Педагогика
ғылымдарының магистрі Садвакасова Н.А.,
оқытушы
Арбабаева А.Т.
Академик
Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті,
Қазахстан
КӨРУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДА ЕМДІК -
ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖӘНЕ КОРРЕКЦИЯЛЫҚ - ТӘРБИЕ
ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ
Нашар көретін
балаларға арналған арнайы балабақшада жүргізілген емдік
қалпына келтіру жұмыстары жұмыстар тиімді. Өйткені
жүйелі емдеу жұмыстары және коррекциялық
педагогикалық жүмыстары біріктіріле
жүргізіледі, бірден бір бағыттары көру қабілеттерін дамыту
болып саналады.Тифлопедагогтармен көру қабілетін
дамытуға арнайы әдістеме
сабақтары өңделді. Онда балалардың барлық іс әрекеттері арнайы
ойындарға, жаттығуларға кірістірілген. Бұл көру
қабілетінің белсенді дамуына көмегі тиеді.
Амблиопиясы және қылилығы
бар балаларға арналған балабақшада оқыту және
тәрбие жұмыстары ерте коррекцияға және екінші
ауытқудың орнын толықтыруға және қылилық
пен ампблиопияны емдеу және
қалпына келтіру жұмыстарын іске асыруға бағытталған және балаларды
мектепке дайындауға септігі тиеді.Осыған байланысты көру
қабілетін дамыту маңызды болып саналады, өйткені нашар
көретін балаларға арналған балакбақшада коррекциялық
тәрбие жұмыстарының арнайы тапсырмалары көру
қабілетін, белсенді жаттығу кезінде көзбен бағдарлауын
және көру функциясын іске қосу болып саналады [1].
Бұл үшін міндетті
түрде бала іс әрекетінің барлық түрін,
яғни ойынды, еңбекті,
оқу ісін және тұрмыстық іс әрекетін іске
қосу керек. Бұл балаларда тәжірибелік біліктерін және
толық емес көру қабілеттерімен әртүрлі өмірлік
қажеттерін қанағаттандырады. Офтальмолог нұсқауы
бойынша қалпына келтіру емдік жұмыстарының кезеңінен кейін педагогтар балалармен әртүрлі
дидактикалық ойындар және көру функциясы белсенді болу
үшін, стимуляция үшін жаттығулар қолданады.
Мысалы, плеоптикалық емдеу
кезеңінде яғни көру өткірлігіне
бағытталғанда, офтальмологтар
балалармен мойыншақты жіпке тізу сабағын, контурлы
бейнелерді сызу, мозайка жинастыру жұмыстарын ұсынады. Кіші балаларға басып сызу үшін
қарапайым заттар беріледі (шар, доп, алма т.б.), үлкендеу
балаларға сюжетті суреттер беріледі. Тікелей окклюзия әдісі мен
емдеу кезеңінде бір көзінде қылилығы бар балаларда
көру өткірлігі өте төмен, сондықтан сурет
салғанда және басып сызу үшін трафареттерді және
контурлы бейнелерді қолдану керек.
Барлық жалпы білім беретін
сабақтарда көру қабілеттерін дамытуға жеке
жаттығулар кірістіріледі (формасын, түсін, көлемін айыру
үшін, және заттардың кеңістікте орналасуын). Осындай
жаттығулар барысында заттарды негізгі белгілері бойынша салыстырып
тануға, жіктеуге үйренеді. Келесі дидактикалық ойындар
қолданады: «Тура осындай затты тап» (пішініне, түсіне,
көлеміне қарай), «Суреттегі заттағы айырмашылықты тап»,
«Бірдей заттарды таңда» (түсіне, көлеміне қарай), «Қай
зат саған жақын, қай зат алысырақ орналасқан», «Бөлшектерден
бүтін зат құрастыр».пирамидкаларды, ойыншық
салғыш қолдану ұсынылады. Мысалы: «Мұнараны жинастыр»,
«пирамиданы жина» , «себетті жина»,«Матрешканы құрастыр».
Жіпке моншақты, шарды тізу,
өру кезінде ойын түрінде
өткізген дұрыс болады. Бау тағуды қуыршақ
киімімен жүргізген тиімді (қуыршақтың бәтеңкесіне,
етігіне, пальтосы, көйлегіне), өйткені мұндай бау тағу
ойын түрінде болады, сондықтан балаларды қызықтырады. Бөлшектерді
құрастыра отырып бүтін зат құрау (пирамидканы,
қиылған лото т.б.) бұл балалардың белсенді
қарауына және барлық көру функциясын қосуына септігі тиеді.
Көру өткірлігін
белсенді дамытуға лабиринт ойындары көмегі бар.Мысалы суретте
әртүрлі жануарлар бейнеленген, әрқайсысынан
сызық жүргізілген. Балалар
сызықты қарап отырып, сызық соңында сол жануар немен
қоректенетінін табады. Ешкі қырыққабатты,қоян
сәбізді деген сияқты. Мұндай суреттердің мазмұны
әртүрлі болуы мүмкін.
Мынаны есте сақтаған
жөн көз өткірлігін дамытуға арналған барлық
дидиактикалық ойындар тапсырмалар баланың көру жағдайын
және емдеу қалпына келтіру кезеңін ескере отырып әр
балаға жеке - жеке таңдалу қажет.
Мысалы амблиопиясы
жоғарғы дәрежедегі балаларға сабақ үшін
заттар және бейнелер ұлғайтылған түрінде
беріледі, ал көру өткірлігін жоғарлату барысында әдістемелер
көлемі кішірейтіледі. Ең ұсақ заттар 2см төмен
болмау керек, өйткені көру қабілеті бұзылған
балаларды ұсақ моторикасы зардап шегеді. Оларға өте
ұсақ материалмен қиынға соғады. Мысалы мектепке
дейінгі жастағы балаларға бисерді жинау үлкен қиындық
туғызады.
Қылилығы
бар балалардың көру қабілеттері белсенді болу үшін
плеоптикалық емдеу кезінде электрифицирлі ойыншықтармен
жаттығулар жүргізсе пайдасы зор. Мысалы, қалта фонаригімен
ойын: «Қайда фонарик жанды?» , «Неше рет жанды?», «Панельде неше лампочка
жанып тұр?»т.б.
Көру қабілеттерін
дамытудағы жұмыстарды ұйымдастырғанда педагогтар сабақтарында
әртүрлі көрнекіліктер, дидактикалық материалдар
қолдану маңызды. Көрнекіліктер балаларға
түсінікті, дұрыс ойластырылған болу керек, түсі
ашық түсті, түсі қанық болу керек.
Көрнекіліктерді көрсеткенде анық, нақты сөзбен
түсіндіру керек, балалар түсінетіндей болу керек, кейбір заттарды,
қоршаған орта жайттарын нақты көріну үшін
айқындап көрсету керек [2].
Сондықтан,
балаларға берілген тапсырмалар жақсы ойластырылған және
мақсатты болу керек, ал бұл үшін педагог балалармен
жұмыстың нақты мақсатын тапсырмасын алдын ала
бағдарлау қажет, жалпы білім беру, коррекциялық -
компенсаторлық және емдік - қалпына келтіру тапсырмаларды шешу
үшін өте маңызды болып табылады.
Әдебиеттер:
1. Аветисов Э.С.
Содружественное косоглазие. М. Медицина 1977. 312 с.
2. Фирстова
Р.Н.,Малштейн Л.К. Методические рекомендации по организации плепто
–ортоптических кабинетов при школах для слабовидящих детей. Свердловск . 1994.
6 c.