғандықтан тәрбиенің мақсаты – оқушыларға шындықты  анық, дұрыс көрсету.

Дүние танудың алғашқы сатысы – осы түйсік. Шынында нақты пайымдау, объективтік реалдық туралы мәлімет адамға ең алдымен осы түйсік арқылы жетіп отырады. Түйсік дегеніміз- қозғаушы материаның образы, түйсік арқылы болмаса, біз басқа жолмен заттың ешқандай формалары туралы да, қозғалыстың ешқандай формалары туралы да еш нәрсе біле алмаймыз; түйсік қозғаушы материяның біздің сезім мүшелерімізге әсер етуінен туады.

Түйсік заттың жай ғана түрін, түсін, формасын береді, ал қабылдау – оған қарағанда күрделі  психологиялық үрдіс, ол – заттың мазмұнын, қасиетін тереңірек түсіндіреді. Сондықтан оқу - тәрбие үрдісінде берілетін эстетикалық тәрбие, баланың ой - өрісін дамыту жұмыстары сәулелену теориясына негізделіп, соған сүйене отырып жүргізіледі. Мектепте берілетін эстетикалық тәрбие өмірмен өнермен таныстырудың жолдары нақтылы да көрнекі бола отырып, оқушылардың сана - сезіміне  эмоциялық әсері күшті болуы керек [2].

Кейбір мұғалімдер өнер туралы айтқанда, балаға таныс емес күрделі бейнелеу өнерінің түрлерінен бастайды. Бұл секілді баланың психологиялық қабілетімен – қабылдау әрекетімен санаспауы баланың бойында бар қабілетінің топтаспауына апарып соқтырады. Сондықтан да кейбір сыныптарға барғанда мұғалім баларға әуелі оларға таныс ұғымды әрбір суреттің мазмұны туралы қысқаша түсінік бере отырып, сурет өнерінің түрлерімен сатылап таныстырған жөн.

Мұғалім сабақ үрдісінде дидактикалық принциптерді берік сақтайды. Жеңілден ауырға біртіндеп көшіп отырады. Бастауыш сыныптармен жоғарғы сыныптардағы сабақтардың мазмұныда, әдістемесінде салғызатын суреттың сипатыда өзгеше болып келеді. Сабақ беру тәсілдері сол сыныптың өзіне арналған бағдарламаны орындау, оқушыларға сурет салу  жөніндегі белгілі бір дәрежедегі, бегілі бір шамадағы дағдыларды меңгерту талабына бағындырылады. Мұғалім сабақ үстінде әр баланың салған суретіне, оның салу техникасына, сурет құрылымына, бояуының үйлесіміне назар аударып, басшылық беріп отырады. Бұл оқушылардың негізінен эстетикалық жақтан дұрыс дамуына мүмкікндік беретін, жөн сілтейтін басшылық болып табылады. Ұстаздың ондай жетекшілік көмегі балаларға әр қашан қажет.

Оқушыларды сурет салуға үйрету үшін оларды ең алдымен нақтылы затты, нәрсені дұрыстап көре білуге, соны ұға білуге үйрету керек. Сондықтан мұғалім өзінің  жұмысн алдымен бейнелеу өнеріне саут ашудан бастайды сурет салдырады, балшықтан түрлі үлгілер жасатады, ермесазбен жұмыс істеуге дағдыландырады. Бұл жұмыстар үстінде балардың эстетикалық сезімі, ақыл- ойы, шығармашылық қиялы дамиды, әр түрлі материалдардың (бояудың, балшықтың, ермексаздың т. б.) сапасымен, қасиетімен танысады.

Объективтік шындықты, оның сұлулығын, әдемілігін, сәндігін қабылдаудан туатын көңіл – күйді эстетикалық сезім деп атаймыз. Ал эстнтикалық сезім дегнеіміз – кең ұғым. Мұның мазмұнына жақсы нәрсе атаулының барлық түрлері мен оның көріністерін адамның дұрыс қабылдап, орынды бағалай білу сияқты қасиеттері жатады. Сондықтан мектеп мұғалімдері өз алдарына оқушылар мен жас өспірімдердің бойында осындай ұлттық рухтағы сезімдерді тәрбиелеу мақсатын олардың өмір мен өнердегі ұсқынсыздық пен парықсыздыққа қарсы күресуге қабілеттілігін арттыра отырып, келешекте жан – жақты дамып, қалыптасуына жағдай жасайды.

Сынып жоғарылаған сайын бала рухани жағынан өсіп, сурет өнерінің, мүсін өнерінің көркем үлгілеріне назар аударатын, оны тани білетін дәрежеге көтеріледі. Оқушы мұдай дәрежеге көтерілгенде мұғалімнің алдына қойған мақсаты орындалды деп есептелінеді. Мақсат – оқушыларға ғылымның әр саласынан  белгілі көлемде мағлұмат беріп, оны әр нәрседен хабары бар, жан-жақты мәдениетті Егемен Қазақстанның азаматы етіп шығару.

Орта мектепте сонымен қатар көркемөнер жайында кештер ұйымдастыру, әлемдік суретшілермен Қазақстан суретшілерінің еңбектерінен, мектеп оқушыларының еңбектерінен мектепте көрме ұйымдастыру, көрме залдарына  саяхат жасау, өнер қайраткерлерімен тікелей кездестіру кештерін өткізу оқушыларға эстетикалық берудің тиімді тұстарының бірі болып табылады[3].

Сондықтан, мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбие беруде әрбір мұғалімнің сабақ оқыту және сыныптан тыс үрдістерде жоспар бойынша жұмыстарында жаңа формалар, әдістерді пайдалана жүгізіп отыруды қажет етеді. Мұғалім оқушыларды дүние жүзі бейнелеу өнерінің алтын қорынан орын алатын италиян, грек, орыс және т.б. суретшілердің еңбектерімен қоса қазақ халқының алдыңғы қатарындағы және қазіргі бейнелеу өнер шеберлерінің шығармашылық жұмыстарымен таныстырып отыру міндет етіледі. Еліміздің келешегін сенімді жастардың қолына тапсырып, орта мектепте эстетикалық тәрбиелеу қызметін біліммен ұштастыру болашақ өз ісіне құзыретті азамат болып қалыптасыуна ықпал етеді.

Қорыта келгенде мектептегі эстетикалық тәрбие жұмысы бейнелеу өнеріне оқушыларды баули білу, олардың өнерге деген қызығушылығын тудырып қазақ халқының ұлттық рухында тәрбиелеп, дамыту.

 

 

Әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  «Қазақстан жолы 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы, 17 қаңтар 2014 ж. «Егемен Қазақстан».

2. Макаренко А.С.Таңдамалы педагогикалық шығармалар.Алматы, 1948.-142 б.

3. Әбілова З. Оқушыларға кластан тыс жұмыстарда эстетикалық тәрбие беру.Алматы: 1969- 136 б.